Miyat KASHIBAY / Мият КӘШІБАЙ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Politics


Журналист Мият Кәшібайдың авторлық каналы. Саясат, бюджет, мемлекеттік сатып алудағы күмәнді келісімшарттар жайлы жазамын.
Каналды демеп, дамуына үлес қосамын десеңіз, Kaspi Gold нөмірім: +7 747 601 70 41

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Politics
Statistics
Posts filter


550 млн 508 мың 48 теңге! Дәл осындай ақшаға Орталық сайлау комиссиясы бірнеше күн ішінде түрлі медиа компаниямен 43 келісімшарт жасасқан. Түсініктірек айтқанда, бұл — сайлаудың БАҚ-тағы жарнамасына бөлінген қаржы. (Кандидаттардың жарнамасына емес)

Бірден ескертейін, алдағы күндері бұл цифрлар өзгеруі мүмкін. Өйткені ОСК сайлауды БАҚ арқылы жарнамалатуға 670 млн теңгедей жұмсауды жоспарлап отыр. Әзірше осы 550 миллионды түрлі БАҚ-қа үлестіріп үлгерді. Тендер алғандар тізімі мынадай:

Жарнамалық видеороликтер үшін:

1. “Президент теле-радио кешені” АҚ – 65 999 949 т.
2. Media holding Atameken business ЖШС – 31 818 000 т.
3. “ЭРА” телекомпаниясы” ЖШС ( Жетінші арна) – 31 818 181 т.
4. “КТК” АҚ – 31 818 080 т.
5.“Еуразия+ОРТ” ЖШС – 31 818 080 т.
6. “Астана қ. теледидары” ЖШС – 31 750 000 т.
7.“Независимый телевизионный канал” ЖШС (НТК телеарнасы) – 22 272 000т
8. “Рахат-ТВ” ЖШС (СТВ телеарнасы) – 14 980 000 т.

Сайлау туралы фильм үшін:
“Президент теле-радио кешені” АҚ – 11 999 400 т.

Сайтта ақпараттық баннер орналастыру бойынша:

1. Effective Media Liaison ЖШС (Tengrinews.kz) – 37 920 000 т.
2. Internet Portal Nur ЖШС (Nur.kz) – 37 506 000 т.
3. “Галам медиа” ЖШС (Stan.kz) – 19 201 280 т.
4. Adyrna media holding ЖШС (Adyrna.kz) – 14 694 953 т.
5. “Президент теле-радио кешені” АҚ (kazinform.kz сайтына) – 14 371 500 т.
6. Nur Media ЖШС (Azattyq Ryhy сайтына) – 8 223 999 т.
7. “Президент теле-радио кешені” АҚ (баннер дайындау) – 5 999 840 т.
8. Effective Media Liaison ЖШС (Massaget.kz сайтына) – 4 320 000 т.
8. Effective Media Liaison ЖШС (Vesti.kz сайтына) – 2 880 000 т.
9. NewTimes.kz ЖШС – 2 400 000 т.
10. “Толғау” ЖШС (Alashainasy.kz) – 2 160 000 т.
11. Qazcontent АҚ (Baigenews.kz ) – 1 104 000 т.
12. Qazcontent АҚ (Baq.kz ) – 1 104 000 т.
13. Nege media ЖШС (Nege.kz) – 960 000 т.

Аудироликтер бойынша:

1. “Қазақ радиолары” ЖШС – 23 480 500 т. (үш келісімшарт соммасы)
2. “Елорда тынысы” ЖШС – 16 038 400 т. (екі келісімшарт соммасы)
3. Central Media Distribution ЖШС (Той думан радиосы) – 11 988 000 т.
4. “Авторадио Казахстан" ЖШС – 8 020 792 т.
5. “NS радиосы - ұлттық желі” телерадиокомпаниясы" ЖШС – 8 020 688 т.
6. Central Media Distribution ЖШС (Love радиосы) – 7 992 000 т.
7. Central Media Distribution ЖШС (Дача радиосы) – 7 992 000 т.
8. Central Media Distribution ЖШС (Lux радиосы) – 7 992 000 т.
9. “Президент теле-радио кешені” АҚ (аудиоролик дайындау) – 5 000 000 т.

Газет және сайттағы сайлау пропагандасына:

1. “Егемен Қазақстан” ЖШС – 7 000 000 т. (екі келісімшарт соммасы)
2. “Айқын-Литер” ЖШС – 6 877 400 т. (екі келісімшарт соммасы)
3. “Группа компаний "Бизнес медиа” ЖШС – 3 445 005 т.
4. “Баспа “Уақыт” ЖШС (Время газеті) – 3 300 000 т.
5. “Аманат медиа” ЖШС – 3 122 000 т.
6. “Қазақ үні” ЖШС – 3 120 000 т.

Сайттармен жасалған келісімшарттардың техсипатамасында сайлауға арналған баннерлер кемі 47 күн тұруы тиіс деп жазылған. Келісімшарттардың бірнеше күн бұрын ғана күшіне енгенін ескерсек, баннерлер сайттарда желтоқсанның ортасына дейін тұрады деуге негіз бар. Ал сайлау 20 қарашада өтіп кететіні белгілі. Соған қарағанда, ОСК екінші тур боп қалуы мүмкін деп отырған сияқты)

Тендердің бәрі “тікелей бір көзден сатып алу” дейтін тәсіл арқылы өткен. Бұл сайлау жарнамасына байланысты сатып алулар конкурссыз өткенін білдіреді. Бірақ заңның өзі сайлау кезіндегі сатып алуларды конкурссыз өткізуге рұқсат беріп қойған.

ОСК-ның түрлі БАҚ-пен жасасқан келісімшарттарынан тендер талаптары арнайы бір медианың ыңғайына орай жазылғанын байқауға болады.

Мысалы, Tengrinews сайты "ұтып алған" тендердің техсипаттамасында тапсырыс орындаушы медианың сайтында “Узнай, прочитай, Life Style, Travel, Sport” деген блоктар болуы тиіс деген талап бар. Tengrinews сайтының кірсеңіз, ОСК айтқан блоктар тұр. Демек бұл тендер арнайы Tengrinews үшін өткізілгенін білдіреді.

ОСК келісімшарттарында мұндай мысалдар жетерлік. Ақпараттық сайттармен жасалған барлық дерлік келісімшартта дәл сол ресурстың ығайына орайсалтырып жазылғанын байқадым.


Астанада 47,2 млрд теңге Ұлттық спорт университеті салынады

Биыл астанада Ұлттық спорт университетінің құрылысы басталады. Оны салуға республика бюджетінен 47 193 997 906 теңге бөлініп отыр. Тапсырыс беруші – Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Спорт және дене шынықтыру істері комитеті».

Университет құрылысына байланысты әлі тендер өткен жоқ. Спорт комитетенің мемсатып алу порталындағы жылдық жоспарына қарағанда, университетті соғатын компания ашық конкурс арқылы анықталмақ. Конкурс хабарландыруы биыл маусымда жариялануға тиіс.

Портал мәліметінше, жаңа университет «Астана қаласындағы олимпиадалық дайындық орталығы» көп функционалды спорт кешені» базасында бой көтереді. Жоспарға сәйкес, университет құрылысы 2024 жылы аяқталуға тиіс.

Баса айта кететін жайт – 47,2 млрд теңге университет ғимаратының негізгі құрылысына ғана жұмсалады. Ал ғимараттың сыртқы инженерлік желілерінің құрылысына қанша қаржы бөлінетіні әлі белгісіз.

Елде Ұлттық спорт университеті соғылатыны жайлы 2019 жылдан бері айтылып келген. Үш жыл бұрын Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, олигарх Тимур Құлыбаев "Ұлттық спорт университетін құруды мақсат етіп отырмыз. Бірақ әлі қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ" деп мәлімдеген.


Қамаудағы Қайрат Сатыбалдының компаниясын "Егемен Қазақстан" газеті "асырап" отыр

Қазақстандағы ең ірі мемлекеттік газет «Егемен Қазақстан» жыл сайын газет қағазын сатып алуға қыруар қаржы жұмсайды. Басылым газет қағазын кейінгі жылдары тек «Дәуір Сервис» ЖШС-дан сатып алып жүр. Ал бұл компания Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен оның анасы Светлана Назарбаеваға тиесілі.

Мемсатып алу порталының мәліметінше, «Егемен Қазақстан» мен «Дәуір Сервис» 2016 жылдан бері 18 келісімшарт жасасқан. Олардың жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық. Қос тарап арасындағы ең ірі келісімшарт биыл наурызда жасалды. Құны – 1 млрд, 107 млн теңге. Келісімшарт техсипаттамасына қарағанда, «Дәуір Сервис» ЖШС бір жыл бойы (2022-нің 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін) Қазақстанның 12 қаласына газет қағазын жеткізіп беріп отыруға тиіс.

Негізі «Егемен Қазақстан» АҚ газет қағазын сатып алу үшін үнемі ашық конкурс жариялайды. Бірақ конкурсқа бір ғана компания («Дәуір Сервис» ЖШС) қатысқандықтан тендер өтпеген болып есептеледі. Ал Мемсатып алу туралы заңға сәйкес, тендер жеңімпазы ашық конкурс арқылы анықталмаған жағдайда тапсырыс беруші конкурсқа қатысқан жалғыз компаниямен «бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы келісімшарт жасасуға міндетті. «Егемен Қазақстан» АҚ мен «Дәуір сервис» ЖШС арасындағы 18 келісімшарттың 16-ы осындай сценарий бойынша жасалған.

Елдегі ең ірі мемлекеттік газеттен жыл сайын миллиардтап тендер алып отырған «Дәуір Сервис» ЖШС 2003 жылы құрылған. Сол кезден 2019 жылдың ақпанына дейін компанияға Светлана Назарбаева жалғыз өзі иелік етті. Үш жыл бұрын, яғни, 2019 жылдың ақпанында компания құрылтайшылараның қатарына Светлананың үлкен ұлы Қайрат Сатыбалды да қосылды. Бірақ биыл ұсталарынан бір ай бұрын, яғни, ақпан айында Қайрат Сатыбалды компания құрылтайшыларының қатарынан шығып кеткен.

Қамаудағы олигарх Қайрат Сатыбалды мен анасы Светлана Назарбаеваның «Дәуір Сервис» ЖШС-дан бөлек, «Дәуір» деп аталатын баспасы да бар. Экс-президент Назарбаевтың жақын туыстарына тиесілі бұл баспа да жыл сайын миллиардтаған теңгеге мемтапсырыс алып отыр.


Қазақстан билігі «Қаңтар қырғыны» кезінде сырттан келген әскерге қанша қаржы жұмсады?

Маусымның үші күні Алматы әкімдігінің Кәсіпкерлік және иновациялар басқармасы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-мен 182,3 млн теңге және Sanzheli ЖШС-мен 15,1 млн теңге тікелей бір көзден сатып алу тәсілі арқылы келісімшарт жасасты. Мемсатып алу порталындағы ақпаратқа қарғанда, екі келісімшарт та «Қаңтар қырғыны» кезінде Қазақстан билігінің шақыртуымен елге кірген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) әскеріне жұмсалған шығынды өтеу мақсатында жасалған.

Екі келісімшарттың да техсипаттамасынада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қаулысы тұр. Қаулыда «Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасы Кәсіпкерлік және иновациялар басқармасына жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен жалпы соммасы 197 454 551 теңге бөлсін, оның ішінде ҰШҚҰ-ның ұжымдық бітімгершілік күштері мүшелерін тамақтандыру жөніндегі шығынды өтеуге 15 127 542 теңге, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде ҰҚШҰ-ның бітімгершілік операциясын жүргізу кезінде әуеайлақтық және жер үстінде қызмет көрсету бойынша көрсетілген қызметтер үшін 182 327 009 теңге қаржат бөлсін» делінген.

«Қаңтар қырғыны» кезінде ел аумағына ҰҚШҰ-ның 2 мың әскері кіргені белгілі. Мына қаулыға қарағанда, ҰҚШҰ әскерінің шығынын Қазақстан көтерген.
Ал ҰҚШҰ жарғысының ұйымды қаржыландыруға қатысты бабында «Мүше мемлекеттер өз өкiлдерi мен сарапшыларының ұйым органдарының кеңестерiне, отырыстарына және ұйым шеңберiнде өткiзiлетiн басқа да iс-шараларға қатысуымен байланысты, сондай-ақ өкiлеттi өкiлдердің қызметiмен байланысты шығындарды дербес түрде атқарады» деген тармақ бар. Осы тармаққа сүйенер болсақ, Қазақстанға әскер жіберген елдер шығынды өз мойнына алуға міндетті. Бірақ Алматы әкімнің қаулысына қарасақ, ҰҚШҰ әскеріне кеткен шығынды Қазақстан өзі көтерген.


«Менің атым – Қожаға» 68 млн теңгеге ескерткіш қойылады

Қола мүсін астанадағы Жетісу саябағына орнатылады. Тапсырыс беруші – «Астана қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы». Аталған мемлекеттік кәсіпорын 21 сәуір күні «EJ-ART» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы келісімшарт жасасты. Келісімшарт құны – 68 млн теңге.

Сатып алу техсипаттамасына қарағанда, ескерткіштің жалпы биіктігі – 2 метр, 63 см. Оның ішінде, негізгі мүсін биіктігі – 1,83, ал астындағы тұғырдың биіктігі – 0,8м. Тұғыр гранит пен бетоннан жасалуы тиіс. Ал мүсіннің өзі қатты материалдан жасалып, сыртына қола құйылады.

Тапсырыс орындаушы мүсінді келісішартқа қол қойылған күннен бастап 70 күн ішінде жасап бітіруге тиіс.

Әділет министрлігінің дерегінше, «EJ-ART» – 2016 жылы құрылған компания. Басшысы әрі жалғыз құрылтайшысы – Ершат Жолдас деген мүсінші. Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратта қарағанда, компания 2019 жылдан бері 11 мемтапсырыс алған.


Өртенген әкімдік. Фото inform.kz сайтынан алынды.




Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратын жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді

«Қаңтар қырғыны» кезінде өртеніп, жоғарғы қабаттары бүлінген әкімдік ғимаратын жөндеуге 1,2 млрд теңге жұмсалмақ. Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы мемсатып алу порталында екі келісімшарт жасасты.

Біріншісі – 16 наурыз күні жасалған 1 млрд, 176 млн теңгелік келісімшарт. Тапсырыс орындаушы компания – «Интеллект Азия» ЖШС. Келісшартқа сәйкес, аталған жеке компания әкімдік ғимаратын жыл аяғына дейін жөндеп бітіруге тиіс.

Келісімшарт «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы жасалған. Яғни, әкім аппаратының шаруашылық басқармасы тендер жеңімпазын анықтау үшін ашық конкурс өткізбеген.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, тендерді «тікелей бір көзден сатып алу» тәсілі арқылы өткізуге ондаған негіз бар. Алайда тапсырыс беруші бұл тәсілді қолданған күннің өзінде кемінде үш компанияға ұсыныс жіберіп, ең арзан баға ұсынғанымен келісімшарт жасасуға тиіс. Сондай-ақ, порталда үш компанияға ұсыныс жібергені туралы есепті жүктеуі қажет. Бірақ әкім аппаратының шаруашылық басқармасы «Интеллект Азия» ЖШС-мен жасасқан келісімшартта ондай есеп жоқ. Бұған қоса, кез келген келісімшартта негізгі құжат саналатын техсипаттама да порталға жүктелмеген. Сондықтан тендерді «ұтқан» компания 1 млрд, 176 млн теңгеге нақты қандай жұмыс істеуі тиіс екенін біле алмаймыз.

Әділет министрлігінің дерегінше, «Интеллект Азия» ЖШС – Тараз қаласында тіркелген компания. Басшысы әрі құрылтайшысы – Біржан Жорабеков деген адам. Мемсатып алу порталындағы мәліметке қарағанда, компания 2018 жылдан бері Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты мемекелерден 11 мемтапсырыс алған. Орындаған және орындап жатқан тапсырыстарына қарағанда, компания негізінен су және кәріз құбырын тартумен айналысады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы әкімдік ғимаратын жөндеуге байланысты жасасқан екінші келісімшарт құны – 35,5 млн теңге. Тапсырыс орындаушы компания – Technadzor Elite ЖШС. Келісімшартқа сәйкес, аталған компания «Интеллект Азия» ЖШС-нің жұмысына техникалық қадағалау жасайды.

Әділет министрлігінің дерегінше, Technadzor Elite – 2021 жылы 22 желтоқсанда құрылған компания. Мемлекетке әлі бір тиын да салық төлеген емес. Құрылған кезін және әлі пайда таппағанын ескерсек, бұл компанияны тәжірибесіз деуге негіз бар. Бірақ соған қарамастан, компания құрылғанына үш-ақ ай толғанда, яғни, наурыз айында Жамбыл облысы әкімдіген 35,5 млн теңгелік мемтапсырысты конкурссыз алды.

Бұл компанияның екі құрылтайшысы бар. Олар – Анапия Бозжігітов пен Рахманқұл Байталиев. Ашық дереккөздегі ақпаратқа қарағанда, Байталиев 2010-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған. Бұдан шығатын қорытынды – Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы әкімдіктің бұрынғы қызметкерінің тәжірибесіз компаниясына 35,5 млн теңгелік мемтапсырысты конкурссыз берген.

Жалпы, әкімдік ғимаратын жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінгенің өзі күмәнді. Өйткені, интернеттегі фотоларға қарағанда, «Қаңтар қырғыны» кезінде, әкімдік ғимаратының кейбір тұсы ғана өртенген. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 1,2 млрд теңгеге 180 орындық екі мектеп немессе 300 орындық бір мектеп салуға болады.


Бұл тізім мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік сатып алу порталындағы жылдық жоспары бойынша жасалды. Тізімдегі кітаптардың жалпы бюджеті – 599 млн.

Бұдан бөлек, министрліктің жылдық жоспарында тағы да 1 млрд, 31 млн теңгенің кітап шығаруға жұмсалатынын көруге болады. Алайда бұл сомма нақты қай автордың қандай кітабы үшін бөлінгені жазылмаған. Сатып алу жоспарындағы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарту бағдарламасы» деген анықтама 1 млрд, 31 млн теңгенің де кітап шығару үшін қарастырылғанын аңғартып тұр.

Демек, 1 млрд, 31 миллионға 599 млн теңгені қосамыз, сонда 1 млрд, 630 млн шығады. Осылайша, министрлік кітап шығаруға 1,6 млрд теңге қаржы бөлді деген қорытындыға келеміз.


62. Нұртаза Асилов, Асқар Макипов, «История становления и развития военной подготовки в вузах Казахстана». 2 690 357 т.

63. Тұрсынхан Қайыркен, «Қытай тарихнамасындағы қазақ тарихы». 17 422 232 т.

64. Мағиза Құнапияқызы, «Көңіл құсы…». 2 495 089 т.

65. Абай Құлбаев, «Мүшелі жас». 4 100 625 т.

66. Абай Құлбаев, «Мүшелі жас». 1 800 803 т.

67. Ұлықбек Есдәулет, «Қарғалдақ». 6 248 571 т.

68. Дүйсенәлі Әлімақын, «Табалдырық». 2 885 625 т.

69. Думан Рамазан, «Дәрмене». 7 051 339 т.

70. Ханшайым Байдәулетова, «Танымал әннің тарихы». 3 861 964 т.

71. Светқали Нұржан, «Жастықтың жазғы жайлауы». 10 229 866 т.

72. Елен Әлімжан, «Алтын жүлге жыры». 3 211 071 т.

73. Аманғазы Кәріпжан, «Қаламгер қағанаты». 5 424 107 т.

74. Егеухан Мұхамәди, «Талбесік». 3 666 696 т.

75. Саят Қамшыгер, «Биші қайыңдар», 2 451 696 т.

76. Любовь Шашкова, «На восход света». 2 169 642 т.

77. Күмісбала Малтабарова, «Мәдениеттану». 5 424 107 т.

78. Гүлзия Алшынова, «Сиқырлы кілт». 4 362 790 т.

79. Ділдар Мамырбаева, «Роботтар отбасы». 3 984 910 т.

80. Жұмабай Құлиев, «Ораз Исаев». 3 688 392 т.

81. Төкен Әлжантегі, «Ебіл-дебіл дүние». 4 491 160 т.

82. Ерлан Жүніс, «Мық кітабы». 5 489 196 т.

83. Шәкен Күмісбаев, «Көне күмбездің сыры». 4 881 696 т.

84. Байтан Асылбек, Хумарзах Алтынбек, «Баян-Өлкедегі күйшілік мектеп». 932 946 т.

85. Кеуерхан Тымағұлова, «Әлем халықтарының ертегілері». 9 275 223 т.

86. Зария Жұманова, «Ғажайып орман». 1 822 500 т.

87. Ернұр Сейдахметов, «Жалқау құмырсқа». 3 332 209 т.

88. Ғалым Жайлыбай, «Жаратқанның жазуы». 3 883 660 т.

89. Зинаида Михайлюкова, «Дети с глубокими нарушениями зрения». 1 475 357 т.

90. Рауан Қабидолдин, «Күркіреме». 2 061 160 т.

91. Бибісара Қайымова, «Қазақстан халықтарының ертегілері». 4 981 138 т.

92. Нұржан Қуантаев, «Мың сәуле». 4 990 178 т.

93. Серік Қалиев, «Арман қанатындағы жазулар». 2 495 089 т.

94. Бейбіт Қойшыбаев, «Тәуелсіздік тамырлары». 10 414 285 т.

95. Бақытгүл Бабашева, «Айсезім». 1 388 571 т.

96. Үміт Тәжкен, «На берегу». 6 248 571 т.

97. Ғалым Қалибекұлы, «Шеген». 3 362 946 т.

98. Жадыра Шамұратова, «Айтылмаған сыр». 3 753 482 т.

99. Байназар Бисұлтанов, «Тұншыққан шындық». 3 102 589 т.

100. Айсұлу Жолтайқызы, «Таныстар татулығы». 1 923 750 т.

101. Ерқанат Кеңесбеков, «Сағыныш басқан». 759 375 т.

102. Нұрғали Оразов, «Ақ ұлпа». 5 943 013 т.

103. Бағдат Мәжитов, «Ауылдың суреті». 1 648 928 т.

104. Зияш Телеуова, «Бет перде». 2 755 446 т.

105. Марат Мәжит, «Соңғы нүкте». 4 556 250 т.

106. Кеңшілік Мырзабеков, «Сәруар». 5 315 625 т.

107. Нұрперзент Домбай, «Ерлік-елге мұра». 2 039 464 т.

108. Ермек Сахариев, «Сағындырған ауылым». 1 562 142 т.

109. Бауыржан Ғұбайдуллин, «Ойыншықтар көтерілісі». 790 111 т.

110. Алпамыс Файзолла, «Жүрек – аспанымның жұлдызы». 1 627 232 т.

111. Жанар Жанапиянова, «Ана». 2 603 571 т.

112. Айнұр Әбдірәсілқызы, «Тәңірі сипат тіршілік». 2 017 767 т.

113. Қуандық Түменбаев, «Хикаяттар мен әңгімелер». 3 592 928 т.

114. Мақпал Мыса, «Құрақ көрпе». 2 169 642 т.

115. Ақерке Асан, «Айша бибі». 1 714 017 т.

116. Арман Ахметов, «Ұлы дала билеушілері: қазақ сұлтандарының тарихы мен тағдыры». 4 209 107 т.

117. Бекен Ибраим, «ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясы». 5 207 142 т.

118. Қорғанбек Аманжолов, «Айсберг астындағы ағыстар». 6 704 196 т.

119. Дәнеш Ахмет, «Көк тудың желбірегені». 3 037 500 т.

120. Ербол Тілешев, «Алаш туы астында». 5 315 625 т.

121. Жомарт Оспан, «Бұлақ басынан тұнады». 3 015 803 т.

122. Ләйлім Әубәкірова, «Дәстүр даналығы». 2 516 785 т.


Мәдениет және спорт министрлігі қаржы бөлген кітаптар тізімі:

1. Бауыржан Әліқожа, «Ақтүн». Бюджеті: 3 616 071 теңге.

2. Әділбек Ыбырайымұлы, «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогия. 1-том. 4 821 428 т.

3. Әділбек Ыбырайымұлы, «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогия. 2-том. 5 223 214 т.

4. Әділбек Ыбырайымұлы, «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогия. 3-том. 6 026 785 т.

5. Әбубәкір Қайран, «Өскелең» (Өлеңдер жинағы). 3 244 419 т.

6. Әмірхан Меңдеке, «Жалғыздық сені қайтейін...». 4 821 428 т.

7. Маралтай Райымбекұлы, «Аруана». 5 785 714 т.

8. Сұлтан Оразалы, «Шығармалары» 3-том. 5 022 321 т.

9. Ербол Шаймерденұлы, «Елтаным». 6 830 357 т.

10. Көсемәлі Сәттібайұлы, «Тәтті ертегі». 572 544 т.

11. Асхат Өмірбаев, «Ең үздік ертегіші». 4 294 084 т.

12. Орындыбике Бегелдинова, «В небе он был неустрашим. Талгат Бегельдинов». 28 647 321 т.

13. Болат Үсенбаев, «Тәуелсіздік деген не?». 5 725 446 т.

14. Әнес Сарай, «Шығармалары» 5-том. 4 017 857 т.

15. Серікбол Хасан, «Күшті бала». 2 290 178 т.

16. Зира Наурызбаева, «Таласбек Әсемқұлов. Шығармалары» 7–том. 5 022 321 т.

17. Талаптан Ахметжан, «…ғұмырын қишы жасынның!». 7 232 142 т.

18. Назым Байоралова, «Арна», 3 616 071 т.

19. Баян Болатханова, «Менің жасыл әлемім». 6 107 142 т.

20. Әлия Дәулетбаева, «Алматыдан алыста». 2 169 642 т.

21. Сәуле Досжан, «Шығармалары» 2-том. 5 144 817 т.

22. Фроловская Т.Л. «Серафический восторг». 5 062 500 т.

23. Мадина Омарова, «Менің қаһарман шөберем». 7 232 142 т.

24. Мейірхан Ақдәулетұлы, «Таңдамалы» 1-том. 5 022 321 т.

25. Көсемәлі Сәттібайұлы, «Бірлікті іздеген бала». 381 696 т.

26. Зәки Ахметов, «Таңдамалы шығармалары» 2-том. 6 227 678 т.

27. Зәки Ахметов, «Таңдамалы шығармалары» 3-том. 6 227 678 т.

28. Ахметжан Жақсыбаев, «Иса ақын» І кітап. 5 022 321 т.

29. Игорь Вовнянко, «Мой КиноТеатр» 1-том. 4 218 750 т.

30. Нұртас Исабаев, «Самғау» (өлеңдер жинағы). 4 098 214 т.

31. Айса Хамзин, «Ақ жол». 3 816 964 т.

32. Нұрлан Құмар, «Көк байрақтай – көк жейде». 11 450 892 т.

33. Шериаздан Елеукенов, «Көп томдық шығармалар жинағы». 9-том. 5 022 321 т.

34. Көсемәлі Сәттібайұлы, «Әппақ шар туралы әуезе». 381 696 т.

35. Асқар Алтай, «Таңдамалы» 1-том. 5 022 321 т.

36. Асқар Алтай, «Таңдамалы» 2-том. 5 022 321 т.

37. Бауыржан Қарабеков, «Өмірімнің өрнегі». 3 616 071 т.

38. Көсемәлі Сәттібайұлы, «Күнге ғашық өлкеде». 763 392 т.

39. Ғарифолла Әнес, «Салық Зиманов». 5 томдық, 1-том. 6 026 785 т.

40. Кеңес Дүйсен, «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық оқиғалары» («Невероятное приключение Жаргакбаса, Кылкенирдека и Шибута»). 2 717 678 т.

41. Гүлбахрам Жүніс, «Желтоқсан-86 көтерілісі энциклопедиясы». 19 084 821 т.

42. Көсемәлі Сәттібайұлы, «Елгезек Бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар». 381 696 т.

43. Серік Нұғыман, «Асыл қиқым». 5 062 500 т.

44. Үміт Битенова, «Балабақшадан басталған». 4 821 428 т.

45. Қанат Әбілқайыр, «Жылан кегі». 5 183 035 т.

46. Гүлдана Исаева, «Балаларға базарлық». 4 240 647 т.

47. Исатай Балмағамбетов, «Жазушының жан сыры». 4 821 428 т.

48. Каназ Молдахмет, «Армандай алыс жағалау». 4 580 357 т.

49. Жанат Әскербекқызы, «Миф – о поэзия». 2 410 714 т.

50. Ілия Жақанов, «Аққу әні». 5 062 500 т.

51. Составитель: Мереке Кулькенов, «Букеевская Орда». I книга. 12 053 571 т.

52. Надежда Чернова, «Летящие в тумане». 7 955 357 т.

53. Әкім Тарази, «Шығармалары» 11-том. 8 035 714 т.

54. Хангелді Әбжанов, Светлана Смағұлова, Зирабүбі Төленова, «Ұзақбай Құлымбетов – қазақ билігінің ақсақалы». 7 714 285 т.

55. Аманжолова З.А., Атанов М.М., Турарбеков Б.Ш. «Правда о государственной границе Республики Казахстан». 3 406 741 т.

56. Жұмаділ Шілдебаев, Махаббат Аманбаева, «Биология. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық». 19 084 821 т.

57. Шағыр Қайырбек, «Қалам мен Қамшы». 2 892 857 т.

58. Салтанат Минайхан, «Жеңілмейтін махаббат». 3 616 071 т.

59. Әлия Бөпежанова, «Еділ». 3 934 285 т.

60. Анар Фазылжанова, «Сөз сазы және интонация». 2 017 767 т.

61. Алмасбек Ахметұлы, «Ер Кейкі ел есінде». 2 039 464 т.


Forward from: YerlanGo - 44+
Меморганнан жауап күту - сүйікті ісім.


Кейінгі жазбама байланысты астана тұрғыны Ерлан Оспан мәдениет және спорт министрлігіне мынадай сауалдар жолдапты:

1. Әдебиеттің әлеуметтік маңызы қалай анықталады?

2. Әлеуметтік маңызды кітап қандай талаптарға сай болуы керек?


Мәдениет министрлігі «әлеуметтік маңызы бар әдебиет» басып-шығаруға 1,6 млрд теңге жұмсамақшы

Дәурен Абаев басқаратын министрліктің мемсатып алу порталындағы жылдық жоспарына сүйенсек, биыл да ақын-жазушыларымыздың түрлі кітабын шығыруға мембюджеттен қыруар қаржы қарастырылып отыр.

Олардың кітаптары «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарту» атты бағдарлама аясында жарыққа шығады. Жұмсалатын қаржының жалпы көлемі – 1 млрд, 630 млн теңге.

Министрлік бір автордың бір кітабын шығаруға әртүрлі қаржы жұмсайды. Кейде бір кітапты дайындап, таратуға 3-6 млн теңге бөлсе, кейде одан көп. Мысалы, Орындыбике Бегелдинованың «В небе он был неустрашим. Талгат Бегельдинов» кітабына 28,6 млн, Жұмаділ Шілдебаев пен Махаббат Аманбаеваның «Биология. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық» атты кітабына 19 млн, Гүлбахрам Жүністің «Желтоқсан-86 көтерілісі энциклопедиясына» 19 млн, Нұрлан Құмардың «Көк байрақтай - көк жейде» кітабына 11,4 млн, Светқали Нұржанның «Жастықтың жазғы жайлауы» кітабына 10,2 млн, Надежда Чернованың «Летящие в тумане» кітабына 7,9 млн, Ұлықбек Есдәулеттің "Қарғалдақ" кітабын 6,2 млн теңге бөлген. Бұлардан бөлек, министрлік кітабын шығарып беретін тағы 50-ден астам автор бар. Толық тізімдім келесі жолы жазармын.

Мәдениет министрлігі былтыр да шенеуніктер мен ақын-жазушылардың кітабын шығаруға 700 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Ол жайлы мына мақаламнан оқи аласыздар. Ал былтыр қай автордың қандай кітабы мемлекет қаржысына жарық көргені туралы мәлімет мына жазбамда.


Мемлекеттік сатып алу саласын зерттеп жүрген білікті маман Ғалымжан Оразымбет екеуіміз Азаттықтың "Бастаңғы" подкасына қатысып, жемқорлық, тендер, бюджет, бизнеспен айналысқан шенеуніктер жайлы айттық.

Қысқаша мазмұны мынадай:

*Біз жемқорлықсыз өмір сүріп көрген жоқпыз

*Біздің елде жемқорларға қарсы заң жұмыс істемейді, бәрі президент пәрмені бойынша шешіледі.

*Қоғамның жемқорлық күдігіне ілінгендерге қатысты реакциясы әлеуметтік желідегі жазбалармен шектеледі.

*Шымкенттегі наурыз бюджеті қоғамда үлкен резонанс тудырды.

*Қаңтар қырғыны - 30 жылдық жемқорлықтың "жемісі".

*Билік жемқорлықты заңдастырып алған. Оған дәлел - "Елбасы туралы заң".

*Жемқорлық күдігіне ілініп, репутатциясына дақ түскен шенділер лауазымды қызмет атқара береді. Себебі бізде ешкім сайланбайды, тағайындалады.

*Тендер - жемқорлық ұясы.

*Жемқорлықты жеңудің ең тиімді жолы - әділ сайлау.

Толық нұсқасы сілтемеде: https://youtu.be/xvmDgOZ7OdY


Құрметті оқырман!

Бүгін - телеграм каналымның ашылғанын бір ай. Осы уақыт аралығында бюджет, мемлекеттік тапсырыстағы күмәнді келісімшарттар жайлы біршама материал жарияладым. Реакция білдіріп, пікір жазған әрбір оқырманға рақмет айтамын.

Дәл қазір каналға жазылған оқырман саны 707 адам болыпты. Ендігі мақсат - аудитория ауқымын кеңейту. Ол үшін маған сіздерден де көмек қажет. Каналға шыққан материалдарды достарыңызға таратып, көбеюімізмеге үлес қосыңыз. Басқа желілерге бөлісу де құпталады. Бірақ міндетті түрде дереккөзге, яғни, менің каналыма гиперсілтеме жасауды ұмытпаңыздар😉

P.S. Каналды қаржылай демеймін десеңіз, Kaspi Gold бар) Нөмірім: +7747 601 70 41

973 0 0 10 30

Бюджеттен бөлінген миллиардттар допингке қарсы күреске жетпей жатыр ма?

1 млрд. 789 млн теңге. Бұл – спорт комитетінің 2016 жылдан бері допинге қарсы іс-шараларға бөлген қаржысы.

Комитет «спортта допингтің қолданылуына қарсы іс-әрекет жасау үшін және оны жою мақсатында» жыл сайын тендер өткізеді. Тендерді «тікелей бір көзден сатып алу тәсілі» арқылы спорт комитетіне қарасты «Допингке қарсы ұлттық орталық» деген меммекеме ұтып алады.

Назар аударатын жайт, допингке қарсы іс-шараларға бөлінетін қаржы жыл сайын көбейіп келе жатыр. Мысалы, спорт комитеті осы мақсатта 2016 жылы 4,8 млн, 2017 жылы 106,6 млн, 2018 жылы 266,5 млн, 2019 жылы 338,3 млн, 2020 жылы 328,4 млн, 2021 жылы 392,7 млн, 2022 жылы 352,3 млн теңге қаржы бөлген.

Бұдан бөлек, спорт комитеті жарыс уақытында және одан тыс уақытта спортшылардың биологиялық сынамаларын зерттеуге де жыл сайын қыруар қаржы жұмсайды. Комитет бұл қызметті атқаруды «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» деген меммекемеге тапсырады. Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа қарағанда, комитет 2016 жылдан бері жарыс уақытында және одан тыс уақытта спортшылардың биологиялық сынамаларын зерттеуге 1 млрд, 364 млн теңге қаржы бөлген.

Жоғарыдағы фактілерге сүйенсек, спортшылардың допинг қолданған-қолданбағанын анықтау үшін де, допинг қолданудың алдын алу мақсатындағы профилактикалық іс-шараларға да қыруар қаржы бөлініп жатыр. Бірақ біздің спортшылар халықаралық жарыстарда допингпен жиі ұсталады. Сонда Қазақстан халқының салығынан бөлініп жатқан миллиардтардың желге ұшқаны ма?


Назарбаев шенеунік пе, бизнесмен бе?

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалғыз өзі иелік ететін бірнеше қор бар.

1. "Қазақстан республикасы тұңғыш президенті - елбасының қоры" деп аталады. 2000 жылы құрылған. Жиырма жыл жұмыс істеді.

Осы уақыт аралығында төлеген салығына қарап, аса ауқымды қор болды деуге негіз бар. Мысалы, 2016 жылы 5,7 млрд теңге, 2018 жылы 8,6 млрд теңге салық төлеген.

Қор қалай пайда тапқанын анықтай алмадым. Өйткені 2020 жыл бұл қор ресми түрде жұмысын тоқтатты. Ал егов ресми тіркеуден алынып тасталған заңды тұлғаның қандай компанияларға иелік еткенін көрсетпейді.

2. "Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қоры" деп аталады. Жоғарыдағы қордың орнын басқан ұйым деуге болады. Бұл қордың жалғыз құрылтайшысы бар. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев.

2010 жылы тіркелген. 2014 жылға дейін бір тиын салық төлеген жоқ. Сірә, ресми тіркелген соң төрт жыл бойы жұмыс істемеген болса керек. Қор 2015-тен бастап қазынаға салық құя бастады. Cол жылы 6,5 млн, 2016 жылы 143,6 млн, 2017 жылы 333 мың теңге, 2018 жылы 0 теңге, 2019 жылы 50 мың теңге салық төлеген. Ал 2020 жылы тарихындағы ең көп салық, 12 млрд, 805 млн теңге салық төлепті. Биыл да төлеген салығы миллиардқа жуықтап қалды.

Қорға ақша қайдан келіп жатыр? Назарбаев осы қор арқылы "Астана" телеарнасына, Kazakhstan Today ақпарат агенттігіне, Haileybury Astana School коммерциялық емес акционерлік қоғамына, ROYAL CITY BUILD тұрғын үй-құрылыс кооперативіне және т.б алты қор мен ұйымға иелік етіп отыр.

3. "Демеу" жеке қоры. 2013 жылы құрылған. Сол кезден бастап жалғыз құрылтайшысы - Назарбаевтың өзі.

Бұл қор да түрлі компанияларға иелік етеді. Олар: Демалыс және ойын-сауық ұйымдастырумен айналысатын Vega Dom компаниясы, ROYAL CITY BUILD тұрғын үй-құрылыс кооперативі, Burabay Park қонақ үйі және Turion Investment Group компаниясы.

Бір қызығы, қонақ үй бинесімен айналысатын Turion Investment Group компаниясының құрылтайшысы Назарбаевтың "Демеу" қоры ғана емес. Одан бөлек, бұл компания құрылтайшылараның қатарында шетелдік "Аль Джасра Глобал Риэл Эстейт" және Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның Mercury Properties компаниясы бар. Демек, Динара Құлыбаева мен Нұрсұлтан Назарбаев серіктес.

Айтпақшы, Назарбаевтың бұл қоры тендерге де қатысып тұрады. Мәселен, 2018 жылы "ҚР президенті іс басқармасының автошаруашылығы" деп аталатын мемлекетік кәсіпорын "Демеу" қорынан 43,2 млн теңгеге қара түсті автокөлік сатып алды. Бір дана.

4. Назарбаев қоры. 2009 жылы құрылған. Жалғыз құрылтайшысы – Н.Назарбаев. Бұл қор - Алматы қаласында тіркелген Pioneer Capital Invest компаниясының құрылтайшысы.

Егов мәліметінше, бұл компанияның қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлері.

Pioneer Capital Invest 2017 жылы құрылған. Бес жыл ішінде қанша пайда тапқаны белгісіз. Бірақ құрылған сәтінен бастап 2 млрд теңгеге жуық салық төлегеніне қарағанда, бұл да ірі компания екенін аңғару қиын емес.

5. Ресми атауы: "Елбасы Қоры" жеке қоры. Жалғыз құрылтайшысы - жоғарыдағы кейіпкер. Бірақ бұл әлі сәби қор. Биыл наурызда құрылған. Соған қарамастан, алты компанияның құрылтайшысы. Биыл 60 млн теңге жуық салық төлепті. Болашағынан үмітім зор) Әлі талай отелдер мен ірі компаниялардың құрылтайшысы атанарына сенімдімін)

P.S. Президент туралы заң бойынша да, Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша да елде шенеуніктерге бизнеспен айналысуға рұқсат жоқ. Бірақ Назарбаев бәрін айналып өтеді.

Конституциямыздағы "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" деген бап Назарбаевқа жүрмейді. Өйткені оның өз заңы бар. 2000 жылы өзі шығарған "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - елбасы туралы" деп аталатын заңның үшінші бабы оны бәрінен арашалап алады.

Ескерту: Бұл материалды 2021 жылы 2 желтоқсанда Facebook-тағы парақшамда жариялағам. Авторы өзім.Ол кезде Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы деген лауазымы арқылы биліктің бір тармағын өз қолында ұстап отырған шенеунік еді.


Әлия Назарбаеваның қоры миллиондаған теңгенің тендерлерін қалай алды?

Бүгін, 13 cәуірде бірнеше Telegram канал Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі «Жандану әлемі» деген қор сайтының бұзылғанын хабарлады. Мен бұл қор немен айналысатынын анықтап көрдім.

Экс-президенттің кенже қызы иелік ететін қор 2015 жылы 18 ақпанда ашылған. Сол кезден бері жалғыз құрылтайшысы – Назарбаеваның өзі. Ал басшысы – Мұрат Исаханов деген адам.

Әділет министрлігінің мәліметінше, жекеменшік қордың қызмет түрі – білім беру саласы.

Мемсатып алу порталының дерегінше, «Жандану әлемі» қоры Мәдениет министрлігінен бес рет тендер алған. Олардың жалпы құны - 1 млрд. 472 млн теңге. Келісімшарттың бәрі «тікелей бір көзден сатып алу тәсілі арқылы» жасалған. Бұл Назарбаеваның қоры тендерлерді конкурссыз ұтқанын білдіреді.

Министрлік пен Назарбаеваның қоры арасындағы келісімшарттың бәрі «Бала даусы» республикалық ән байқауына байланысты жасалған. Бұл конкурсты 2017 жылдан бері Назарбаеваның қоры өткізген. Тегін емес, әрине. Министрлік осы байқау үшін «Жандану әлемі» қорына 2017 жылы 267 млн, 2018 жылы 274 млн, 2019 жылы 307 млн, 2020 жылы 316 млн, 2021 жылы 309 млн теңге төлеген.

Әлия Назарбаеваның әкесі 2019 жылдың наурызына дейін ел президенті болғаны белгілі. Заңға сәйкес, мәдениет министрінін тағайындау немесе қызметтен босату - тікелей президент құзырында. Демек, Назарбаев тағайындаған министр оның қызына конкурссыз тендер беріп отырған деуге толық негіз бар. Қалай ойлайсыздар, бұл жерде мүдделер қақтығысы байқалмай ма?


Адамдарды суицид жасауға дейін жеткізген Mudaraba capital қандай компания?

Желіде қаржы пирамидасына алданған адамның өзін өртеп жіберген видеосы тарады. Ақпаратқа қарағанда, өзін өртеген әйел Mudaraba capital деген компанияға 20 млн теңге салған. Бұл компания құрылтайшылары кім, қашан құрылған? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Mudaraba capital ЖШС 2020 жылы 28 мамырда заңды тұлға ретінде тіркелген. Сол кезден бері басшысы – Руслан Бурханов деген адам. Компания Алматыда тіркелген. Қазір тоғыз құрылтайшысы бар. Олар: MG partners ЖШС, Самат Қасенов, Мейіржан Төребаев, Руслан Бурханов, Әзімжан Саидбаев, Біржан Жармұхамед, Ғалымжан Санабеков, Мейірхан Шерниязов, Андрей Ча.

Бұлардың арасында Мейіржан Төребаев пен Самат Қасеновтен басқалары компанияға құрылған кезден бері құрылтайшы. Ал Төребаев пен Қасенов құрылтайшылар қатарына компания ресми тіркелгеннен кейін жарты жылдан соң, 2020 жылы қарашада қосылған.

Компания 2020 жылы 1,3 млн, 2021 жылы 1,2 млн теңге салық төлеген. Қазір cалық органдарына 39 теңге қарыз бар.

Тіркелген кезде мекенжайын өтірік көрсеткен.

20 last posts shown.

589

subscribers
Channel statistics