AYATZHAN / Мінез!


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter




Forward from: QAZBILIM
Қазір кім көп психолог көп қой. Тіпті қазір көп жұрттың екінші "мамандығы" психолог боп кетті.

Қазақ тіліндегі алғашқы психология еңбегін 20 ғасырдың басында Алаш арысы Жүсіпбек Аймаутов жазды.
Ұлт психологиясының сан қатпар тереңіне үңіліп, ұлттық дүние танымды бала психологиясымен ұштастырды.

Сіз оқып па едіңіз?
QAZBILIM Қостанай ұлттық лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәрсенбек Бақытұлы QAZBILIM жобаларының 10 жылдығы қарсаңында кеңейтілген педагогоикалық кеңесте "Жүсіпбек психологиясы және ұлттық таным" - тақырбында кермет лекция оқыған еді.

Тыңдап шығыңыз!
Әр ұстазға, әр ата-анаға керек дүние!
https://www.youtube.com/watch?v=NjRtfKzzJrk




Forward from: QAZBILIM
QAZBILIM жобаларына 10 жыл мерекелік іс шарасы аясында өткен "QAZBILIM басқан 10 қадам" атты мерекелік концертінің толық нұсқасы
Өнер көрсеткендер:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары:
Ұшқын Жамалбек
Сандуғаш Стамғазиева
Әсет Есжан
Айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан және Қазірет Бердіхан.
Сонымен бірге, QAZBILIM ұлттық лицейлері өнерлі оқушылары мен ұстаздары.
https://www.youtube.com/watch?v=aX7BUWCGZ8w


Ресми түрде химия мамандығы бойынша философия докторы (PhD ) атандық…

Игілігі елге болғай!


​​Бүгін наурыз тойлап жатуымыз керек еді.
QAZBILIM ұлттық лицейлері наурыз мерекесіне әу бастан қатты көңіл бөлетінбіз.

Биылғы наурыз мерекесі ораза мезгіліне түсуіне байланысты, наурызды ораза аяқталған соң бір тұтас 13 сәуір күні тойлаймыз деп ресми жоспарлаған ек.

Ойлаған ой кез келген жағдайға байланысты өзгереді ғой. Біздің де жоспар елдегі жағдайға байланысты өзгерді.
17 облыстың 10 облысында төтенше жағдай боп, халық қарғын судың қасіретін тартып жатқанда наурыз тойлап, ән салып жату балалардың тәрбиесіне де, адамдыққа да жат. Сондықтан биылғы жылғы наурыз мерекесін ресми түрде тойламаймыз деп шештік. Той тойлайтын жағдай емес.

Оның есесіне QAZBILIM GROUP компаниясының 8 қалада наурыз мерекесін тойлауға деп бөлінген 2,5 миллион теңгеге жуық ақшаны тасқын судан зардап шегіп жатқан өңірлерге аз да болса көмек болсын, бір жанның болса да жасын сүртіп, қуаныш сыйласын деп соған бөлуді жөн көрдік.

Қазір QAZBILIM ұлттық лицейі бар өңірлердің ішінде Атырау облысы мен Қостанай облысы қатты қиындықта қалды. Ол жақта оқып жатқан оқушыларымыздың ішінде үйі суға кеткендері бар. Қаншама жұрт басындағы панасынан, алдындағы малынан айырылып есеңгіреп жатыр.

Сондықтан, QAZBILIM GROUP компаниясы бөлген қаржыдан тыс, қызметкерлеріміз де өз көмегін жинап жатыр.
Алдағы апта жиналған қаржыны теңдей бөліп, Қостанай мен Атырау облысына қарғын судан зардап шеккен жандар үшін жылу ретінде жібереміз.

Бұндайда қиналған жұртқа қолдан келер көмекті беру бәрімізге азаматтық парыз деп ойлаймын.

Құрметті, QAZBILIM ұлттық лицейі ата-аналары сіздер де біз арқылы қарғын судан зардап шеккен жандарға көмектескілеріңіз келсе, көмектеріңізді 8 708 830 3589 нөміріне ( Назерке.А) жібере аласыздар.

Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!
Еліміздегі қиын жағдай тезірек аяқталсын!
Бас аман, бауыр бүтін болсын!
Әр шаңырақта шаттық толы болғай!

P.S. Суретте апат жағдайында еріктілер қатарында жүрген QAZBILIM ұстаздары.


Бүгін ғылым күні!
Бүгін ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні.

Ғылым  — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе, - деп анықтама береді Уикипедия.

Осы анықтамадағы соңғы сөйлем білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе деп қортындыланады. Бізде сол біртұтас жүйе қаншалық дамыды?

Ғылым дамуы үшін білім дамуы, білім дамуы үшін педагогика мен методика (әдістеме) даму керек. Біздің ел тәуелсіздік алғалы бұл салада тыңнан сүрен сала алмады. Алаштықтар кезеңінде үлкен бір сілкініс жасалғанмен кейін жалғаспады. Сондықтан, бүгінде педагогика, психология, методика әр кімнен көшірумен, бірде анау ел озық, бірде мынау ел озық деп ала сұрып, сыртқы формасын көшіре салумен келе жатырмыз.

Сондықтан да, білім саласының көп реформасы іріп, жан жағы ащылау айтқанда шіріп жатыр. Тәрбие бұзылып, тағылым құрып жатыр.

Иә, әлем ғылымы көш ілгері кетті, ол жасанды интеллект, ол нано технология, ол жасыл экономика, жасыл энергия деп жылда жаңа деңгейге көтеріліп жатыр.

Біз ше? Бізде сұрақ көп.

Сондықтан, ғылым туралы әңгімені білімнен бастау керек. Себебі, ірге тасы.
Ал, білім туралы әңгімені мектептен бастау керек. Ал оның жыры бізде мың бір түн!…

Өткенде QAZBILIM жобаларының 10 жылдық мерейтойы кезінде осы ұлттық білім кеңістігін дамыту, үлес қосу мақсатында “Ұлттық мектеп модельі: тәрбиеден білімге” тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізген едік.

Сол конференцияны келіп тыңдай алмағандар үшін арнайы толық видео нұсқасы. https://youtu.be/mCQDNyr33gY?si=QElKa7Ug-kpSlNfr

Ғылым күні құтты болсын!
Білім және ғылым дамып, дамыған елдер қатарына жетейік!


Forward from: QAZBILIM
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
QAZBILIM ҰЛТТЫҚ ЛИЦЕЙЛЕРІНЕ ҚАБЫЛДАУ АШЫҚ📣

Жаңа оқу жылына қабылдау күтіп жүрген ата-аналар үшін!
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
🔹Астана;
🔸Алматы,
🔹Шымкент,
🔸Ақтау,
🔹Атырау,
🔸Қызылорда,
🔹Қостанай,
🔸Қарағанды
қалаларында сапалы білім, ұлттық тәрбие, бәсекеге қабілетті тұлға концепциясымен жұмыс істейтін «QAZBILIM” ұлттық лицейілері желісіне 2024-2025 оқу жылына оқушы қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Сапалы білім алып, жарқын болашаққа ұмтылатын 5-11-сынып оқушылары “QAZBILIM” ұлттық лицейінің қабылдау емтиханына тіркеліп үлгеріңіздер.

✅️Қабылдау емтиханына қатысу тегін.
Алдын ала тіркелу міндетті.

Емтиханға тіркелу 1-25 сәуір арасында жүреді.
Қабылдау емтиханы 27-28 сәуір күндері өтеді.

✅️Іріктеу емтихан нәтижесіне қарай жүргізіледі.
Қабылдау емтиханы нәтижесінде 100 оқушыға QAZBILIM гранты беріледі.

❗️Орын саны шектеулі

QAZBILIM ұлттық лицейінде жаңа оқу жылын бастаңыз🤗


Forward from: QAZBILIM
Ал QAZBILIM ұлттық лицейін күтіп жүрген, астаналықтар!
Сіздер үшін қуанышты жаңалық!

Астанада QAZBILIM ұлттық лицейі өз жұмысын бастайды.🎊

📢2024-2025 оқу жылына оқушы қабылдау ашық!

🔸Лицейдің ерекшеліктері мен бағдарламалары:

- Лицей таза қазақ тілінде тереңдете білім береді;
- Лицейге қабылдау іріктеу емтиханы негізінде жүргізіледі;
- Лицей 5-11-сынып арасындағы оқушыларына арналған;
-Сыныптарда оқушы саны 16-18 оқушыдан аспайды;
- Ұлттық тәрбие;
- Біртұтас QAZBILIM авторлық методикасы;
- Пәндік олимпиадаға бағдарлы дайындық;
- ҰБТ-ға кешенді дайындық;
- Қазақстандық және шетелдік үздік
университеттерге түсуге бағыт-бағдар және кеңес беру;
- IELTS-қа дайындық;
- Домбыра, жетіген, т.б. ұлттық аспаптар үйірмесі;
-Спорт үйірмесі;
-Шахмат, тоғызқұмалақ, т.б. интеллектуалды ойындар.
- Лицей оқушылары бір ауысымда толық күн оқиды.
- балаңызды қосымша сабақ іздемейсіз, бізде негізігі және қосымша сабақтары мен үйрімелері толық қамтылған.

📍Астана қаласы, Сығанақ көшесі 5.
📞Байланыс тел: 8701 941 8008.






​​QAZBILIM жобаларының 10 жылдық мерей тойына 10 пост
№4 пост.

QAZBILIM –нің 10 жылдық мерей тойына жеткендегі бұл білім тойымыз 10 жылға есеп беру, келесі он жылға жоспар құру ғой. Жай ақпараттық сайттан басталып, бүгінде 420 адам еңбек ететін, 6 бағытта 8 қалада жұмыс істейтін, білім саласындағы үлкен кәсіби компанияға айналуға дейінгі тарихы біраз бұралаң күнді бастан кешірді.

10 жылдық тарихта ұйқысыз түндер, күлкісіз күндер өтті. Талай табиғи да, адами да кедергілерді көрдік. Экономикалық қиындықтың алуан түрін бастан кешірдік. Талай рет жауып тастап, бір мектепте жай мұғалім болып жүруге ниет ете жаздап тәс қалдық. Бірақ шыдап, дамыттық бүгінгі деңгейге келді. Он жылда қанша тірлік атқарды ол алдағы посттың еншісінде.

Ал, осы 10 жылда осы деңгейге жетуі тек менің еңбегім емес, ол мені қолдайтын командамның қажымас қайсарлығы. Себебі, талай рет жалақы кешікті, сондайдың әсерінен талай рет кредиттерінің мерзімі өтіп кетті. Бірақ идеяға шын берілген командам ондай қиындықта мені жолда қалдырмады, сенді, қолдады. Бүгінде кей күндердегі қиындық ертегі секілді.

Ал, өңірлерден Республикалық QAZBILIM орталығы, QAZBILIM ұлттық лицейі ашыла бастағанда Астана, Алматыдағы жылы орындарын, бастарындағы баспаналарын тастап, QAZBILIM идеясы үшін өңірлерге мен көш деген бағытқа көшті. Кейбірі салт бас, кейбірі бала шаға отбасын алып, бір өңірден бір өңірге көшуі жай іс емес, үлкен қолдау еді.

Сол қолдаудың арқасында 8 қаланы бүгінде алаңсыз дамытып, бір QAZBILIM авторлық медтодикасымен білім беріп, бір идеямен жұмыс істеп жатырмыз.

Енді 10 жылдық мерей тойда сол жандардың мерейін өсіргім келді. Керемет мүмкіндігім, артылып бара жатқан байлығым жоқ, керісінше басымда толған кредит болса да, ұстаздың еңбегі бағалану керек. Өз қиындығым шешіледі, ұстаздарымның мерейі тасысын деген мақсатта он жылдыққа арнайы марапат дайындадым және оны концертте аты аталғанша ешқайсысына сен марапатталасың демедім. Сезінсін дегенім ғой.

Сонымен шамамызға қарай:
15 адамға 100 мың теңгеден,
8 адамға 200 мың теңгеден,
5 адамға 300 мың теңгеден,
5 адамға 500 мың теңгеден,
4 адамға бір миллион теңгеден ақшалай марапат;
Бір адамға бір бөлмелі пәтер сыйладық!
Және бұрын QAZBILIM- де көп еңбек етіп, қазіргі таңда белгілі себеппен жұмыстан қол үзген екі әріптесімізді, QAZBILIM жобаларымен серіктес боп, талай көмектескен 4 компанияны арнайы марпаттадық.

Бәріне сыйлықтан тыс, QAZBILIM жобаларына 10 жыл мерекелік төс белгісі және арнайы құрмет грамотасын ұсындық. Естелік болсын дегендегі ой ғой.

Иә. Бүгінге осындай ерен еңбекті серіктерім болмаса, жалғыздың үні, жалғыздың шаңы шықпас еді. Осындай ерен еңбекті әріптестеріме және 10 жылдан бері тілеулес боп қолдап келе жатқан барша жанашыр жақындарыма алғыс білдіремін!


​​QAZBILIM жобаларының 10 жылдық мерей тойына 10 пост.

N2 пост.

Ұлттық мектеп идеясының басты мақсатының бірі ол ұлттық білім кеңістігін қалыптастыру. Финляндия, Сингапур, Жапон, неміс, орыс, батыс деп жан-жақтан әкеп қолданып жатқан ала құла реформалар ешқашан ұлтқа да, елге де опа бермейді. Себебі, біздің менталитет те, тарихи географиялық орнымыз да, құндылықтарымыз да дәл солардан басқа елміз. Сондықтан да көшірме реформалар ешқашан нәтиже бермейді.

Бұл туралы педогогика еңбегінде Мағжан Жұмабай біз болашақ үшін аянбай серттесе аламыз, егер мектебіміз таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ жақын болса ғана дейді. Ал, біздің арман дәл сондай мектеп қалыптастыру.

Дәл сол мақсатта 10 жылдық мерейтойдың басын еліміздің орта білім саласында өзіндік қолтаңбасы бар ұстаздар мен зерттеуші ғалымдарды шақырдық.

Алматыдан профессор Асқарбек Құсайынов ағам, профессор, кезіндегі ұлттық мектеп деген идеямен біраз жұмыс істеген Алма Қыраубаева апамыздың шәкірті Самал Дәрібайұлы ағамыз. Ұлытау білім басқармасы басшысы, сындарлы ойлы педагог Сафура Сейдуәлиқызы Төлектегі, ұстазым, көшбасшы директор Құралай Байтажикова, замандасым, ғалым Бекарыс Тілегенұлы Нұриман замандас әріптесім Жарқын Сәленұлы бастаған алты спикер бүгінгі орта білім және ондағы ұлттық идеология, білім мен тәрбие сапасы туралы біраз ойларын түйдек түйдек ұсынды.

Конференцияның соңғы спикері ретінде өзім ұлттық мектеп концепциясы туралы ойыммен бөлісіп, алдағы мақсаттарымды жеткіздім. Конференция тізгінін QAZBILIM жобаларының белді қызметкері, Алаштанушы ғалым, досым Ұшқын Сәйдірахманұлы ұстап, бүкіл конференциядағы ойды тұздықтап отырды.

Конференцияның басты мақсаты да сол, ұлттық бағыттағы білім беру форматын қалыптастыруға ғылыми ізденіс жасау.

Конференцияны QAZBILIM Алматы ұлттық лицейіндегі кішкене ғана акт залға жасап ек, ине шаншар жер болмады. Конференцияға Назарбаев университеті ғалымдарынан бастап, қоғам қайраткерлері, журналистер, 100-ден астам ұстаздар қатысты. Жалпы залда 200 ге жуық адам 5 сағаттан астам тапжылмай тыңдады. Біраз адам тіпті сыртта тік тұрып тыңдауға мәжбүр болды. (Кең зал жалдап өткізбеппін деген ойға келдім, бірақ, мүмкіндікке қарай әрекет етіп ек.)

Конференция барысында өте мағыналы, тың ойлар айтылды, ұсыныстар тасталды.

Бір ауыз сөзімді тастамай конференцияға кеп сүбелі ойымен бөліскен спикерлерге және арнайы кеп қатысқан барша тыңдаушыларға мың алғыс білдіремін!

P.S. Келе алмаған әріптестердің сұрауы бойынша конференцияның видеосын алдағы күндері https://youtube.com/@QAZBILIM?si=aPb_UCIQN8uyIlCs арнасына жариялаймыз!


Forward from: QAZBILIM
QAZBILIM жобаларының 10 жылдығына арнап, алаштанушы, ұлттық мектеп журналының бас редакторы Ұшқын Сәйдірахманұлы “ұлт болашағының ұстаханасы” атты деректі фильім түсірген еді!

Көріңіздер!
Пікірге ойларыңызды жаза кетіңіздер!

https://youtu.be/beGuxDss7i8?si




Forward from: QAZBILIM
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
QAZBILIM жобаларына 10 жыл мерекелік іс-шаралары аясында «QAZBILIM басқан 10 қадам” атты мерекелік концерті өтеді.

🎶Концертте еліміздің танымал өнер жұлдыздары:
🔸Әнші Еркін Шүкімән;
🔹Әнші Ұшқын Жамалбек;
🔸Әнші Сандуғаш Стамғазиева;
🔹Биші Ернұр Қарықбол;
🔸Айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан, Қазірет Бердіхан және QAZBILIM ұлттық лицейлерінің өнерлі оқушылары мен ұстаздары қатысады.

🗓️25.03.2024, сағ: 15:00
📌Кіру тегін

Өтетін орны: “Алатау” дәстүрлі өнер театры, Нұркент шағын ауданы 6

Келіңіздер, мерекелік концертіміздің куәсі болыңыздар!
Ұлттық мектептердің қалыптасуына үн қосайық!

#qazbilim10zhyl


Ассалаумағалайкум, Алаш жұрты!
Құрметті әріптестер, достар, туысқандар!

Ғажап дәстүр, ғажап күн, ғажап ділім!
Тіктеген тәуелсіздік, азаттығым.
Құтты болсын наурыз, барша ағайын!
Мәңгілік ортаймасын қазақтығым!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Алла әр қазаққа ортаймас бақ, кетпес ырыс, таусылмас несібе берсін!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Жаңа жыл жақсылықтарға толы жыл болсын!


Forward from: QAZBILIM
QAZBILIM жобаларына 10 жыл мерекелік іс-шаралары аясында «‎Ұлттық мектеп моделі: тәрбиеден білімге” республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

🔹Конференция спикерлері:

1. Асқарбек Қабыкенұлы (педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан “Педагогикалық Ғылымдар Академиясы” қоғамдық бірлестігі президенті)

2. Самал Дәрібайұлы (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры)

3. Сафура Сейдуалиқызы (Ұлытау облысы білім басқармасы басшысы)

4.Құралай Амангелдіқызы (Астана қ. Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM мектеп-лицейі директоры)

5. Бекарыс Тілегенұлы Нұриман (PhD, әдебиеттанушы)

6. Жарқын Сәленұлы (Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)

7. Аятжан Ахметжан (“QAZBILIM GROUP” компаниясының басқарма төрағасы, PhD химик)

💬Модератор
Ұшқын Сәйдірахман. Журналист, Алаштанушы ғалым. “Ахмет. Ұлт ұстазы”, “Міржақып. Оян, қазақ! телесериалдарының сценаристерінің бірі.

#qazbilim10zhyl


Forward from: QAZBILIM
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар және білім саласы жанашырлары!

Сіздерді QAZBILIM жобаларының 10 жылдығына орай өтетін «Ұлттық білім кеңістігін дамытуға бір қадам» атты мерекелік іс-шараларымыздың құрметті қонағы болуға шақырамыз!

📄Іс-шара бағдарламасы:
1. «Ұлттық мектеп моделі: тәрбиеден білімге» Республикалық ғылыми- практикалық конференция өтетін уақыты 2024 жылы 25 наурыз сағат 9:00

📍Өтетін орны: Алматы қаласы QAZBILIM ұлттық лицейі. Төлеби көшесі 291Б.

2. «QAZBILIM басқан он қадам» мерекелік концерті

⏰Өтетін уақыты: 2024 жылы 25 наурыз сағат 15:00
📌Өтетін орны: Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театры. Нұркент шағын ауданы 6

Келіңіздер, мерекелік кешімізді көріңіздер! QAZBILIM жобаларының 10 жылдық белесімен танысыңыздар!
Білім саласының қолдаушысы болыңыздар!✅

Құрметпен:
QAZBILIM жобалары жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы.

#qazbilim10zhyl

915 0 0 11 20

Forward from: QAZBILIM
Арай Асылбекқызы Оразова оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды.
Арай Оразова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2009 жылы коммерциялық құрылымда IT-менеджер болып бастады.
2011 жылдан 2018 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалық кеңсесінің жетекші маманы, бірқатар құрылымдық бөлімшелердің бас маманы, сынаушысы, талдаушысы, бизнес-талдаушысы болды.
2018-2020 жылдары — «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ деректерді басқару кеңсесінің бас талдаушысы, жобалардың бас менеджері.
2020-2021 жылдары — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

20 last posts shown.