120 mins


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Инстаграмдағы парақша: instagram.com/120.mins

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


@qazaq_football' rel='nofollow'>Qazaq Football is on Threads


​​🇰🇿 Бақтияр Зайнутдинов төмендегідей матчтарға қатыса алмайды:

11.02 — Жолдастық кездесу — vs «Ахмат»
15.02 — Жолдастық кездесу — vs «Динамо»
19.02 — Жолдастық кездесу — vs «Рубин»
23.02 — Ресей Кубогы — vs «Краснодар»
28.02 — Ресей Кубогы — vs «Краснодар»
5.03 — РПЛ — vs «Сочи»

12.03 күні өтетін «Крылья Советовке» қарсы матчта Бақтияр қатыса алады деп күтілуде.


🇦🇲 «Алашкерт» ауысымды ресми жария етті

Тимурға сәттілік! 🙌🏻


🇷🇺 «Химки» қазақстандық футболшыны қатарына қосты

Қазақстан жастар құрамасының 22 жасар қорғаушысы Лев Скворцов бірінші оқу-жаттығу жиынынан кейін «Химкимен» келісім-шартқа отырды.

Бұл туралы футболшының агенті Владимир Селюк мәлімдеді. Агенттің айтуынша, ресейлік клуб пен Скворцовтың еңбек келісімі маусым соңына дейін жарамды.

2021/22 еуромаусымында Скворцов қазақстандық «Тұран» сапында 24 матч өткізді. Transfermarkt порталы 22 жастағы ойыншының құнын 200 мың еуроға бағалап отыр.


Исаак Фильо «Ордабасыны» емес «Ақсуды» таңдауы мүмкін

19 жасар бразилиялық шабуылшы қазір «Ақсу» сапында жаттығып жүр.

“Әзірге ол «Ақсумен» жаттығуда, бірақ оның қайда ауысатыны белгісіз. Мен Исаактың қайда барса да өзін жайлы сезінетін клубқа ауысқанын қалаймын”, — дейді футболшының агенті Николас Сеолин.


Рамазан Оразов «Ақтөбе» жанкүйерлерімен қоштасты 🥺


Рамазанның қоштасу сөзі:

— Міне, “қош” дейтін кез де келіп жетті. «Ақтөбеде» мансабымның тамаша бір кезеңін өткіздім десем артық болмас. Ал енді біздің жолымыз екі айрылып отыр. Барлық ақ-қызыл жанкүйерлерге Ақтөбенің Орталық стадионындағы керемет атмосфера үшін алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар басшылыққа алғыс білдіріп, командаға алдағы маусымда тек сәттілік тілеймін. Мүмкін, сіздермен қоштасу дұрыс болмас. Көріскенше, «Ақтөбе»! 🔴⚪️


💣 Рамазан Оразов «Ақсуға» ауысады

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы «Ақсудың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды. Клуб пен футболшының агенті ауысым жайлы мәмілеге келді.


🇷🇺 Леонид Слуцкий бапкерлік жолын Қазақстанда жалғастырады

Матч TV айтуынша, Слуцкийге қазақстандық клуб қызығушылық танытып отыр. Әзірге клубтың аты белгісіз.

Леонид Слуцкий — ресейлік тәжірибелі бапкерлердің бірі. Ол мәскеулік ЦСКА сапында үш дүркін Ресей чемпионы, екі рет Ресей Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған маман. 51 жастағы Слуцкий 2015-2016 жылдары Ресей құрамасымен бірге Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан. Сонымен қатар ағылшындық «Халл Сити» мен голландиялық «Витесс» командаларымен жұмыс істеген.


💣 Бауыржан Исламхан — «Ордабасыда»

Футболшы шымкенттік клубтың жаттығу жиынына қосылды.

«Ордабасының» ОЖЖ-на Асхат Тағыберген де келетін болады.


🇭🇷 Хорват қақпашысы «Астанаға» ауысуы мүмкін

“Келіссөздер жүріп жатыр. Біз мүмкіндіктерді 50/50 деп бағалаймыз”, — деді «Астана» ФК.

29 жастағы Йосип Чондрич «Зриньски» қақпашысы. Мансабында «Загреб», «Рудеш», «Истра-1961» және ресейлік «Ротор» клубтарында өнер көрсеткен.


🇪🇸 Joma — «Шахтёр», «Қайсар» және «Қайрат» клубтарының жаңа маусымдағы спорттық демеушісі


🇰🇿 Ғалымжан Кенжебек «Краснодардың» алғашқы жаттығуларына қатысты


📝 «Астана» мен Марин Томасов жаңа келісім-шартқа қол қойды

Жаңа ұсыныс бойынша хорват ай сайын 30 млн теңге көлемінде жалақы алады.


Ғалымжан Кенжебек ауысуы мүмкін «Краснодар» жастарға ең көп мүмкіндік беретін клуб ретінде белгілі.

Команданың бас бапкері Владимир Ивич — жастармен жұмыс жасаудағы ең тәжірибелі маман. Бапкердің «Маккабидегі» бұрынғы ойыншысы, 19 жасар Оскар Глух қазіргі кезде еуропалық клубтардың, соның ішінде «Барселонаның» сұранысына ие.


🇷🇺 «Краснодардың» жаттығу жиынына Ғалымжан Кенжебек қосылады

19 жасар жартылай қорғаушы ресейлік клубтың қаралымынан өтеді.

Қаралымнан сәтті өткен жағдайда Ғалымжанға «Краснодардың» екінші командасында бағын сынап көру және одан әрі алға жылжып, клубтың негізгі командасына өту ұсынылады.

«Қайрат» осы аптада Ғалымжан Кенжебекпен келісім-шартын ұзартқан және алматылық клуб өз шәкіртін «Краснодарға» тегін жібермейді.


📝 Ресми: Елдос Ахметов — «Ақсу» ойыншысы

32 жасар қорғаушы «Тараз» клубынан ауысып келді.


💣 «Ақтөбе» мен Черногория құрамасының ойыншысы келісім-шартқа отырды

Милош Раичкович — 29 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы. Футболшы оңтүстік кореялық «Соннам» клубынан ауысып келді


🇧🇷 «Гремионың» шабуылшысы «Ордабасыға» ауысты

19 жастағы бразилиялық Исаак Фильо 21 қаңтар күні «Ордабасы» ойыншысы атанады.

Исаак өз мансабында бразилиялық «Гремио» және «Спорт Ресифе» клубтарында ойнаған. Позициясы — шабуылшы, шабуылдаушы жартылай қорғаушы.


💣 Устименко «Зенитке» ауысуы мүмкін

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Данил Устименко петерборлық «Зениттің» назарына ілікті.

Осы аптада «Қайрат» пен «Зенит» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім-шартта ойыншыларды ауыстыру мәселелері де қарастырылған.

20 last posts shown.

245

subscribers
Channel statistics