Алтай аймағы. Бір топ адам әділ төрелігін сұрап, бидің алдына келіп жатыр. Әркімнің дауы әртүрлі. Бірі «жаным» десе, бірі «малым» дейді. Тағы бірі жердің жайын айтып сұраса, екіншісі ердің жайын ортаға салады. Барлығының үміті бір. Ол – Бейсенбі бидің әділ төрелігі.
Бір кезде есік алдында күтіп отырғандар домбыра дыбысын естіді. Кәдімгі шертіліп жатқан күй. Алғаш келгендер аң-таң. «Біз мұнда ет жеп, домбыра тыңдау үшін келген жоқпыз, мынауың қалай?» деп таңырқап тұр. Жан-жағына жалтақтап қояды. Бұл жерге бірінші рет келгендер мән-жайды түсінбесе де, бұрыннан үйдің оты мен суын дайындап жүргендер жақсы біледі. Солардың бірі келіп, таңырқаған көптің біріне ақырындап «бері кел» деп ишарат жасайды. Әлгісі келгенде, былай деп айтып береді:
- Би-екеңнің бұл жайын жақсы білеміз. Осы жерде жүргенімізге көп болды. Көргеніміз де аз емес. Үйдің ішінде күй тартылуының өз себебі бар. Ал ендеше тыңда...
Сондағы шертетін күйлер ел арасында «Бежеңнің кеңес күйі» деп аталып, бірнеше тараулы (түр) болып біздің заманымызға жетіпті
https://t.me/history_of_kui
Күй шертуші Ғабдылхақ Барлықов
🔸 Дина Нұрпейісова қартайған шағында ауылдан Алматыға неге көшті?

– Бежең келгендердің бірде-бірінің көңілін жықпауға, әділ төрелік айтып, дау бетін ары қаратуға талпынады. Оны сіз де жақсы білесіз. Сондықтан келіп отырсыз. Бірақ кейде ашуланып, аптығып, даурығып, зілденіп, сұқтанып келетіндер де бар. Ұлығымыз осылай келгендердің бетін қайтармай сабырмен қарсы алады. Бірақ бірден ашылып сөйлесіп кетпей домбырасын шертіп, өзімен өзі отыра беретін әдеті бар. Осылайша сүт пісірім уақыт өткенде, келгендер жайғасып отырып, сабасына түскеннен кейін ғана сөйлесіп, төрелік айтады. Қазір ғана алдарыңызда үйге кіргендер де сабырсыздық танытқан-ау, – деп би көмекшісі әңгімесін айтып, әрі қарай жұмысын істей береді. Ал жиналғандар «жөн екен» деп қалды.