ERLAN KARIN


Channel's geo and language: Kazakhstan, Russian
Category: Politics


Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Russian
Category
Politics
Statistics
Posts filter


Сегодня в своем выступлении на первом Форуме работников сельского хозяйства Глава государства заявил о продолжении всесторонних реформ в стране:
«У нас есть план реализации новых инициатив и решений, нацеленных на дальнейшую модернизацию страны. Сейчас они тщательно прорабатываются. Планирую представить их в следующем году. Часть инициатив, как это уже у нас сложилось, будет обнародована мною на очередном заседании Национального курултая, который пройдет в Боровом, другая часть – в моем ежегодном Послании.»


Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табатынын айтты.
«Бізде елді одан әрі жаңғыртуға қатысты нақты бастамаларымыз және оған қатысты нақты шешімдеріміз бар. Қазір оны мұқият зерделеп жатырмыз. Бәрін келесі жылы назарларыңызға ұсынатын боламын. Кейбір бастаманы әдеттегідей Ұлттық Құрылтайда жариялаймын. Оның кезекті отырысы Бурабайда өтеді. Қалғанын жыл сайынғы Жолдауымда айтамын» - деді Президент.


Заслуги граждан, отмеченных госнаградами отражают общенациональные ценности, озвученные Президентом Касым-Жомартом Токаевым на третьем заседании Национального курултая.
Во-первых, значительная часть граждан, удостоенных госнаград – более 450 человек – это люди рабочих профессий, производственники, шахтеры, работники транспорта и т.д. Также особо отмечены представители трудовых династий, общий стаж которых измеряется столетиями. Таким образом Глава государства еще раз актуализирует идеологическую линию продвижения ценностей трудолюбия и профессионализма.
Во-вторых, показательным является, что трое из четверых обладателей высокого звания «Қазақстанның Еңбек Ері» – это представители сферы науки и образования. Это также показывает последовательность политики Президента, который планомерно принимает меры по развитию науки и образования, повышению статуса ученых и педагогов. Награждение 137 учителей и более 80 ученых еще раз подтверждает нацеленность госполитики на формирование прогрессивного общества, культивирование ценностей созидания и новаторства.
В-третьих, также среди награжденных известные деятели искусства: Шакрат Сержан, Нурлан Онербаев, Секен Турысбеков, Майра Мухамедкызы, Самал Еслямова и другие. Таким образом, Глава государства демонстрирует важность духовного развития нации и формирования высокой культуры в обществе.
На заседании Национального курултая Президент назвал образование, науку и культуру тремя опорами современного общества.
В целом, надо сказать, что идеологические тезисы, озвученные в Атырауской речи Главы государства, продолжают находить свое практическое воплощение в конкретных мерах и инициативах.


Мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтардың елге сіңірген еңбегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан жалпыұлттық құндылықтарымен толық үндеседі.
Біріншіден, мемлекеттік марапатқа ие болған азаматтардың басым бөлігі, яғни 450-ден астам адам – жұмысшы мамандықтарының өкілдері, атап айтқанда шахтерлер, көлік қызметкерлері және басқа да өндіріс саласының мамандары. Сондай-ақ жалпы жұмыс өтілі жүздеген жылдарды құрайтын еңбек династия өкілдеріне де айрықша мән берілді. Осылайша, Мемлекет басшысы еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын идеологияның маңызды бағыты ретінде дәріптеудің өзекті екеніне назар аударды.
Екіншіден, «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағын алған төрт адамның үшеуі ғылым мен білім саласының өкілдері екенін ерекше атап өту керек. Мұның бәрі ғылым мен білімді дамытуға, ғалымдар мен ұстаздардың мәртебесін көтеруге қатысты нақты іс-шараларды жоспарлы түрде жүргізіп жатқан Президент саясатының бірізділігін көрсетеді. 137 мұғалім мен 80 ғалымның марапатталуы – мемлекеттік саясаттың озық ойлы қоғамды қалыптастыруға, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын насихаттауға бағытталғанын айғақтайды.
Үшіншіден, марапатталған азаматтардың арасында Сержан Шәкірат, Нұрлан Өнербай, Секен Тұрысбеков, Майра Мұхамедқызы, Самал Еслямова және т.б. сияқты өнер саласының майталмандары да аз емес. Сол арқылы Мемлекет басшысы ұлт руханиятын дамытудың және қоғамда жоғары мәдениет қалыптастырудың маңыздылығын паш етті.
Президент Ұлттық құрылтайдың отырысында білім, ғылым және мәдениетті қазіргі қоғамның үштағаны деп атады.
Жалпы, Президенттің Атыраудағы отырыста айтқан идеологиялық тезистері нақты қадамдар мен бастамалар арқылы жүзеге асырылып жатыр.


Сегодня завершается информационно-разъяснительная кампания референдума по вопросу строительства в Казахстане атомной электростанции, длившаяся ровно 400 дней. В политической истории современного Казахстана это, пожалуй, самая продолжительная кампания. Почему 400 дней?! Потому что идею проведения референдума Глава государства впервые высказал еще в прошлом году – 1 сентября 2023 года в своем очередном Послании. Тот день фактически и стал началом большой кампании референдума.
За это время в каждом регионе прошли общественные слушания, в информационном пространстве состоялись содержательные дискуссии экспертов и общественников.
В целом нынешняя кампания проходила в спокойном и конструктивном ключе. Стоит еще отметить, что в ходе данной кампании общественные силы страны впервые консолидировались не по политическим, а по экономическим мотивам. По инициативе партии Amanat 6 политических партий и более 20 общественных объединений создали Народный штаб «За строительство АЭС». Члены Штаба провели встречи с жителями всех регионов, в которых также участвовали ведущие эксперты и специалисты в сфере энергетики.
В итоге у наших граждан была возможность сформировать свое взвешенное мнение о перспективах развития атомной энергетики в Казахстане.


Бүгін елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум аясында тура 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталады. Оны Қазақстанның саяси тарихындағы ең ұзақ науқан деуге толық негіз бар. Неге 400 күн? Себебі Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы идеясын былтыр, яғни 2023 жылғы 1 қыркүйекте кезекті Жолдауында айтты. Дәл сол күні референдумға қатысты ауқымды жұмыс басталды деуге болады.
Осы уақыт ішінде әр аймақта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, ақпарат кеңістігінде сарапшылар мен қоғам белсенділері жан-жақты пікір алмасты.
Жалпы, осы науқан байсалды түрде, өзара түсіністік жағдайында өтті. Рефендум кезінде еліміздегі қоғамдық күштер алғаш рет саяси емес, экономикалық мүдде тұрғысынан күш-жігерін біріктіргенін атап өткен жөн. «Amanat» партиясының бастамасымен 6 саяси партия және 20-дан астам қоғамдық бірлестік Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрды. Штаб мүшелері барлық өңірдің тұрғындарымен кездесу өткізді, оған энергетика саласының жетекші сарапшылары мен мамандары қатысты.
Осылайша, азаматтарымыздың Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қатысты байыпты тоқтамға келуіне мүмкіндік берілді.


Сегодняшние инициативы Главы государства Касым-Жомарта Токаева развивают линию реформ, заложенных в его предыдущих посланиях и предвыборной платформе.
Президент в своем выступлении главный акцент сделал на системных экономических преобразованиях, нацеленных на повышение качества жизни граждан. Все девять приоритетных направлений, выделенных Главой государства, фокусируют госполитику на решение именно этой задачи.
Послание включило в себя около ста различных инициатив, предложений и поручений. В частности, нужно особо отметить такие приоритеты, как продуманная перезагрузка налоговой системы, оптимизация пакетных мер поддержки МСБ, внедрение доступного кредитования АПК, справедливая и эффективная тарифная политика, модернизация транспортной инфраструктуры, подготовка квалифицированных кадров, сквозная цифровизация и развитие искусственного интеллекта, всестороннее обеспечение безопасности граждан.
Президентом определена дата проведения референдума по вопросу строительства АЭС, который обсуждается в общественном дискурсе уже целый год. Референдум станет еще одним реальным воплощением концепции «Слышащего государства» и идеи Справедливого Казахстана.
Глава государства отдельно остановился на ряде острых вопросов, вызывающих обеспокоенность общества. В их числе проблемы интернет-мошенничества, аварийности на дорогах, дисциплины в армии, борьбы с наркобизнесом, несовершенства системы медстрахования, дефицита педагогических и медицинских кадров, чрезмерного госконтроля в сфере МСБ, фальсификаций со статистикой в сельском хозяйстве.
Следует подчеркнуть, что многие социально-гуманитарные инициативы Послания стали практической реализацией идеологических концептов, выдвинутых Главой государства на заседаниях Национального курултая.
Примечательно также, что Послание Президента народу Казахстана было представлено в присутствии не только депутатов, министров и акимов, но и отличившихся специалистов различных сфер, представителей рабочих профессий, а также членов Национального курултая и региональных общественных советов. Такая практика становится новой политической традицией.
В целом Послание направлено как на решение множества текущих задач, так и на достижение стратегических целей развития страны.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі бастамалары оның бұған дейінгі жолдауларынан және сайлау алдындағы бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға арналды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Президент атап өткен барлық тоғыз басымдық мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті орындауға жұмылдырады.
Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті маманда даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамсыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтеуге болады.
Президент қоғамда бір жыл бойы талқыланып жатқан Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдумды өткізу күнін белгіледі. Бұл референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының және Әділетті Қазақстан идеясының жүзеге асырылып жатқанының тағы бір айқын дәлелі.
Мемлекет басшысы халықты алаңдатып отырған бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталды. Оның ішінде интернет-алаяқтық, жол апаттары, әскердегі тәртіп, наркобизнеске қарсы күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің кемшілігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласын шектен тыс мемлекеттік бақылау, ауыл шаруашылығы статистикасын бұрмалау сияқты түйткілдері бар.
Жолдаудағы көптеген әлеуметтік-экономикалық бастамалар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырыстарында айтқан идеологиялық тұжырымдардың іс жүзінде жүзеге асырылуының көрінісі болғанын атап өткен жөн.
Президент Жолдауын жариялауға арналған жиынға депутаттар, министрлер және әкімдер ғана емес, түрлі салада қажырлы еңбегімен дараланған жұмысшылар, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың және аймақтық қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты. Бұл тәжірибе жаңа саяси дәстүрге айналып келеді.
Жалпы, Жолдау көптеген күнделікті міндеттерді шешу және елді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету жолдарына арналды.


Сегодня страна отмечает День Конституции.
В 2022 году в Основной закон были внесены значительные изменения. Базирующиеся на принципах справедливости поправки обеспечили расширение прав и свобод граждан с учетом интересов всего общества.
Ключевыми новеллами конституционной реформы стали нормы об однократном семилетнем президентском сроке, усилении влияния Парламента. Также введена смешанная избирательная система при формировании Мажилиса и маслихатов. Создан новый институт – Конституционный Суд, значительно усилены механизмы защиты прав человека.
В результате переформатирована вся политическая система, в стране произошли глубокие и масштабные институциональные преобразования.
Одной из знаковых инициатив, которая полностью исходит из духа конституционной реформы 2022 года, стал проект «Нацфонд – детям».
Таким образом, сегодня, по прошествии двух лет, очевидно, что обновленная Конституция оказала большое положительное влияние на развитие государства.


Бүгін еліміз Конституция күнін атап өтіп жатыр. 2022 жылы Ата заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Әділдік қағидатына негізделген бұл түзетулер бүкіл қоғамның мүддесін ескере отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейте түсуге жол ашты.
Конституциялық реформаның басты жаңалығы – Президент жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды, Парламенттің ықпалы күшейді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты аралас сайлау жүйесі енгізілді. Жаңа институт – Конституциялық Сот құрылды, адам құқықтарын қорғау тетіктері айтарлықтай күшейтілді.
Реформаның нәтижесінде бүкіл саяси жүйенің жұмысы жаңғыртылды, елімізде ауқымды әрі терең институционалдық өзгерістер жасалды.
2022 жылғы конституциялық реформадан туындайтын негізгі бастаманың бірі ретінде «Ұлттық қор – балаларға» жобасын атап өтуге болады.
Жалпы, осы өзгерістерден кейін екі жыл өтті. Бүгінде біз жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті деп нық сеніммен айта аламыз.


Сегодня Президент подписал законодательные поправки по борьбе с лудоманией. Это уже пятый закон, принятый в рамках реализации инициатив третьего заседания Национального Курултая.
В своей Атырауской речи Глава государства назвал проблему лудомании одной из главных социальных зол и поручил принять данный закон до конца текущей сессии Парламента.
Обсуждение законопроекта велось на различных диалоговых площадках с участием депутатов, членов Национального курултая, Совета по молодежной политике. В мае был принят Комплексный план по противодействию игорному бизнесу и лудомании, пункты которого синхронизированы с нормами нового закона.
Принятый закон, инициированный депутатами Парламента, предполагает целый комплекс системных мер, направленных на снижение числа людей, которым разрешены азартные игры. Устанавливается запрет на участие в азартных играх для госслужащих.
Одной из главных побед данного законопроекта является введение ограничительных мер лицам, включенным в Единый реестр должников – а это порядка 3,5 миллионов человек.
Будет запрещена повсеместная наружная реклама букмекерских контор и тотализаторов. Операторы связи также теперь не смогут рассылать текстовые сообщения с рекламой на сотовые телефоны.
Также приняты поправки по полному запрету на интернет-ресурсы иностранных букмекерских контор, тотализаторов, не имеющих лицензии и онлайн-казино.
Предусмотрен ряд мер по реабилитации граждан, страдающих лудоманией. Установлен порядок медицинской реабилитации лиц, зависимых от азартных игр, и введено консультативное наблюдения игроманов с сохранением медицинской тайны.


Бүгін Президент лудоманияға қарсы күреске қатысты заң актілеріне түзету енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған бесінші заң.
Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде лудоманияны әлеуметтік кеселдің бірі деп атап өтті және тиісті нормативтік құжатты Парламенттің қазіргі сессиясының соңына дейін қабылдауды тапсырды.
Заң жобасы түрлі пікірталас алаңында талқыланып, оған депутаттар, Ұлттық құрылтайдың және Жастар жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты. Мамыр айында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар бекітіліп, оның ережелері жаңа заңның нормаларымен үйлесім тапты.
Парламент депутаттарының ұсынысымен қабылданған бұл құжатта құмар ойындарын ойнауға рұқсат берілген адамдардың санын азайтуды көздейтін жүйелі іс-шаралардың біртұтас кешені қарастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салынған.
Осы құжатта көзделген негізгі жаңалықтың бірі – Борышкерлердің бірыңғай тізіміндегі азаматтарға қатысты шектеу шараларының енгізілуі. Бұл – 3,5 миллионнан астам адам.
Букмекер конторалары мен тотализаторлардың барлық жердегі сыртқы жарнамасына тыйым салынады. Бұдан былай байланыс операторлары ұялы телефонға жарнамасы бар мәтіндік хабарламаны жібере алмайды.
Сонымен қатар лицензиясы жоқ шетелдің букмекерлік контораларының, тотализаторларының интернет ресурстарына және онлайн-казиноларға толық тыйым салынады.
Лудоманияға шалдыққан азаматтарды сауықтыруға қатысты бірқатар шара қарастырылған. Құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалтудың тәртібі белгіленді. Мұндай адамдарды, құпиялылықты сақтай отырып, ақыл-кеңес беру арқылы бақылауға алу тәсілі енгізілді.


Президент подписал законодательные поправки по борьбе с вандализмом. Это уже четвертый закон, принятый в рамках реализации инициатив третьего заседания Национального Курултая.
Напомню, что ранее был принят закон о запрете вейпов, закон по вопросам защиты прав женщин и безопасности детей и закон о присвоении имен степеням ордена «Айбын».
В своей Атырауской речи Глава государства призвал бороться с негативными проявлениями невоспитанности и бескультурья, назвав вандализм разрушительной моделью поведения.
Законом ужесточена ответственность
• за загрязнение мест общего пользования
• за умышленное уничтожения или повреждения чужого имущества
• за умышленное уничтожение или повреждение памятников истории, культуры, природных комплексов или объектов, взятых под охрану государства, а также предметов или документов, имеющих особую историческую, научную, художественную или культурную ценность.


Президент вандализмге қарсы күрес мәселесіне қатысты нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Бұл - Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған төртінші заң. Бұдан бұрын вейптерге тыйым салуға, әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігіне, «Айбын» орденінің түрлі дәрежелеріне батырлардың есімін беруге қатысты заңға қол қойылған болатын.
Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде тәртіпсіздік пен мәдениетсіздік сынды кеселдерге қарсы күресуге шақырып, вандализмді теріс қылық деп атап өтті.
Қол қойылған заңда:
• қоғамдық орындарды ластау;
• бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру;
• тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру үшін жауапкершілік күшейтілген.


Вчера Глава государства в преддверии Дня работников средств массовой информации выступил с речью, ориентированной как на профессиональное сообщество журналистов, так и имеющей общенациональный характер. Ключевым в выступлении стал тезис о том, что Казахстан уже давно живет в новой политической реальности.
За последние пять лет в нашей стране произошли кардинальные и, по сути, необратимые перемены. Благодаря проведенным институциональным реформам в Казахстане сформирована новая сбалансированная система власти, в рамках которой значительно усилилось влияние Парламента, повысилась ответственность Правительства, создан Конституционный Суд.
Новая политическая реальность также выражается в возросшей общественной активности и политической культуре граждан. Государство уже сделало и делает большие шаги, чтобы граждане могли свободно и активно выражать свою позицию, деятельно участвовать в процессе принятии решений. Благодаря этому сегодня у нас сформировались совершенно новые нормы и стандарты в политической и общественной культуре, основанные на принципах диалога, демократии и конструктивизма.
Важным и ярким показателем произошедших в Казахстане перемен является реальный плюрализм мнений. Свобода слова воспринимается уже как должное, став неотъемлемой частью общественной жизни. И во многом это стало возможным благодаря реализации универсального президентского принципа «разные мнения – единая нация».
В целом, эта речь Президента дала важные месседжи обществу о неизменности курса на построение Справедливого Казахстана, необратимости начатых всесторонних реформ и главной роли общества и граждан в этом процессе.


Кеше Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында сөз сөйлеп, жалпыұлттық деңгейдегі ауқымды мәселелерге қатысты пікір білдірді.
Қазақстанның көптен бері жаңа саяси ахуалда өмір сүріп жатқаны туралы айтты. Мұны ең басты тезистің бірі деуге болады.
Соңғы бес жылда елімізде ауқымды әрі түбегейлі өзгерістер болды. Қазақстанда жүргізілген институционалдық реформалардың арқасында жаңа теңдестірілген билік жүйесі қалыптасты. Соның аясында Парламенттің ықпалы айтарлықтай ұлғайып, Үкіметтің жауапкершілігі артты, Конституциялық Сот құрылды.
Азаматтардың әлеуметтік белсенділігі мен саяси мәдениетінің артуы – жаңа саяси ахуалдың айқын көрінісі. Мемлекет азаматтардың өз ұстанымдарын еркін және ашық білдіруі, шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуы үшін үлкен қадамдар жасады, жасай береді де.
Соның арқасында бүгінде біз саяси және әлеуметтік мәдениетте сындарлы диалог, демократия және конструктивизм қағидаттарына негізделген мүлде жаңа нормалар мен стандарттарды қалыптастырдық.
Қазақстандағы өзгерістердің маңызды және жарқын көрсеткіші – нақты пікір плюрализмі. Қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналған сөз бостандығы қазірдің өзінде қалыпты жағдай саналады. Бұл ең әуелі Президент ұсынған «әртүрлі пікір – біртұтас ұлт» қағидасының арқасында мүмкін болып отыр.
Жалпы, Мемлекет басшысының бұл сөзінде Әділетті Қазақстан құру бағытының өзгермейтіндігі, басталған кешенді реформалардың кері қайтпайтындығы және бұл үдерістегі қоғам мен азаматтардың рөлі айрықша екендігі туралы маңызды месседждер бар.


Реализована еще одна инициатива Президента Касым-Жомарта Токаева.

Правительством принят Комплексный план по противодействию незаконному игорному бизнесу и лудомании на 2024-2026 годы.

В своей Атырауской речи на третьем заседании Национального курултая Глава государства поручил выстроить системную работу по борьбе с лудоманией, принять Комплексный план и ускорить принятие соответствующего закона. Данный законопроект уже был рассмотрен Мажилисом в первом чтении. Мероприятия принятого Комплексного плана полностью синхронизированы с основными положениями законопроекта.

Проект Комплексного плана прошел широкое обсуждение в экспертных кругах, а также на площадке Совета по молодежной политике. План включает в себя 4 раздела, 28 мероприятий, ответственными за которые являются 15 центральных и 20 местных госорганов.
В борьбе с лудоманией главным является консолидированная, последовательная и системная работа госорганов, неправительственных организаций и всего общества.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір бастамасы іске асырылды.

Үкімет заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында лудоманиямен күресу үшін жүйелі жұмыс жасап, кешенді жоспар құруды, сондай-ақ тиісті заңды тезірек қабылдауды тапсырған еді.

Естеріңізде болса, Мәжіліс бұған дейін осыған қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарастырған болатын. Қабылданған кешенді жоспардың іс-шаралары заң жобасының негізгі ережелерімен толық үндеседі.

Кешенді жоспардың жобасын сарапшылар, сондай-ақ Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері кеңінен талқылады. Жоспар 4 бөлімнен және 28 тармақтан тұрады. Оның сапалы орындалуына 15 орталық және 20 жергілікті мемлекеттік орган жауапты болады.

Лудоманияға қарсы күресте мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бүкіл қоғамның жұмылуы, дәйекті әрі жүйелі жұмыс жасауы аса маңызды.


Forward from: Tengrinews.kz - Новости Казахстана
И последнее. Токаев о домашнем насилии:

- Нужно изжить на корню такое проявление отсталости и нравственной деградации, как домашнее насилие. 

- Сегодня проблема семейно-бытового насилия широко обсуждается в публичном пространстве. Это говорит о положительной трансформации системы ценностей нашего общества, которое становится все более непримиримым к любым формам агрессии и жестокости. С первых дней моего президентства я уделяю большое внимание защите прав женщин и детей.

- Далеко не все, особенно представители правоохранительного блока, были за криминализацию семейно-бытового насилия. Высказывалось мнение, что основные нормы и инициативы в данной сфере уже действуют и что некоторые государственные органы, а также консервативная часть общества выступят против такого закона.

- Я все же настоял на том, что нужно правовыми средствами, именно юридическими средствами усилить борьбу с данным постыдным, как я считаю, явлением. Это моя принципиальная позиция.

- В апреле мною был подписан закон об обеспечении прав женщин и безопасности детей, которым усиливается уголовная ответственность за домашнее насилие.

- Роль матери в воспитании гражданина своей страны неоценима. Только то общество, в котором ценят и уважают женщину, может считаться по-настоящему цивилизованным и культурным

t.me/tengrinews


Сегодня с участием Министра обороны Руслана Жаксылыкова состоялась торжественная церемония, посвящённая присвоению авиабазе Сил воздушной обороны Казахстана в Талдыкоргане имени дважды Героя Советского Союза Сергея Луганского.
Увековечить память легендарного лётчика в названии авиабазы ранее предложил Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своём выступлении на заседании Национального курултая в Атырау.
Сергей Луганский в годы войны совершил 390 боевых вылетов, сбив лично 37, а в групповых боях – 6 самолётов противника. Он ушел в армию из Алматы и сюда же вернулся после выхода в запас. Поэтому весьма символично, что имя Сергея Луганского теперь носит авиабаза, защищающая небо над его родным городом. Это ещё одно свидетельство того, что в Казахстане помнят и чтят своих героев.

20 last posts shown.