Atameken Business - Жаңалықтар


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Жол-көлік оқиғасы кезіндегі сақтандыру төлемдері екі есеге өседі. Бұл шешім орынды ма?
Poll
  •   Иә, қазіргі төлем зардап шеккендердің емделуі мен реабилитация шығындарын жаппайды
  •   Жоқ, бұл сақтандыру жарналарының қымбаттауына әкеледі, жүргізушілерге ауыр тиеді
  •   Ішінара, төлем өсімі қажет, бірақ тарифтердің көтерілуіне жол бермеу керек
  •   Пікір жазыңыз немесе WhatsApp: +7 700 900 4040 хабарласыңыз


Енді зейнетақыны тағайындау кезінде жұмыссыз әкелердің декреттік демалысы ескеріледі

Мәжіліс қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат аясында Еңбек кодексі мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Жұмыс істемейтін әкелердің зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде бала күтіміне жұмсаған уақыты олардың жұмыс өтіліне қосылады. Сондай-ақ депутаттар Әлеуметтік кодекске осыған қатысты түзетулер енгізуді көздеп отыр.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау туралы заң жобасында келісу комиссиясына делдал тарту туралы егжей-тегжейлі ережелер де ұсынылған. Ал өндірістік жарақаттың ауырлығын анықтау ережелерін уәкілетті денсаулық сақтау органы бекітеді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Колледж директоры 49 млн теңге бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен ұсталды

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

«Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынның директоры оқу процесіне қатыспаған 54 тұлғаны жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген. Соған қарамастан, аталған тұлғалар студенттер ретінде көрсетіліп, оларға жалған бағалар қойылған, сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген.

Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдері аударылған. Банктік карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған.

Нәтижесінде колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.

Оған қатысты бұлтартпау түріндегі үйқамақ шарасы қолданылды. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі екі жылдан кейін бірақ қаралады

Бұл туралы алдағы үш жылда халықтың әл-ауқатын көтеру туралы баяндама жасаған вице-премьер Серік Жұманғарин айтты.

“2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен болмайды”, - деді Жұманғарин.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


«Бәйтерек» холдингінің міндеттері күшейтіледі.

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин 2026-2028 жылдары халықтың әл-ауқатын көтеру туралы баяндамасында айтты.

Бұған дейін холдинг көбіне қаржыны бөлумен айналысса, енді ол стратегиялық инвестор, яғни ел экономикасына ұзақ мерзім бойы пайда әкелетін маңызды жобаларды жүзеге асыратын институтқа айналады. Ол бүкіл экономикаға серпін беретін 15–20 ірі жобаны іске асыруға басымдық береді.

Қаржыландыру алдымен мына салаларға бағытталады:

•тау-кен және металлургия,
•машина жасау,
•энергетика,
•инфрақұрылым,
•туризм,
•ауыл шаруашылығы және тамақ өндірісі,
•химия және мұнай-газ химиясы,
•құрылыс материалдары өндірісі.


Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін Үкімет 2026 жылы холдингке бюджеттен 1 триллион теңгеге дейін қаржы бөледі. Ал одан кейін жобаларды қаржыландыруға екінші деңгейлі банктердің қаражаты көбірек тартылатын болады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Израиль әуе күштері Ливанға шабуыл жасады

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Айн әл‑Хильва лагеріне соққы жасады. Тель-Авив шабуылдың ХАМАС қозғалысының оқу-жаттығу кешеніне бағытталғанын айтты. Негізінен бұл аймақта палестиналық босқындардың лагері орналасқан. Ливан Денсаулық сақтау министрлігі шабуыл нәтижесінде 13 адам қаза тапқанын хабарлады.

Айн әл‑Хильва лагері 1948 жылы құрылған. Бұл – Ливанның оңтүстігіндегі ең ірі босқындар лагері. Ол Израиль шекарасынан шамамен 60 шақырымда орналасқан.

Ливан билігінің хабарлауынша, атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, оңтүстік көрші бұл талапты орындамай жатыр.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Украина Ресейден соғыстың табиғатқа тигізген залалы үшін 44 милииард доллар талап етті.

Жойқын жарылыс пен өрттің салдарынан қаншама орман оталып, су мен жеріміз уланды дейді елдің экономика, қоршаған орта және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Павел Карташов.

Мамандар соғыс басталғалы шамамен 237 миллион тонна шығарынды пайда болғанын айтады. Бұл - Ирландия, Бельгия және Австрияның жылдық шығарындысына тең көрсеткіш. Зиянды газдан қоғамға келтірілген залалдың бағасы тоннасына шамамен 185 доллар деп бағаланған.

Украина Еуропа Кеңесі белгілеген жаңа өтемақы арқылы талап қоюға дайындалып жатыр. Сол үшін шамамен 70 мың арыз берілген. Өтемақы қайдан алынатыны әлі белгісіз. Еуропалық Одақ сол үшін ресейлік бұғатталған активтердің миллиардтаған долларын пайдалануға болатынын мәлімдеген.

«Соғыс құрбаны көп, мыңдаған адам қаза тапты, бірақ одан бөлек біздің табиғатымыз, экожүйеміз бар және ол да осы соғыстың үнсіз құрбаны сияқты. Суымызға, жерге, ормандарға көп зиян келтірілді және бізде көмірқышқыл газы шығарындылары мен парниктік газдардың көп мөлшері бар», - деді Украинаның Экономика, қоршаған орта министрінің орынбасары Павел Карташов.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Вирустың өршуіне байланысты тағы екі өңір оқушыларды қашықтан оқуға көшірді

Шығыс Қазақстандағы 23 мектептегі 169 сынып және Абай облысында оқушылардың 30 пайызы онлайн оқиды.

Бұған дейін Қостанай облысында 70 сынып қашықтан оқуға жіберілген болатын.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!❄️

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Екібастұздағы медициналық мекемелер жаппай тексерілетін болды

40 жастағы ер адамның өлімінен кейін Екібастұздағы емдеу мекемелері тексерілетін болды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменті іске кіріскелі отыр. Басқа қалалардан тәуелсіз сарапшылар да шақыртылған. Ал, Солтүстік Қазақстан облысында асқазан тексеретін аппараттан көз жұмған науқасқа қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Басты жаңалықтардың толық нұсқасын осы жерден көре аласыздар.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Президент қайтыс болған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қоғамда агрессорлар артты ма, әлде білімсіз дәрігерлер көбейді ме?

Медицина қызметкерлеріне науқастар тарапынан көрсетілетін агрессия неге күшейіп барады? Осы сауал «Түскі формат» бағдарламасында сарапшылармен бірге талқыланды. Қоғам белсендісі Тұрсын Жағыпарованың айтуынша, елімізде тұрғын үй құрылысы белең алып, ал аурухана сияқты нысандардың бой көтеруі сиреп барады. Яғни, бір ауруханаға түсетін жүктеме тым көп. Бұл пікірге заңгер Әсел Міржақып та ой қосты. Сөзінше, дәрігерлерде қағаз жүктемесі көп. Сәйкесінше ол кері әсерін тигізеді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу толығымен онлайнға көшті

24 қарашадан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі толықтай онлайн форматқа көшеді. Бұл қызмет eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.

Тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркеуден өту үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы және жеке кабинетіне тіркелген телефон нөмірі болуы қажет.

‼️Меншік иелері немесе үлескерлері кәмелетке толмаған балалар болса;

🔖Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдарды тіркеу тек офлайн, яғни ХҚКО-да жүргізіледі.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


12 өмірді жалмаған өрттен кейін Бозымбаев Түркістан өңірінде рейд жүргізуді тапсырды

Үкіметтің хабарлауынша, қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілуде. Ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр. Құтқарушылар келген сәтте зардап шеккендердің бірі, 1986 жылы туған азамат үйден өз күшімен шығып үлгерген. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда, денесінің 12%-ын күйік шалған. Тағы екі зардап шегуші – 1991 және 2018 жылы туған азаматтар да, денесінің 30% және 11% күйігімен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, қазір олар аппаратқа қосылған. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Шымкенттен санитарлық авиация бригадасы ұшып шықты.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бозымбаев әкімдікке және Еңбек министрлігіне қаза тапқандардың отбасыларына қажетті материалдық көмекті толық көлемде көрсетуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендерді қажет болған жағдайда санитарлық авиацияны пайдалана отырып, Астана қаласына жеткізу жүктелді.

Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үйлер, әсіресе әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың үйлеріне, жатақханалар мен хостелдерге рейд жүргізу туралы тапсырма берілді. Рейд барысында пеш жүйелерінің жағдайы тексеріліп, ақаулар анықталса, оларды жедел түрде жою қажет.


Chevron «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алуға ниетті

Америкалық Chevron компаниясы санкцияға ұшыраған «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Алайда, бұл Chevron-мен байланысы бар жекелеген жобаларға ғана қатысты. Дереккөздерге сілтеме жасаған Reuters агенттігі осылай деп жазды.

Өз кезегінде компания өкілдері коммерциялық құпияға байланысты пікір білдіруден бас тартқан.

Айта кететіні, екі компания да Қазақстандағы Қарашығанақ және Теңіз кен орындарындағы мұнай өндіруге қатысады. Сондай-ақ, «Лукойлдың» Нигериядағы OML-140 шельф жобасындағы үлесі бар, Chevron бұл жобаның операторы болып саналады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Үкімет азық-түлік бағасына бақылауды күшейтпекші

🛒 Қараша айының алғашқы екі аптасында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы 0,1% өсті.

🔻 Бірқатар көкөністің бағасы арзандауда. Мысалы сәбіз 1,7%-ға, орамжапырақ 1,8%-ға, пияз 0,4%-ға арзандады. Дегенмен, картоп бағасы өсіп отыр. Ол соңғы аптада 0,2%-ға, қарашаның алғашқы екі аптасында 2,2%-ға көтерілді. Ел бойынша картоптың орташа бағасы – килограмына 188 теңге.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың мәліметінше, картоп бағасының соңғы 4-5 аптада 4,5%-ға қымбаттауына экспорттың қайта жандануы әсер еткен.

🔺 Қарашаның екі аптасы ішінде тауық жұмыртқасы мен құс етінің бағасы да 0,4%-ға өсті. Бұған негізінен жем-шөп пен импорттық құрамдас бөліктердің қымбаттауы себеп болып отыр.

➤ Осыған байланысты Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына қысқа мерзімде құс фабрикаларын резервтен жемдік астықпен қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде қолжетімді құс етінің көлемін арттыруды тапсырды.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Дәрігерлерге шабуыл жасағандар 12 жылға сотталады

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, қысым көрсеткендерге жаза күшейтіледі. Ол үшін Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді. Ең азы – 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу болса, ең ауыры – 12 жылға соттау қарастырылған.

📹«Түскі формат» бағдарламасының толық шығарылымын YouTube арнамыздан көруге болады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Қазақстан мен Эстония компаниялары 517 млн доллардан астатын келісімдерге қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін растады.

Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Forward from: Silk Way
🛢 Санкциялар Қытайдың Ресей мұнайын сатып алуын күрт тежеді

АҚШ пен ЕО санкцияларының күшеюіне байланысты Қытай Ресейден мұнай сатып алуды айтарлықтай қысқартты. Bloomberg дерегінше, қытайлық ірі мемлекеттік зауыттар ресейлік мұнайды сатып алуды уақытша тоқтатқан, ал жекеменшік өңдеушілер санкция тәуекелі жоғары шикізаттан аулақ болуға тырысуда.

Rystad сарапшыларының есебінше, Ресейден Қытайға теңіз арқылы жеткізілетін мұнай тәулігіне 500–800 мың баррельге дейін азаюы мүмкін. Иран мұнайының импорты да 200–400 мың баррельге қысқаруы ықтимал. Бұл төмендеуге жаңа санкциялық шектеулер әсер етіп, негізгі жеткізу бағыттары бөгелген.

Нарықта «өтімі қиын» мұнай көбейіп, сатушылар бағаны түсіріп, бұрынғыдан да үлкен жеңілдіктер жасауға мәжбүр.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway


Басына кондиционер құлаған фельдшер қайтыс болды

Бұл туралы Atameken business арнасына марқұмның күйеуі айтты.

Еске сала кетейік, Астанада тоғыз қабатты үйдің қасбетіндегі кірпіш пен кондиционер ілгіші опырылып, төменге құлаған еді. Салдарынан бес адам жарақат алды. Олардың екеуі медицина қызметкері болған. Жарақат алған фельдшер 8 қарашада ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, бүгін қайтыс болды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

20 last posts shown.