FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Әйел жамағатына арналған үздіксіз Құранмен шұғылдану алаңы📖📖📖
🌺
Құранды үздіксіз жаттау тәсілдері📖
🌺
Құран жаттаған ізгілердің өмірінен үзінді 📖
🌺
Шабыттандыратын видеороликтер📖
🌺
Құнды ақпараттар📖
🌺
Әйел жамағатына бағытталған тақырыптар
🌺

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


📖 Жұма күні "Кәхф" сүресін оқуды әдетке айналдыр!


🎧Құран күллі жиғаныңнан хайырлы!
👤Ұстаз Ерлан Ақатаев

@KURAN_MUGZHIZA


📖 'Ғадият сүресі

📍 Оқитын: Айман Сувейд


Қарилармен сұхбат 2

Мадина
Нұрханқызы,
29 жаста.

- Әссәләму әләйкум, Мадина. Құранмен алғаш таныстығыңыз неше жасыңызда басталды? Және оған не түрткі болды?

- Уағалайкум әссәләм. Анамның себепкерлігімен 11 жасымнан таныспын.

- Алла анаңызға ұзақ ғұмыр берсін.

- Әмин. Рахмет

- Ал құран жаттаймын деген шешімге қалай келдіңіз?

- Бірден келе қоймадым. Бірақ өзіме құран оқу қатты ұнайтын. Бара- бара ықыласым оянды.

- Құранды қайда жаттадыңыз?

- Алғаш Өзбекстан елінде жаттап бастадым.Ары қарай елде жалғастырдым. Сосын Стамбұл қаласында толық жаттап бітіру нәсіп болды.

- Мә шәә Алла, керемет. Құранды Стамбұлда, медреседе жаттап шығыпсыз. Ал медреседе тәртіп қатаң. Қиындықтар болды ма? Болса, сол сәттерде сізге не нәрсе көмектесті?

- Тәртіпке бағыну аса қиын болмады. Бастапқыда жақындарымды, елді сағынатынмын. Қайтқым да келетін. Бірақ қайтпас қайсар мінезім қаттыкөмектесті.

- Құранды қанша уақытта жаттап шықтыңыз? Жаттап бітірген соң қандай сезімде болдыңыз?

- Толық 3 жылда жаттап шықтым. Соңғы сүрені ұстазға тапсыру, еріксіз аққан көз-жастары, шынымен бітірдім бе деп сене алмау... Бәрі-бәрі сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар...

- Иә, кей сезімдерді жеткізуге сөздің де құдіреті жетпей жатады. Жалпы құран жаттау жеңіл ме?

- Әркімге әрқалай болар, бірақ маған жаттау оңай болмады. Оны ұстаздарым да байқайтын. Мен толық жаттап біткен соң ұстазым: «Сен маған бір нәрсені үйреттің. Құран жаттау үшін адамның есте сақтау қабілетінің мықты болуы маңызды емес екен. Адамның есте сақтауы жоғары болмаса да, шын қаласа, жаттай алатынына толықтай көзім жетті», - деп еді. Қазір «жаттау оңай» деп айтар едім. Алайда одан кейін де құранды қайталап, сақтап жүру ерік- жігерді талап етеді.

- Иә, дұрыс айтасыз, Мадина. Сол сәттерде қызықты немесе әсерлі оқиғаларыңыз болған шығар. Бөліссеңіз.

- Ол ерекше қымбат, ұмытылмас шақтар... Алғаш барғанымда үйді сағынып, түнімен жылайтынмын. Медресе тәртібіне сай сыртқа да шығуға болмайды. Оған тек жексенбіде рұқсат беретін. Қиналып жүргенімді тәрбиеші ұстазым байқай ма, шам намазынан соң сыртқа шығаратын. Екеуміз көп сырласатынбыз. Сол мен үшін керемет қолдау болды. Медреседе тәртіп бойынша 22:00-де ұйқыға жату керек. Жарықтар да сөну керек. Ал маған құран жаттау керек болатын. Себебі, қайталап, жаттап үлгермейтінмін. Сол кезде тәрбиеші ұстаз келіп:
«Менің бөлмемде жаттасаң болады», - деп, өзі ұйықтаса да жарықты сөндірмейтін. Негізінде ұстаз тек себепші болатын. Бұның барлығы Алланың шексіз мейірімінен еді...

- Ғажап! Соңғы сұрағым, құран жаттаушыға айтар кеңесіңіз.

- Ең алдымен ниетіңіз шынайы, дұрыс болсын. Бұл жол сізге сабырлықты, табандылықты үйретеді. «Қашан бітіремін» деп асықпаңыз. Ол күндер, Алла қаласа, келеді. Бірақ сіз құранды бітірген соң, жаңа бетті жаттаймын десеңіз де жаттай алмайсыз. Өйткені, ол беттер біткен. Тек қайталай аласыз. Жаттау барысында өзіңізді қатты қинап қоймаңыз. Жаттамас бұрын бірнеше
рет құранды хатым етіңіз. Көптеп оқыңыз. Оқу – жаттаудан жеңіл әрі жаттауды да жеңілдетеді.

- Кеңесіңізге көп рахмет, Мадина. Алла разы болсын! Алла баршамызды құран иелерінен етсін! Және осы құранмен амал етуімізді нәсіп етсін!

- Әмин, баршамызға! Сізге де көп рахмет!

(Құранмен саяхат каналынан)


📖 Зілзәлә сүресі

📍 Оқитын: Айман Сувейд


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Құранды отбасының өзегі ет!


Құранды қайталауға қатысты кеңестер:

📍 Егер Құранды жаттауды жаңа бастаған болсаңыз, кеңесіміз жаңа сүрені жаттағаннан кейін соңғы жаттаған сүреңізді 5 рет қайталаңыз. Егер есіңізден шыға бастаса, 10 рет қайталап көріңіз.

Қайталаудың ең жақсы тәсілі - жаттаған сүрені намазға қосу. Ибн Омар (Алла оған разы болсын):

"Егер Құран жаттаған адам күндізгі я түнгі намаздарында (жаттаған сүрелерін) қосып оқитын болса, есінде қалады. Ал олай істемесе, есінен шығып кетеді", - деген.


📖 Бәйинә сүресі

📍 Оқитын: Айман Сувейд


📖 Қадр сүресі

📍 Оқитын: Айман Сувейд


Құран бізге өмірдің құндылықтарын үйретеді. Оларсыз мына дүниенің түк те мағынасы жоқ. Себебі, бұл тіршілік біз үшін ақиретте күтіп тұрған өмірге дайындық емтиханы мен сынақтардан тұрады. Егер бұл өмір сені аталған құндылықтарымен жәннәтқа жетелемесе, оны зая кетіргенің. Келесі кезекте дүние өмірің сені ақиреттегі азапқа ғана кіріптар етеді.

(Шейх Шағрауи)


АЛЛАНЫҢ СӘЛЕМІ БОЛСЫН🌸

📍"ФУРҚАН" ҚАРИЛАР МЕКТЕБІНІҢ:

📖 Құран үйрену;
📖 Параларды жаттау;
📖 Жеке сүрелерді жаттау;
📖 Тасхих

сабақтарына жазылғыларыңыз келсе, төмендегі ұстаздарға жазсаңыздар болады👇

📝
+77081779639 ЗАУРЕ ҰСТАЗ
📝
+77018371160 НҰРХАН ҰСТАЗ






📖 Ғ'әләқ сүресі

📍 Оқитын: Айман Сувейд


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


✍️(ҒҰЛАМА МУЛЛА АЛИ ИБН СҰЛТАН МҰХАММЕД ӘЛ-ҚАРИ)

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а): "Алла елшісі (Аллланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Құдіреті күшті әрі Ұлы Алла: "Кім Менен дүниелік мұң-мұқтажын тіленбей, Құран оқумен айналысса, оған тіленген адамдарға берген нәрседен де абзалырақ нәрсе беремін", - деп айтады. Алла Тағаланың сөзінің басқа сөздерден артықшылығы Алла Тағаланың жаратылыстардан артықшылығы сияқты".

(Әт-Тирмизи)

Хадистың мағынасы: "Кім бірыңғай Құранмен айналысып, зікір айтуға, дұға тілеуге уақыт таппаса, Алла Тағала ондай адамның тілеуін беріп, мұратына жеткізеді. Алла Тағала Құран оқыған адамға қажеттіліктерін сұрап, тіленген адамдарға бергенінен де абзал нығмет береді. Өйткені Алла Тағаланың сөзі барлық сөзден үстем. Үнемі Құран оқумен айналысқан адамның сауабы барлық сауаптан артық тұрады. Имам әш-Шаукани "Тухфатуз-закирин" (325-326 б.) кітабында: "Бұл хадистің әлсіздігі болмағанда, зікір айту мен дұға тілеуге уақыт таппай, бірыңғай Құран оқу адамды өте үлкен сауапқа кенелтетіндігіне кесімді дәлел болар еді", - деген.

(Еркінбек Шоқай каналы)




📖 Тин сүресі

📍 Оқитын: Айман Сувейд


✍️(ҒҰЛАМА МУЛЛА АЛИ ИБН СҰЛТАН МҰХАММЕД ӘЛ-ҚАРИ)

Әбу Муса Әл-Ашғарден (р.а):ю "Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): "Құран оқитын мүміннің мысалы хош иісті, дәмі тәтті цитрус сияқты. Құран оқымайтын мүміннің мысалы дәмі тәтті, бірақ иісі жоқ құрма сияқты. Құран оқитын мұнафықтың мысалы хош иісті, дәмі ащы райхан тәрізді. Құран оқымайтын мұнафықтың мысалы дәмі ащы, иісі жоқ колоквинт тәрізді", - деген. Бір риуаятта "мұнафық" сөзінің орнына "пасық" деп айтылған.

(Имам Ахмад, ал-Бұхари, Муслим, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Насаи, Ибн Мәжаһ)

Хадистің мағынасы: Құранды үнемі оқып әрі Құранның үкімдеріне амал жасап, оны басқаларға үйретіп жүретін мұсылман тәтті цитрус сияқты. Ондай мүмінге қарап адамдардың көңілі көншіп, қуанады. Мұндай мүмін айналасына хош иіс жайған жеміс сияқты. Ол тек жақсы сөз сөйлейді. Осындай мүмінмен аралассаң, ол сенің ойлаған ойыңнан да жақсырақ болып шығады. Ал Құранды оқымайтын бірақ оның бұйрығына амал жасайтын мүмін - құрма сияқты. Одан бір хош иіс аңқып тұрмаса да, одан жағымды иіс сезбесең де, ондай мүмін Құранға амал еткені үшін дәмі тәтті құрмамен тең. Құран оқитын мұнафық адам - адамдарға хош иісімен жақсы көрінген дәмі ащы райханмен тең. Мұнафық адамдарға райхан сияқты көрініп, оларды алдайды. Мұнафықтың шынайы бейнесі мына аятта баяндалған: "Олардың ішінде бұл дүние тіршілігінде саған сөзі жағымды көрінетін әрі жүрегіндегі нәрсеге Алланы куәлікке келтіретіні бар. Ол қасарысып дауласқыш" (Бақара, 204-аят). Ал Құран оқымайтын мұнафық колоквинт өсімдігіне теңелген. Ол өсімдіктің жағымды иісі де, балғын да тәтті дәмі де жоқ. Алла Тағаладан есендік, саулық сұрап, кешірімін тілейміз. Бізді Құранның бұйрығына қарсы келуден, екіжүзділіктен, жаман мінез-құлықтан сақтасын.

(Еркінбек Шоқай каналынан)


Құран - байлық. Одан соң кедейлік жоқ.

Құраннан басқа байлық жоқ.

(Хадис)

20 last posts shown.