Қазақша кітаптар


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter




Мария Колесникова, Михаил Колесников - Рихард Зорге

Бұл кітапта тамаша совет барлаушысы, коммунист, интернационалист Рихард Зорге (1895-1944) мен оның серіктері туралы әңгіме болады. Ал хикая негізінен Р. Зоргенің барлаудағы істерін, оның Қытайдағы, Жапониядағы қызметін көрсетуге арналған. Оның өмірбаянында белгісіз болып келген бірқатар жаңа деректер келтірілген.




Нағашыбек Қапалбекұлы - Көз




Жанат Әскербекқызы - Сакура гүлдегенде

Жапон поэзиясы көне дәуірлерден бастау алған өзіндік ерекше пішінімен, мазмұнымен, бөлекше дәстүрімен әлемге танылды. Бұл жинаққа кешегі он жетінші ғасырға дейінгі жапон ақындарының өлеңдері енгізілді. Тақуа ақын, бес жолдық танканың майталманы Сайгё, үш жолдан ғана тұратын хайку шебері Басё жырлары қазақ оқырманын да қызықтырады деп сенеміз.


Көңілдің шаттығын арттырып, қуаныш сыйлайтын ұлттық мерекеміз әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір жасыңызбен! Жаңа жыл ырыс-ынтымағымен келсін! Ақ мол болып, бәле-жала жерге енсін!

https://t.me/kzkitap




Марат Нұрпейісов - Шұғыл шешім

Марат Нұрпейісовтың «Шұғыл шешім» атты сықақ әңгімелер жинағына күнделікті өмірдің кейбір күлкілі жайттарын тілге тиек еткен бірнеше туындылары енген. Автор адам бойына жүре бітетін менмендік секілді кеселді мінез бен туа бітетін салғырттық әдетті уытты тілмен сыпайы ғана сынға алады, сынай отырып еріксіз езу тартқызады.


Сыйла әйелді жоғарыдан орын бер,
Көтер оның мерейі мен беделін.
Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,
Өз анаңды мәңгі құрметтегенің. –

деп Тұманбай ақын жазғандай, барлық қыз-келіншектерді, апа-қарындастарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз. Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңіз қуаныштан арылмасын.




Фантастикалық Америка әфсанасы.

Орыс тілінен аударған Абдул-Хамид Мархабаев

Фантастика атасы атанған америка қиялгep-жазушылары – А.Азимов, П.Андерсон, Ф.Браун, С.Брэдберн т.б. шығармаларында ғарыштық ғажайып оқиғаларға құрылған сюжеттер, қызықты фабулалар, детективтік сипат басым. Оқырмандардың назарын өз қаһармандарының ішкі жан дүниесіне енгізуге талпынады, кеңістік пен кейіпкер арасы тығыз байланыста қамтылып, қаламгер қиялы арқылы саралауға түсіп, зерделенеді. Көркем шығармаларға арқау болған фантастикалық оқиғалар әр қаламгердің шығармашылық ерекшелігін көрсетеді.
Қазақтың белгілі фантаст жазушысы Абдул-Хамид Мархабаевтың тәржімасымен беріліп отырған бұл жинақ қазақ оқырмандарының жүрегіне жол табары сөзсіз.




Әмзе Қалмырзаұлы - Ауыс адам жасырған құпия

Шымкент қаласында тұратын жас жазушы Ә. Қалмырзаевтың бұл кітабы өнер адамдарының қиын да аянышты тағдыры, кенеп бетіндегі тілсіз кескіндердің арман-мұңы, тіршіліктің, қоғамның қарама-қайшылықтары дамуы туралы десек жаңылыспаймыз. Шындығында, көз аясына ғана сыйып тұрған дүние – мың түспен құбылған көрініс, белгілі болмыстың бүтін білімі. Сондықтан осынау көркем дүниеде әдеттегідей кейіпкерлер мен оқиғалар тартысы жоқ. Оның есесіне күрделі құбылыстарды айқындайтын тұңғиық ойлар тасқыны алапат сезімдермен араласа жарыққа шыққан.




Досан Баймолда - Еуропадағы қазақтар

Бұл зерттеу кітапта қазақтардың Еуропа елдеріне қоныстану тарихы, сондағы қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері және бүгінгі тұрмыс тіршіліктері, кездесіп отырған кейбір рухани-әлеуметтік қиындықтар жайы сөз болады. Кітап автордың «Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдардағы жинаған мұрағат құжаттары және Еуропада тұрып жатқан қазақтар арасында өткізген сауалнама мен көптеген сұхбат материалдары негізінде жазылған. Кітап диаспора тарихына қызығушылар мен оны зерттеушілерге арналған.




Әміржан Әлпейісов - Мұрат

Роман – эссе

Жазушы Әміржан Қайырұлы Әлпейісов - Ақмола облысының Ерейментау ауданына қарасты Бестөбе кенішінде туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің иегері. Жазушының бұл туындысында мәдениеттанушы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің өскен ортасы, “Жас тұлпар” ұйымындағы қызметі, заман, қоғам, болашақ туралы ой-толғаныстары үлкен тебіреніспен баяндалған. Мұрат Мұхтарұлының пассионарлық тұлғасы бар қырынан ашып көрсетілген.




Азамат Қаламгер - Новеллалар

Аудармалар

Новеллаларында: сатқындық, дүниеқоңыздық, екіжүзділік, кедейшілік, мансапқұмарлық, кек, жалғыздық, жезөкшелік, қулық, алаяқтық, мейірімсіздік, менмендік, арсыздық, парақорлық, іштарлық сынға ұшырап, әжуаланған.

20 last posts shown.