Ongar_online


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Politics


Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:
🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.
Жарнама бойынша: +7 747 897 4980

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Politics
Statistics
Posts filter


Ақша да адамды арақ сияқты мас қылады екен. Қазақстанда осындай "мастар" тым көбейіп кетті. Қолдарына түсіп қалудан біртүрлі қорқасың.

Қазірде жас әнші көп. Өңшең "жұлдыз". Қазақ аспанына қалай сыйып тұр деп таңғаласың. Ал көбінің әнін тыңдасаңыз... Әуені – азғын, сөзі – сорақы.

Аяқтары –жерде, демі – көкте. Қолда – микрофон... Бар кәсіптері ел-жұрттан ақша жинау. Бизнестің ең оңай жолы осы шығар. Әлің жетпесе әнмен ойна деп оларға кім айтты екен?!

Орыстарда сынды да, марапатты да қабылдай алатын мінез бар. Олар Пушкиннің жүргіштігін, Лермонтовтың сумақайлығын, Некрасовтың алаяқтау карта құмарлығын, Достоевскийдің қояншық ауруын, Маяковскийдің екі адамға ортақ бір әйел ұстағанын, Есениннің сифилиспен ауырғанын, Рубцовтың ішкіш боп, көңілдесі тұншықтырып өлтіргенін жасырып, жаба ма?

Жоқ! Ашық айтады. Өйткені, қаншама ұлы тұлға болса да – нәті адам. Сондықтан да, олардың бетіне шіркеу түсіп жатқан жоқ.

Бізде ше? Атай көрмеңіз. Өңшең шыбық тимес шыңқ етпе. Керемет, ғажап, классик, ұлы... Қағыс сөз айтсаң қалпағыңды қағып түсіреді. Үстеріне шыбын тұрмақ шаң қонбауы керек.

Таңертең айнаға қараймын. Бетінде ит тірліктің ізі қалған бір шал тұрады. Басымды алып қашамын. Барлық жас дәурен айнаның арғы жағында қалған сияқты.

Той-топырда жастарға жұрт сияқты "Бақытты болыңдар" деп тілек айтамын. Бақыттың не екенін шындап келгенде өзім де білмеймін. Бәлкім, біздің жақта жоқ зат шығар?!

Үш рет комаға түсіп, ес-түссіз жаттым. Алды сегіз, соңы екі күн. Аллекем әрі ойланып, бері ойланып мені о дүниеде еш кәдесіне жарата алмаған соң тірі қалдырған сияқты.

Есіл жағасында ұзақты күн қыдырдым. Толқынды толқын желкелеп, өлтіріп жатты...

Аман-саулық сұрасқан бір танысқа: "Жүріп жатырмыз, уақытша", – деп ем. Шошып кетті.
– Қалайша уақытша? – деп.
Оған не айтуға болады?

Халықты жоқшылық емес, тоқшылық құртады. Аздырады. Бұл – ерте дүние тарихынан мәлім құбылыс.

Жылағым келген. Жас таба алмадым...

Рахымжан Отарбаев.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Украина түнде Ресейдің 8 облысына 50 дронмен шабуылдады. Смоленск мұнай өңдеу зауытын мамалатты.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Басынан соры арылмаған Торғайым-ай. Жанкелдин ауданы, Көкалат ауылы. Тұрғындар өз күшімізбен бейнеттеніп жатырмыз дейді.

Жұрт Зеңгі баба тұқымымен дамбы жасап жүр. Итшілеген қу өмір-ай.


Forward from: Azattyq - Азаттық
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📹 Батыс Қазақстан облысы Байқоныс ауылынан оқырман жіберген видео

Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі сегіз метрден асқан. Бұл туралы ақпаратты Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай жөніндегі штабтың телеграмдағы арнасы жариялады.

t.me/azattyq


Астанада Ер Манасқа арнап еңселі ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылуына мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров қатысты.

Алдында қырғыз ағайындар Бішкекте Абайға ескерткіш орнатқан болатын.


Көк Ұлдар ресейлік ТУ-22МЗ ұшағын Кобзонның кәнсертіне аттандырды. Бұл РФ үшін стратегиялық жағынан өте маңызды бомбалаушы ұшақ еді.

2k 0 2 13 111

"Су тасқынының алдын алуға бөлінген миллиардтар. 59 басшы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді". Антикор

2k 0 0 39 119

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имам жазаға тартылды.


Ертең Жерде күшті магниттік дауыл соғады. 19-20-сы күндері орташа, ал 21-22-сі ауыр өтеді дейді. Сақ болайық, ағайын!




Енді қазақстандықтар үшін Тайландқа визаның қажеті жоқ. Отыз күн бойы емін-еркін жүре алады.


Қазірдің өзінде шектелген - TikTok Қырғызстанда ашылмайды

Бұл туралы жергілікті БАҚ жазуда. Олар көптеген пайдаланушылардың қызметтің қолжетімсіздігі туралы айтып жатқанын атап өтті.


Қай қалаға ұқсайды?


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ринат Заитов бүгін Парламентте су тасқынына қатысты сұмдық мәселе көтерді! Айтып отырғаны 80% емес, 100% шындық! Өз көзіммен көріп келдім.

2.4k 0 2 21 131



Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды

Есіл өзені екінші рет көтеріліп жатыр.


"Көзі ашық бахабистерге" қарсы челлендж басталыпты.

Өткенде су тасқынына қарсы бір апамыз ұршық иіріп еді. Сол апамызға қарсы діни фанатиктер "ширк", бәлен түген деп ұрсып еді. Енді апамызды қолдау үшін қыз-келіншектер жаппай ұршықпен фотоға түсіп, онысын әлеуметтік желіге жүктеп жатыр.

2.4k 0 1 43 212

Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қырым. Жанқойдағы әскери әуежай мамалап қалды.


Қостанайда халықпен кездесуде Тоқаев киік атуға тыйым салатынын айтты!

2.6k 1 2 33 139

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізетіндер қай жерлерімен ойлайды? Ұлттық құрамамыз енді қайда ойнайды?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропада масқара болғалы тұр. Құрамамыз ойнайтын жалғыз стадион "Астана-Аренаны" күздегі көшпенділер ойындарына деп жауып тастап, ішіне опилка төсеп, көкпар өткізбекші.

Алматының Орталық стадионы Еуропа стандартына сай келмегендіктен УЕФА рұқсат бермеді. Эрлинг Холланд, Мартин Эдегор секілді әлемдік жұлдыздары бар Норвегиямен, Ян Облак бастаған Словениямен, Давид Алабасы бар Австриямен матчтарды қайда ойнаймыз? Ташкентте? Бішкекте?

Талай көкпарды көріп едім, жабық стадионның ішіндегі көкпар дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Қыркүйекте қар жауып, боран соқпайтын шығар, көкпарды ипподромда өткізуге не кедергі?

Ұлттық құрамамыз бұрын топта көш соңында жүретін еді. Қазір топтан оза шапқанымен қоймай, "стыковой" матчтарға шығатын болды. Сол жұмыстың бәрін тағы да 0 қыламыз ба?

20 last posts shown.