Posts filter


AQPAN ↘️

8 ай қатарынан құнсызданған теңге ақпан айында нығайды. Ақпанда теңгенің ресми орташа бағамы 506,24 теңгені құрады.


🙃БЖЗҚ инвестициялық кіріс

Зейнетақы қоры активтерін түрлі бағалы қағаздарға инвестициялайды. Қор активтерін 🙃бас банктен бөлек 7 жеке инвестициялық қор басқарады. Бағалы қағаздар әртүрлі АҚШ нарығынан басталып Бразилия, таяу шығыстағы ірі держава елдерінің облигациялары, қор нарығындағы ірі шетелдік алып компаниялардың акциялары да бар.

📈Қазір БЖЗҚ біртіндеп сыртқы бағалы қағаздар нарығына шығып жатыр. Доллар үлесі айтарлықтай өсті. Былтыр инвестициялық таза кіріс 9,24% (17,8-8,6). Бұл соңғы он жылдағы жақсы көрсеткіш. 2024 жылы инвестициялық кіріс 17,8% құрады, алайда бұл кірістің 8,6% инфляция жеп қояды. Сондықтан зейнетақы қорында табысты қарастырғанда 📈инфляция маңызды фактор.

🙃Өткенде айтқанымдай теңгенің нығаюы бәріне тиімді емес. Соның бірі БЖЗҚ деп айтуға болады. Инвестициялық кіріс жақсы өскенімен, теңгенің жыл басынан нығаюы (528 ден ➡️500 ге) дейін түсіп, табысты азайтады. Сондықтан жылдың бірінші айында көбісінің жеке қорындағы (шоты) инвестициялық кіріс минусқа кетті.


Украинаны бөлу

Зелинский ертең АҚШ қа барып келісөз жүргізеді. Украина табиғи ресурстарын "кепілге", бейбітшілікке" айырбастамақ. Forbes❗️Украинаның табиғи ресурстар құнының картасын жариялады. Украина жариялаған табиғи ресурстар құнының картасы геосаяси тұрғыдан маңызды мәселе. Онда елдің табиғи байлықтары, әсіресе литий, титан, уран, темір және басқа да стратегиялық шикізаттардың қоры көрсетілген. АҚШ болашақта Украинада өндірілген табиғи ресурстардың 50%-ын немесе толық иемдене ма әлі белгісіз. Өкініштісі бұл жерде ойын ережесін АҚШ бекітеді.

🇷🇺Ресей Украинаның әрбір аймағының, соның ішінде Қырымның, сондай-ақ қазір Ресей басып алған және өзінің жері деп санайтын ДХР, ЛПР, Херсон және Запорожье облыстарының табиғи ресурстарының құнының картасына бір қарап шықсаңыз жеткіліті.

Қысқасы Украина пост советтік елдерге мықты мысал бола алады. Ешкімге сенбеу, ешбір құжат, ешбір ұйым тәуелсіздікке кепіл бола алмайтынын тағы бір дәлелдеді.

⚡️Forbes 🇺🇦 табиғи ресурстар құнының картасын жариялады 👇


Алматыдағы айырбас пунктері рубльді 5,8 және 5,9 теңгеден сатып жатыр. Рубль жыл басынан бері 21,4%-ға қымбаттады. Соңғы рет осындай бағаны 2023 жылдың наурыз айында тіркелді. Қазір Ресейден долларды арзанға сатып алып, Қазақстанға сатса әрбір доллар үшін маржа 9,4 теңге табады.

Теңгенің нығаюы осымен тоқтады ма?

Теңге рубльдің артынан нығаюы тоқтады. Бүгін USD/RUB 85,5 ке дейін төмендеді, алайда USD/KZT бағамы бұл нығаюға реакция бермеді🤷🏻‍♂️. Салық аптасы да аяқталды. Теңге 500-ден төмен түскісі келмейді, осы дәлізде PEG ұстап отыр. Біздің ойымызша теңгенің 500-ден төмен нығаюы ешкімге керек емес және ірі ойыншылар үшін ойын ережесі 500< жоғары...


Үкімет биыл қорғанысқа $2,4 млрд доллар жұмсайды.

Қорғаныс бюджеті теңгемен жылдан-жылға өсіп келе жатыр, алайда теңге бағамына 🙃 байланысты екінші жыл қатарынан азаюда. Дегенмен де соңғы 8 жылда $1,5 млрд ➡️ $2,4 млрд долларға дейін өскен.

🇰🇿Қорғаныс бюджеті ЖІӨ-нің небәрі 0,86% құрайды. Мәселен НАТО елдерінде орташа шығын 2%. Еуропа елдері болашақта қорғаныс саласына шығынды ЖІӨ-нің 4% дейін арттыруға бекініп отыр.

Егер Қазақстан қорғаныс бюджетін ЖІӨ-нің 2% дейін көтерсе, жылдық шығын көлемі шамамен $6 млрд доллардан асар еді.


🙃Kaspi.kz 2024 жылды қортындылады.

Kaspi барлық негізгі бағыттарда тұрақты өсім көрсетіп отыр, әсіресе маркетплейс пен финтех секторларында.

🇹🇷Түркияға экспансия жаңа ірі нарықты ашады, бірақ қысқа мерзімді қаржылық нәтижелерге әсер етпейді. Hepsiburada компаниясының 65,41% акциясын сатып алды. Құны $1 126,9 млн.

🙃Пайда маржасы жоғары деңгейде сақталғанымен, финтех секторында таза пайда өсімі баяулады. Себебі бәсекелес 🙃 күшеюде.

🙃 Маркетплейс те жақсы дамуда. Онлайн сауда қызылдарға жылына 348 млрд теңге таза пайда алып келді.

🤷🏻‍♂️2025 жылдың І жартысында дивиденд төлемейтін сияқты. Себебі Түркия нарығына басымдық береді.

Каспиликтер 2025 жыл компания үшін тағы бір табысты жыл болады деп ойлайды. Таза пайда шамамен 20%-ға өседі деп болжауда.

Толық есеп мында


Теңге аптаны сәтті бастады

Теңге рубльдің артынан нығыюы белгілі бір лагпен жалғасып келеді. USD/RUB паритеті 1/88 ге дейін түсті. Салық апта эффектісі осымен бітті. Ұлттық валюта дүйсенбіні 🙃 1/500 бағамымен жауып, осылайша теңгеміз психологиялық межеде ұзақ тұрақтануда. Дегенмен де рубльге назар аударған жөн.


2024 жылы ресми диллерлер 205 111 жаңа көліктің кілтін табыстады.

Бұл тек ресми авто дүкендердегі мәлімет, ал сұр нарықта жағдай басқаша. Дегенмен сұр нарықтың үлесі жылдан-жылға төмендеп келеді. Сондықтан ресми диллерлер сатқан көліктерге қарап жалпы картинаны анықтауға болады.

Қазақстандықтар:
🚗 седаннан кроссоверге көшіп жатыр
🇨🇳қытай көліктеріне сұраныс айтарлықтай артуда (39% үлесі)
🤩Кублит бірінші орынды ешкімге бермей келе жатыр


Өзбек амбициясы: ЖІӨ 200 млрд долларға жеткізу

2030 жылға қарай Өзбек билігі ел экономикасын 160 млрд долларға жеткізу міндетін қойған. Экономикалық жақсы өсім бұл мақсатты 2027 жылы орындауға мүмкіндік беріп отыр. Ташкент енді 2030 жылға қарай ЖІӨ-ді 200 млрд долларға дейін жеткізбек. Еске сала кетейік былтыр көрші елдің ЖІӨ өсімі 6,0%-дан асқан.


ҚҚС салығының 61%-ы Алматы мен Астана қалаларынан жиналады. Бір Алматының өзі 42% қамтамасыз етіп отыр. Салық мөлшерлемесі (НДС) 16%-ға өссе, салық жиналымын бақылау үшін екі мегаполис индикатор бола алады. Курсив-қа ҚҚС салығы бойынша аналитикалық материал бердім.


Қытай Ресейді Орталық Азиядан ығыстыруда

Ресей соңғысқа дейін Орталық Азияның басты сауда серіктесі болып келді. Алайда, 2022 жылдан бастап бұл статусты Қытай алды. Тіпті 2024 жылдың қортындысы бойынша 🇨🇳 мен 🇷🇺 арасындағы айырмашылық 2 есеге дейін артты. Осылайша Қытай Ресейді өңірден easy ығыстырып тастады.


Өзін бюджетпен қамтамасыз ете алмайтын өңірлер

2025 жыл еліміздегі 20 өңірдің 17 өңірі орталық бюджетке мұқтаж. Биыл республикалық бюджеттен өңірлерге 5,8 трлн теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Ал керісінше донор өңірлер- Астана мен Алматы қалалары және Атырау облысы орталыққа қаржы береді. Үш донор өңір бірігіп биыл РБ-ке 504,2 млрд теңге аударуы тиіс.

🙃Шымкент қаласы да субвенция статусын алып отыр. Шымқала әлі күнге дейін өз бюджетін толтыра алмай келеді.

🙃Маңғыстау 2022 жылға дейін донор өңірден субвенция алатын өңірге айналды.


2024 жыл жалпы импорттағы 🇷🇺ресейдің үлесі 26,5%-дан 30,5%-ға өсті. Ресеймен шекаралас 8 облыста импорт тәуелділігі 50% дан асады. Сөредегі азық-түліктің көбісі көрші елден келеді. Сондықтан ресей инфляциясына назар аударған жөн. Қазір оларда инфляция қарқынды өсіп 🙃келе жатыр. Осылайша инфляцияны көшіру және баға шоктарына тәуелділік артып келеді. Жалпы биыл "бағалардың өсу жылы" болатын тәрізді😔

График: 🇷🇺🧲🇰🇿

🙃 JaiSandar


2024 жылы Қазақстандық компаниялар қанша дивиденд төледі?

🙃 былтыр әр акцияға 3400 теңге төлеген.

🙃 бір дана акцияға 35 теңге. 2 мәрте (25,43 тг+9,57)

Кірістілік пайызы (dividend yield) маңызды!
Бұл көрсеткіш акцияның дивидендінің бағасына қатынасы ретінде есептеледі. Ол сіздің инвестицияңыздан қанша табыс алатыныңызды көрсетеді. Мысалы, акцияның бағасы 1000 теңге, ал дивиденд 50 теңге болса, онда кірістілік пайызы 5% болады.


ҚазТрансОйл (-2,08%)

КТК құбырына дрондық шабуыл салдарынан кейін KazTransOil акцияларының құны түсті. Сағат 15:00 дейін fast 310 млн теңгенің саудасы болған.

🛢КТК құбыры арқылы Қазақстан өзінің 80-84% мұнайын экспорттайды. Ол құбыр Ресей арқылы өтеді. Ал ҚазТрансОйл 🙃 КТК құбырларына қызмет көрсететін компания.


Қазақстан өз алтын қорынан 2021 жылдан бері 116 тонна алтын сатты.

2000-2021 жылдар алтын қорға тек жинақтап келіп, 2021 жыл maximum-ға жеткен соң, күрт азайған. Соңғы 3 жылда 🙃 gold reserve (-30%)-ға азайды. Ал, нарықта алтынның бағасы керісінше қымбаттап, рекордттық межеге жетті 🤷🏻‍♂️

🙃 JaiSandar


Түркі ұйымындағы елдердің ішінде Түркияның салмағы өзгелерден әлдеқайда жоғары. Мысалы, ЖІӨ бойынша 2024 жылы осы ұйымда Түркияның үлесі 61,3% ($1.3 трлн) құрады.

🙃 жалпы, Қазақстан мүше ұйымдарда күш тек бір елде шоғырланған. Мысалы ЕАЭО (Ресей), ОДКБ (Ресей), Түркі ұйымы (Түркия) . Осындай ұйымдарда ұлттық мүддені қорғау қиын. Соңғы онжылдықта (🇺🇦 vs🇷🇺қақтығысы) ешқандай ресми құжат, ұйым, уағдаластық тәуелсіздікке кепіл бола алмайтынын тағы дәлелдеді…

Альфи Соломонс айтпақшы «Большие имеют мелких»


🙃Теңге рубльдің көлеңкесі сияқты

Ақпан айында біз тағы да теңге мен рубльдің арасындағы тығыз байланысты көрдік. Корелляция жоғары. Рубльдің артынан теңге де күш алып, 1/500 паритетіне келді. Теңге үшін 1/500 бағамы "психологиялық меже", маңызды дәліз. Goldman Sachs 1/500 -ге long болжамын беруде. Бұл дегеніміз USD/KZT бағамы ұзақ уақыт осы коридорда қалуы мүмкін.

Рубльге қарайлау

Теңге мен рубль тығыз экономикалық байланыста. Бірақ бұл әрдайым 1:1 сәйкестікпен жүрмейді. Кейде рубль әлсіресе, теңге оған қарағанда аз құнсыздануы немесе керісінше, рубль нығайғанда теңге оған сәйкес күшеймеуі мүмкін. Иә, рубль мен теңге арасындағы байланыс жоғары болғанымен, әрдайым тікелей және бірдей пропорцияда өзгермейді. Дегенмен де мына график бізге екі валютаның долларға тығыз байланысын көрсетіп отыр.

🙃 JaiSandar


🏣Жыл басынан бері отандық компаниялардың акциялары төмендеген.

БЦК, Kcell және Freedom плюске шықса, қалған компаниялардың акция бағасы төмендеген. AirAstana (-15.9%), ҚазМұнайГаз (-10.2%) құнын жоғалтса, қалған компаниялардың бағалы қағазы 0-5% дан 4,6% аралығында минусқа шықты.


🏦 Kaspi-дің акциясы кеше 6,61% өсті. Nasdaq-та қызылдың бір дана акциясы $109,23 сатылуда. Осылайша Kaspi нарықтық құны $20,7 млрд өңірдегі ең қымбат public компания статусын сақтап отыр.

Компания акциясының күрт өсуіне ірі акционер Вячеслав Ким 💵 (жусанды) сатып алуын растауы және dividend payments уақыты жақындап қалды.

Каспиліктердің қаржылық жағдайын (FT) талдап, кейін бөлек жазамыз

20 last posts shown.