Әнәс (радиаллаху анху) былай деп жеткізеді: “Алланың Елшісі (саллаллаху алейхи уә саллям): Алла жерді жаратқан соң жер сілкіне бастады. Осыдан кейін таулармен оны берік етті. Сосын жер қимылдамады. Періштелер таулардың қуаттылығына таңырқап:
- Ей, Раббымыз! Таулардан да күшті бір зат жараттың ба? – деді. Алла:
- Иә, темірді жараттым, - деді. Періштелер:
- Темірден де күшті бір нәрсе жараттың ба? – деді. Алла Тағала:
- Иә, отты жараттым, - деді. Періштелер:
- Оттанда күшті бір нәрсе жараттың ба? – деп сұрады. Алла Тағала:
- Иә, суды жараттым, - деді. Періштелер:
- Судан да күшті нәрсе жараттың ба? – деп тағы сұрады. Алла Тағала:
- Иә, желді жараттым, - деді. Періштелер:
- Желденде күшті нәрсе жараттың ба? – деп сұрады. Алла Тағала:
- Иә, адам баласын жараттым. Егер ол оң қолымен садақа беріп, оны сол қолы көрмейтіндей жасырса (ол одан да күшті)” - деді.
[Тирмизи, Тәфсир, Муауизәтайн 2; Ибраһим Жанан, Хадис ансиклопедиси Кутуб-и ситте. Акчаг баспасы. – Истанбул. 9 том. 3263 хадис]