myrzamurat


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Technologies


IT әлеміне арналған блог

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Forward from: IT bilim
Сәлем, IT инноваторлары!

GDSC AITU сіздерді Google Developer Student Хакатонына қатысуға шақырады! 👾

Жалпы сыйлық қоры: 500,000 ТЕҢГЕ💸

Мұнда сіздер біздің бас демеушіміз CROCOS-тан техникалық тапсырма шешу арқылы өз дағдыларыңызды тексере аласыздар. Сонымен қатар, Hired Valley-ден қызықты және энергетикалық белсенділіктерге қатысып, бағалы сыйлықтар, Astana IT University мерчін ұтып ала аласыздар. Сіздерді Dance Club AITU-ден қызықты нөмір және тәжірибелі спикерлердің өнері күтеді! Қалт жібермеңіздер ⬇️

📅 Сәуір 20-21
📍 Астана IT Университеті
🎲 Офлайн, 26 сағат🧩


Кім қатыса алады: Астанадан бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері.🤝

Команда өлшемі: 2-4 адам

Егер команданыз жоқ болса, GDS Хакатонның Telegram чатта таба аласыз

ХАКАТОНҒА ТІРКЕЛУ ҮШІН СІЛТЕМЕ


Linux операциялық жүйесінің ең көп қолданылатын 18 командасы

ls - ағымдағы каталогтағы файлдар мен директорларды тізімдеңіз
cd - ағымдағы каталогты ауыстыру
pwd - ағымдағы каталог жолын көрсету
man - команданың анықтама бетін көрсету
grep - файлдарда немесе шығыс жолдарда паттерндерді іздеу
find - каталогтар иерархиясында файлдарды іздеу
cat - файл мазмұнын біріктіру және көрсету
sudo - команданы суперюзер привилегиясымен орындау
vi - мәтіндік файлды командалық жолда өңдеу
ps - орындалып жатқан процесстердің тізімін көрсету
top - орындалып жатқан жүйелік процесстерді динамикалық түрде көрсету
ip - желілік интерфейсті көрсету және баптау
df - дискідегі бос орынды көрсету
du - файл мен каталогтардың дискіде қанша орын алып тұрғанын көрсету
chmod - файл рұқсатын өзгерту
chown - файл иісімен тобын өзгерту
ssh - терминал арқылы қашықтан қосылу
scp - файлдарды shh көмегімен қашықтағы компьютерге көшіру

@myrzamuratkz


Қазақша youtube арналар жайлы көп сұрайды. Өзім балаларыма орнатып берген арналардың тізімін жазып қойдым. Бұл жерде айта кететін жайт, youtube арналарды бұғаттауға мүмкіндік бермейді. Және де бір екі орысша арна қарасақ, аутоматты түрде орыс тілді контентке басымдық беріледі екен. Сол үшін Youtube қолданбасын бұғаттап, Youtube Kids орнаттық. Ол қолданбаның жақсы жері, рұқсат етілген контент баптау бөлімі бар. Ол арқылы балалар көре алатын арналардың тізімін мақұлдауға болады. Балаға тек сол арналардың контенті көрсетіледі.

Balafunny арнасы @balafunny' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@balafunny
Көкіл ТВ @kokiltv6150' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@kokiltv6150
Балапан ТВ https://m.youtube.com/@balapantv. Балаларға арналға әртүрлі контенттер бар. Соның ішінде Сәби мультфильмі қатты ұнайды.
Multplaneta KZ @multplanetakz2604' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@multplanetakz2604. Қазақша дыбысталған мультфильмдер жинағы.
Bilim Kids @bilimkids' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@bilimkids
Торғай ТВ @TorghaiTV' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@TorghaiTV. Өте керемет қазақша жетілдіретін контенттер бар. Соның ішінде Пішіндер және Мысық әні балаларымызға қатты ұнады.
Zerek Bala @ZEREKBALATV' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@ZEREKBALATV
Nickelodeon @NickelodeonCyrillic' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@NickelodeonCyrillic. Бұл арнада Nickelodeon арнасының қазақша дыбысталған контенті бар. Бірақ орысша контент бәрі араласып кеткен. Сол үшін ішінен теріп, плейлист жасауға тура келеді.
Qaz Qaz Balapan @qazqazbalapan' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@qazqazbalapan
Qulynym @Qulynym' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@Qulynym
Қошақан @user-cx5sz2yq8b' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@user-cx5sz2yq8b
Бәрі Бар @user-dc6pf9np4d' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@user-dc6pf9np4d
Kaz Kids @Kaz-Kids' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@Kaz-Kids
Balapan TV @balapan_tv' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@balapan_tv
Di Di @di-di' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@di-di. GTA ойынын ойнап, қазақша дыбыстап отырады.
Қоңыраулы қала @QonyraylyQala' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@QonyraylyQala
Бастауыш сынып @user-lq8bf4hm8e' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@user-lq8bf4hm8e
Alan TV @alantv8036' rel='nofollow'>https://m.youtube.com/@alantv8036

@myrzamuratkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Yandex браузері енді видеоларды ағылшын тілінен қазақшаға аударып бере алады


Forward from: IT bilim
Бір ай бұрын Kolesa Conf’23 өтті

Баяндама жазбалары жарияланды 💥

Алғаш рет ауқымды IT-конференцияда қиын техникалық баяндамалар толығымен қазақ тілінде естілді.

• Ардақ Тілеу, frontend engineer Media.Monks, Қысқаша Infinite Scroll техникасы

Бахытжан Жақажанов, CEO Product Bee, IT-қауымдастық құрудағы басты қағидалар

Әлихан Бақытбек, Android-developer Kolesa Group, Көз – қорқақ, қол – батыр. Kotlin Multiplatform

Қуаныш Бакиров, Data engineer Itransition, Databricks Lakehouse платформасын қолдану қазіргі заманның талабы


Конкатенация

Екі string типті айнымалыны қосу үшін арналған операция. Ол + операторы арқылы орындалады.

C# тілінде қалай орындалатыны, және арифметикалық қосу операциясынан қандай айырмашылығы бар екенін төмендегі мақалада жазып кеттік
https://myrzamurat.kz/csharp/c-конкатенация/


Мағжан Қайранбай - Машинаны үйрету (Machine Learning)саласы бойынша алғашқы қазақша кітап шығарған автор. Жасанды интеллект хайп болмай жатып, сол салады он жыл бұрын жұмыс істей бастаған.
Қазір Сингапурда аға машина үйрету инженері болып жұмыс істейді. Өзі Phd, өзі Suleiman Demirel университетінің аға оқытушысы.
Сұхбат өте қызықты болды деп ойлаймын. Мағжан өзінің тәжірибесінде кездескен әртүрлі кейстермен бөлісті. Тіпті, ол жазған алгоритмнің арқасында Сингапурдағы көліктерге қатысты қылмыстардың 40%-ке азайғаны бар.

Ұзын сөздің қысқасы, қарауға кеңес беремін.

https://youtu.be/JXrfA35GUPA?si=pasrGInqwi3VV4h3

ps
Кітаптарын мына сілтеме арқылы көруге болады

https://www.itboo.kz/#about


Қазақстан екі жыл қатарынан робототехникадан әлем чемпионы атаныпты. Барлығы 191 ел қатысқан
@myrzamuratkz


HTTP сұрауларын орындағанда сервер қайтаруы мүмкін статустар




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
PageGPT - қызметі арқылы лендинг генерациялауға болады екен.
Бар болғаны сайттың атымен сипаттамасын көрсетсеңіз болды, қалғанын ЖИ өзі жасап береді. Соңында блоктарды орнымен ауыстырып, мәтіндерді қосуға болады. Shopify, Wordpress, HTML және React-қа экспорттауға болады

@myrzamuratkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Sightful компаниясы Spacetop ноутбугын шығарыпты. Бір ерекшелігі бар, монитордың орнына VR-көзілдірік бар екен. Гарнитура Full HD сапасындағы кескін береді. Жиілігі 72 Гц. Динамиктермен жабдықталған. Ноутбук Windows операциялық жүйесінің орнына Spacetop ОЖ орнатылған. Сонымен қатар Wi-Fi 6, 5G модулі және SIM салатын орны бар. Екі USB-C 3.2 порты бар.

Бағасы - 2000 доллар

@myrzamuratkz


Yandex өзінің YandexGPT чатботын шығарыпты. Оны қолдану үшін “Яндекс, давай придумаем” деп айту керек екен. Функция әзірге бета сынақтан өтіп жатыр. Өкінішке орай чатбот чаттың контекстісін сақтай алмайды екен, сондықтан қуып кетуі мүмкін дейді.

@myrzamuratkz


Желі қолданушысы Telegram-ның әлсіз жерін тауып алыпты. Оның көмегімен хакер қооданушының телефонындағы камера мен микрофонға қосыла алады екен.
Әлсіз жер Ақпан айында табылып, Телеграмға табысталған.
Алайда Телеграм осы мәселе бойынша әлі жауап бермепті. Тез арада жөндейді деп үміттенеміз


OpenAI өзінің ChatGPT Plus жазылымы бар қолданушыларға бета режимде интернетке қосылуға мүмкіндік беретін функционалды ашып берді.
Енді ChatGPT-ге мысалы: “iPhone 14 сатып алғым келеді, маған ең арзан дүкенді тауып бер”- десең, дереу интернетке қосылып, осы деректерді жинап бере алады


Тегін нейроторлар жиынтығы

Фотомен жұмыс істеу

Watermark Remover – суреттегі логоларды алып тастайды
CleanUp Picture – суреттегі артық элементтерді алып тастайды
Upscayl суреттің сапасын 4 есе өсіреді
OnlineOCR – суреттен мәтінді оқып алу
Background Remover – суреттегі фонды алып тастау


Басқа тілге аудару

Deepl – жаргондар мен диалектілерді ескеретін аудармашы ЖИ
NeuroDub – видеоларды аударады
Whisper JAX – аудионың мәтіндік транскрипциясын жазып, қалағандарға ағылшын тіліне аударып бере алады


Бірегей контент құру

D-ID фотоңызды жандандырып, сіз берген мәтінді оқыта алады. Дайын аудионы қосуға да болады
UberDuck – атақты адамдар мен медия өкілдерінің дауыстары
Bark – мәтініңізді мәнерлеп оқып бере алады
Musicfy – таңдалған әншінің дауысын қолдана отырып ән шығарып бере алады
GEN-1 – қысқа видеоларды генерациялауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен нейрондық жарнама да жасауға болады
SwapFace – дипфейк жасау
Wavtool – мәтін арқылы бағыттап отырсаңыз болды, керек әніңізді шығарып береді


Дизайнерлер үшін

Mokker – суретіңізге фон таңдап береді
Flair — тауардың сипаттамасын жазып береді;
GyreAI — Фотошоптың тегін баламасы. ЖИ мүмкіндіктері бар.
Midjourney – мәтіндік сұраулар арқылы сурет генерациялап береді


Оқу үшін

BabyAgi — кез-келген тапсырманы сатыларға бөліп, нұсқаулықтар жасайды;
CourseAI — берілген тақырыпқа курс жасап береді;
Tome — әдемі презентация жасау;
Explain like i’m 5 — кез-келген тақырыпты түсінуге көмектеседі.

@myrzamuratkz


Сонымен Google өзінің презентациясын аяқтады. Жаңалықтарға қысқаша тоқталып кетейік:

- Gmail поштасында "Маған жазуға көмектес" жаңа функциясы пайда болады. Сіз ЖИ-ге не керек екенін қысқаша нұсқаулықтар берсеңіз, ол сізге хатты жазып береді.
- Google Photo жылдың соңына дейін Magic Editor нейро торын қосады. Оның көмегімен суреттен артық объектілерді алып тастауға немесе жылжытуға болады (сарқырама көрсетілген суреттегідей)
- 3D карта ірі қалалар үшін кептелістер мен күн райы жайында ақпараттармен толықтырылады
- PaLM 2.0 тілдік моделін көрсетті (Bard сол арқылы жұмыс істейді)

Сонымен қатар Bard ие болған жаңа функцияларды да көрсетті:
- Google шығарған чат ботқа Adobe Firefly қосылады. Оның көмегімен суреттерді генерациялауға болады. Midjourney-ге ұқсас
- Bard жаңа 40 тілді қосады.
- Чатбот 20 бағдарламалау тілдерін үйренді. Ол кодты жазып қана қоймай, әр жол не жасайтынын тәптіштеп түсіндіріп бере алады
- Чатбот компанияның көптеген қызметімен жұмыс істей алатын болады. Мысалы, жасап берген кестені бірнеше клик көмегімен Google Sheets-ке көшіруге болады
- Суреттерді таңу функциясы қосылды

@myrzamuratkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
I/O 2023 жазылмалы Pixel Fold телефонын да көрсетті.
Экраны OLED 120 Гц. 12/256-512 Gb жады, 8 ядролық Google Tensor G2 процессоры мен бес камера.

Бағасы 1799$-дан басталады. Алдын-ала тапсырыс беру 30 мамырда басталады. Алдын-ала тапсырыс бергендердің барлығына Pixel Watch қол сағаты беріледі.

@myrzamuratkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Google видеоны аударып қана қоймай, оны еріннің жыбырлағанымен синхрондайтын болады екен. Керемет

@myrzamuratkz


Google I/O 23 конференциясында Pixel 7a смартфонын көрсетті

Google өзінің жаңа Pixel 7a смартфонын көрсетті. Смартфон 8GB жедел жады мен 128Gb ішкі жадымен жабдықталған. Дисплейі - 6.1 дюйм, жиілігі - 90 Гц. Tensor 2 процессорымен жабдықталған. Негізгі камерасы - 64 Мегапиксел болса, ал алдынғы камерасы - 13 мегапиксел.

Аккумуляторы - 4600мА

@myrzamuratkz

20 last posts shown.

7

subscribers
Channel statistics