Daguat Media


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Құрметті мұсылман бауырлар!
Каналымыз жайлы достарыңызға айта жүріңіздер. Олар да тіркеліп, білімдері артсын, барынша көп бауырларымызға пайдамыз тисін!
@korkem_daguat

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter




Раббым, таң намазым қаза болмайтын тағдыр берші маған.

Раббым, осы жылы анама "уфф" демейтін тағдыр берші маған.

Раббым, осы жыл бойы біреу  менен қарыз сұрап келсе "Мә, алағой" дейтін жүрек берші маған.

Раббым, бала-шағама дұрыс тәрбие беретін тағдыр берші маған, көңіл бөлмеппін мен оларға.

Раббым,туысқандық байланысымды реттеп алатын тағдыр берші маған.

Раббым, түңгі намаздарымды Тәхәджуд оқитын тағдыр берші маған.

Осы үшін келген Қадір түні.
Уайымың жүрегіңізде күшті болсын, сол уайыммен жазылады тағдырыңыз.

© Ұстаз Ерлан Ақатаев


🎧Қадір түнін қалай өткізем?
👤Ұстаз Ерлан Ақатаев




"Қош келдің, Рамазан🤍

Жыл бойына нәпсіге ерген, дүниелікке жетемін деп асыққан, шатасқан, адасқан, шалдыққан, шалыс басқан, жараланған, жылаған пенденің бір жұдырық жұмыр еті жазылу үшін, тыным табу үшін Алланың нығмет еткен, ұлық болған әр күнін аңсап, керек етеді. Жаратқан Ием, осы бір қасиетті айды бір Өзіңнің разылығың үшін өткізуді нәсіп ете көр. Сауабы тек екеуміздің арамызда болғанындай, амалдарымды да тек екеуміздің арамызда ете көр!"






Forward from: Абылай Кенжалы
Көптеген бауырлар “қарызға кіріп кеттім, отбасымда осындай проблемалар болып кетті” тағысын тағы проблемаларын айтып келеді.

Себебін анықтап қарасаң, сол жағдайлар орын алудан 1-2 ай бұрын намаздарына селқос қараған болып шығады. Проблемалар басталған кезде мүлде намаздарын тастап кеткен.

Құрметті бауыр, намазды қоя тұрып, проблеманы ешқашан шеше алмайсың. Намазыңа бекем бол, сол кезде барып проблемаларыңды шешіле бастайды.

«Намазыңа бекем болсаң, ризық күтпеген жерден келе береді».

[Тәфсир ибн Кәсир📚]

#өл_тіріл_намазға_бекем_бол




Дұға: Менің қиямет күніне дейінгі ұрпағымды тура жолды ұстанушылардан ете гөр🤲


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Forward from: Ерлан Ақатаев
+ 7 700 820 06 06 Миғраж Travel


Forward from: [AL] About Languages & IR
Басыңа қандай да бір қиындық туғанда, өзіңнің Құдаймен байланысыңа қарау керек…

Шынында бір тұстарда кем кетіп жатқаныңды байқай аласың. Адам өзін жақсы біледі ғой, бірақ проблема - қателіктерімізді мойындай алмаудан бастау алады.

Қателікті мойындаудың өзі - Алла Тағаланың құлына жасап жатқан мейірімі.


“Аллаһ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүміндер бір - біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді.  (Адамның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады», – деп айтты» – делінген.

(Бухари)

Палестинадағы қынадай қырылып, қатты қиналып жатқан мұсылман бауырларымыз үшін дұғада болайық, бауырлар.

#дұға


☪️ «Расында сендер үшін, Алланы да, ақырет күнін де үміт еткендер мен Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем үлгі-өнегелер бар»

📖 «Ахзаб» сүресі, 21-аят.

🤲 Жұма мүбәрак болсын!




☪️ «Бұлар Алланың қойған шектері. Кім Аллаға және Елшісіне бой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Зор табыс осы».

📖 «Ниса» сүресі, 13-аят.

🤲 Жұма мүбәрак болсын!




Forward from: Ерлан Ақатаев
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Баршаңызға Алланың рахымы Мейірімі болсын, отбасыңызға Алла берекет берсін, Мейірім қорының 52 ші Баспанасы құтты болсын


Артық сөйлемеу.

Ұстаз Ерлан Ақатаев

20 last posts shown.