‼️Таяу Шығыста не болып жатыр: басты жаңалықтар
📺🇸🇾Мыңдаған сириялық Дамаск орталығындағы Омейяд алаңына Асад режимінің құлатылуын тойлау үшін жиналды. Сирия халқы "Азаттық фестивалі" деп аталатын митинг кезінде Омейяд мешітінің қабырғасына орнатылған ескерткіш тақтадан бұрынғы президент Асадтың есімін балғамен ұрып алып тастады (Al Jazeera).
📺АҚШ пен Сирия өкілдерінің Дамасктегі кездесуі. Дамаск қаласында АҚШ пен Сирия өкілдерінің кездесуі өтті, онда Сирияға салынған санкцияларды алып тастау және Hay’at Tahrir al-Sham (HTS) ұйымын террористік ұйымдар тізімінен шығару мәселелері талқыланды. Дереккөздерге сәйкес, американдық тарап бұл қадамдарды жүзеге асыру үшін бірнеше шарт қойып, Сирияда демократиялық саяси үдеріс пен азшылық құқықтарын қорғау қажеттігін баса айтты. Сириялық Al Watan газеті хабарлағандай, АҚШ өкілі HTS жетекшісі әл-Джуланимен кездесуді "пайдалы және жақсы" деп сипаттаған.
📺🇺🇸АҚШ HTS жетекшісі әл-Жолани туралы ақпаратқа арналған сыйақыны тоқтатады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері Дамаскте HTS ұйымының жетекшісі әл-Жоланимен кездесті. АҚШ-тың Таяу Шығыс істері жөніндегі мемлекеттік хатшы көмекшісі Барбара Лифтің айтуынша, әл-Жоланимен келіссөздерден кейін АҚШ оның орналасқан жері туралы ақпаратқа арналған 10 миллион долларлық сыйақыны алып тастайтынын мәлімдеді.
📺Асад режимі құлағаннан кейін Сирияның тұрақтылығына Қатар мен Түркия ықпал етуі мүмкін. PISM атты Польша сараптамалық орталығының жазуынша, Катар мен Түркия елдері саяси тұрғыда оқшауланған топтармен, мысалы, Талибан мен ХАМАС ұйымдарымен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Бұл елдер жаңа сириялық билікпен қарым-қатынас орнатуда маңызды делдал болуы мүмкін. Сонымен қатар Қатар мен Түркия оппозициялық күштердің ішкі қайшылықтарын шешуге көмектесіп, қақтығыстарды болдырмауға және бейбітшілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
📺🇮🇱Йеменнен Тель-Авивке зымыран ұшырылды. Йеменнен Израильге ұшырылған зымыран елдің орталық бөлігіндегі Яффо аймағына, Тель-Авив қаласындағы екі ғимараттың ортасындағы балалар алаңына түсті. Шабуыл салдарынан үш адам жарақат алды (Израиль армиясының баспасөз қызметі).
📺🇾🇪Хуситтердің саяси бюро мүшесі әл-Асад X-тегі парақшасында иврит тілінде бұл соққының Газа секторындағы балаларды қолдау үшін жасалғанын мәлімдеді. Кейін бұл шабуылдан зардап шеккендердің саны 16 адамға жетті.
📺🇺🇸АҚШ Сирияда ДАИШ (ҚР-да тыйым салынған) жетекшісін жойды. 19 желтоқсанда АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясына дәлме-дәл әуе шабуылын жасап, нәтижесінде ИГИЛ жетекшісі Абу Юсуф (Махмуд) және ұйымның екі жауынгері өлтірілді. Бұл туралы X-тегі аккаунтында жарияланған ведомство мәлімдемесінде айтылған.
📱 t.me/askerenews