Mo'ldir sezm


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


'Шынайы шимайдан шумаққа'

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


We are living in a world, where the real genocide is happing with 🍉, Uyghurs, Tibetan and Mongolian people in China, Yakut and Ukrainian in Russia, but yet no one can say or do anything about it.


Кайф деген сөз орыстардыкы шығар десем, сөйтсем олар арабшадан алып алған екен ғо)


Мен әлі күнге дейін таңғалатын затым — түс.

Күнде түрлі түс көремн. Сәйкесінше түрлі ғаламда өмір сүретін сияқтымын. Бүгін манга оқығандай сезім болды. Әр бөлімінде жүргендей и әр бөлімін оқып жатқандай сезіндім. Соңғы рет манганы бес алты жыл бұрын оқыған шығармын. Бірақ осыда соны әрі оқып, әрі сонда жүргендей болдым.

Мен үшін түс түсініксіз және таңғаларлық нәрсе. Түсіңде қазіргі өмір сүріп жатқан дүнием жоқ. Ол жақ мүлдем басқа әлем, ғаламат. Басқа құбылыс, басқа ғимарат, басқа ғарыш, көрген я көрмеген адамдар, жерлер, эмоциялар, кезеңдер, алаңдар, жағдайлар. Кішкентай үзік бөлімді ғана өтіп, оянғанда 1000D кинодан шыққандай сияқтысың.

И бір ащы сезім қалады. Түнімен ұйықтамаған, басқа әлемде болып қайтқан адам сияқты жүресің. Кеудеңде ауыр жүк бар сияқты ма білмедім.


'Қырығына шыдаған қырық біріне де шыдайды'


Бақытты адамдар ғана бақытты ел құра алады!

(С) Гүлтас апай


“Надо осуждать поступок, а не людей”


"Таза қазақша сөйле, басқа тілді араластырмай"🙄


🤐🤐🤐


Шешім қабылдауды ұнатпаймын бар ғо🫠
Әлде сол шешімнен туындап қалуы мүмкін жауапкершіліктен қорқамын ба?


Сабақта демалыс болғасын ба, жұмыс бойынша медианың алгоритмін түсіну үшін болғасын ба, инста/тикток дегендерге қатты кіріп кеттім.

Жақын арада өшіріп тастаймын, себебі тым мыжың, пайдасыз болып кетті.

Бірақ барлығына қарап отырып, адамдардың мүмкін болған барлық затты сатып жатқанына жүрегім айниды, көңілім түседі.

Бір жағынан ақпарат тым көп болып кеткеннен ба, білім құнсызданып, мәнін жоғалтып бара жатқандай.

Сәнді өмір мен керемет бейненің артынан өтіріктер бейнеленгендей.

Асыл сезімдер қадірінен ажырап, ашық болғаннан ба, шынайы еместей көрінеді.

Иә, мүмкін бұлай айтуым дұрыс емес шығар, қаншама адамға топырақ шашып жатқан шығармын, бірақ құдды өтіріктей көрініп тұрған түсінік инста қарап болғаннан кейін жиіркенішті сезім қалдырады.


Қазақ хандығында елді басқарушылар елдің жағдайын жеңілдету үшін сайланатын,
Қазақстанда елді басқарушылар елдің жағдайын қиындату үшін отыратындай(


И айтпақшы, бұл каналдың ашылғанына 4 жыл болыпты ғо😂
Жыл сайынғы жарысты өткіземіз ба әлде қойдық па?😭🫠


Шетелге оқуға жіберетін компанияда жұмыс істеп жатқаныма жақын арада бір жыл болады. Сонда адамдар маған не себепті көшкісі келетін айтқанда, жүрегім қан жылайды.
Өте ауыртады.

‘Қыз баланы бұл елде қадірлемейді’ деп ақылды, білімді жас қыздар кетеді.
‘Бұл елде әйел адамға, қыз баласына өмір сүру қауіпті’ деп ер адамдар қыздарының болашағы үшін көшеді.
Бірде 4 қызы бар 40 жастағы әке келді. ‘Мейлі 40-қа келсем де қыздарым үшін қайтадан сабақ оқуға, студент болуға дайынмын’ деді. Тек Қазақстаннан кетсем болды деген💔

Соңғы жаңалықтарды көріп, жас емес, қан ағады ғо көзден. Күнде талқылайтын Салтанаттың жағдайы, полицияға 49 рет звандап ала алмай, ақыры құрбысы екеуін өлтіріп кеткен әйелдің жағдайы, көп қой ондай.

Небір түрі бар. Небір.

Сонда біз қашан осындай опасыз болып кеткенбіз?


Ninety one is super underrated.


"The integration of Russian into Kazakh daily life is suggested by an Uzbek proverb: if you want to become Russian, first become Kazakh"


Менің бұрыннан келе жатқан арманым - бұрыңғы ғасырға барып бір күн, бір апта, бір ай өмір сүріп көру. Бірақ қазір айналысып жатқан заттарыма қарап, кейде өзімді сол жақта жүргенімдей сезінемін. Неге?

Бір ғасыр бұрыңғы қазақтың өмірін тұрмысын көру үшін, сыртқы әлемнен, басқа ұлттар мен тілдерден оқшауланып қалған қазақтың тұрмысымен танысудамын. Олардың ғасырлар бойы қатты өзгеріске ұшырамаған тілімен, құндылықтар мен түсініктіремін танысу қазіргі қазақтардың мүлдем өзгеріп кеткенін байқатады. Олардың тірліктері екі-үш ғасыр бұрын жазылған қазақтар туралы жазылған әңгіме мен этнографияға сай келгенде барып, сол ғасырда жүргеніңдей сезінесің.

Ал универде оқитын ғылымдарым алты ғасыр бұрыңғы түріктердің тілін үйренуге көмектеседі. Түсінгенім – ол заманға барсам, дым түсінбей қалатыным) Тек кей сөздерін ұғынғаным және жалпылама ойды түсінгенім болмаса, нақты не айтып жатқанын білмеймін. Мысалы мына суреттегі сөздерді дұрыстап мұқият оқысаң, жиырма бірінші ғасырдағы қазақша аудармасы мынандай болып шығады.
‘Ажарыңды(?) ашарға қымсынармын,
(?) ел көрмекке қызғанармын’

Ажарыңды ашуға қымсынамын,
Бірақ ел көреді деп қызғанамын.


Ал бұның бәріне, яғни өткен ғасырларға саяхат жасауға мүмкіндік беріп жатқан зат —білім, ілім, ғылым, ізденіс. Сол үшін де білім алу армандар орындауға көмектесетініне тағы бір көзім жетті)




‘Қаланың мұғалімі сабақ беріп, кафеден капучино ішеді.
Ауылдың мұғалімі сабақ беріп, үйде сиыр сауады’


‘Чтобы воспитать одного человека нужна целая деревня’


It is always scary at the beginning of new adventures. You don't know what to expect. You just know that you are gonna experience new things, that you will be learning new stuff which you may or may not like.

20 last posts shown.