ArshatGo


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


Ядролық соғыс болатын болса, аман қалатын елдер Австралия, Парагвай, Бразилия, Аргентина екен. Қалғандары аштан өліп қалады


Барынша қазақша сөйлеуге тырысайық.

Ол үшін ең бастысы қарапайым нәрселерге дағдылану.

1. Ай мен күн аттарын қазақша айту.
2. Уже, пастаянно, блин, кароче, давай, палучается сияқты паразит сөздерді қолданбау.
3. Сібет, зарядкі, ручкі, вилкі, телебизір сияқты тұрмысқа сіңіп кеткен сөздерден құтылу


Ұлдарға атеист һәм либерал отбасының қызын алу тиімдірек екенін түсіндірдік 🧐


Forward from: Руслан Меделбек
Қараңыздаршы, ғылымға көөөп ақша бөлетін елдер. Бәрі әлемдегі мықты дамыған елдер. Ғылым – елді алға сүйретін, елді байытатын фактор. Осыны билік пен қоғам түсінсе ғой…


Шыңғысхан Есугейұлы: Әр қазақ - менің балдызым!


Балаға ертегі айтасыздар ма?

Менде үлкен репертуар жоқ. Бірақ сол Бауырсақ, Мақтақыз, Жеті лақты айналдырып айта беремін. Заманауи нәрселер қосамын әрине. Мысалы лақтардың мамасы дүкенге кетіп бара жатып, не әкелетінін сұрайды. Лақтар сок, барни, банан, шоколад алып кел дейді. Мақтақыз мейіз емес, чипс тауып алады дегендей. Солай түсініктілеу болады. Бала өзі де қосылып айтып отырады. Соңғы ертегілерді жәй дауыспен сыбырлап айтып отырсаң, ұйықтап қалады.

Ертегі тыңдаған балалардың тілі ерте шығады, кейін ақылды, ойын жақсы жеткізетін, сабақты жақсы айтатын болады.


Мен әлі баласы ертегі тыңдайтын әкемін. Мына сурет мықты!




Тау көлеңкесіндегі Медеу.

Бүгін ұлым түсіріпті


Келесі жылдың басынан бастап цифрлық алтын монеталар шығайын деп жатыр екен. Арнайы TABYS деген қосымша арқылы алтын монеталар сатып алуға болады. Оларды кейін бағасы өскен кезде сатып жіберуге болады, басқа біреулерге сыйлауға болады, шын алтынға да ауыстыруға болады. Ақпаратты Қаржылық сауат каналында көрдім. Менің түсінгенімше осылай.

Балаларға да биржа, крипто тақырыптарын үйретуге жақсы нәрсе болатын сияқты. Ашылған кезде көру керек. Бұның да алаяқтары шығады, сондықтан басынан кіріп, үйреніп алу керек.

Қаржы саласындағы оқырмандарымды мерекелерімен құттықтаймын! Қаржы тақырыбына қызығатындарды @qarzhylyq_sauat каналына жазылуға шақырамын

https://t.me/qarzhylyq_sauat/751


Forward from: Эйяфьядлайёкюдль
Ірі компания мен кіші компаниядағы жұмыс арасындағы айырмашылық жер мен көктей немесе Құдайберген Бекіш пен Найнти Уанның репертуары сияқты бір-біріне мүлдем ұқсамайды.

Жусан секілді ірі корпорацияда 3 жылға жуық еңбек еткен адам ретінде мынаны түсіндім: Үлкен компанияда шешім қабылдаған кезде, оны жүзеге асыру ұзақ мерзімді перспективада қаншалықты қымбаттап кететінін есептеуді үйренесің.

Мысалы, сенің басыңа компания жұмысын дамытуға қатысты кезекті керемет идея келді делік. Жүрегің алып-ұшып, өзіңді Стив Джобс на минималках сезініп, осы идеямен бастығыңның алдына барасың (Сәлем, Жәнібек!). Шеф сәл сабырлы үнмен:
- Бұл, әрине өте күшті идея және керемет ұсыныс. Мұны жасау үшін шынымен де көп ақша керек емес, бірақ.

Ол бұл идеяны қолдану әзірге тиімсіз екенін ҚР Конституциясында жазылғандай нақты түсіндіріп береді. Себебі, сенің басыңа екінші жұмыс күніңде келген ғажап идея, саған дейін жұмыс істеген адамдардың ойына шамамен миллион жарым рет келген.

- Егер біз бұл идеяны жүзеге асырсақ, неге біз мұны кеше емес, тек бүгін ғана істей бастадық деген орынды сұрақ пайда болады және оған мен жауап беруіме тура келеді. 

- Окей, - дейсіз сәл күрсініп..
- Одан бөлек, Біз А жұмысты істей отырып, неге Б, С және Д жұмысты атқармадық деген сұраққа жауабымыз дайын болуы қажет. Сосын неліктен біз А-дан бастадық, неге Б-дан бастамадық? А-дан бастауға бізді не итермеледі?

Осыдан кейін сіз бұл идеяны бастыққа айтқаныңызға сәл өкіне бастайсыз.

- Сосын, - деп бастығыңыз әңгімесін жалғастырады - қолымыздағы деректер екі аптадан кейін актуалдығын жоғалтады. Одан кейін кім бұл ақпаратты үнемі жаңартып отырады? Егер бұл жерде бір жоба басталса, ертең «ұнамады» деп жауып тастай алмаймыз. Үлкен корпорацияда бір нәрсе басталса, ол ақыретке дейін жалғасуы тиіс.

- Окей, - деп айтасыз, бірақ сіздің "окей" дегеніңіз енді "ох, елки-палки" дегенге көбірек ұқсайды.

- Біз осы жобаны бастаған кезде сырттан көмектесетін контрагент компания керек болады. Біз неге именно осы контрагентпен жұмыс істегіміз келді? Бұлардың басқадан қандай артықшылығы бар? Олардың мықты екенін біз қалай түсіндік? Сен не жылап отырсың ба?, - дейді бастығыңыз..

- Жоқ, - дейсіз сіз - жай көзіме кондиционердің суығы тиіп жатыр,- деп ақталасыз.

- Оған қоса, бұл үшін бүкіл приложениенің дизайнын қайта өзгерту керек болады. Ал ол тағы екі айдың жұмысы.

- Эээ,- дейсіз.

Егер сіз сөз түсінбейтін топас болсаңыз, бастығыңыз "Опшым, бұл жобаны әзірге қоя тұр" деп соңында тікелей бетке айтады.

Мемлекеттік жүйені іштен өзгертемін деп Астанаға көшіп барған талай жас маман осындай бюрократиялық кедергілерге ұрына беріп, ақыры сол жүйенің белді мүшесіне айналып шығады. «Жаңа Қазақстан» деген күшті бастама неліктен жүзеге аспай, мемге айналып кеткенін енді түсінген шығарсыз..


Бір полиция қызметкері түнде көше аралап жүрсе, жастар машинамен жиі баратын бір тыныш жерде тұрған машинаны көріп қалыпты. Барып қараса, жүргізуші жас жігіт журнал оқып отыр екен, ал артта бір қыз тырнағын бояп отыр. Басқа нәрсе күткен ол терезені қағып, жүргізушіден сұрапты:
- Не істеп отырсың мында?
- Журнал оқып отырмын.
- Арттағы қыз ше?
- Ол тырнағын бояп.
- Жасың нешеде сенің?
- 22.
- Қыз ше?
- 11 минуттан кейін 18-ге толады

#анекдот


Бір жапон суретшісі салфетка қорабына осындай дизайн жасапты


Whatsapp бұзып, қарызға ақша сұрайтын алаяқ хабарламаларын естіген, көрген шығарсыз?
Енді мәтінді қазақша жіберетін болыпты. Бұл сенімдірек көрінетін болады. Байқап жүріңіздер


Футболдан бүгін чемпион анықталады. Соңғы тур. Қайрат Атырауды жеңсе чемпион болады. Жеңе алмаса - Астана.

Атырау соңғы ойындарда жақсы ойнап жүр. Қайратқа қарсы қарсыласатыны анық. Атырау нашар демеймін, бірақ Қайрат фаворит. Дегенмен төрешілер ойынды бұзуы мүмкін.

Чемпион Астана болуы үшін бәрі істелетін сияқты. Федерация басшысы соңғы тур алдында кетіп қалуы, сондай былықтарға араласқысы келмегеннен сияқты. Әйтпесе чемпионат бітпей неге кетеді?

Астана чемпион болуға мықты дайындалды. Еурокубоктағы 2 матчын құрбан етті, биыл чемпион болып, келесі жылы тағы да кем дегенде Конференция лигасында ойнау үшін.

Яғни чемпион команданың Еурокубоктардағы ғұмыры да ұзақ болмақ. Чемпиондар Лигасынан шығып қалса, Еуропа Лигасында жалғастырады, одан да ұтылса, Конференция лигасы бар.

Осылайша бүгін Қайрат тең ойнап, Астана ұтып кетеді деп ойлаймын


Hotel California деген әнді көбіміз білеміз. Бірақ мағынасын білмейміз.

Есірткіге тәуелділіктен емделіп жатқан адамның әні екен. Емделу орталығын отель сияқты көріп, сондағы өмірді баяндайды екен


Ертең қазақ футболында үлкен күн!
Келесі жылы Еурокубоктарда алғашқы турда ұшып кететін командалар анықталады


Forward from: SHOTA
Мешітке бір адам келді. Намаз кезінде шырылдаған телефонын өшіруді ұмытып кетті. Имам оған сөгіс айтты. Намаз оқып жатқанда оны намаздан кейін тыныштықты бұзды деп сөгетін. Оның жүзінен ұятты, абдырап, қорлауды көруге болатын еді. Осы оқиғадан кейін бұл жігітті мешітте ешкім көрмеді. Сол күні кешке ол жігіт барға алғаш рет ішуге барды. Ол телефон оқиғасынан кейін әліде қобалжыды және қолдары дірілдей берді. Ол абайсызда ішкен сусынды төгіп алды. Даяшы "проблема жоқ" деді де, оны басқа үстелге отырғызды. Тазалаушы еденді өзі сүртті. Бар менеджері оған мекеме есебінен тағы бір сусын ұсынды. Сонымен бірге ол "Уайымдама жігіт барлығы қателеседі" Сол күннен бастап күніге кешке барға келетін болды.
Қорытынды: адамға өз қателігін түсіндіре алмағандықтан, оның ақіретін бұзамыз. Сіз өзіңіздің көз қарасыңызбен басқа адамдардың өмірін өзгерте аласыз. Әсіресе олар қателескен кезде.


Біреудің үйінде дәретханаға барғанда жаман иісті қалай кетіруге болады?

2017 жылы түріктердің блог желісінде бір қазақ жігіт осындай пост жазыпты. 500 мыңнан астам рет оқылған, 2000 рет бөлісілген.

Бір қыздың үйінде немесе қонақта шыдай алмай, үлкен дәретке барып, сасытып жіберсең не істеу керек дегенге шешім жазыпты. Жәй ғана бір сіріңке жақсаң, бүкіл иіс кетед дейді. Суды ағызсаң да, жаман иіс қалып қояды. Сол кезде қалтаңда бар болса, бір сіріңке жақ, болмаса осыны оқып, енді салып жүр депті автор.

Айтқаны дұрыс болуы мүмкін, иіс газдардан болады деп ойлаймын, ал сіріңке жанған кезде от және күкірт сол газдарды жойса керек


Павел Кучинскидің мына суреті "Секіру" деп аталады.

Жұмыстық қатынаста "Парашют" деген сленг бар. Күтпеген жерден жоғарыдағы бір таныс арқылы келген қызметкерді солай атайды. Ал сен қанша білімді, білікті, тәжірибелі болсаң да жақсы қызмет ала алмауың мүмкін.

Мына карикатура соны сипаттап тұрғандай

20 last posts shown.