FlyArystan info


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Transport


FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі
Пресс-служба авиакомпании FlyArystan
FlyArystan airline’s press office

pr@flyarystan.com

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Transport
Statistics
Posts filter


FlyArystan увеличивает число рейсов по Казахстану в марте

В марте 2025 года казахстанский лоукостер FlyArystan увеличит количество рейсов на внутренних направлениях в честь предстоящих праздников. Основные изменения включают увеличение частоты рейсов по ключевым маршрутам из Алматы, Астаны и Атырау:

Из Алматы:
• В Астану и обратно – с 33 до 42 рейсов в неделю;
• В Шымкент – с 10 до 12 рейсов; • В Караганду – с 11 до 15 рейсов;
• В Костанай – с 8 до 9 рейсов; • В Кызылорду – с 4 до 5 рейсов;
• В Павлодар – с 9 до 10 рейсов; • В Семей – с 7 до 8 рейсов.

Из Астаны:
• В Шымкент – с 18 до 21 рейса в неделю;
• В Туркестан – с 4 до 5 рейсов;• В Уральск – с 6 до 8 рейсов;
• В Кызылорду – 8 до 9 рейсов.

Из Атырау:
• В Актау – с 13 до 15 рейсов;

Ранее авиаперевозчик анонсировал открытие продаж авиабилетов на весенне-летнюю навигацию 2025 года. А также, FlyArystan открыл продажи на сезонные рейсы из Астаны в Баку и Бишкек. Уже сейчас пассажиры могут приобрести билеты по самым выгодным ценам через мобильное приложение FlyArystan, на официальном сайте компании www.flyarystan.com, а также через другие доступные каналы продаж.


FlyArystan наурыз айында Қазақстан бойынша рейстер санын арттырады

2025 жылдың наурыз айында қазақстандық лоукостер FlyArystan алдағы мерекелерге орай ішкі бағыттар бойынша рейстер санын арттырады. Негізгі өзгерістер Алматы, Астана және Атырау қалаларынан ұшатын басты бағыттар бойынша рейстер санының артуын қамтиды. Бағыттар мен рейстер саны төменде толық көрсетілген:

Алматыдан:
• Астанаға және кері – аптасына 33 рейстен 42 рейске дейін;
• Шымкентке – 10 рейстен 12 рейске дейін;
• Қарағандыға – 11 рейстен 15 рейске дейін;
• Қостанайға – 8 рейстен 9 рейске дейін;
• Қызылордаға – 4 рейстен 5 рейске дейін;
• Павлодарға – 9 рейстен 10 рейске дейін;
• Семейге – 7 рейстен 8 рейске дейін.

Астанадан:
• Шымкентке – аптасына 18 рейстен 21 рейске дейін;
• Түркістанға – 4 рейстен 5 рейске дейін;
• Оралға – 6 рейстен 8 рейске дейін;
• Қызылордаға – 8 рейстен 9 рейске дейін.

Атыраудан:
• Ақтауға – 13 рейстен 15 рейске дейін.

Бұған дейін әуекомпания 2025 жылға арналған көктем-жаз навигациясына билеттерді сату басталғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Астанадан Баку мен Бішкек қалаларына маусымдық рейстерге билеттер сатылымын ашты. Жолаушылар билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасынан, компанияның www.flyarystan.com ресми сайтынан және басқа да қолжетімді сату арналарынан ең тиімді бағамен сатып ала алады.


Авиакомпания FlyArystan принимает участие в фестивале «Город рабочих профессий», который проходит в выставочном центре EXPO в Астане с 11 по 15 февраля 2025 года.

Все посетители, включая взрослых и детей, могут познакомиться с различными аспектами авиационной отрасли. В рамках мероприятия организованы мастер-классы, а также предоставлена возможность попробовать свои силы на симуляторе самолета Airbus.

Гости также смогут узнать больше о карьерных возможностях в группе компаний Air Astana, в которую входит FlyArystan.


FlyArystan әуекомпаниясы 2025 жылы 11-15 ақпан аралығында Астанадағы EXPO көрме орталығында өтетін «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда.

Іс-шараға келушілер, соның ішінде балалар мен ересектер де, авиация саласының әртүрлі аспектілерін тереңірек танып-біле алады. Фестиваль аясында шеберлік сыныптары өткізіліп, Airbus ұшағының симуляторында ұшу дағдыларын сынап көруге мүмкіндік ұсынылады.

Сондай-ақ, қонақтар FlyArystan-ды қоса алғанда, Air Astana компаниялар тобындағы мансаптық мүмкіндіктер жайлы толық ақпарат ала алады.


Сообщаем, что распространяемая информация об овербукинге не соответствует действительности и не является практикой авиакомпании.

Пассажиры рейса FS7131 по маршруту Алматы — Павлодар прибыли к выходу на посадку 9 февраля 2025 в 14:10 при запланированном времени вылета в 14:20. В связи с системной ошибкой в работе информационного табло аэропорта не было сообщено о завершении посадки.

Однако напоминаем, что своевременная явка на рейс является личной ответственностью пассажиров. Согласно правилам авиакомпании, пассажиры должны находиться у выхода на посадку не позднее чем за 30 минут до времени вылета. Необходимо обращать внимание на время и гейт для посадки, а также статус рейса на сайте и в приложении FlyArystan.


Овербукингке қатысты таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін және әуекомпания тәжірибесінде қолданылмайтынын хабарлаймыз.

2025 жылғы 9 ақпанда Алматы – Павлодар бағыты бойынша FS7131 рейсінің жолаушылары жергілікті уақытпен 14:10-да отырғызу гейтіне келді, ал ұшудың жоспарланған уақыты 14:20 болатын. Алайда, әуежайдың ақпараттық тақтасында орын алған жүйелік қателік салдарынан отырғызудың аяқталғаны туралы хабарландыру көрсетілмеді.

Осы ретте, рейске уақытылы келу – әр жолаушының жеке жауапкершілігі екенін еске саламыз. Әуекомпания қағидаларына сәйкес, жолаушылар ұшу уақытына кемінде 30 минут қалғанда отырғызу гейтіне келуі тиіс. Бұл кезекте, отырғызу уақыты мен гейті, сондай-ақ рейс статусын FlyArystan сайты мен мобильді қосымшасы арқылы тексеруді ұсынамыз.


Важная информация для пассажиров по перевозке портативных зарядных устройств

Авиакомпания FlyArystan напоминает пассажирам, что портативное зарядное устройство (power bank) можно перевозить только в ручной клади и при условии, что мощность аккумулятора не превышает 160 Вт·ч. Дополнительную информацию о правилах перевозки устройств, содержащих литий-металлические или литий-ионные батареи, можно найти на сайте авиакомпании в разделе «Багаж».

С перечнем других опасных предметов, запрещенных к перевозке в соответствии с приказом «Об утверждении Перечня опасных веществ и предметов, а также всех видов наркотиков, запрещенных пассажирам к перевозке на гражданских воздушных судах», пассажиры могут ознакомиться на сайте авиакомпании.

Важно отметить, что пассажир обязан, при необходимости, отвечать на все вопросы представителей службы безопасности аэропорта и сотрудников авиакомпании. Если багаж пассажира не принимается к перевозке из-за невыполнения требований службы безопасности, авиакомпания FlyArystan не несет ответственности за любые связанные с этим расходы.


Жолаушыларға портативті зарядтау құрылғыларын тасымалдау жөніндегі маңызды ақпарат

FlyArystan әуекомпаниясы жолаушыларға портативті зарядтау құрылғысын (power bank) тек қол жүгінде тасымалдауға болатындығын ескертеді. Құрылғы аккумуляторының қуаты 160 Вт·сағаттан аспауы тиіс. Литий-металл немесе литий-ионды батареялары бар құрылғыларды тасымалдау ережелері туралы қосымша ақпаратты әуекомпания сайтындағы «Жолжүк» бөлімінен табуға болады.

Сонымен қатар, жолаушылар «Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрықпен әуекомпанияның сайтынан таныса алады.

Маңызды: жолаушы әуежайдың қауіпсіздік қызметі мен әуекомпания қызметкерлері қойған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Егер жолаушының жүгі қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмей, тасымалдауға қабылданбаса, FlyArystan әуекомпаниясы мұндай жағдайларға байланысты шығындарға жауапты болмайды.


FlyArystan открыл продажу авиабилетов на сезонные рейсы из Астаны в Бишкек и Баку

Казахстанский лоукостер FlyArystan начал продажу авиабилетов по направлениям: Астана – Бишкек – Астана и Астана – Баку – Астана, которые будут доступны в период летней навигации.

Рейсы из Астаны в Бишкек и обратно начнутся с 1 июня и продлятся до 31 августа 2025 года. Они будут выполняться дважды в неделю — по вторникам и воскресеньям. Рейсы в Баку и обратно стартуют 2 июня текущего года с частотой два раза в неделю — по понедельникам и пятницам.

Ранее авиаперевозчик анонсировал открытие продаж авиабилетов на весенне-летнюю навигацию 2025 года. Уже сейчас пассажиры могут приобрести билеты по самым выгодным ценам на рейсы в Бишкек, Баку и другие международные и внутренние направления через мобильное приложение FlyArystan, на официальном сайте компании www.flyarystan.com, а также через другие доступные каналы продаж.


FlyArystan Астанадан Бішкек және Баку бағыттарында маусымдық рейстерге билеттер сатылымын ашты

Қазақстандық лоукостер FlyArystan жазғы навигация кезеңінде қолжетімді болатын Астана – Бішкек – Астана және Астана – Баку – Астана рейстеріне әуебилеттер сатылымын ашты.

Астана мен Бішкек арасындағы рейстер 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейін аптасына екі рет — сейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Астанадан Баку бағыты бойынша рейстер 2 маусымнан бастап дүйсенбі және жұма күндері — аптасына екі рет орындалады.

Бұған дейін әуекомпания 2025 жылғы көктем-жаз навигациясына әуебилеттер сатылымы басталғанын хабарлаған болатын. Қазірдің өзінде жолаушылар FlyArystan мобильді қосымшасы мен www.flyarystan.com ресми сайтынан немесе басқа да сату арналары арқылы Бішкек, Баку және басқа да халықаралық әрі ішкі бағыттарға ең қолайлы бағамен билеттерді сатып ала алады.




Әрбір сәтті рейстің артында кәсіби мамандар тобының орасан еңбегі жатыр✈️

Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай, біз ұшу қауіпсіздігін, жайлылығын және сенімділігін қамтамасыз ететін барлық мамандарға алғысымызды білдіреміз!

Кәсіби мейрамыңыз құтты болсын, құрметті әріптестер!



За каждым успешным рейсом стоит команда профессионалов! ✈️

В День работников гражданской авиации Республики Казахстан благодарим всех, кто обеспечивает безопасность, комфорт и надежность на каждом этапе полета!

С праздником, дорогие коллеги!


FlyArystan поддержал акцию «Salem Airbars», приуроченную к 30-летию Академии гражданской авиации

FlyArystan стал первым казахстанским авиаперевозчиком, поддержавшим инициативу «Salem Airbars», организованную Академией гражданской авиации в честь ее 30-летия.

30 января 2025 года маскот академии Airbars и представители авиакомпании FlyArystan вручили подарки пассажиру рейса FS7326 по маршруту Шымкент – Астана, сидящему на месте 30, что символизирует юбилей академии. Счастливым пассажиром стал 81-летний Серик Кульжабаев, который летел в столицу на юбилей своей дочери.

Акция «Salem Airbars» будет проходить каждое 30-е число месяца в течение 2025 года. Подарки будут вручаться пассажирам на рейсах различных авиакомпаний, путешествующих по Казахстану.

Академия гражданской авиации была основана 6 июля 1995 года. Она осуществляет подготовку лётного, наземного состава гражданской авиации, логистов, а также переподготовку и повышение квалификации специалистов предприятий гражданской авиации.


FlyArystan Азаматтық авиация академиясының 30 жылдығына арналған «Salem Airbars» науқанын қолдады

FlyArystan қазақстандық әуе тасымалдаушылар қатарынан бірінші болып, Азаматтық авиация академиясының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Salem Airbars» науқанын қолдады.

2025 жылдың 30 қаңтарында академияның Airbars маскоты мен FlyArystan әуекомпаниясының өкілдері Шымкент – Астана бағытындағы FS7326 рейсінің 30-шы орнында отырған жолаушыға ерекше сыйлықтар табыс етті. Академияның мерейтойын білдіретін 30 орында 81 жастағы Серік Құлжабаев есімді бақытты жолаушымыз екені анықталды, ол Астана қаласына қызының мерейтойын атап өтуге жолға шыққан.

«Salem Airbars» науқаны 2025 жылдың соңына дейін әр айдың 30-ы күні өтетін болады. Сыйлықтар Қазақстан аумағында ұшатын әуекомпаниялардың рейстерінде жолаушыларға табыс етіледі.

Азаматтық авиация академиясы 1995 жылғы 6 шілдеде құрылған. Академия ұшқыштар, жердегі қызметкерлер, логистер даярлау, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы мамандарды қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру жұмыстарын жүргізеді.




Forward from: Air Astana press-releases
Самолет благополучно приземлился в Астане после столкновения с птицами

26 января 2025 года во время вылета рейса авиакомпании FlyArystan FS 7366 по маршруту Уральск - Астана произошло столкновение со стаей птиц в аэропорту г. Уральска. В связи с отсутствием отклонений в работе систем и двигателей самолета экипаж продолжил полет и произвел посадку в аэропорту г. Астаны в штатном режиме.

По прибытию были обнаружены множественные повреждения самолета, включая лопатки компрессора в левом двигателе и участки фюзеляжа, а также останки птиц, в том числе внутри двигателя. Эти образцы будут направлены на ДНК-тестирование для определения видовой принадлежности птиц с целью предотвращения подобных происшествий в аэропорту Уральска.

Группа компаний Air Astana подчеркивает важность минимизации риска столкновений с птицами, которые продолжают представлять угрозу для авиационной безопасности. Подтверждением этому являются недавние авиапроисшествия с другими авиакомпаниями. В этой связи авиакомпания активно сотрудничает с международными экспертами для улучшения программ управления дикой природой в аэропортах Казахстана. При этом уровень таких инцидентов в стране, по данным IATA, значительно превышает мировой показатель. За 2024 год показатель столкновений с птицами на 10 000 полетов в Группе компаний вырос на 30% по сравнению с 2023 годом и составил 203 случаев.

Air Astana призывает аэропорты внедрять проактивные меры, включая контроль и управление окружающей средой, чтобы эффективно снижать риски для безопасности полетов.


Forward from: Air Astana press-releases
Ұшақ құстармен соқтығысқан соң Астанаға аман-есен қонды

2025 жылғы 26 қаңтарда Орал - Астана бағыты бойынша FlyArystan FS 7366 әуекомпаниясының рейсі орындаған ұшақ Орал қаласының әуежайынан ұшқан кезде құстар тобымен соқтығысқан. Ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмағандықтан экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонды.

Ұшақ келгеннен кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды, сондай-ақ құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі.

Air Astana компаниялар тобы авиациялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін құстармен соқтығысу қаупін азайтудың маңыздылығын баса айтады. Бұған таяуда басқа әуекомпаниялармен болған оқиғалар дәлел бола алады. Осыған байланысты әуекомпания Қазақстан әуежайларында жабайы табиғатты басқару бағдарламаларын жақсарту үшін халықаралық сарапшылармен белсенді ынтымақтастық жасайды. Бұл ретте елдегі мұндай оқыс оқиғалардың деңгейі, IATA деректері бойынша, әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түседі. 2024 жылы Air Astana компаниялар тобында 10 000 ұшуға құстармен соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30% -ға өсіп, 203 оқиғаны құрады.

Air Astana әуежайларды ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптерді тиімді төмендету үшін қоршаған ортаны бақылау мен басқаруды қоса алғанда, белсенді шараларды енгізуге шақырады.




FlyArystan объявляет весеннюю распродажу

Казахстанский лоукостер FlyArystan сообщает о запуске распродажи, которая продлится 48 часов. Она начнется 28 января 2025 года в 14:00 и завершится 30 января 2025 года в 13:59.

В рамках распродажи предлагаются специальные цены на рейсы по Казахстану – от 6 000 тенге, а на международные маршруты – от 25 000 тенге. Акция включает билеты на перелеты с 15 февраля по 15 мая 2025 года.

Ранее авиакомпания открыла продажи билетов на все направления FlyArystan до конца октября 2025 года, что дает возможность заранее планировать поездки, в том числе на летний сезон.

В стоимость стандартных билетов входит случайное место на борту и ручная кладь весом до пяти килограммов (размером 56x23x36 см). Для пассажиров, которые планируют воспользоваться дополнительными услугами, лоукостер рекомендует оформлять их заранее.

Акционные билеты можно приобрести через мобильное приложение FlyArystan, на сайте www.flyarystan.com или через другие доступные каналы продаж. Количество билетов по акции ограничено.


FlyArystan көктемгі науқан жариялайды

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 48 сағатқа созылатын сатылым бастағанын хабарлайды. Науқан 2025 жылғы 28 қаңтар күні сағат 14:00-де басталып, 30 қаңтарда 13:59-да аяқталады.

Науқан аясында Қазақстан ішіндегі рейстерге – 6 000 теңгеден, ал халықаралық рейстерге – 25 000 теңгеден басталатын арнайы бағалар ұсынылады. Жеңілдік бойынша 2025 жылдың 15 ақпанынан 15 мамырына дейінгі рейстерге әуебилеттер қолжетімді.

Бұған дейін әуекомпания барлық бағыттары бойынша 2025 жылдың қазан айына дейінгі билеттерге сатылымды ашқан болатын. Бұл жазғы маусымды қоса алғанда, саяхатты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Стандартты билеттердің бағасына ұшақтағы кездейсоқ орын және 5 келіге дейінгі (56x23x36 см өлшеміндегі) қол жүгі кіреді. Лоукостер қосымша қызметтерді алдын ала тиімдірек бағада рәсімдеуді ұсынады.

Билеттерді жеңілдікпен FlyArystan мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com сайты немесе барлық басқа да қолжетімді сату арналары арқылы сатып алуға болады. Науқан бойынша билеттер саны шектеулі.

20 last posts shown.