☪☪☪☪☪☪️
Қайда кетіп қалса да қаңғып басың,
Иманы бар жаныңа шаң жұқпасын.
Адасқанға аңдамай жолықсаң да,
Адасқандық ауруы шалдықпасын.
Иман нұры парласын жүрегіңде,
Имансыздық — көну тек тірі өлімге.
Жарқырауға хақың бар жарығым-ау,
Алқынбауға хақың жоқ түнегіңде.
Оян, ойлан, осалдық танытпағын,
Боя, бойлан, еңбектен жалықпағын.
Тарықпа дым, ақиқат адамы бол,
Алланы сез, әлем кез — анық қадым.
Құл екенін білмейтін құрғыр болма,
Білдіргенді білмейтін білгір болма.
Кім екенін білмейтін күштісымақ,
Қабірінде түседі құрғыр, қолға.
Қайдан, қайда келегенсің, қайда бару?
Осы сұрақ әр сәтте ойда қалу!
Пайдасызды ойлаусыз лақтырып,
Пайдалыдан жәй қалмай пайданы алу...
Өмір үзік, үзілген өмірлердей,
Күндеріңді кешірме көңіл бөлмей.
Кеше ғана туылған көрінсең де,
Сезінесің дәл бүгін көмілгендей.
Сырлас бол, шын дос та бол, сырыңды ашпа,
Көбейсе де көкейде мұңың басқа.
Сырыңды ашып, құр босқа қырыңдаспа,
Алла сынап қоймайды құлын босқа.
Сыналғанда сынақтың сырын түсін,
Назарынан түспеген тұғырлысың.
Үйрен, үйрет Алланың хикметін сез,
Оған жетер ыждаһат, білім күшің.
Ұзақ жазып, қысқаша қайырайын.
Мұңайма!
Мына өмір — бәрі уайым.
Қағылсам да, ей, менің мұсылманым,
Күлімдеген көркіңнен қағылайын✨
#ӘуесБекмұратұлы
✈️
@murid_kz