💬 Иманды жаңартып, әрдайым арттырып жүрудің маңыздылығы
Аллаһ Тағала мұсылмандарды имандары мен тақуалықтарын арттыруға бұйырып, қасиетті Құранда былай деген:
﴿وَتَزَوَّدُوا۟ فَإِنَّ خَیۡرَ ٱلزَّادِ ٱلتَّقۡوَىٰۖ وَٱتَّقُونِ یَـٰۤأُو۟لِی ٱلۡأَلۡبَـٰبِ﴾
﴾Жолазықпен қамданыңдар, ал жолазықтың ең жақсысы – тақуалық﴿.
Бақара сүресі, 197-аят.
Сондай-ақ, хадистердің бірінде Аллаһ елшісі де ﷺ өз үмбетіне имандарын жаңартып тұруларын өсиет етіп кеткен:
ﺇﻥ اﻹﻳﻤﺎﻥ ﻟﻴﺨﻠﻖ ﻓﻲ ﺟﻮﻑ ﺃﺣﺪﻛﻢ ﻛﻤﺎ ﻳﺨﻠﻖ اﻟﺜﻮﺏ اﻟﺨﻠﻖ، ﻓﺎﺳﺄﻟﻮا اﻟﻠﻪ ﺃﻥ ﻳﺠﺪﺩ اﻹﻳﻤﺎﻥ ﻓﻲ ﻗﻠﻮﺑﻜﻢ.
«Ақиқатында, сендердің іштеріңдегі (жүректеріңдегі) имандарың үстеріңдегі киімдерің тозатыны, ескіретіні сияқты тозып, ескіріп отырады. Сондықтан, Аллаһтан әрдайым жүректеріңдегі имандарыңды жаңартуын сұраудың үстінде болыңдар».
📚 Табарани; (14668), әл-Хаким; (5). Хадисті әл-Хаким, Зәһәби және Альбани сияқты имамдар сенімді деп бағалаған.
Осы тұрығдан, имандарына ең берік абзал жандар (сахабалар) бір-бірін имандарын арттыруға үгіттесіп отырған. Мәселен, мүміндердің әмірі Омар ибн Хаттаб (Аллаһ одан разы болсын) өзінің жолдастарына:
تعالوا نزدد إيمانا.
«Келіңдер, (бізбен бірге отырып, ақиқат пен сабырды үгіттесіңдер), имандарымызды арттырайық»- дейтін болған.
📚 Мусоннаф Ибн Әби Шейба; (11/26).
Ал, Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ одан разы болсын) болса, келесідей дұға қылумен өткен:
اللهم زدني إيمانا ويقينا وفقها.
«Аллаһым! Мені менің иманымды, яқинымды (айқын сенімділігімді) және діндегі түсінігімді (білімімді) арттыра гөр».
📚 Абдуллаһ ибн Ахмад, «Әс-Сунна»; (1/368).
Алдыңғы өткен ізгілеріміздің имандарына алаңдап, бір-біріне ақиқат пен сабырды, тақуалық пен иманды үгіттесулері тектен-текке емес, өйткені, олар осы нәрсені үгіттеспегендерден басқасының барлығы ақыретте қасірет шегетінін тым жақсы түсінген. Аллаһ Тағала айтқандай:
﴿وَٱلۡعَصۡرِ * إِنَّ ٱلۡإِنسَـٰنَ لَفِی خُسۡرٍ * إِلَّا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّـٰلِحَـٰتِ وَتَوَاصَوۡا۟ بِٱلۡحَقِّ وَتَوَاصَوۡا۟ بِٱلصَّبۡرِ﴾.
﴾Асырмен (уақытпен) ант етемін! Расында, адамдардың барлығы зиянда, үлкен қасіретте. Тек иман келтірген, ізгі амал жасаған әрі бір-біріне ақиқатты және сабырды үгіттескендерден басқалары﴿.
Асыр сүресі, 1-3 аяттар.
———————
#paidaly_maqala
🔗 https://t.me/bilim_baqshasy