Insports.kz


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Қазақстан және әлем спортының жаңалықтары
Спортивные новости Казахстана и мира

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


🏓Қазақстандық үстел теннисінің шеберлері халықаралық турнирге қатысуда

🇸🇮Словенияның Оточец қаласында өтіп жатқан «WTT Feeder Otocec II» турнирінде он қазақстандық спортшы бақ сынауда.

1 сәуірге дейін жарыста тек Кирилл Герасименко (жеке разряд), Айдос Кенжигулов/Санжар Жұбанов (ерлер жұбы) және Зәуреш Акашева/Сарвиноз Миркадирова (әйелдер жұбы) ғана қалды.

🧍‍♂️Жеке разряд:
Айдос Кенжигулов – Джавен Чунг (Малайзия) 3:0.
Айдос Кенжигулов – Флориан Буррассо (Франция) 0:3.

Алан Құрманғалиев – Ёнхун Чжон (Корея) 1:3.
Абдулла Мамай – Мачей Колодзейчик (Австрия) 0:3.
Сағантай Курмамбаев – Вим Вердоншот (Германия) 0:3.
Дастан Кенжигулов – Хьюго Дешампс (Франция) 0:3.
Санжар Жұбанов – Дариус Мовиляну (Румыния) 0:3.

Зәуреш Акашева – Эльвира Рад (Испания) 3:1.
Зауреш Акашева – Андреа Павлович (Хорватия) 3:0.
Зәуреш Акашева – Союн Ким (Корея) 0:3.

Сарвиноз Миркадирова – Чжэнь Дэн (АҚШ) 3:2.
Сарвиноз Миркадирова – Анель Бақыт 3:0.
Сарвиноз Миркадирова – Харак Эдже (Түркия) 0:3.

Анель Бақыт – Хелена Соммерова (Чехия) 3:1.
Анель Бақыт – Сарвиноз Миркадирова 0:3.

👫Аралас жұптық разряд:
Алан Құрманғалиев/Зауреш Акашева – Альберт Виларделл/Эльвира Рад (Испания) 3:1.
Алан Құрманғалиев/Зауреш Акашева – Сынмин Чо/Хаын Чой (Корея) 1:3.

Санжар Жұбанов/Анель Бақыт – Петек Борна/Андреа Павлович (Хорватия) 3:2.
Санжар Жұбанов/Анель Бақыт – Анкур Бхаттачарджи/Дас Синдрела (Үндістан) 0:3.

Айдос Кенжигулов/Сарвиноз Миркадирова – Анхель Наранхо/Бургос Брианна (Пуэрто-Рико) 0:3.

Қазақстандықтардың қазіргі нәтижесі: 8 жеңіс, 12 жеңіліс.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🔠🔠🔠🔠🔠 🔠🔠🔠🔠🔠🔠

Алғашқы жеңіс💪


🥊 Бразилияда World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогында өнер көрсеткен ұлттық құрама сапындағы алғашқы спортшы Нұрсұлтан Алтынбек 1/8 финалда (55 кг дейін) бразилиялық Михаэль Триндадені ұпай санымен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


❗️❕‼️🔺Астанада бокс кеші өтеді

5 сәуір күні Астанада “Барыс Арена” спорт кешенінде бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жеңіліп көрмеген француз Анауэль Нгамиссенгеге қарсы жекпе-жекте (14-0, 9 КО) WBO және IBF титулын қорғайды.

Айта кетейік, басты жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша
⏰21:00-ге жоспарланған. Ал жалпы бокс кеші ⏰17:30-да басталады.
👉👉👉👉
🇰🇿 Жәнібек Әлімханұлы — 🇫🇷 Анауэль Нгамиссенге Франция, 12 раунд

🇰🇿 Сұлтан Заурбек — 🇿🇦 Азинга Фузиле,10 раунд

🇺🇿 Баҳодир Жалолов — 🇺🇦 Игорь Шевадзутский, 10 раунд

🇰🇿 Батыр Жүкембаев — 🇬🇧 Кейн Гарднер (Ұлыбритания, 10 раунд

🇰🇿 Махмұд Сабырхан (дебют) — 🇨🇴 Николас Тордесилья Колумбия, 6 раунд

🇰🇿 Балауса Муздиман— 🇵🇭 Мария Тереза Пинили Филиппин, 8 раунд (2 минуттан)

🇺🇿 Отабек Холматов, Өзбекстан — 🇵🇭 Джейсон Кано Манигос Филиппин, 8 раунд

🇰🇿 Төрехан Сабырхан (Қазақстан, дебют) — 🇨🇿 Йиржи Хауке, Чехия, 6 раунд

🇰🇿 Ақниет Әлімбай — 🇨🇿 Йозеф Дубски, Чехия, 4 раунд

🇰🇿 Әлішер Абдуәлім — 🇮🇳 Ашиш Чаудхари (Үндістан, 3-0, 0 КО), 4 раунд

📱 https://t.me/atamekenbusiness_sport


Саян Хамитжанов қызметінен кетті

ҚФФ Бас хатшысы қызметін атқарған Саян Хамитжанов жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты лауазымынан кетті

Саян Жақсыгелдіұлы бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметтер атқарған: 2008-2012 жылдары бас хатшы, ал 2012-2014 жылдары Федерацияның вице-президенті болды.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Қазақстан құрамасының боксшылары Бразилияда өтетін Әлем кубогына қатысады

Турнир World Boxing ұйымының аясында өтеді және үш кезеңнен тұрады.

➡️Бірінші кезең 31 наурыз – 6 сәуір аралығында Бразилияда ұйымдастырылса, екінші кезеңді Қазақстан (30 маусым – 7 шілде) қабылдайды, ал үшінші кезеңнің (21–27 шілде) өтетін орны әлі белгіленбеген.

🇧🇷Бразилияда 19 елден 130 спортшы сынға түседі. Ал қазақстандық боксшылар келесі қарсыластарымен жұдырық түйістіреді.

🥊50 кг (1/4 финал) – Нурзат Оңғаров vs Асылбек Жалилов (Өзбекстан);

🥊55 кг (1/8 финал) – Нұрсұлтан Алтынбек vs Майкл Триндаде (Бразилия);

🥊60 кг (1/4 финал) – Талғат Сырымбетов vs Луис Оливейра (Бразилия);

🥊65 кг (1/8 финал) – Алмат Абдуәлі vs Юри Рейес Фалькао (Бразилия);

🥊70 кг (1/4 финал) – Дархан Дүйсебай Макан Траоре (Франция) – Криштиану Перейра (Бразилия) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі;

🥊80 кг (1/4 финал) – Диас Молжігітов vs Никоден Козак (Польша);

🥊85 кг (1/2 финал) – Даулет Төлемісов Абдулайе Траоре (Франция) – Жугно (Үндістан) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі;

🥊+90 кг (1/4 финал) – Даниял Сапарбай vs Нарендер (Үндістан).

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


🥇Қазақстандық гимнаст халықаралық турнирде чемпион атанды

Зейнолла Ідірісов Германияның Штутгарт қаласында өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті.

Спортшы ат снарядындағы жаттығулар бойынша 14,066 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды.

Күміс жүлдені 🇮🇹италиялық Эдоардо Де Россо (13,966) иеленсе, қола жүлде 🇯🇵жапониялық Ресуке Доиға (13,766) бұйырды.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Дмитрий Попко Challenger турнирінің жеңімпазы 🏆атанды

Дмитрий Попко (ATP 245) Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger 125 сериясының турнирінде чемпион атанды.

Финалда Дмитрий турнирдің бірінші ракеткасы, 2021 жылғы ATP 250 Astana Open финалисі, аустралиялық Джеймс Даквортты (ATP 95) 1:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Теннисшілер кортта 1 сағат 47 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Попко сегіз эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

Осылайша 28 жастағы қазақстандық теннисші маусымдағы алғашқы «Челленджерін» және мансабындағы екінші титулын жеңіп алды.

📈Ол 125 рейтингтік ұпай мен 28 400 АҚШ доллары💵 көлемінде сыйақы иегері атанды. Енді жаңартылған ATP рейтингінде Попко 175-орынға көтеріледі.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында қандай нәтиже көрсетті?

🥈Ризабек Айтмұхан Амманда өткен Азия чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Алтын медаль үшін болған белдесуде Ризабек Айтмұхан жапониялық Араш Йошидаға 1:7 есебімен есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.

🥉57 келіге дейінгі салмақта Рахат Қалжан қола медаль жеңіп алды.

🥇Нұрқожа Қайпанов алтын жүлде еншіледі. Ол 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.

🥈Болат Сақаев (86 келіге дейін) Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапты. Ол шешуші белдесуде Иран спортшысы Абольфазл Рахманиге 11:4 есебімен есе жіберді.

🥉Азамат Дәулетбеков қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық балуан 92 келіге дейінгі салмақта Шерзод Пойоновтан 1:2 есебімен басым түсті.

📊Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бес медальмен жалпы есепте үшінші орында аяқтады.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бакбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион 🥇атанды,
Ол Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті.


🥉Қола медаль қоржында

🇰🇿Қазақстан әйелдер күресі құрамасының өкілі Зейнеп Баянова Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Ол құрлықтық біріншілікте 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін белдесуде моңғолиялық Отгонтуя Чинболдтан басым түсіп, 10:4 есебімен жеңіске жетті.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Председатель правления фонда "Самрук—Казына" Нурлан Жакупов избран президентом Федерации водных видов спорта Республики Казахстан.

https://t.me/atamekenbusiness_sport


⭐️Бар үмітіміз Жәмиләда

Наурыздың 27-сі күні Аммандағы Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен үш бесінші орынмен шектеліп, жүлдесіз қалды.

Ал, бүгін Қазақстанның тағы бес өкілі Азия чемпионатында медаль үшін сынға түседі.

🟢53 кг салмақ дәрежесінде Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінен бастайды. Оның қарсыласы – оңтүстіккореялық Сейон Пак. 22 жастағы Зейнеп Азия чемпионатының бірнеше жүлдесін иеленген: U23 санатында күміс пен қола, U20 санатында күміс пен қола, кадеттер арасында қола. Енді ол ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатында бағын сынап көреді.

🟢57 кг салмақта Нилуфар Раимова да жарысты іріктеу кезеңінен бастайды. Оның қарсыласы – үндістандық Неха Шарма. Раимова 2023 жылы ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған, сондай-ақ U23 санатында да қола жүлде иеленген. 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы, 2018 жылы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы.

🟢62 кг салмақ дәрежесінде тағы бір қазақстандық Тыныс Дубек үндістандық Маниша Манишамен белдеседі. 21 жастағы Тыныс U23 және U20 санаттарында Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған.

🟢65 кг салмақта Гаухар Мукатай күреседі. Ол да іріктеу кезеңінен бастайды. Оның қарсыласы – вьетнамдық Ди Туонг Лай.

🟢72 кг салмақта біздің спортшымыз бірден ширек финалдан бастайды. Ол 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2020 жылғы Азия чемпионы Жамиля Бакбергенова. Ол ширек финалда оңтүстіккореялық Сехи Киммен белдеседі.

Алдын ала белдесулер 13:30-да басталады, 15:30-да жартылай финалдар өтеді. Финалдық белдесулер 20:00-де өтеді.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Жастарымыз бірінші ойында есе жіберді

🇰🇿🇫🇷Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан U-19 құрамасы Францияға (U-19) 1:3 есебімен жол берді.

🇰🇿🇵🇹Ал, бүгін 28 наурызда құрамамыз Португалиямен кездеседі. Басталу уақыты – сағат 23:55-те.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды

✔️Михаил Шайдоров Бостонда өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 94.77 ұпаймен үшінші орын иеленіп, еркін бағдарламаға жолдама алды.

⭐️Еркін бағдарлама сайыстары 29 наурыздан 30 наурызға қараған түні өтеді. Аталмыш бағдарламаның нәтижесі бойынша әлем чемпионатының жүлдегерлері анықталады.

✔️Бұған дейін әлем чемпионатында Софья Самоделкина да өнер көрсеткен болатын. Қазақстандық спортшы 13-ші нәтиже көрсетіп, еркін бағдарламаға жолдама алды.

✍️Бостондағы әлем чемпионатында 2026 жылғы Олимпиада ойындарына квоталар сарапқа салынуда. Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алды. Италиядағы Олимпиадаға жолдамалар әр елдің спортшыларының нәтижелері бойынша бөлінеді.

Осы маусымда Шайдоров беделді Төрт құрлық турнирінде жеңіске 🥇жетіп, 2025 жылғы Азия ойындарында 🥉қола медаль иеленгенін де айта кетейік.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Азия чемпионаты. Әйелдер арасындағы алғашқы жарыс күні жүлде ала алмадық

👉👉👉👉 Амманда (Иордания) әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалдық кезеңінде қола медаль үшін Қазақстан құрамасының үш спортшысы күресті. Алайда, олардың ешқайсысы жүлде ала алмады.

❌50 келіге дейінгі салмақта Светлана Анкичева Моңғолиядан келген Мунхнар Бямбасуренге жол берді.

❌59 келіге дейінгі салмақта Гүлдана Бекеш Қытайлық Менгю Сеге есе жіберді.

❌Ал 68 келіге дейінгі салмақта Ирина Казюлина үндістандық Манси Лазаға жеңілді.

Осылайша, әйелдер күресінен Азия чемпионатының алғашқы күнінде біздің командамыз жүлдесіз қалды.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Әйелдер күресі: Азия чемпионатының жеребесі тартылды

Бүгін Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен бәсеке басталады.

50 кг: ширек финал: Светлана Анкичева - Ю Лин (Қытайдың Тайпейі) немесе Ти Донг (Вьетнам)

53 кг: іріктеу: Зейнеп Баянова - Сон Ён Парк (Оңтүстік Корея)

55 кг: ширек финал: Зульфия Яхярова - Отгонтуя Маянмух (Моңғолия) немесе Ёрим Ли (Оңтүстік Корея)

57 кг: іріктеу: Нилуфар Раимова - Неха Шарма (Үндістан)

59 кг: ширек финал: Гулдана Бекеш - Сарбиназ Жиенбаева (Өзбекстан) немесе Пиол Хон (Солтүстік Корея)

62 кг: іріктеу: Тыныс Дубек - Маниша (Үндістан)

65 кг: іріктеу: Гаухар Мұқатай - Дю Тон Лай (Вьетнам)

68 кг: ширек финал: Ирина Казюлина - Зелу Ли (Қытай)

72 кг: ширек финал: Жәмилә Бақбергенова - Сехи Ким (Оңтүстік Корея)

76 кг: ширек финал: Эльмира Сыздықова - Ми Янг

🕰Басталуы : 15:30

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


🚴‍♂️XDS Astana Team шабандозы «Коппи-Бартали» жарысында жүлдегер атанды

🇮🇹Италия тас жолдарында 40-шы Халықаралық Коппи-Бартали апталығы өтуде. Жарыс 25-29 наурыз аралығында UCI Еуропа туры аясында ұйымдастырылуда.

Көпкүндік веложарыстың екінші кезеңі мәресіне жетті.

XDS Astana Team командасының велошабандозы Диего Уллисси кезеңнің соңғы бөлігін сәтті өткізіп, 🥉үшінші болып мәреге жетті. Бұл оған жалпы есепте де үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

🎤🎤🎤🎤«Әрине, мен әрдайым жеңіс үшін, ең жоғары нәтиже үшін күресуге тырысамын. Бірақ бүгін үшінші орынға да көңілім толады деп айта аламын. Маусымның басы мен үшін аса сәтті болмады. Өйткені денсаулығыма байланысты қиындықтар болды. Ұзақ уақыт бойы спорттық бабыма келе алмадым, бірақ қазір барлығы қалыпқа келіп жатыр. Мен біртіндеп жарыс қарқынына қосылып келемін. Сондықтан келесі кезеңдерде бүкіл командамызбен бірге күресті жалғастырамыз», – деді Диего Уллисси.


Команданың тағы бір шабандозы Симоне Веласко 9-нәтиже көрсетті.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Омар Сатаев 🥈грек-рим күресінен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды

Отандасымыз 82 келі салмақта ел намысын қорғады. 

Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Мохаммад Нагузимен өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы белдесуде Омар Сатаев 1:3 есебімен жол берді.


Александр Марочкин 🇰🇿Қазақстан ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады

Күні кеше Лихтенштейнге қарсы матчта ұлттық құрама сапында алғашқы голын соққан Александр Марочкин мансабын аяқтап, жастарға жол берді. Бұл ойында Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

📊Марочкин ұлттық құрамада жалпы 52 ойын өткізіп, 1 гол соқты.

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport


🤺Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогына қатысады

🇰🇿Қазақстан құрамасы Париждегі оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Әйелдер командасы Әлем кубогында Мысырда, ал ерлер командасы Венгрияда өнер көрсетеді.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!🙂

📱https://t.me/atamekenbusiness_sport

20 last posts shown.