GULMIRA QARASAI INVEST🎯


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


Инвестицияда +12 жыл және заңгер ретінде +15 жыл опыты бар Гүлмира Қарасайқызының ресми телеграм каналы
Инвестицияны үйрену үшін мына whatsApp-қа жазыңыз
📲 +7 (708) 980-84-22
Осы вотсапқа тікелей сілтеме👇
https://clck.ru/3EGV3g
@gulmiraqarasai

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


Видеосабақтарым дайын. Сіздерге дер кезінде сабақты ашып беру техникалық жағын жасап жатырмыз қазір. Спрос көп болатынын іштей сеземін. Өткен Invest Практикумдағыдай зашиваться етіп бірнеше күн ұйқысыз жүрмеуім үшін, whatsApp аккаунт блокқа кетпеуі үшін, тегін мини курсқа бастапқыда 100 жүз адамға доступ ашып көреміз..
Саны емес, сапа хочу🙏

Тәй - тәй басып НОЛЬ-ден бастап инвестицияға смело алғашқы қадам жасауға дайын болыңыздар💃💰


Кризистен, депрессиядан, өзімді қолға алып, көз жасымды сүртіп өзімді қайта тауып оралдым…

Жуырда инвестиция бойынша тегін мини курс болады осы каналдың тұрақты оқырмандарына

маған сенім білдіріп күтетіндер ❤️ реакциямен қолдауларың қажет боп тұр


Әке шешем ақшаны маған тығып қоюға беретін💰

Бала күнімнен үй тірлігіне де ақшаға да өте ұқыпты болдым.
Саудадан түскен ақшаны, зарплатаның ақшасын қаршадай ғана менің қолыма сеніп тапсырып жүрді. Оны ешкім таппайтын жерге жақсылап тығып қоятынмын. Сенесіз бе, сол жиналған ақшадан бір тиынына тәтті алып жеп көрмеппін🍭

Кейде мен жоқ кезде срочно ақша керек болса үйдегі ақшаны мама-папам тапай қалатын😅 Ол кезде сотовый телефон, банктік карта деген болмады. Менің мектептен келгенімді күтіп жүретін еді. Сол күндерді сағындым🥹

Қазір де ақшаға қатты ұқыптымын. Кіріс-шығысты жазып жүремін. Бұл қаржылық сауаттылықтың алғашқы қадамы.


ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН 3500$ КІМГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

ВИДЕОНЫ ТОЛЫҚ КӨРУ ҮШІН 👇
https://youtu.be/MmIu4E2_cQo


ҚАРЫЗҒА БАТПАУ ҮШІН МЫНАНЫ ЖАСАҢЫЗ!

ВИДЕОНЫ ТОЛЫҚ КӨРУ ҮШІН 👇
https://youtu.be/DiaWM_zkk6I


АЖЫРАСУ ТУРАЛЫ ОЙЛАНЫП ЖҮРМІН

ВИДЕОНЫ ТОЛЫҚ КӨРУ ҮШІН 👇
https://youtu.be/ZnUz5tQtfQs


ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? 🥰 БҮГІН СІЗДЕРМЕН “АҚША ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН ЕҢ ОҢАЙ 5 ӘДІС” ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСЕМІЗ☺️

“5 конверт әдісі”


Бұл өте оңай әрі тиімді әдіс. Барлық табысты бірнеше бөлікке бөлеміз. Осы тұста айта кету керек, айлық алғанда оны банкоматтан шешіп алуыңыз керек. Ақшаны ұстап, көру арқылы сіз оның қайда кетіп жатқанын сезінесіз.

Мәні неде? Сіз айлығыңызды алғаннан соң, оны шығарып алдыңызға қоясыз. Сөйтіп оны бөлесіз:
-менің мақсатыма (машина, үй, саяхат, демалыс, оқу)
-аяқ-асты болатын жағдайлар үшін (кран тесіліп қалады, машинаның дөңгелегі жарылады …)
-тамақ
-ары-бері жүргенге (той-томалақ, туған күн ..)
-міндетті төлемдер (ипотека, кредит, ком.қызметтер…)

Сіз өзіңізге қарай ыңғайлы етіп атын жаза аласыз. Немесе қосымша конвертте қоса аласыз, бірақ 5-тен кем болмауы керек. Енді бұл жерде “ЗАҢ” бар.

1. ЕШҚАШАН БІР КОНВЕРТТЕН АҚШАНЫ АЛЫП, ЕКІНШІСІНЕ ҚОСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Егер сіз мысалы қонақ шақырғыңыз келеді, бірақ “тамаққа” деген конвертте ақша жоқ. Бұл жағдайда сіз келесі айға қонақ шақырасыз. Басқа конверттегі ақшаны алуға БОЛМАЙДЫ!

2. БАСҚА КОНВЕРТТЕН УАҚЫТША АЛУҒА БОЛМАЙДЫ. Мысалы, сіз “тамақ” конвертінен ақша алуды ұмытып кетіп, “міндетті төлемдер” деген конверттен ақша ала салдыңыз. Дүкеннен келгеннен соң орнына қоямын деп ойлайсыз. Бірақ бұл дұрыс емес! Сіз ұмытып кетуіңіз мүмкін! Салғыңыз келмей қалуы мүмкін! Ең дұрысы үйге келіп, қажетті конверттен ақша алу керек.

3. КРЕДИТТІК КАРТА АШПАЙМЫЗ! Бұл адамды еліктіретін, жолдан тайдыратын карта. Сіз үшін банк тегін беріп жатқандай сезіледі. Шындығында, үлкен пайызбен банкке қайтарасыз. Ал, сатым алған заттарыңыз сізге мүлдем қажет болмауы да мүмкін.

ЖАЛҒАСЫ БАР…




АСТАНАДАН БАСПАНА АЛУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ

ВИДЕОНЫ ТОЛЫҚ КӨРУ ҮШІН 👇 https://youtu.be/wl8vnLyWPFM


ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? 😊ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

БҮГІН БІЗДЕ КҮШТІ ТАҚЫРЫП “АҚШАНЫ МҮЛДЕМ ЖИНАЙ АЛМАЙТЫНДАРҒА” АРНАЛАДЫ🥳

1. Табыстың 10% жинау


Табыс деген ол тек қана айлық емес. Табыс деген пособие, бонус, премия, сыйлыққа берген ақша және т.б. Яғни, сіздің қолыңызға келіп түсетін барлық ақшаның 10% жинайсыз. Мысалы, сіздің айлығыңыз 150.000 теңге, картаға түскен кезде бірден көзді жұмып оның 15.000 теңгесін депозитке лақтырасыз. Бұл - заң! Біз заңды бұзбаймыз ғой, бұзсақ не болатынын білеміз! Сол секілді бұл заңды бұзсақ, қартайғанда қиналатынымызды ұмытпайық! Ең бірінші ақшаны құртпастан бұрын, ӨЗІҢІЗГЕ төлеңіз. Өйткені, ақша тү кенде ең бірінші біз кредит, ипотека, микрокредит, аренда, ком.услуга, азық-түлік, садик бәрін төлеп кетеміз де, ертең бұл ақшадан тек 2000-5000 теңге қалады. Тағы да 10% жинай алмаймыз. Бұл қайталана береді, егер сіз ең бірінші түскен ақшаның 10% жинамасаңыз!

2. Қалған 90% ақшаны 100% қолданыңыз

Ал, енді қолда 135.000 теңге қалды. Көз алдыңызға бір ай бойы одан да бетер қиналатыныңыз келді. 135.000 теңгеге қалай өмір сүремін, қалай жеткіземін? деп те ойлайсыз. Бірақ, осы сәтте өзіңізге сұрақ қойыңыз: “Егер жұмыста менің айлығымнан 15.000 теңгемді кесіп тастаса, мен не істеймін? деп. Көбіңіз сол жұмвста кем дегенде 1-2 ай бәрібір қаласыздар. Өйткені, жаңа жұмыс тапқанша, оған орналасқанша сізге бәрібір ақша керек қой. Сіз сол 135.000 теңгеге 1-2 ай өмір сүре аласыз. Бірақ, басқа шығындарды қысқартасыз. Таксиге мүлдем мінбейсіз, асханадан тамақ ішпейсіз. Кафе, қыдыруды азайтасыз.

ЖАЛҒАСЫ БАР…






2023 ЖЫЛЫ КІМНІҢ КРЕДИТІН БАНК ЖАУЫП БЕРЕДІ?

ВИДЕОНЫ ТОЛЫҚ КӨРУ ҮШІН 👇
https://youtu.be/JM7oNVhV_tw


ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖАНДАРЫМ СОЛ? 🥰 ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

КЕШЕГІ “ЖАЗДЫҚ ДЕМАЛЫСҚА АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА БОЛАДЫ?” ТАҚЫРЫБЫН ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ 🥳

2. ӘР АЙДАҒЫ ЧЕЛЛЕНДЖ


Челлендж дегеніміз - өзіңді сынау. Яғни, әр айда бұрын істеп көрмеген іс-әрекеттерді жасайсыз. Мысалы, сіз таңертең күнде сырттан 1000 теңгеге кофе ішесіз. Өзіңізді сынап, бір ай бойы кофе ішпейсіз. Келесі айда бір ретте таксиге отырмайсыз. Үшінші айда өзіңізге киім, косметика алмайсыз. Осындай челлендж жасап, қанша ма теңгені үнемдеуге болады. Ал, ол дегеніміз - жаздық демалысқа кетуге жақындадыңыз деген сөз.

3. КҮНДЕ 100 ТЕҢГЕДЕН ЖИНАУ

Бұл сумманы өзіңіздің қалауыңызша көтеруге болады. Бірақ, бір күнде ұмытпау 100 теңгені депозитке аудару. Қарап тұрсаңыз 100 теңгенің аса бір құны жоқ. Бірақ, бұл сізде әдет қалыптастырады. Әрі 6 айда 18000 теңге де жинап қояды екенсіз.

ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ 🥰 МЕН СІЗДЕРГЕ АҚША ЖИНАУҒА ТҮРЛІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ БЕРІП ЖАТЫРМЫН. ҚАЙСЫСЫ ӨЗІҢІЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ, СОНЫ ТАҢДАП, БАСТЫСЫ АҚША ЖИНАУДЫ БАСТАҢЫЗДАР!




АЛМАТЫДАН ҮЙ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЕҢ АРЗАН ИПОТЕКА

ТОЛЫҚ ВИДЕОНЫ КӨРУ ҮШІН 👇
https://youtu.be/eiCp38Raf6E




ҚАЛАЙСЫЗДАР ҚҰРМЕТТІЛЕРІМ? 🥰 БҮГІН СІЗДЕРМЕН “ЗЕЙНЕТКЕ ҚАЛАЙ ЕРТЕ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ?” СОЛ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСЕМІЗ.

1.МАТЕМАТИКАНЫ ЕСКЕ ТҮСІРЕЙІК.


Мысал ретінде 25 жасар Талғатты алайық. Ол Алматыда тұрады, айлығы 300 000 теңге. Оның 100 000 теңгесін депозитке салады. Сонда Талғат 1 жылда 2.400.000 теңге құртады, 1.200.000 теңге жинайды.

Талғат бұл жұмыста 35 дейін ғана істегісі келеді. Яғни, 10 жылдан кейін жұмыс істемесе де айлық түсіп тұрғанын қалайды. Талғат зейнетке 35 жасында шыққанда, әр ай сайын түсетін сумма қазіргі айлық секілді болғанын қалайды, яғни 300 000 теңге зейнетақысы. Енді есептейік, оның 1 жылдағы жинағы 1.200.000 теңге, 10 жылдағы жинағы 12.000.000 теңге. Осы он екі миллион теңге Талғатты 75 жасқа дейін асырай алады ма? Әрине, жоқ! Ары кетсе 5 жылға ғана жетеді.

2.АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ЖИНАУ КЕРЕК?

Бұл есептің үш жауабы бар. Көбірек ақша табу, көбірек депозитке салу және инвестициямен айналысу.

Бірінші вариантты талқылайық. КӨБІРЕК АҚША ТАБУ. Талғат ай сайын 300 000 теңге емес, қосымша жұмыс жасап тағы 100 000 теңге ай сайын табады. Яғни, ол енді депозитіне 100 000 теңге емес, 200 000 теңгеден салып отыр. Бір жылда 2.400.000 теңге жинайды, ал 10 жылда 24.000.000 теңге жинайды. Салыстырмалы түрде 2 есеге көбейіп тұр. Бұл, Талғаттың мақсатына жетуіне айтарлықтай көмектеседі.

ЭКОНОМДАУ. Енді бұны әр адам әртүрлі түсінеді. Егер жұмыстан тезірек шығып, жинаған ақшаңызға өмір сүргіңіз келсе, онда экономдау МІНДЕТТІ істің бірі. Экономдау арқылы - сіз мақсатыңызға тезірек жетесіз.

Талғат қалай экономдау керек?

-қаржылық жоспар жасау керек (1 айға, 1 жылға) және сонымен жүру керек;
-жаңа телефон, эйрподс, ноутбук алмау керек (телефоны сынып қалған жағдайда ғана алу керек)
-қажет емес киімді сатып алмау керек (киімі жыртылып қалса ғана алу керек)
-түрлі акция, бонустарды пайдалану керек (ақшаны кәдімгідей экономдауға көмектеседі).

ЖАЛҒАСЫ БАР…


ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ЖАРНАСЫЗ ИПОТЕКА

ТОЛЫҚ ВИДЕОНЫ КӨРУ ҮШІН 👇
https://youtu.be/kfm5O16-VZU


ҚАЛАЙСЫЗДАР ЖҮРЕКТЕР? КӨҢІЛ-КҮЙЛЕРІҢІЗ ҚАЛАЙ?

БҮГІН МЕН СІЗДЕРМЕН КЕШЕГІ ТАҚЫРЫПТЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ

5. ҚОСЫМША ТАБЫС КӨЗІН ІЗДЕҢІЗ.
Бір айлыққа қарап, ақшаны жеткізе алмай жүрсеңіз, срочно қосымша табыс көзін қарастырыңыз. Пандемияда миллиондаған адам жұмыссыз қалды. Ал, әр жыл сайын мамандықтар ескіріп, оның орнын роботтар басып жатыр. Дипломыңыз қызыл болса да, ата-анаңыз тіреп тұрса да, бір басыңызға кем дегенде 4 қосымша табыс көзі болуы керек. Мысалы, айлығыңыз бар + үйде отырып онлайн жұмыс істейсіз + квартираңызды арендаға бергенсіз + тәттілер пісіріп сатасыз. Міне, сізді жұмыстан шығарып жіберсе, қалған үшеуі сізді бағады.

6. ӨЗІҢІЗДІҢ КАРЬЕРАҢЫЗҒА ҚАРАҢЫЗ.
Ең жақсы инвестиция - өзіңе құйған инвестиция екенін жаттап алыңыз. Сіздің жұмысыңыз келесі 5 жылда жақсы көтерілуге, күшті айлық алуға мүмкіндік береді ме? Егер жоқ болса, онда шығынды максималды түрде азайтасыз. Қосымша тілдер үйреніп, өз мамандығыңыз бойынша қосымша курстар оқисыз. Бәлкім, жаңа бір жұмвсқа ауысып кетерсіз. Қандай болғанда да, өзіңіздің біліміңізге инвечтиция құйыңыз. Оның - бағасы тек қана өседі!

ЖАНДАРЫМ СОЛ ТАҚЫРЫП ҰНАДЫ МА?

20 last posts shown.