Күнделікті зікірлер📿


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


"Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын" (Бақара,152)

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Ислам ғұламалары қасиетті Қадір түнін төмендегіше атқаруды үндейді:
___
📿Бірінішіден, бұл түнде Алланың ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек.
___
📖Екіншіден, Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінуге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуы тиіс.
__
🤲Үшіншіден, Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үммбетінен болғанымызды саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт.
__
📚Төртіншіден, Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең  тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуыға тиістіміз.
___
🔊Бесіншіден, Қадір кешінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағұлмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру  керек. Әсіресе, адам өз өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.
_
🕌Алтыншыдан, Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақсынып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт.
____
📿Жетіншіден, Алланы зікір етіп, тефеккур (терең жақсы ойлану) етіп, Алланы еске алғаннан жүрек тынышталады.
__
🤲Сегізіншіден, жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға адамды Ұлы Жартушыға жақындататын дәнекер десек болады. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр»
_
📃Тоғызыншыдан, Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз.
_
❗Оныншыдан, Бұл Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл исі бүтін мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеуіміз керек. Қадір түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.

Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде тілеген тілектеріміз бен құлшылықтарымызды Алла Тағала қабыл еткей!🤲




Ассаляму алайкум уа рохматуЛлахи уа баракатух! Кіріп келген қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын! Ұстаған оразаларыңызды Алла қабыл етсін. Осы қасиетті айды баршамызға құлшылық ғибадатпен, зікір, Құран оқу, дұғамен өткізуді нәсіп етсін!🤲🏻🥰


📿 Кімде-кім осы дұғаны таң және ақшам намаздарынан кейін 7 рет оқитын болса, тозақ азабынан қорғалған болады

اللهم أجرني من النار

Оқылуы: "Аллаһумма аджирнии минан нар".

(Әбу Дәуіт)


“Алланы көп зікір еткен шипа табады, ал адамды көп ғайбат еткен дерт табады”

Хазреті Омар (р.а)


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


🤲 Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

رضيت بالله ربا و با لا سلام دينا و بمحمد رسولا

Оқылуы: " Радыйту билләһи раббан уә бил ислами динән уә би Мухаммадин росулән" десе,

Жәннатқа кіруі уәжіп(міндет) болады.

(Әбу Дәут, Нәсаи)


Forward from: Құран сүрелері
🔹️Аятул-Курси ерекше көп оқылатын аят

🔹️Бұл аяттың
▪︎түрлі апаттардан сақтаушы,
▪︎бәле-жаладан,
▪︎қайғы-мұңнан арылтушы,
▪︎ризықтың берекесіне жеткізуші
▪︎азғырынды шайтандарды аластаушы
қасиеттері бар. Аятул-Курсидің артықшылығын баяндайтын мынадай хадистер бар.👇

Пайғамбарымыз (саллялаһу алейһи уа сәлям): «Бақара сүресінде Құран аяттарының төресі бар, оны қайсыбір үйде оқыса, ол жерден шайтан қашып шығады, ол – Аятул-Курси», – деген (Хаким мен Бәйһақи риуаят еткен хадис).

🌱Аятул-Курси – Бақара сүресінің 255-аяты.أَعُوذُ بِاللهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ ﴿اللّهُ لاَ إِلَـهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ﴾.

#Оқылуы:  Әъуузу билләәһи минәш-шайтаанир-ражиим. «Аллааһу ләә иләәһә иллә һуал-хаййул-қаййуум, ләә тә’хузуһу синәту-уәләә нәум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уәмәә фил-‘ард, мәң зәлләзи йәшфәъу ъиндәһу иллә би’изниһ, йәъләму мәә бәйнә әйдииһим уә мәә халфаһум, уә ләә йухиитуунә бишәй’им-мин ъилмиһи иләә бимәә шәә’ә, уасиъа курсийуһус-сәмәәуәәти уәл-‘арда, уә ләә йә’удуһу хифзуһума уа һуал-ъалийул-ъазиим».

#Қазақша мағына-түсінігі: «Алла, Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы қалғымайды да ұйықтамайды да. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның хұзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Оның қалауынсыз басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған ол екеуін қорғау да ауыр келмейді. Және Ол өте биік, аса зор».

@iman.nury_kz


Forward from: Құран сүрелері
Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Аятул Курсидің қасиеті

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады:

"Кімде кім парыз намаздарынан кейін Аятул Курсиді оқитын болса, оның жәннатқа кіруіне тек қана өлім кедергі болады.

Кімде кім оны жатарда оқитын болса , Аллаһ оған өз үйі, көршісінің үйі және айналасындағы үйлер жайында қауіпсіздік(амандық) береді" (Байһақи).


📿 Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күш жігеріміз жетпейтін жағдайларда оқуға кеңес берген зікірі

حسبي الله ونعم الوكيل

Оқылуы : "Хасбиаллаһу уә ниғмәл уәкиил"

(Әбу Дәут)


Тот, кто просить у Аллаха прощения и кается перед Ним, не познает печали и не будет несчастным.

Тот, кто часто поминает Аллаха, не будет небрежным и неблагодарным.

Тот, кто молиться за своего брата-мусульманина, не будет скупым и завистливым.

Тот, кто расходует свое имущество на пути Аллаха, не будет бедным!


📿 Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді:  " Екі сөз бар. Тілге жеңіл, таразыда ауыр және Аллаһ тағалаға ұнамды".

سبحان الله و بحمده  سبحان الله العظيم

Оқылуы: "Субханаллаһи уә бихамдиһи. Субханаллаһил ъазим"

Аллаһ тағала бұл зікірді ерекше құлдары үшін таңдаған.

(Бұхари, Муслим)


🕊️Дұға еткенге жауап беруші, сұрағанға нәсіп етуші, сыйынғанды панасына алушы Алла тағалаға «Уа, Раббым, Сен жек көргенді ешкім асқақтата алмайды, ал Сен дос болған адамды ешкім де төмендете алмайды» деп қанша жалбарынсақ та артық емес. Алла тағаламен байланысымыз неғұрлым тереңдеген сайын, соғұрлым дәрежеміз жоғарылай бермек. Сірә, мұсылман үшін бұдан артық табыс та, жеңіс те жоқ шығар?!


♦️«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир».

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) Билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық, әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді»

(Бұл сөздерді күнделікті таңертең 100 рет қайталау керек немесе адамды жалқаулық басқан кезде 1 рет айту керек).

Оларды күні бойы жүз рет айтқан адам он құлды босатқанмен тең болады және оған жүз iзгiлiктi істер жазылып, ал жазылған жүз жаман істері өшіріледі. Бұл сөздер оған күні бойы кешке дейін шайтаннан қалқан болады, әрі оларды жүз реттен көбірек қайталаған адамды санамағанда, ешкім осыдан лайықтырақ іс істей алмайды». (Бұхари)


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


📿 Аллаһ Тағаланың ең жақсы көретін зікірі

سبحان الله و بحمده

Оқылуы: "Субханаллаһи уә бихамдиһи".

Кімде-кім күніне 100 рет айтатын болса, күнәлары теңіз бетіндегі көбіктердей көп болса да кешіріледі.

(Бұхари, Муслим)




Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram

20 last posts shown.