Суық мезгілдегі әуе тасымалы: жолаушылар үшін маңызды ақпарат
FlyArystan жолаушыларға қыс маусымындағы әуе тасымалдаулар мен рейстердің кешігуі мен орындалмауы жағдайларында өтемақы шаралары туралы еске салады.
Әуе тасымалдауларына әсер ететін түрлі факторлар бар, олардың кейбірі әуекомпанияға тәуелді болса, ал кейбірі тәуелсіз.
Әуекомпанияға байланысты емес кешігу себептері:
• Ауа райы жағдайлары;
• Табиғи апаттар;
• Ұшақ қозғалтқышына құстардың түсуі;
• Әуежай қызметіне қатысты себептер;
• Басқа да күтпеген жағдайлар.
Мұндай жағдайларда жолаушыларға не ұсынылады?
1. Рейс статусы 2 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – салқын сусындар;
2. 4 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – ыстық тағам;
3. 5 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – орындар болған жағдайда, жолаушыларға жақын рейске бір рет тегін қайта брондау мүмкіндігі беріледі.
Қысқы маусым авиация саласына дәстүрлі түрде қиындықтар тудырады, ал осы кезеңде басты шаралардың бірі – мұздануға қарсы алдын ала өңдеу (яғни, ұшақтарды мұздан және қардан тазарту). Бұл процесс ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды, дегенмен ұшу кестесіне елеулі әсер етуі мүмкін. Әуежайларда жүктеме жоғары болған кезде мұндай өңдеуді ұйымдастыру ерекше қиындық тудырады. Шектеулі ресурстар, жабдықтың жетіспеушілігі және ауа райы жағдайлары рейстердің кешігуі мен жойылуына себеп болуы мүмкін.
Ауа райынан бөлек, рейс кестесіне әсер ететін басқа да күтпеген жағдайлар орын алуы ықтимал.
Әуекомпанияға байланысты кешігу себептері:
• Өндірістік себептер;
• Техникалық себептер.
Бұл сегменттегі ең жиі кездесетін себептердің бірі – әуе кемесінің келуін күту, бұл өз кезегінде рейс кестесінде «домино» әсерін тудырады. Бұл жағдай, әсіресе, лоукостерлер үшін айқын байқалады, себебі олардың рейс кестесі тығыз әрі уақыт аралығы қысқа (FlyArystan ұшақтары арасында 30 минут) жоспарланған. Тіпті, ауа райы қолайлы болған жағдайда да әуежайда жүктеме немесе ұшу бағыты бойынша қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, ұшақтың мұздануы немесе көріну нашарлығы, бұл да ұшу кестесіне әсер етеді.
Бұл жағдайда жолаушыларға қандай қызметтер ұсынылады?
1. Сұрау бойынша және бар болған жағдайда – жеті жасқа дейінгі балалар мен жолаушыларға арналған ана мен бала бөлмесі;
2. Рейс статусы 2 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – салқын сусындар, екі телефон қоңырауы (халықаралық байланыстарды қоса алғанда) немесе әрқайсысы 5 минуттан аспайтын екі электронды пошта хабарламасы;
3. 4 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – ыстық тағам;
4. Күндізгі уақытта 8 сағаттан, түнде 6 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – сұрау бойынша қонақ үйге орналастыру, сонымен қатар қонақ үйге дейін және кері тасымалдау;
5. 5 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – орын болған жағдайда, келесі жақын рейске жолаушыларға тегін қайта брондау немесе егер қайта брондау мүмкін болмаса, толық қайтарымды алуды таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
Бұл қызметтерді алу үшін жолаушылар әуежайда FlyArystan өкілдеріне жүгінуі қажет. Жолаушылар өкілдерге жүгінбеген жағдайда немесе қонақ үйлерде орын жоқ не тамақтану мүмкіндігі болмаған жағдайларда, растайтын құжаттар ұсынылған болса, әуекомпания қызметтерге кеткен шығындарды өтейді.