Эльвира Ерғалина


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


Өзгенің көңілінен шығатын емес, өз таңдауыңызбен, өз қалауыңызбен құрылған ғұмыр тілеймін!💜


❗️ТОПТЫҚ ТЕРАПИЯМДЫ КҮТІП ЖҮРГЕН ЖАНДАР!

МЕРЕКЕГЕ СЫЙЛЫҚ ДАЙЫНДАДЫМ - ТОПТЫҚ ТЕРАПИЯ

Көктеммен бірге оянып, жыл бойы ұстанатын бағытты нақтылау үшін, біраз уақыттан соң жемісін жию үшін терапиялық топ ашамын. Онлайн.

Тақырыбы өте актуал: көлеңкеге тығылған ЖАСЫРЫН РЕСУРСымыз туралы.
Тұрақты топпен:
🔑 жасырын ақ$hа
🔑 жасырын потенциал
🔑 жасырын қалау
🔑 қатынастағы жасырын динамика
🔑 “самооценканың” төмендігіне жасырын себеп
🔑 ұят, кінә, қорқыныш
🔑 қарыздың жасырын себебі
🔑 энергияны алып тұрған құпия себептер
… деген тақырыптағы көлеңкелі құпияларды ағытамыз. Себеп-салдарын тарқатамыз.

1 айдан астам уақыт тұрақты:
📌 8 терапия + 1 арт-терапия
📌 аптасына 2 рет (2-3 сағаттан) zoom арқылы
📌 жалпы 20 сағаттан астам терапия
📌 запросқа диагностика, талдау болады.

📍Топта адам саны шектеулі - 20 орын ғана.

Топтық терапияма 1 рет қатысу құны 50 мың тг екенін ескерсек, бұл жолғысы өте үлкен сыйлық боп тұр.
💰8 терапия + 1 арт-терапия құны - 150 мың теңге.
⚠️ Терапияның 1 сағаты 7500 теңгеге түсіп тұр.

13.03.2025 күні бастаймыз


Қатысам десеңіз, өз орныңызды алып қойыңыз. Топта 20 орын бар екенін ескересіз ғой.

Менеджеріме хабарлассаңыз, бәрін түсіндіреді, тіркейді: +7775 975 4541


Бүгін “Психолог-Практик” курсымның алғашқы түлектері, алғашқы қарлығаштары ұшты.

Кеше Алматыға жиналған, топпен терапия, кездесу, қорытынды өтіп ек.

Бүгін дипломдық жұмысын қорғады. Білім алғанын растайтын құжатын алды. Сезім-эмоцияға толы күн болды.

Әрқайсысы қандай зерттеу жұмысын әкелгенін көрсеңіз ғой?! Әлі бөлісемін. Қазір ресми бөлімді аяқтап, кешкі ас ішуге, банкетпен аяқтауға кетіп барамыз.

Бүгінгі атмосферадан ауыз тиіңіз❤️

Сәттілік тілеп қойыңызшы студенттеріме💐


БЛОГЕРЛЕРДІҢ САЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

2022-жылы Блиновсксая салық бойынша ұсталғанда маған қатты әсер еткен. Өзім салықты уақтылы төлеймін, құжаттарым түгел, қорқатын себеп жоқ. Бірақ Ресейдегі жағдай қатты шайқады, қорықтым, шошыдым. Тіпті паническая атака басталды. Тәнім дір-дір етіп, арасында қалтырап тұрып қалатын да болдым.

Осы мәселеге назар аударып, іздене бастадым. Неге көрші елдегі жағдай қатты әсер етіп жатыр? Маған не болды?

2022-жылы ата-тек бойынша білім алып, өзім көп практика-терапиядан өтіп, “род”-қат қатты кіріскен кез еді. Жауабын да ата-тек қабатынан таптым.

Ата-тегімде репрессияға ұшыраған жан бар. Бір атамды билік өкілі ұстап әкетіп, қамаған, соңында атқан. Тәні көмусіз қалған, қайда екенін нақты білмейміз. Отбасы ойран болып, әйелі АЛЖИР-ға түспес үшін құрсақтағы балаға қарамастан қашқан. Үй-жайынан айрылған дегендей. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін үлкен, ойсыраған трансгенерациялық травма бар.

Сұрастыра келе соны анықтадым. Көрші елдің билігі әп-сәтте тас төбеден түскенде мендегі осы үрей көтерілген. Ұйықтап жатқан травманың ошағы оянған.

Содан бері ата-тектің қалай ықпал ететінін білем, сездім, көрдім. Тереңдеп білім іздедім, әлі де сіңірудемін. Өзімдегі түрлі қабатты аршып келем.

Заңды, билікті, мемлекетті, жалпы үлкен жүйелерді құрметтеу, үлкен жүйемен санасу, заңдылығына бағынуға аса мән беруді қолға алдым. Құжаттарымды түгелдеп, жүйедегі орнымды нақтыладым. Салықты әу бастан түгендеп жүрем, қайта тексертіп, бәрін “прозрачно” қылуға ұмтылдым. Өйткені менде ата-тектің программасы бар, кез келген уақта динамикасы қосылып кетуі мүмкін екенін білдім. Өзім үшін жасап жүргем.

Жақында қазақстандық блогерлердің салыққа берешегі бар деген тізім шықты ғой. Интернеттен көрдім алдымен. Бухгалтеріме хабарласып, мені тексеруді сұрадық. “Тазамыз” деді.

Қызығы, алдындағыдай қорқыныш, паника, тәнімдегі заряд болмады. “Спокойно”, қалыпты қабылдадым. “Мен құтылдым, басқалар тұтылды” деген масаттану да болған жоқ.

Кезінде әкеме қатты ренжитінмін. Мықты тергеуші болды, қолынан қандай қылмыстар өтетін. Ісін шешу үшін үлкен сомада ақша ұсынатын. Бір тиын пара алмады ғой. Тек айлығымен өмір сүрді. Нанға ақша жетпей, қиналған сәтінде де айлығын ғана алып жүрді. “Отбасын неге ойламайды, балаларын жақсы көрмей ме, достарының (бір салада істеді) балалары шалқып жүр, өте бай, күшті өмір сүреді. Әкем неге бүйтеді” деуші ем. Біз білмейтін, бірақ ықпал ететін бейсаналық сценарий-программалар барын қайдан білейін?! Сонда әкем просто ақшадан, тексерістен өлердей қорыққан ғой.

Қысқасы, үлкен жүйелердің заңы бар, ертелі-кеш айналып келеді. Әр жүйенің динамикасы бар. Трансгенерациялық травмалар бар. Дәуірдің қайталанатын циклі бар. Қазір өзі әлемде, дәуірде өзгеріс боп жатыр. Көп жүйелер қозғалуда.

Біреу үнемі көзге түсіп қала береді. Біреу көп “олқылық” жасаса да, құтылып кетеді. Оның себебі тереңде жатуы мүмкін.

Білім алған сайын өмір қызық әрі түсінікті, қауіпсіз бола түседі.

Блогерлердің салық қарызы туралы білгенде қандай ой болды сізде?


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Бұл жобаммен, студенттеріммен мақтанамын❤️

“Психолог-Практиктің” келесі легі 17-ақпан күні басталады.

Ақпарат керек, қатысқым келеді десеңіз, пікірге жазыңыз👇🏻


🎤Подкаст: ӨЗІҢМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ, БОЛЬДАН ҚАШУ НЕ БЕРІЛУ




Әдетте клиенттерімнің отзывын шығара бермеймін. “Психолог-Практик” студенттерінің саралауын салып қоям деп шештім. Әрине келісімімен, рұқсатымен.

Бұл - 4 айлық өөөте ауқымды жоба. Терең де үлкен жолды жүріп өтті студенттерім.
Әр лекция, әр ақпардан соң өзімізге саралау жасап, терапия-практика өттік. 2 айды тек өзімізге арнадық. Үшінші айдан бастап ғана клиентпен жұмысқа назар бұрдық.

📍Психологияда клиентпен жұмыс істеп жүрген мамандар да,
📍Осы салаған енді бет бұрғандар да,
📍”Қызметіме пайдасы бар” деген басқа сала маманы да,
📍”Өзім үшін қатыстым” дегені де болды.

Қорқа-қорқа, белгісіздікпен, үреймен бастап еді. Баппен меңгеріп, сүйемелді, қолдауды сезіп, алғашқы қадамды да жасады. Табысын қоспағанда, жаңаға қозғалыстың өзі - үлкен еңбек, үлкен өзгеріс.

Бұл білім өмірлік азық болатынына сенем, тілеймін. Тек табыспен емес, ішкі өзгерісімен де азық болады, бұйырса🙏🏻

“Психолог-Практик” курсымның келесі легі 17.02 күні басталады. Алғашқы кездесу. Топ жиналып жатыр. Қатысам десеңіз, сізді күтем.


“Көлеңке—Жарық” кітабым қазір сатылымда жоқ. Таусылып қалды.
Келесі тиражы басылып шыққанда, сатылымда болғанда айтамын💐


Сәлеметсіз бе Эльвира ханым. Кітабыңыз сатылымға қашан шығады?


Жаңа идея қалай сізге?


🎤Подкаст: НЕГЕ КЕЙДЕ ӨМІР ТОҚТАП ҚАЛҒАНДАЙ БОЛАДЫ? АЛ НЕГЕ КЕЙДЕ ӨМІР ҚАЙНАП, ҚОЗҒАЛЫС КӨБЕЙЕДІ?


ОФФЛАЙН АРТ-ТЕРАПИЯ
❗️Алматы! Әдемі арт-терапия өтуге шақырамын.

🏡“Менің жайлы мекенім” деп аталады.
6 адам жиналып (менімен жетеу):
• Жеке баспана алу, кеңейту, өз орнымызды меншіктеу бойынша практика өтеміз.
• Жеке баспана, өмірдегі орнымызға байланысты ішкі кедергілерді анықтаймыз.
• Бейсанадағы жеке баспана образын нақтылаймыз.

📍Арт-терапия 3 сағаттан астам болады (4 сағатқа дайындалып келіңіз)
📍Оффлайн, Алматыда.
📍Жазу, сызу, бояу, тек шығармашылықтан тұрады
📍Барлық керек-жарақты (қағаз, маркер, қалам, бояу, т.б.) өзіміз береміз
📍Үйде қайталап жүруге нұсқаулық беріледі
📍Әңгіме айтамыз, сөйлесеміз, жылы басқосу болады
📍Тіскебасар, кофе-шай болады
📍6 адамға 6 орын бар
📍Бағасы 30 мың тг
📍02.02 күні, жексенбі, сағат 14:00 басталады

✍🏼 Арт-терапия бұл - ішкі бала күйдің (внутренний ребенок) энергиясын, шығармашылық энергиясын, сұлулықты, бейсаналық символиканы, метафораны қосып, топтастырып, қалау-мақсатыңа бағыттау. Нейрон қалыптастыру, мида образын айқындау. Әрі стресті басып, босаңсуға көмектеседі.

Келіңіз, оффлайнда басқосып, ішкі қалауымызға жол салайық. Арт-терапияға ғашық болып кетесіз, сенемін.

❗️6 орын бар. Менеджерге жазып, тіркеліп алыңыз 8775 975 4541



14 last posts shown.