Khan of data & analytics🇰🇿


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Technologies


Бұл жерде жалпы деректер ғылымы және оларды зерттеу, аналитика жайлы мағлұматтар болады. Және де жұмысқа тұруға немесе ми өрісін кеңейтуге арналған әр түрлі қызықты есептер
Сұрактар бойынша @khan17ds

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Forward from: Hacker Taraz | Ақпараттық қауіпсіздік
Сәлеметсіз бе! 👋 Qazaq IT Tech командасы жаңа тегін үш кезеңдік QazaqStars жобасына қатысуға шақырады!

🌟 Жобаның негізгі кезеңдері:

1️⃣ Тіркелу және танысу кезеңі

Жобаға Қазақстанның кез келген өңірінен қатысуға болады. Тіркелгеннен кейін, сіздің почтаңызға  жабық Telegram чатына қосылатын шақыру сілтемесі жіберіледі. Бұл кезеңде белсенділік танытпаған немесе байланыссыз қалған қатысушылар келесі кезеңге өтпейді.

2️⃣ IT әлемі және Python тілін меңгеру
Бұл кезеңде IT саласының негіздерімен танысып, Python бағдарламалау тілін үйренесіз. Қатысушыларға телеграм-бот жасау, скрипттер жазу, есептер шығару сияқты практикалық тапсырмалар беріледі. Әрбір тапсырмаға ұпайлар беріледі, және нәтижелер арнайы жүйеде есептеледі. Ең белсенді және жоғары ұпай жинаған қатысушылар келесі кезеңге өтеді.

3️⃣ Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
Бұл кезеңде оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік саласы үйретіледі. Жүйелердің жұмыс істеу принциптері, олардың осалдықтарын анықтау және қорғау тәсілдері түсіндіріледі. Әртүрлі бұзу(взлом) әдістері үйретіледі. Осы кезең күрделі әрі қиын болады. Соңына дейін қалған оқушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.

🔗 Тіркелу үшін немесе толық ақпарат алу үшін сайтқа өтіңіз

👨🏻‍💻 Жоба IT саласына енді қадам басып жатқан адамдарға арналған. Сізде IT саласында опыт болса, бұл жоба сізге арналмаған.

📅 Орын шектеулі — тек 100 қатысушы қабылданады!

Жобаға қатысып, өзіңізді IT әлемінде дамытудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!


Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша алғашқы олимпиада!

Олимпиада 8-11 сынып оқушыларына арналған және машиналық оқытуды енді бастағандар үшін жасалған. Барлық қажетті теориялық материалдар беріледі, ал көптеген тапсырмаларды логиканы қолдана отырып шығаруға болады.
Әр командада 3 адамға дейін қатысады. Іріктеу кезеңі 10-шы қарашада онлайн форматта өтеді, ал негізгі кезең 24-ші қарашада РФММ-да өтеді. Бұл бағдарламалау, математика және машиналық оқыту салаларында өз күшіңізді сынап көруге тамаша мүмкіндік

Біздің сайтта пайдалы ақпарат көп: https: //faio.kz
Telegram-дағы қауымдастығымызға қосылыңыз: https: //t.me/fizmatai
Сәттілік тілейміз және олимпиадада
кездескенше!




Forward from: Тимурдан Инфо | it&tech
Қайырлы күн баршаға!

Телеграм бот арқылы өзіңіздің сайтыңызға, презентацияңызға немесе кез-келген интернет сілтемеге, ютубтағы бір видеоңызға телеграм парақша жасауға болады екен. Оның ерекшелігі, қолданушы сыртқы браузерге өтіп жүрмейді. Барлығы сол телеграмның өзінде ашылады.

Ол қандай кезде көмекке келеді?

Әдетте, әр платформада отырған қолданушы сыртқа шыққысы келмейді. Сол ортада қала бергісі келеді. Сол орта һәм платформа дегеніміз не? Сол орта һәм платформа дегеніміз - ютубта отырған адам ютубтан сыртқа шыққысы келмейді, келесі сілтеменің барлығы ютубтың ішінде болғанын қалайды. Инстаграмда отырған адам барлық сілтеме соның ішінде ашылғанын қалайды, Телеграмда отырған адам да солай, ТикТокта отырған адам да солай. Сөйтіп кете береді.

Мұны диджитал-еріншектік деп атаймын өз басым. Өйткені, маған қажет дүние болса, ол ақпарат басқа платформа болмақ түгіл, адам аяғы баспайтын тесікке тығып тастаса да қоймай тауып аламын. Дегенмен, адамдардың барлығы олай емес.

Қазіргі қолданушылар 3 секунд ішінде сенің ұсынған сілтемең ашылмаса, лақтырып кете салады. Қысқа ғана мысал, сіз ҰБТ-ға дайындайтын инструктор немесе өзіңіздің стоматологияңыз болуы мүмкін. Адамға қосымша ақпарат үшін, тіркелу үшін, баға туралы ақпарат алу үшін сілтемеңізді берсеңіз, ол әдетте сол күйі ашпастан кетеді.

Телеграмның бұл жаңалығы осы кезде көмекке келеді. Өте тамаша шешім! Енді, біреу не істесе соны дереу көшіріп алып, Уатсапқа, Инстаграмға енгізе салатын Мета компаниясы да осы бастаманы қолдап кетсе деген тілек.

Мысал үшін ChatGPT қазақша гайдты салып қойдым: t.me/chatgptkazakh_bot/ChatGPT_guide


Кейде есептерде белгілі бір үдерістер болады , мысалы: біреу бір нәрсені бояйды немесе фигураны кеседі деген сияқты жағдайлар. Бұл процестер кездейсоқ түрде жүріп жатады, сондықтан оларды белгілі бір деңгейде бақылау қажет.

Инварианттар – бұл үдеріс барысында мүлде өзгермейтін нәрселер, мысалы, қосынды, көбейтінді, периметр, аудан, жұптық, бөлінгіштік.

Жартылай инвариант – бұл өзгеруі мүмкін нәрсе, бірақ ол толықтай кездейсоқ емес, нақты бір бағытта ғана өзгереді. Мысалы, белгілі бір шаманың тек азаюы немесе тек көбеюі.

Мысал: әрқайсысында N тастан тұратын үш үйінді тастар берілген. Бір айналымда сіз екі үйінді таңдай аласыз, олардан әрқайсынан бір тасты алып тастайсыз, ал үшінші үйіндіге бір тас қосасыз. Қандай n-де бірнеше қадамнан кейін тек бір тасты қалдыруға болады?

Осы тақырыптағы есептерді шығаруға болады. Аналитиктерге өте пайдалы, инвариант анализдеде көп кездеседі, мысалы клиенттардың өнімді пайдаланудағы жолында өзгермейтін құбылыстар болу мүмкін.

#есептер


Python-ның пайдасы)
Өткенде жұмысқа тұрғанда, пропуск үшін ақ фондағы фото керек болған. Осылай істеген болатынмын)


Менен көп адам өздерінің аналитикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытуға болатынын сұрайды. Жалпы, бұл үшін жүйелі және тұрақты практика қажет.

Аналитикалық ойлау — бұл ақпаратты жан-жақты талдап, сол талдау негізінде шешім қабылдау қабілеті. Міне, маған көмектесетін бірнеше әдіс:

1️⃣ Ең тиімді әдіс — әртүрлі есептер немесе шахмат.
Міндетті түрде жоғары математикадан күрделі есептер емес. Қарапайым, бірақ қызықты әрі пайдалы тапсырмалар да бар. Мұндай тапсырмалар туралы кейінірек жазамын.
2️⃣ Деректермен жұмыс істеу.
Каналымыз деректерге арналғандықтан, үлкен деректер жиынтықтарын талдау, оларды визуализациялау, заңдылықтар мен трендтерді анықтау дағдылары да пайдалы.
3️⃣ Сын тұрғысынан ойлау.
Сұрақтар қою: Әрдайым сұрақтар қойыңыз: «Неге бұлай?», «Егер бір факторды өзгертсек не болады?», «Альтернативалар қандай?». Бұл мәселенің әртүрлі қырларын көруге көмектеседі.
Дәлелдерді бағалау: Күшті және әлсіз дәлелдерді ажыратуды, гипотезаны қолдайтын немесе жоққа шығаратын деректерді анықтауды үйреніңіз.
4️⃣ Кітап оқу және курстар өту.
Професионалды немесе әр түрлі ойлау қабілетін дамытатын кітаптар оқу өте пайдалы. Мысалы, Джудеа Перлдің «The Book of Why»; Канеман «Думай медленно, решай быстро» кітаптарын ұсынамын. Шын мәнінде, тек білім беру кітаптары емес, басқа да әдебиеттер де пайдалы.
5️⃣ Жаңа нәрселерді үйрену.
Өзіңіз үшін бейтаныс салаларды оқып, оларды түсінуге тырысыңыз. Жалпы ой өрісін кеңейтесіз (кругозор)
6️⃣ Спорт.
Маған жеке өзіме спорт өте жақсы көмектеседі. Жалпы, жаттығу процестері мидың белгілі бір аймақтарын жаттықтырады. Сонымен қатар, жылдам ойлау, процесті немесе нәтижені модельдеу де ойлау қабілетін дамытады.


Баршаңызға сәлем!
Жалпы қазақ тілінде бірінші вакансиям)

Қысқасы, қазір мен Jusan-да өнімдік аналитиктерді басқарамын. Үлкен команда жинау үстіндемін, қазір маған Jusan Business пен Jusan Retail (розница) бөлімдеріне мықты middle/senior аналитиктер керек. Бірден айтайын, өнімдік аналитика мұнда енді пайда болып жатыр және маған бүкіл процесті құруға және аналитиканы бүкіл банкке жылжытуға көмектесетін адамдар қажет. Өзім сіздерге ментор боламын және дағдыларыңызды дамытуға көмектесемін.

Не істейміз жұмыста? (Кофе ішіп, теннис/кикер/ps ойнаудан баска)

Аналитикалық жүйелерді орнатып, деректерді жинап, талдау және дашбордтар жасау.
Өнімдік метрикаларды әзірлеп, өсу нүктелерін іздеу, нәтижелерді интерпретациялау.
Клиенттік жолды жақсартумен айналысу.
Пайдаланушылардың қажеттіліктерін түсіну және шешімдер ұсыну.
Өнім менеджерлері, зерттеушілер, дизайнерлер және әзірлеу командасымен тығыз жұмыс істеу.
Команданың сұрақтарына деректер арқылы жауаптарды өз бетінше табу.
Буйырса осы процесстерді орнатқаннан кейін, одан әрі күрделі заттармен айналысамыз! (Causal inference, A/B эксперименттер, метрикаларды болжау және т.б.)

Не білу керек?

Маңызды!!! Менің командамда жұмыс істеу үшін, статистика/ықтималдық теориясының мықты базасы болу керек. Егер сен Junior болсаң да, статистиканы жақсы білсең(мені таңғалдыратындай), мен сені қабылдаймын.

Product/data-аналитик ретінде 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.
Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу (БД, SQL, Python).
Веб-аналитиканың негіздерін білу (Google Analytics, Amplitude, Firebase, Tag Manager, AppsFlyer және т.б.). Кейбіреулерін білмесең, қорқынышты емес.
Өнімдік және бизнес метрикаларын түсіну.
Қосымша плюс болады: ML негіздерін және AB-тестілеу негіздерін білу.

Егер сіз біздің командамыздың бір бөлігі болғыңыз келсе және аналитиканы жаңа деңгейге көтергіңіз келсе, жазыңыздар!

Маған @khan17ds жазып, резюмеңізді сонда жібере аласыз. Сондай-ақ, таныстарыңыз бен бейтаныс адамдарға да осы вакансияны таратуыңызды сұраймын. Рахмет!

#вакансия




Өнімдегі метрикалар

"Егер сіз мұны өлшей алмасаңыз, оны жақсарта алмайсыз" - Питер Друкер.

Питер Друкер, қазіргі заманғы менеджменттің негізін қалаушы, дұрыс айтады: бизнестің жетістікке жету немесе құлдырау жолында екенін түсіну үшін көрсеткіштер қажет. Сіз тек модельдер жасасаңыз да, соңында қандай көрсеткіштерге әсер еткіңіз келетінін түсіну өте маңызды. Бұл, атап айтқанда, сіздің модельдің мақсатты көрсеткіші мен болашақ АВ-тестілеу параметрлеріне байланысты болуы мүмкін.

Бизнестің тиімділігін бағалауға көмектесетін бірнеше маңызды метрикаларды қарастырайық. Қызық үшін Telegram-ды мысалға келтірейік

1️⃣ CAC (Customer Acquisition Cost) - Пайдаланушыны тарту құны
❔"Жаңа клиентті тарту үшін қанша ақша қажет?"
💡 Қажеттілігі: CAC жаңа пайдаланушыларды қосымшаларға тарту үшін маркетингтік шығындардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
🔢 Есептеу әдісі: CAC = (Маркетингтік шығындардың жалпы сомасы / Тартылған клиенттер саны)
🌟 Мысал: Егер Telegram маркетингке $100 000 жұмсап, 10 000 жаңа пайдаланушы тартса, CAC $10 тең болады.

2️⃣ DAU/MAU (Daily Active Users/Monthly Active Users) - Күнделікті/Айлық белсенді пайдаланушылар саны
❔ "Қосымшаны күнделікті/ай сайын қанша пайдаланушы қолданады?"
💡 Қажеттілігі: DAU/MAU қосымшадағы пайдаланушылардың күнделікті/ай сайынғы белсенділігін бағалауға көмектеседі.
🔢 Есептеу әдісі: Бір күндегі/айдағы бірегей белсенді пайдаланушылар санын қосыңыз.
🌟 Мысал: Егер Telegram қосымшасында күніне 50 000 белсенді пайдаланушы және айына 500 000 белсенді пайдаланушы болса, DAU 50 000, ал MAU 500 000 тең болады.

3️⃣ Retention - Пайдаланушыларды ұстап қалу
❔"Пайдаланушылар уақыт өте келе қосымшаны қолдануды жалғастыра ма?"
💡 Қажеттілігі: Retention қосымшаның пайдаланушыларды қаншалықты сәтті ұстап тұрып, олардың белсенділігін сақтайтынын бағалауға көмектеседі.
🔢 Есептеу әдісі: Retention = (Белгілі бір күнде өнімге кірген пайдаланушылар саны / N күн бұрынғы пайдаланушылар саны) 100%
🌟 Мысал: Егер өткен айда Telegram-де 1 000 000 пайдаланушы болса, ал ағымдағы айда - 800 000, онда айлық Retention 80% тең болады.

4️⃣ Churn Rate - Пайдаланушылардың кету коэффициенті
❔"Қосымша пайдаланушыларын қаншалықты тез жоғалтады?"
💡 Қажеттілігі: Churn Rate белгілі бір кезеңде қосымшаны пайдалануды тоқтатқан пайдаланушылардың пайызын көрсетеді.
🔢 Есептеу әдісі: Churn Rate = (Белгілі бір кезеңде қосымшадан кеткен пайдаланушылар саны / Кезеңдегі жалпы пайдаланушылар саны)
100%
🌟 Мысал: Егер айдың басында Telegram-де 1 000 000 пайдаланушы болса, ал 100 000 олардан кеткен болса, онда айдың Churn Rate 10% тең болады.

5️⃣ Конверсия - Нысаналы әрекетті орындаған пайдаланушылардың пайызы
❔Мысалы, "Қосымша пайдаланушыларды клиенттерге қаншалықты жақсы айналдырады?"
💡 Қажеттілігі: Конверсия қосымшаның клиенттерді тарту және ұстап тұру тиімділігін көрсетеді.
🔢 Есептеу әдісі: Конверсия = (Нысаналы әрекетті орындаған пайдаланушылар саны / Жалпы пайдаланушылар саны) 100%
🌟 Мысал: Егер 1000 Telegram пайдаланушысының 100-і белгілі бір әрекетті орындаса, конверсия 10% тең болады.

6️⃣ LTV (Lifetime Value) - Клиенттің өмірлік құны
❔»Клиент бүкіл уақыт ішінде қанша ақша әкеледі?»
💡 Қажеттілігі: LTV өнімнің бір клиенттен барлық серіктестік кезеңінде қанша ақша әкелетінін көрсетеді.
🔢 Есептеу әдісі: LTV = (Белгілі бір кезеңдегі клиенттен алынатын орташа пайда)
(Серіктестіктің орташа ұзақтығы)
🌟 Мысал: Егер орташа есеппен клиент Telegram-ды 2 жыл пайдаланса және осы кезеңде $200 пайда әкелсе, LTV $200 тең болады.


Khan of data & analytics


🎞 Деректер ғылымы, аналитика және деректердің біздің қоғам мен бизнеске әсері тақырыбын қозғайтын бірнеше фильмдер мен деректі фильмдер:

1️⃣ "Moneyball" (Человек, который изменил все, 2011)
Фильм өз командасын жинау үшін статистикалық талдауды қолдануға шешім қабылдаған бейсбол командасының менеджерінің шынайы оқиғасына негізделген. Бұл спортта шешім қабылдау үшін деректерді қалай пайдалануға болатынының тамаша мысалы.

2️⃣ "The Social Dilemma" (Социальное дилемма, 2020)
Әлеуметтік медианың адам мен қоғамға әсерін зерттейтін деректі фильм. Ол технология арқылы жиналған деректердің пайдаланушылардың назарын басқару және олардың мінез-құлқын қалыптастыру үшін қалай пайдаланылатынын ашады.

3️⃣ "The Great Hack" (Cambridge Analytica. Скандальный взлом, 2019)
Бұл деректі фильм Cambridge Analytica жанжалы және оның АҚШ пен Brexit сайлауындағы рөлі туралы баяндайды. Ол әлеуметтік медиа деректерін саяси ықпал мен манипуляция үшін қалай пайдалануға болатынын көрсетеді.

4️⃣ “Coded Bias” (Закодированная предвзятость, 2020)
MIT зерттеушілерінің бет-әлпетті тану алгоритмдеріндегі нәсілдік бейімділік туралы таңқаларлық жаңалығы туралы әңгіме.

5️⃣ "Data Science Pioneers: Conquering the Next Frontier" (Первопроходцы Data Science: Завоевание нового рубежа, 2019)
Деректер құндылығы артып келе жатқан дәуірде, деректер ғалымдарының алдында тұрған этикалық және кәсіби қиындықтарды зерттейтін деректі фильм.

Бұл фильмдер ақпараттандырумен қатар, қазіргі әлемдегі деректердің рөлі туралы, сондай-ақ аналитика мен Data Science бизнестегі, саясаттағы және қоғамдық өмірдегі шешімдерге тигізетін әсері туралы ойлауға азық береді.

Khan of data & analytics


💎Жалпы өзім соңғы 3-4 жылда Product Analyst (яғни өнім талдаушысы, оған дейін data scientist (ML) болған едім) саласында істегесін, маңыздылығын айта кету жөн болар.

Өнім талдаушысы - оның рөлі қандай және ол неге соншалықты маңызды?

Өнім талдаушысы 📊 - өнімнің көзі 👀.

Ол өсу нүктелерін табады, деректердегі инсайттарды ашып, өнімдегі проблемалық жерлерді анықтайды.

Өнім менеджерімен синергияда жұмыс істей отырып, гипотезалардың өнімге және оның көрсеткіштеріне қосқан үлесін тексеруге және бағалауға көмектеседі.

Ол өнімдегі жаңа функционалдылықты аналитикалық оқиғалармен белгілейді.

А/Б тест жүргізу үшін қажет нәрсенің бәрін дайындайды, оларды жүргізеді, нәтижелерін зерттейді және келесі итерациялар үшін ұсыныстар береді.

Сонымен қатар, ол команданың және бүкіл өнімнің метрикаларын бақылайды, проблемалар туралы хабарлайды және ақауларды жою кезінде олардың себептерін көрсетеді.

Яғни бизнес пен деректердің арасындағы көпір десе болады 🚀




Сәлем Достар!

Жалпы қазақ IT-нің дамуына үлес қосу үшін, митаптар сериясын жасауға бел байладық.

Соған орай бірінші Qazaq Tech Meetup - 24 ақпанда болатын болды. Өз саласындағы білікті мамандардың пайдалы және қызықты баяндамаларын тыңдай аласыз.

Барлық ақпаратпен және спикерлермен төмендегі телеграм каналында немесе инстаграм парақшасында танысуға болады!

Қолдап немесе кімге қызықты болады деген адамдарға таратуларыңызды сұраймыз!

https://t.me/qazaqtech/3

https://www.instagram.com/qazaqtech.meetup?igsh=MWJ1aWhzdTQ0cHV1OA==


Сіздердің көпшілігіңіз Симпсон парадоксын білмеуіңіз мүмкін, бірақ оны түсіну өте маңызды — ол деректерді түсіндіруде абай болуға үйретеді.

Симпсон парадоксы деректер топтарының жеке талдауы бір тәуелділікті көрсетіп, бірақ бұл топтардың деректері біріктірілген кезде түбегейлі қарама-қарсы тенденция анықталады.

Мысалы, IOS және Android жүйесінде конверсияны есептесек жеке-жеке артып, ал егер сіз ұялы телефонның жалпы конверсиясын көрсеңіз, ол төмендеуі мүмкін.

Осындай деректерді түсіндіру кезінде, қателікке ұшырамас үшін: себеп-салдарлық байланысты іздеп және талдау топтарын дұрыс зерттеу керек. Бұл жай ғана жалпыланған тұжырымдарды сенімге қабылдаудан гөрі, деректерді мұқият бөлуді және талдауды қажет етеді.

Есіңізде болсын: корреляция әрқашан себептілікті білдірмейді.


🤖🇰🇿 Мынандай қазақша ChatGPT бар екен, мүмкін пайдалы болар
https://qazgpt.kz


⚜️ Статистикадан қызықты фактілер

⚡️“Көпшіліктің даналығы”⚡️

1906 жылы Плимут қаласының ауыл жәрмеңкесінде мынандай оқиға болды. Сойылған өгіздің салмағын болжайтын жарысқа 800 адам қатысты. Әр түрлі сандар аталды және ешкім нақты салмақты таппады. Бұл жарыс туралы статистик Фрэнсис Гальтон естіп, қызығушылықтан ол барлық нұсқалардың медианасын санап, нәтижесінде 547 кг шығарады. Ал өгіздің нақты салмағы 543 кг болды, яғни ұжымдық қателік 1% - дан аз болды. Бұл ғалымды қатты таң қалдырғаны соншалық, сол құбылысты зерттеуді жалғастырды.

Нәтижесінде параметрлерді немесе кез-келген заттардың санын бағалаудағы ұқсас дәлдік әртүрлі елдердегі эксперименттерде бірнеше рет байқалды. Бұл статистикалық құбылысқа "көпшіліктің даналығы" деген атау берілген болатын.


💎Жалпы ықтималдықтар теориясы мен статистиканың маңыздылығын жазған болатынмын. Дегенмен көбісі университетте дұрыс өтпегесін, маңыздылығына қатты мән бермейді. Қазір жалпы деректермен айналысатын мамандар мен аналитиктердің бір-бірінен проффесионалды артықшылығы статистиканы білуінде бірде бір себеп. Себебі нәтижені дұрыс түсіндіру, себеп салдарлық байланысты табу - бұл таза статистика. Жалпы статистиканың негіздерін және қызықты да, пайдалы заттарды осы жерде көптеп жазуға тырысамын. Ал әзірше бар курстарды қарауларыңызға болад.
1️⃣ Статистика негіздері бойынша қазақша курс https://openu.kz/kz/courses/statistika
2️⃣ Біздің қазақша курсымызда ықтималдық теориясын қарауға болады, біраздан соң статистиканы қосармыз: https://stepik.org/course/127965/syllabus
3️⃣https://stepik.org/course/76/syllabus - статистика негіздері бойынша орысша керемет курс (3 бөлімі бар)
4️⃣https://stepik.org/course/3089/syllabus - ықтималдық теориясы бойынша орысша курс
5️⃣https://www.udacity.com/course/intro-to-descriptive-statistics--ud827 , https://www.udacity.com/course/intro-to-inferential-statistics--ud201 - ағылшын тілінде жақсы курстар

#курстар


👑Бір елде патша өзінің 100 данышпан адамын шақырып алып, оларға мынаны жариялады:
Ертең олардың барлығын бір бағанға тізіп, көздерін байлайды. Содан кейін әрқайсының басына кейдейсоқ(рандомна) ақ немесе қара түсті қалпақ кигізіп, кейін көздерін шешеді. Кез келген данышпан алдында тұрған адамның қалпағының түсін көре алады, бірақ өзінікін және артындағы адамдардың қалпақтарын көре алмайды. Бағандағы әрбір адамға соңынан бастап сұрақ қойылады: Сіздің қалпағыңыздың түсі қандай?
Данышпан дұрыс жауап берсе, тірі қалады. Егер дұрыс жауап бермесе, онда ол данышпан болуға лайық емес және ол өлім жазасына кесіледі.
Олардың көпшілігінің аман қалуы үшін данышпандар қандай стратегияны таңдауы керек? Оларға ойлануға бір түн беріледі.

#есептер


Жалпы деректер мамандары, көбінесе python 🐍 - бағдарламалау тілін қолданады. Қазіргі таңда ең танымал тіл болып табылады. Өте ыңғайлы және қарапайымдылығы жұмысты жеңілдетеді.
Қай жерде үйренуге болады
1️⃣ Біздің курста python блогын қарап көруге болады. Және youtube-та қазақша 15 сабакты өтуге болады https://www.youtube.com/watch?v=zrkKXrbUrZ0&list=PLsmhhvHImNQG01RZoAAVnefa78Zoe78LI
2️⃣ Өзім кезінде осы жерде үйренген болатынмын https://pythontutor.ru/
3️⃣ https://stepik.org/course/58852/promo, https://stepik.org/course/67/syllabus - осындай жақсы курстар бар
4️⃣https://py.checkio.org/ - ойын арқылы үйренуге болатын курс

#курстар

20 last posts shown.