KazTech


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Technologies


KazTech - IT және технологиялар туралы қазақша арна.
Барлық сұрақтар бойынша - @fafnirdragon

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


> Обработка только на устройстве

Немесе, on-device AI. Көптеген функциялар істе істемейді бұл режимде. Оның ішінде – ЖИ-фоторедактор және текстті мазмұндау / стилін өзгерту.

#GalaxyAI
———
@kz_tech
@kztech_chat


Айтпақшы, жазылым арқылы жұмыс туралы айта кетсем - мен оған қарсы емеспін, өйткені дәл қазір ЖИ жақсы жұмыс істейді екен текстпен. Егер жазылым жасайтын кезінде одан ары дамыса, және қазақ тілін қолдаса - жазыламын-ау деймін өзім.

Бірақ бір жағынан смартфонның құны да арзан емес қой, мүмкін S серия қолданушыларына тегін жасап қойса, типа премиум қолданушы деп а? 😊

Ал сіздер қалай ойлайсыздар?


Samsung Galaxy S24 Ultra / Galaxy AI - толық репорт. Бұл серия бойынша бірнеше пост шығады - әр аспектті қамту үшін.

Galaxy AI смартфонның қай функцияларында қолданылады? 👇
Ұялы қоңыраулар. AI арқылы speech-to-text, дауыс (сөйлеу) фокусы, және AI арқылы автоматты түрде жауап беру;
Studio / Сурет өңдеу. AI арқылы суреттен керек емес заттарды алып тастау (Шыны керек S21 Ultra-дан бері бұл функция on-device нативті жұмыс істейді), slow-mo видео жасау кәдімгі видеодан;
Samsung Notes / Samsung Browser. Веб-парақша немесе заметка жайлы қысқаша түсіндірме жазу. Заметкада тек бөліктермен ғана жасауға болады.
Video Call Effects. WhatsApp, Telegram, Facebook, Zoom, т.б. бейне қоңырау шалу қолданбаларында қосымша видеопроцессинг. Яғни, сіздің бетіңізді әдемі қылады, артыңыздағы фонды алып, сурет қояды, немесе блюр жасайды. Шыны керек бұл функция Google Meet пен Zoom-ға нативті түрде кіріктірілген, ал барлық қолданбаларға арнап оны Samsung сонау Galaxy S20 кезінде шығарған-ау деймін. Өйткені S21 Ultra-да бұл функция бар.
Samsung Keyboard. Текст стилін өзгерту (ауызекі, ресми, т.б), орфографиялық қателерді түзеу, грамматикалық қателерді түзеу.
Voice Recorder. Speech-to-text + қысқаша тезистерге бөлу;
Аудармашы. Сізге қоңырау шалған адам, мысалыға, кәріс пе? Онда оның айтқанын аудармашы шынайы уақыт режимінде сізге түсінікті тілге аударып, дыбыстап тұрады. Және наоборот.

Ал енді, шыны керек - осы функциялардың 90% ескі (хей, ондай қатты ескі емес қой 😆) Samsung девайстарында бар. Олар - фотодан заттарды өшіру, speech-to-text, video call effects. Ал жаңа апдейт S23 пен Tab S9 сериясына осы функцияларды толық жеткізеді.

Постты жазу уақытында бұл функциялар қазақ тілін қолдамайды. Ал егер соңғы жаңалықтарға сенсек, Galaxy AI функционалы келесі жылда жазылым бойынша, яғни ақылы жұмыс істейтін болады дейді.

#Samsung / #GalaxyAI / #Шолу
———
@kz_tech
@kztech_chat


Айтпақшы Samsung орталықтарында қорғаныш пленкаларын сатады официалды

Өздері қоймайды екен, үйге барып удостверениемен мыжып қоямыз енді, инструкциямын оқып)

#samsung
———
@kz_tech
@kztech_chat


Так осы постты жалғастырсақ...

Енді админ өзі S24 Ultra-ны сатып алып, жазып отыр осы постты.

Жалпы, сатып алған себебім - бұрынғы S23 Ultra-ны қайтардым өздеріне гарантия бойынша, заводской брак болып.

Ақпан айының басында шыққан жүйелік жаңарту S23U-ның дисплейін құртты - күйіктер пайда болып кетті. Жай күйік емес, бүкіл экран бойынша ғой. Соны өткіздім өздеріне, олар боса, тағы ақша қосып S24U ала салмайсыз ба деп еді - ала салдым. Оған қасына Galaxy Watch 6 берді ғой сыйлыққа - неге алмасқа.


Жалпы, S24 Ultra - шыны керек, мықтырақ екен. Өз сөзімді қайта аламын. Жалпақ экран жаман көрінеді ме десем, жоқ, нормально көрінеді екен. Бірақ Waterfall эффект мықтырақ еді.

S Pen жеңілірек болды. Және жалпы сонымен жұмыс более удобный болды.

50MP 5x Optical Zoom - S23U-ның 10х оптикалық зумымен ПОЧТИ тең екен. Сәл пәл ғана қалып қалады S24U.

Galaxy AI бар - ол туралы онша ештеме айта алмаспын, толықтай тестілемедім.

Бірақ S23U-дан кейін, өз басым, кәдімгідей разницаны сезіп тұрмын.

#шолу / #S24Ultra
———
@kz_tech
@kztech_chat


OpenAI Sora-ны шығарды - бұл бейнероликтерді генерациялауға арналған нейрожелі.

Иә, барлық телеграм арналар осы туралы айтып қойған шығар, бірақ біз де айтарымызды қоса кетейік.

Шыны керек Sora - жай ғана нейрожелі емес. Бұл қиын әрі күрделі құрастылған үлкен бір жүйе - өйткені жасалған видеоларды көрсек - жарық түсуінің, оның шағылысуының, одан басқа объектілер орналасуына қарасақ - 3D движокқа ұқсайды. Яғни ЖИ арқылы біз ПОЧТИ рейтрейсинг деңгейіне жетіп отырмыз ғой. Сәл пәл уақыт өтсін - оны да қатыратын болайын деп тұр ғой Sora. Жалпы оны ғана емес, кәдімгі Midjourney секілді түрлі артефактілерді де жояйын деп тұр ғой.

Жалпы күшті жаңалық негізі. Бірақ оның жаман жағы да болады әлі. Фейктерді жасау мен түрлі алаяқтарды қарапайым халықты алдауға көмектесе алады мысалыға, осы Sora. ElevenLabs арқылы синтез речи жасасақ, ал Sora арқылы шынайы көрінетін бейнероликті жасап біріктіре салсақ - міне нағыз фейк.

#ЖИ / #sora
———
@kz_tech
@kztech_chat


Windows-ке енді sudo шықты. BSD-де бұл 44 жыл бұрын жасалып болып, әлі де қолданыста.

Ну былай қарасақ, удобный зат. Run
As Administrator деген опцияны қолданбай-ақ, жоғарғы привилегиялардағы командаларға арқылы қол жетеміз.

#windows
———
@kz_tech
@kztech_chat


Video is unavailable for watching
Show in Telegram




Негізі көбірек және толықтыра жазар едім, бірақ Қазақстанда шыққанын күте тұрайын, техника дүкеніне апарып қойғанын) Сол жерде шұқылап, ұстап көргеннен кейін толығырақ жазамын 🤡


Samsung Galaxy S24 Ultra және Galaxy AI. Бірінші көзқарас.

TL;DR – Егер Galaxy S23 Ultra смартфонының иесі болсаңыз, S24 Ultra-ға көшпей-ақ қойыңыз. S23 Ultra одан жақсырақ.

Ең ұнамаған зат S24 Ultra-да бұл – жайық экран. Яғни, майысқан экран емес. Жалпы білмеймін неге кейбір адамдар майысқан экранді жақтырмайды екенін, бірақ былай ұстасаңыз майысқан экрандар жайық экрандарға қарағанда мың есе қолда жақсырақ ұсталады.

Жалпы, несі жақсырақ делік, S24U-дің S23U-дан?
1) Чип. Snapdragon 8 Gen 3. Негізі жалпы орташа баллы 11-балға жоғары, Gen 2-ден.
2) Камералар. Маған сәл үлкенірек болып көрінді камералары. Бірақ айта кетсек, енді стабилазация мықтырақ, және де 5X 50MP зум бар. Негізі, 50MP 5X zoom + Digital 10X, S23 Ultra-дағы оптикалық зуммен бірдей болады.
3) Galaxy AI, хотя, менің ойымша оны S23-ке де әкеледі соңынан, бытшытын шығарса да.

Экран - баяғы сол қалпы, өзгеріс жоқ.

Galaxy AI - бұл не?
On-device жұмыс істейтін ассистентіңіз. NPU арқасында сізге текстті перефразировать етіп бере алады, Аудионы тексте және наоборот жасай алады. Әзірше  орыс тілі жұмыс істейді, қазақ тілін қолдамайды. Видеоларды жасау, альбомдармен көмектесу функциялары бар, фон ауыстыру тоже бар. Жалпы былай жаман емес, бірақ "прям" мықты емес. Мен S23 Ultra-да LLAMA 2B деген модельді on-device қосқанмын, әрбір ответті 1-2 минут бойы генерацияласа да)

Спецификациямен толық танысқыңыз келсе – https://www.theverge.com/2024/1/17/24040715/samsung-galaxy-s24-ultra-specs-price-ai

Бұған қоса, +100$ қымбатырақ, S23U-ге қарағанда.

Жалпы ойындарда да мықты нәтижелер көрсетеді S24U + рейтрейсингті де жыртады дейді. Бірақ өз басым маған бұл қызық емес, телефонда ойын ойнамаймын, ол үшін PlayStation бар.

#технологиялар / #samsung / #ai
———
@kz_tech
@kztech_chat


Биткойнның курсы ұшты 👍👍👍

Видеокарталар дефицитін күтеміз енді.
Еее ана адамдар қалай болды екен, биткойн құнсызданып кеткен кезде сатып жіберген 😂?

#bitcoin
———
@kz_tech
@kztech_chat


Тупо біз ғой)


Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Жалпы не десек болады, ары қарай өркендей берейік, қазақ елі!

Арна бойынша ешқандай жылдық статистика салмаймын, бірақ былай жазып кетейін - кім арнада қалды, соған рақмет, иә, қол тимей контентті де аз салдым. Ал кім шығып кетті - ол жасағаны да дұрыс болды негізі, лишний мусор болып тұрғанша осы арна.

Келесі жылы енді, кем дегенде 2-3 күн сайын посттар жариялап отырамыз 😁

Ал енді, өзім болсам Resident Evil 4 Remake ойнап қарсы алайын деп отырмын. Сіздерде қалай жаңа жыл өтіп жатыр?

#жаңажыл
———
@kz_tech
@kztech_chat


Әрине мықты —
5 Peer, және міне, 271Mbps жылдамдық. Шынайы жылдамдық, ұялы байланыс арқылы. WiFi, маршрутизатор емес.


5G-іміз мықты ғой, Қазақстанда 😁


Қазіргі таңда, біздің еліміздің қалаларының көп жерлерінде белсенді түрде 5G желі стандарты енгізілуде.

Сонымен, 5G бізге не береді? TELE2, Activ, KCell, Beeline, Kazakhtelecom JSC былай дейді:
– Ойындардағы өте төмен ping;
– FullHD / 4k видеоларды оңай түрде ағымда көру/жіберу (стриминг);
– Өте тез жүктеу/салу жылдамдығы.

Бірақ че-та әзірше мүлдем бұлай емес сияқты мәселе.

5G-ді негізі қолданып көрдім, Алматы қаласында. Нәтижелер (Activ/Galaxy S23 Ultra):
- Dostyk Plaza: 440Mbps D / 120Mbps U;
- FORUM Almaty: 590Mbps D / 240Mbps U;
- Үй жағымда (Абай д-ғылы): 130Mbps D / 40Mbps U;
D - жүктеу жылдамдығы, U - интернетке жүктеу жылдамдығы.

Бірәқ нағыз тесттерде (қолданба жүктегенде, онлайн ойын, т.б) өзін басқаша көрсетті - иә, жаманырақ нәтижелер (FORUM Almaty):
— Ойын жүктеу, Play Store, 2GB: 5мин;
— Ping, Genshin Impact, EU Server: 160;
— Видеолар: 100/100. Барлығы тез. Бірақ шыны керек үйде де 4G/LTE дәл солай тартады :);
— Torrent: 4G-дан мықтырақ, бірақ бұл енді Seeder-лер мен Peer-лерге байланысты.

Ал, енді тағы да сол ALTEL, Activ-терден жарнамаларын көріп жатсам, 5G SIM роутерлерді сата бастапты. Бағалары 60-80k KZT (қазір акциямен, 32k, 15 қаңтарға дейін, 2024ж), сондай, ал 1Gbps-ке дейінгі жылдамдықты уәде етеді екен.

Бірақ сол 5G роутерді алуға стоит па деймін де. Өйткені, менде қазір ALTEL 4G (Huawei) CPE Cat60 WiFi SIM тұр, максималды жылдамдық - 300Mbps, 4G LTE, және 64 құрылғыға дейін қолдайды.

Бұл роутерге 2 IP Камера, 1 PS5 (Ethernet) және басқа да құрылғылар жалғанған. Және соның өзінде, біреу фильм көріп жатса, ал PS5 мысалыға RDR2 жүктеп жатса да, 2-3 сағат ішінде жүктеп береді ана ойынды (117ГБ). Ал Genshin Impact-та 123-98 ping болып тұрады. Тіпті GTA Online-ге де осы ping жетеді.

Сонда, 5G роутерге ауысуға тұрарлық па деп ойлайсыз ба? Ойларыңызды пост астындағы пікірлерге жазып кетіңіз. Бірге талқылайық!

#роутерлер
———
@kz_tech
@kztech_chat


Тағы қоса кететін жайт

Android 13 көптеген ескі Android қолданбаларын қолдамайды, және ашпайды, ол тұғыры APK файлдан орнатпай қояды.

Android 14-те ескі қолданбаларды қолдау функциясы жұмыс істейді. Сондықтан жаңартылған жөн.


Samsung Galaxy S8+ 12MP



20 last posts shown.