Майн Кайф (де)


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Politics


Кері байланыс үшін:
t.me/asylkhankaz

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Politics
Statistics
Posts filter


Ресейде жұмыссыздық деңгейі рекордтық аз көрсеткіштерге жетіп отыр – 3,6%. Жұмыссыздықтың аз болуы жақсы жаңалық сияқты. Алайда, экономика тұрғысынан минустары да жеткілікті.

Мысалы:
• Еңбек нарығында артық жұмыс күші болмағандықтан жұмыс берушілерге жұмысшы табу қиындай түседі. Сол себепті көптеген жұмыс орындарына жұмысшылар жетіспейді, ол өз кезегінде жұмыс тиімділігін азайтады;
• Жұмысшы таба алмаған жұмыс берушілер еңбек өнімділігі (производительность труда) артпаса да жалақыны көтерулеріне тура келеді. Оның екі себебі бар – жаңа жұмысшылар тарту және өз жұмысшыларын өзгеге кетіп қалуының алдын алу;
• Еңбек өнімділігі артуынсыз көтерілген жалақы инфляцияның өсуіне алып келеді және елде барлық нәрсе орынсыз қымбаттай бастайды;
• Жалақы тез өсуі және жұмысшы жетпеуі салдарынан елге шет елден мигранттар көптеп келеді (бұны жақсы деп те қабылдауға болады).


2023 жылға қарай Ресей халқы 142 млн-нан 146 млн-ға өсті (в основном Крым + өзге Украина территориялары), ал экономикасы бойынша $1,86 трлн құрап, әлемде тек 11-орында тұр. Сыртқы сауда көлемі де соңғы 10 жылда тек төмендеген және басты сауда әріптесі – Қытай (барлық сауданың 32%).


2013 жылы Ресей әлемдегі экономикасы $2,1 трлн құрап, әлемде 8-ші орында тұрды. Сыртқы саудасы $844 млрд және басты сауда әріптестері – Еуропа елдері (сыртқы сауданың 50%).


Бұл сурет те 2013 жылғы Ұлыбританияда өткен G8 (Үлкен сегіздік) саммитінде жасалынған. Суретте солдан оңға қарай:
• Еуропалық Одақ
• Жапония
• Германия
• Ресей
• Ұлыбритания
• АҚШ
• Франция
• Канада
• Италия
• Еуропалық Одақ

– басшылары бейнеленген (Еуропалық Одақ Кеңесі мен Еурокомиссия басшысы болғандықтан ЕО-дан екі адам).

2014 жылы Ресей Қырымды алып қойған соң Батыс елдері Ресейді көптеген ұйымдардан шеттетті, оның арасында G8 ұйымы G7 болып өзгерді.


2014 жылы Ресей алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарын қабылдады. Бұл Ресей Федерациясында өткен алғашқы Олимпиада ойындары еді. Онымен қоса 2014 жылғы Сочидегі Олимпиада ресейліктер өз жалауы мен гимні астында өнер көрсеткен соңғы Олимпиада ойындары болды. 2016 жылғы Рио ойындарынан бері Ресей спортшылары нейтралды жалау астына шығады. Бұл – Ресейдің халықаралық допинг талаптарын орындамауының кесірі.

Осылайша, Еуропаның қарқынды дамушы, әлемдік оқиғалар орын алатын, дамыған елдер басшылары жылда Петербургке экономикалық форумға келетін Ресей қазіргі таңда тек соғыспен ассоциацияланатын елге айналды. Соғысқа дейінгі суретте Петербургте Халықаралық валюта қоры басшысы Кристин Лагард, Жапония премьері Синдзо Абэ, Франция басшысы Эммануэль Макрон болса, 2022 жылғы форумға қатысқан жалғыз қонақ – Тоқаев болды. И то, Тоқаев «Қазақстан ДНР мен ЛНР-ді мойындамақшы емес» деген сынды нәрселер айтып жатты.


2023 жылы Ресейдің сыртқы сауда көлемі (экспорт+импорт) $710 млрд құрапты:
• $240 млрд – Қытай
• $65 млрд – Индия
• $56 млрд – Түркия
• $55 млрд – Беларусь
• $26 млрд – Қазақстан

Бұл Ресейдің ең ірі 5 сауда әріптесі және олар жалпы сауданың 60% құрап тұр. Еуропа елдерімен сауда $90 млрд шамасында ғана.

Ресейдің сауда көлемі 2007-2009 жылдары $500-550 млрд шамасында болып, 2013 жылы сыртқы саудасы $844 млрд көрсеткішке жетіп, Ресей саудасы қарқынды өсіп келе жатты. Бұл Ресей үшін рекордтық көрсеткіш болды. Сол $844 млрд-тың $417 млрд бөлігі (яғни 49,5%) – Еуропалық Одаққа тиесілі.

Сол жылдары Ресей Батыс елдерімен интеграция жасауды көздеп жүрген кезі – Олимпиада өткізіп, визасыз режим енгізу жайында келіссөздер жүргізіп, Ресей мен Еуропалық Одақтың «Лиссабоннан Владивостокқа дейін» – атты ортақ жобалары болды.

Суретте 2013 жылы Петербург халықаралық экономикалық форумы қонағы, Германия канцлері Ангела Меркель.


Сол себепті, қазіргі таңда Тайвань жанкүйерлері өз спортшыларына қолдау көрсету мақсатында Самоа елінің жалауын пайдаланады. Расымен де, Тынық мұхитында орналасқан мемлекеттің жалауы Қытай Республикасы жалауына ұқсас. Осылайша, Халықаралық Олимпиада Комитеті шешімін бұзбай, Тайвань елі мен тұрғындары Олимпиада және өзге спорттық жарыстарда өнер көрсетіп жүр.

🇹🇼 – Қытай Республикасы (Тайвань)
🇼🇸 – Самоа


Тайвань тұрғындары Олимпиада ойындарында өз спортшыларына жанкүйерлік еткенде Қытай Республикасы (Тайвань) жалауын қолдана алмағандықтан тайвандықтар спорттық іс-шараларға Тайвань жалауына ұқсас Мьянма жалауын алып кіретін. Мьянма жалауы түсі де, құрылымы да Тайвань жалауына қатты ұқсайды.

Алайда, 2000-жылдары демократизацияға ұшыраған бұрынғы коммунисттік әскери диктатурадағы ел өзгеріп, жалауын да ауыстырды (2006-2008 примерно жылдары).

Қазіргі жалауы – 🇲🇲


Тайваньдықтар Олимпиада ойындарына да Қытай спортшыларынан бөлек қатысады, бірақ «Қытай Тайбейі» деген атпен. Өздері бекіткен жалаумен қатысуға тыйым салынғандықтан Тайвань Олимпиада комитеті жалауы астында өнер көрсетеді.

Жалауында тек күн ғана Тайвань жалауына меңзейді. Басқа барлығы нейтралды мағыналарды білдіреді.

Саяси және ресми тұрғыда Қытай құрамына кіретін Гонконг та Олимпиада ойындарына Қытайдан бөлек қатысады. 1997 жылға дейін Ұлыбритания қол астында болған Гонконг неге бөлек қатысып, 1999 жылға дейін Португалия құрамында болған Макао олай жасамайтыны маған белгісіз. Хотя, саяси тұрғыда екеуі де бірдей саяси статусқа ие.


Тайвань туралы барлығымыз естігенбіз. Аралда сәл түсініксіздеу жағдай қалыптасқан:
• 1970-жылдарға дейін БҰҰ мүшесі болған Қытай Республикасы басқарады;
• Экономикасы бойынша әлемдегі алғашқы 20 ел қатарына кіреді;
• Тәуелсіздігін 10 шақты ел ғана мойындаған және олардың қатарында Батыстың дамыған елдері жоқ;
• Әлемдегі ең ірі экспортер елдер қатарында;
• Қытай да, өзгелер де «Қытай Республикасы» деп аталатын елді мойындамайды және Тайвань аралын Қытайдың бөлігі санайды;

Алайда, Қытайға бағынбайтын 20 пәленбай миллион адам тұратын Тайвань өзі қалаған өмірін сүріп жүр және оған күштеп араласып, жағдайдың өзгеруіне қарсы (Батыс елдері).


Сол себепті де, маған көбіне ешқандай елге сілтеме жасамайтын, құндылықтар (бірлік) негізінде өткізілетін UEFA басшылығындағы Еуропа Чемпионаты көбірек ұнайды.

https://www.youtube.com/watch?v=UV9BwBfOBA8 — 2024 жылғы Чемпионаттың логотипі жайлы.

https://www.youtube.com/watch?v=pCPPEngwwCA — 2024 жылғы Чемпионаттың кіріспе видеосы.

Басты идея — әртүрлі адамдарды біріктіретін іс-шара.


Ал Катардағы 2022 жылғы Чемпионат керісінше — көрсететін ештеңе жоқ болғандықтан тек стадиондар, шөл және арабша тематика ғана бар. Видеоны көріп, чемпионат Мароккода, Тунисте, Алжирде, Египетте, Иорданияда, Иракта, Катарда және т.б. араб елдерінің кез-келгенінде өтіп жатыр деп айтса сенерлік. Өйткені Катар елінде әлем танитындай ешқандай ерекше нәрсе жоқ. Ал араб елдерінің саны 20-ға жуық.

https://www.youtube.com/watch?v=-F9WGMM8J48


2018 жылғы Ресейдегі біріншіліктің кіріспе видеосы слишком пафосный — футбол тематикасына Ресейге қатыстының барлығын тықпалаған (Кремль, Родина-Мать, Фаберже жұмыртқалары, Орыс балеті, хоккей, Транссібір магистралі, Ғарыш тематикасы, алғашқы спутник және т.б.). Сол себепті де кішкене ұнамайды.

Ресей — мәдениеті мен тарихы бай ел және соны бірнеше секундтық видеода көрсеткісі келгені түсінікті.

https://www.youtube.com/watch?v=0B_Lu-Im408


Ең ұнайтын кіріспе видео — 2014 жылғы Бразилиядағы Чемпионаттікі. Видеода Бразилиядағы футбол рухы, фавелалардағы футбол ойнаған балалар, Амазонка ормандары және ондағы табиғат, көп ұлтты және көп нәсілді Бразилия халқы — барлығы көрсетілген. Осының барлығы 1 минутқа дейінгі видеода.

https://www.youtube.com/watch?v=JP67IM1LX-M


Ал FIFA басшылығындағы Әлем Чемпионаты өзге деңгей. UEFA басшылығындағы Еуропа Чемпионатында елдерге акцент қойылмай, тек футбол мен оның біріктіруші әсері жайлы болса, Әлем Чемпионатында уже қабылдаушы елдер өз мәдениеті, ерекшеліктері жайлы айтып кетуді ұмытпайды, видео 30-40 секунд болса да.

Оңтүстік Африкадағы Чемпионат 50-ден астам Африка елдері атынан болғандықтан Африка тематикасын қосуды ұмытпаған.

https://www.youtube.com/watch?v=M7hcpszOswM


2016 жылы Еуропа Чемпионаты мен жанкүйерлік ететін Францияда өтті және финалда Франция Португалияға жеңіліп қалды. Содан бері Португалия ұнамайды футболда.

Кіріспе видеосында тек "стадион" сыртындағы фонда Триумфалды арка, Эйфель мұнарасы сияқты ғимараттарды көрегу болады. А так, онша байқалмайды да ол нәрселер.

https://www.youtube.com/watch?v=EZaEhMikYIU


Ал мұнда 2012 жылғы Еуропа Чемпионаты. Біріншілікті Польша мен Украина бірігіп қабылдап еді. Ашылу салтанаты Варшавада өтсе, финалдық ойын Киевте болды. Кіріспе видеода да Польша не Украинаға ешқандай акцент қойылмаған.

Испанияның екі рет қатарынан Еуропа Чемпионы атағын жеңіп алған сәті еді. Онымен қоса, екі атақтың арасында Әлем Чемпионы да атанды.

https://www.youtube.com/watch?v=aVfSb5v_wQ8


Мынау 2008 жылы Австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Еуропа Чемпионаты кіріспесі. Қысқа видеода Австрия не Швейцария жайлы ештеңе көрсетілмейді. Тек Чемпионат логотипі ғана екі елдің жалауына ұқсас түсте және Альпы тауларына меңзеп жатқанын түсінуге болады.

https://www.youtube.com/watch?v=pAX9FIr39Sw


2006 жылы алғаш рет футболдан Әлем Чемпионатын көрген едім. Чемпионат Германия өтіп еді. Ол кезде қатты бірнәрсе сезіне қоймадым, қызық та болып көрінбеді. Финалда "по приколу" Францияға жанкүйерлік етіп едім. Сол біріншіліктен қалған жалғыз нәрсе — әлі күнге дейін Франция жанкүйерімін.

2010 жылдың ақпанында қысқы Олимпиада ойындары Ванкуверде өтті. Ашылу салтанатын көріп түсіндім – Олимпиада ойындары халықтарды біріктіретін өте үлкен күш екен.

2010 жылы алғаш рет футболдан Чемпионатты қарап бастадым. Ол кезде біріншілік алғаш рет Африкада, дәлірек – Оңтүстік Африка Республикасында өтті. Сол кезден бастап көптеген елдер бірігіп қатысатын іс-шаралар қатты ұнап қалды:
- 2010 жылдан бастап футболдан Әлем Чемпионатын;
- 2010 жылдан бастап Олимпиада ойындарын;
- 2012 жылдан бастап футболдан Еуропа чемпионатын;
- 2012 жылдан бастап «Евровидение» ән байқауын

- қарап бастадым.

Қазір отырып, трансляция алдындағы кішігірім кіріспелерін бір қарап шықтым футболдан Европа және Әлем чемпионаттарының. Байқағаным:
- Европа чемпионаты кіріспе видеолары тек футбол жайында, Чемпионатты қабылдап жатқан ел жайлы көп көрсетілмейді. Басты идея – футбол біріктіреді;
- Әлем чемпионаты кіріспелерінде Чемпионатты қабылдап жатқан ел өз мәдениетін, елін, қалаларын көрсетуге тырысады.


2023 жылдың қыркүйегінде тауға көтеріліп бара жатып бір үнді әндерін тыңдап бара жатқан қазақтың қара домалақ баласын кездестірдім. Тау шыңына шыққан сон әлгі жігіт маған ағылшынша фотоға түсіруді сұрады. Мен оған «қазақша әлде орысша сөйлесең түсінемін» десем, оған да ағылшынша жауап берді.

Сөйтсем, әлгі «қазақ жігіт» – Ауғанстанның хазары екен. Талибтер билікке келгенде Үндістанға қашып, содан «не де болса, өзіме ұқсастар арасында тұрайын» деп Қазақстанға келген түрі екен. Қазақстан жайлы ойын сұрасам, қысқаша айтқанда, ұнамапты.

Ауғанстандық адам үшін Қазақстан – Еуропа дейді: киінуі, мәдениеті, қала инфрақұрылымы, менталитеті.

Расымен де, біз испанның футболы, американдық киноны көріп, британдық әнді тыңдап, француз мәдениетіне қызығып жүріп, қасымыздағы ауғандар мен парсылар өзге әлем, ал еуропалықтар жақынырақ адамдар болып кетті (фотода да өзбек-қырғыздардың түрік-парсымен салыстырғанда еуропалықтарға жақындығын көруге болады. Если что, Иран, Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары әйелдері).

20 last posts shown.