hureey.ra


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Қазақша пайдалар

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🔗 https://t.me/hureeyraa




📌 Аллаһтың саған көмек беруін қаласаң, сенде оның құлдарына көмектес..

Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

إِنَّ اللّٰهَ تَعَالَىٰ يَقُولُ يَوْمَ القِيَامَةِ: يَا ابْنَ آدَمَ، مَرِضْتُ فَلَمْ تَعُدْنِي قَالَ: يَا رَبِّ، كَيْفَ أَعُودُكَ، وَأَنْتَ رَبُّ العَالَمِينَ؟! قَالَ: مَا عَلِمْتَ أَنَّ عَبْدِي فُلَانًا مَرِضَ فَلَمْ تَعُدْهُ، أَمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ عُدْتَهُ لَوْجَدْتَنِي عِنْدَهُ، يَا بْنَ آدَمَ اسْتَطْعَمْتُكَ فَلَمْ تُطْعِمْنِي، فَقَالَ: يَا رَبِّ، وَكَيْفَ أُطْعِمُكَ، وَأَنْتَ رَبُّ العَالَمِينَ؟ قَالَ: مَا عَلِمْتَ أَنَّهُ اسْتَطْعَمَكَ عَبْدِي فُلَانٌ فَلَمْ تُطْعِمْهُ أَمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ أَطْعَمْتَهُ لَوْجَدْتَ ذَلِكَ عِنْدِي، يَا بْنَ آدَمَ اسْتَسْقَيْتُكَ فَلَمْ تَسْقِنِي، قَالَ: يَا رَبِّ، كَيْفَ أَسْقِيكَ، وَأَنْتَ رَبُّ العَالَمِينَ؟ قَالَ: اسْتَسْقَاكَ عَبْدِي فُلَانٌ فَلَمْ تَسْقِهِ، أَمَا إِنَّكَ لَوْ سَقَيْتَهُ لَوْجَدْتَ ذَلِكَ عِنْدِي

«Аллаһ Тағала Қиямет күні: “Әй адамның баласы, Мен ауырдым әрі сен Мені зиярат етіп келмедің», - дейді. Әрі адам: “Уа Раббым, Сен әлемдердің Раббысы бола тұра, мен Сені қалай зиярат етер едім?!” - деп айтады. Сонда Аллаһ (Тағала): “Сен Менің пәлен деген пендемнің ауырып қалғанын әрі сен соны зиярат жасап бармағаның есіңде жоқ па? Егер сен оны зиярат етіп барғаныңда, Мені сол жерден табатыныңды білмедің бе?! Әй адамның баласы! Мен сенен тамақтандыруымды сұрадым, ал сен Мені тамақтандырмадың ғой?!” - дейді. Әрі адам: “Уа Раббым, Сен әлемдердің Раббысы бола тұра, мен Сені қалай тамақтандырмақпын?!” – деп жауап береді. Сонда Аллаһ (Тағала): “Сен Менің пәлен деген пендемнің сенен тамақ сұрағанын әрі сен оны тамақтандырмағаның есіңде жоқ па? Егер сен оны тамақтандырғаныңда, мұны Менің алдымнан табатыныңды білмедің бе?! Әй адамның баласы! Мен сенен су сұрадым, ал сен Маған су бермедің ғой?!” - дейді. Адам: ““Уа Раббым, Сен әлемдердің Раббысы бола тұра, мен қалай су бермекпін?!” – деп жауап береді. Сонда Аллаһ (Тағала): “Сен Менің пәлен деген пендемнің сенен су сұрағанын әрі сен оған су бермегенің есіңде жоқ па? Егер сен оған су бергеніңде, мұны Менің алдымнан табатыныңды білмедің бе?!”».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 1912.

🔗 https://t.me/hureeyraa




📌 Намазыңа мән бер!

Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

إِنَّ أَوَّلَ مَا يُحَاسَبُ بِهِ العَبْدُ يَوْمَ القِيَامَةِ مِنْ عَمَلِهِ الصَّلَاةُ، فَإِنْ صَلَحَتْ فَقَدْ أَفْلَحَ وَأَنْجَحَ، وَإِنْ فَسَدَتْ فَقَدْ خَابَ وَخَسِرَ، وَإِنْ انْتَقَصَ مِنْ فَرِيضَةٍ قَالَ الرَّبُّ: انْظُرُوا هَلْ لِعَبْدِي مِنْ تَطَوُّعٍ فَيُكْمِلُ بِهَا مَا انْتَقَصَ مِنَ الفَرِيضَةِ، ثُمَّ يَكُونُ سَائِرُ عَمَلِهِ عَلَىٰ ذَلِكَ

«Қиямет күні пенде ең бірінші болып есепке тартылатын нәрсе – намаз болады, егер оның намазы жақсы (қабыл) болса, онда ол құтылып жетістікке жетеді, ал егер намазы бұзылған болса, онда зиянға ұшырап қорлыққа түседі. Әрі егер оның парыз намаздарында әлдебір кемістіктер болса, онда Раббы: «Пендемнің қосымша нәпіл намаздары бар ма, әрі солармен оның парыз намаздарындағы жіберген кемшіліктерін толтырыңдар», - дейді. Әрі оның қалған басқа амалдары да осылайша жасалады».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 2020.




Video is unavailable for watching
Show in Telegram




📌Адамның намазын бұзатын амалдар жайлы біле жүрейік

дамның, қателесіп немесе ұмытып айтқан кезден басқа, кез-келген артық сөздер айтуы.

Муғауия ибн әл-Хаким әс-Суләми Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін  айтқан: «Расында, бұл намазда адамдардың айтатын сөздерін айтуға болмайды. Намаз тек Аллаһты мақтап-мадақтау, ұлықтау және Құран оқу»

📚
(Муслим, 537).

Зәйд ибн Арқам намаз жайлы былай деген: «Бізге намазда үнсіз болу бұйырылып, сөйлеуге тыйым салынған»

📚
(әл-Бухари, 1200 (қысқартылған) және Муслим, 539).

-Намазда күлу. Ал күлімсіреуге келсек, бұл әрекет намазды бұзбайды.

Жәбир ибн АбдуЛлаһ былай деген: «Намазда күлген адам оны жаңадан оқуы керек, бірақ дәретті жаңадан алудың қажеті жоқ»

📚(хабар сенімді; «Сунан әл-кубра» әл-Байһақи, 3361; шейх әл-Әлбани, «Ируа әл-ғалил» № 392 хадистің түсіндірмесі).

-Намазда бірдеңе жеу немесе ішу. Ибн әл-Мунзир: «Бізге білімді жеткізген барлық ғалымдар, адам намаз оқығанда әдейі бірдеңе жесе немесе ішсе, намазын қайтадан оқуы керек екеніне толық келіскен»

📚
(«әл-Әусат», 3/431-432).

-Әуреттің ашылуы, яғни намазда жабылуы керек жерлердің ашылуы. Бұған намаздағы бұл жерлердің жабық болуы - намаздың қабыл болуының шарты болып табылатыны нұсқайды, әрі оның ашылуы оны бұзады. Егер адам әуретін әдейі ашса, оның намазы бұзылады. Ал егер оның бұл ісі байқаусыздан орын алса, онда ол бұл хәлде намазда ұзақ тұрса ғана, оның намазы бұзылады.

-Қыбыладан басқа жерге қарау. Қыбылыға қарау намаздың қабыл болуының шарты.

-Намазда бірінен кейін бірі жасалған көп орынсыз қимылдар. Бұл сұраққа байланысты көп ғалымдар бірауызды келісімге келген

📚(олардың арасында Ибн Хәжар, «Фатх әл-Бари», № 1211 хадистің түсіндірмесі, 3/108. Хафиз Ибн Хәжар көп қадамдар жайлы айтқан).

-Дәреттің (немесе таяммумның) бұзылуы.

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Аллаһ сендердің біреулеріңнің намазын дәреті бұзылса, оны қайта оқымағанша қабылдамайды»

📚
(әл-Бухари, 6954 және Муслим, 225).

🔗
https://t.me/hureeyraa






🖋 Пайғамбарымыздың ﷺ кейбір сипаттары..

Айша анамыз былай баяндаған:
«Бірде адамдар менен: «Аллаһтың Елшісі ﷺ үйде не істейтін?», - деп сұрады. Мен: «Ол өзге адамдар сияқты адам еді, кейде өз киімдерін өзі жамайтын, қозы да сауатын әрі өзіне өзі қызмет ететін», - дедім»
📚(«әс-Сахиха», 671).

Абу Хурайра былай баяндаған:
«Аллаһ Елшісі ﷺ күмістен құйылғандай ақ болатын, ал оның шашы бұйралау болған»
📚(«әс-Сахиха», 2053).

Абу Хурайра былай баяндаған:
«Аллаһтың Елшісі ﷺ қалың білекті, ұзын кірпікті, кең иықты болған. Ол жүргенде бүкіл денесімен алға жүретін, ал артқа бұрылса да, бүкіл денесімен бұрылатын. Ол ешқашан арсыздық жасаған емес әрі арсыздықты қалаған да емес, әрі ол базарларда дауысын көтеруші де емес еді»
📚(«әс-Сахиха», 2095).

Зияд ибн Сағд былай баяндаған:
«Егер Аллаһтың Елшісіне ﷺ әлдебіреу әлдебір нәрсені сұрап жүгінетін болса, мұны үш реттен көп айтпайтын»
📚 («әс-Сахиха», 2108).

Ибн Аббас былай баяндаған:
«Аллаһ Елшісінің ﷺ жүрісінен оның әлсіз де, жалқау да еместігі түсінікті болатын»
📚(«әс-Сахиха», 2104).

Жәбир былай баяндаған:
«Аллаһтың Елшісі ﷺ жүргенде (жан-жағына немесе арқасына) қарамайтын»
📚(«әс-Сахиха», 2086).

🔗
https://t.me/huree href='yraa' rel='nofollow'>yraa




Video is unavailable for watching
Show in Telegram




Намаздағы адамды алаңдатып, оған әртүрлі бөгде ойларды салатын шайтанның аты кім?

Хинзиб.

Дәлел:
Усман ибн Әби-л-Ас бірде өзінің Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Уа Аллаһтың Елшісі! Расында, шайтан мені мен намазымның арасына тұрып, оқуымды шатыстырады», - деп айтқанын баяндаған. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл Хинзиб атты шайтан. Егер сен оның келгенін сезсең, Аллаһтан одан қорғаныш сұрап, сол жағыңа үш рет (жәй) түкір», - деп жауап берді. Усман былай жалғастырды: «Мен бұны істедім және Аллаһ Тағала оны менен алыстатты»

📚(Муслим, 2203).

20 last posts shown.

1 608

subscribers
Channel statistics