РАМАЗАН 2024 | Ораза


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


🌙 Бұл каналда ораза туралы қызықты мәліметтер жинақталған.
💡 @orazabot - ОРАЗА ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


🔅ШӘУУӘЛДАҒЫ ОРАЗАДАН БӨЛЕК ҚҰЛШЫЛЫҚ
Шәууәл айы Рамазаннан кейін келетін ай болғандықтан, бұл айда өткен оразадағы кемшіліктердің орны толықтырылады. Бұхари мен Муслимнің «Сахих» жинақтарында Пайғамбарымызﷺ Рамазан айының соңғы он күнінде жасай алмаған иғтикаф құлшылығының орынын Шәууәл айында толықтырғандығы айтылады. Мұнымен қоса, үзірлі себептермен ұсталмай қалған ораза күндерін дәл осы Шәууәл айында толықтырған жөн дейді ғалымдар.


🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы


📍ИСЛАМ ДӘУІРІНДЕГІ ШӘУУӘЛ
Пайғамбарымызғаﷺ елшілік міндеті жүктеле салысымен ол өз қауымы ұстанатын негізсіз тиымдарды әшкереледі. Солардың бірі - Шәууәл айына қатысты еді. Алла елшісіﷺ Шәууәлда үйленуге болмайды деген негізсіз тиымның тамырына түбегейлі балта шапты. Ол осы айда Айша анамызға үйленді. Бұхаридің «Сахихында» Айша (р.а.) өзі бұл жайлы: «Алла елшісіﷺ маған Шәууәлда үйленді және менімен Шәууәлда шаңырақ көтерді. Алла елшісініңﷺ қай әйелі оның алдында маған қарағанда сүйіктірек болып еді?!" - деп мақтанған. Яғни Ислам діні мұндай жалған сенімдердің күшін жойып, Алланың мейірімін ешкімнің де шектей алмайтындығын халыққа түсіндірді. «Юнус» сүресінің 107-аятында: 
«Егер Алла саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, онда Оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісіге береді. Ол өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді», 

– деп айтылған. Яғни пендеге пайда да, зиян да бір Алладан ғана болатындығы Құранда ашық баян етілді.  

🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы


📍ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ШӘУУӘЛ
Шәууәл айының тарихы Исламға дейінгі надандық дәуірінен бастау алады.  Көне арабтар Шәууәл айын жамандыққа ырымдаған. Бұл айда ерлі-зайыптылардың бас қосуы дұрыс неке болмайды деген соқыр сенімде жүрген.

Олардың Шәууәлді жаман ырымға балаған себебі - есте жоқ ескі замандардың бірінде үйленгісі келген жастардың бірнеше жұбы дәл осы Шәууәл айында қатерлі оба ауруына шалдыққан деген аңыз айтылады. Ал надан арабтар сол тағдырдың қайталануынан қорқып, Шәууәл айында үйленбеу керек деп санаған. Шәууәлда үйлену қажет болса, аспанға көгершін ұшырып, соның ұшуына қарай әрекет еткен. Яғни, тағдырын құстың ұшуына байлап, Аллаға серік қосып адасқан. Арнайы ұшырылған құс оңға не алға қарай бағыт алса, олар мұны жақсылыққа балап, Шәууәлда үйлене беретін. Ал егер әлгі құс ұшқан бетте сол жаққа не кейін қарай бағыт алса, олар мұны жаман ырымға балап, үйленуді тоқтататын болған. Алайда адамдардың тағдыры құстың немесе уақыттың емес, Алла Тағаланың қолында еді. Сондықтан Ислам келісімен аталмыш сенімдер өзінен өзі ұмытылды.


🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы


🖋️Əбу Һурайра (р.a) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымызﷺ айтты:

«Қиямет күні Алла Тағала жолына екі нәрсені жұмсаған адамды Жәннаттың бір есігінен: «Ей, Алланың құлы! Бұл – жақсылық», – деп шақырылады.
•Намаз оқығанды «Намаз» есігінен
•Алла Тағала жолында соғысқанды «Жиһад» есігінен
•ораза ұстағандарды «Раййан» есігінен
•ал садақа бергендерді «Садақа» есігінен шақырады»,
– деп айтқан уақытта Әбу Бәкір (р.а): «Бұл есіктерден шақырылғандарға не қам, не қайғы? Алайда, осы есіктің барлығынан бірдей шақырылатын пенде бола ма?» – деп сұрады.
Алла Елшісіﷺ: «Йә, болады. Мен Алла Тағаладан сізді солардың бірі болуыңызды тілеймін», – деп жауап берді».

📘 Бұхари мен Муслим

🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы


🌙ШӘУУӘЛ АЙЫ
Пайғамбарымыз
:
«Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады»

– деп,  бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген (Сахих Мүсілім). 

📈Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның 10 есе қарымы беріледі» – деген. Ғалымдар Шәууәл айындағы 6 күн оразаның 1 жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы 30 күн мен Шәууәл айындағы 6 күн қосылғанда, 36 күн болады. Бұл сан 10 есеге көбейтілсе, 360 күнді құрайды.

‼️Бір жылдың қалған 5 күні ораза ұстауға болмайтын Рамазан айтының алғашқы күні мен Құрбан айттың 4 күні. Оразаның әрбір күні 10 есе молайса, онда 36 күндік оразада 1 жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз.

📍Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау ешкімге міндет емес, адамның өз ыхтиярында.

📍Шәууәл айының нәпіл оразасы тек Шәууал айында ғана ұсталады. Және оны айт күнінің екінші күнінен бастап ұстаса болады.

📍Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзбей қатарынан, сонымен қатар арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде де ұстауға болады.

📍Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге Шәууәлдің 6 күндік нәпілін ұстаса да болады. Дегенмен, Рамазан оразасын толығымен ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін ескерген жөн. Ал, Шәууәл айында 6 күн ораза тұту Пайғамбарымыздыңﷺ сүннеті болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал. Себебі адамның белгіленген ажалы айтпай келетіндіктен, алдымен парыз оразаның қазасын толық өтеп, нәпіл оразаны одан кейін ұстаған дұрыс. Бұған қоса жоғарыда келтірілген хадисте «Рамазан оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса» делінгенін ескерсек, әуелі Рамазанның қазасын өтеудің абзалдығын ұғамыз.

📍Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да Шәууал оразасын ұстауына болады. Алайда, олар Пайғамбарымызﷺ сүйіншілеген бір жылдық оразаның сауабын ала алмайды. Себебі, Рамазан оразасы – парыз. Оны ұстамау – үлкен күнә.

📍Шәууал оразасы да Рамазан оразасы секілді «таң» намазынан (Таң намазына 10 минут қалғанда ауыз бекітіледі) басталып, «шам» намазына дейін жалғасады.

📍Шәууал айының 6 күндік оразасын әр аптада екі күнге бөліп, әсіресе, аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ұстаса, нұр үстіне нұр. Себебі, Пайғамбарымызﷺ:
«Дүйсенбі күні мен бейсенбі күні (апталық) істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын»

деді (Тирмизи).


🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы




Айт намазы уақыты📌




🎗️ОРАЗА АЙТЫНДА ІСТЕЛУІ ТИІС АМАЛДАР:
1️⃣пітір садақасын беру
Пітір садақасы Рамазан айында, яғни Рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады.

2️⃣тәкбір айту
Айт күндері тәкбір (Алланы ұлықтау) айту дінде заңдастырылған амалдардан. Алла тағала Құран кәрімде:
{ وَلِتُكْمِلُوا الْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَى مَا هَدَاكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ }
Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар.


Имам әз-Зухри былай деп баяндайтын: “Адамдар тәкбірлерді айт күні үйінен шығар кезде намаз орындалатын жерге барғанға дейін және имам көрінгенге дейін айтатын. Ал имам көрінген кезде, олар имам тәкбір айта бастағанға дейін тынышталатын, ал содан соң олар тағы да тәкбір айтатын”.

3️⃣айт намазын оқу
Пайғамбарымызﷺ өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген.
Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымызﷺ өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекесі арнайы ғибадаттармен басталады.

4️⃣намазға шығар алдын құрма жеп шығу
Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл пайғамбарымыздыңﷺ оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.

5️⃣Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды‼️
Қуаныш пен шаттыққа толы бұл қос мейрамда мұсылмандар ораза ұстамайды. Бұл туралы Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Алланың Елшісіﷺ адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын»


🔆Айт күні пайғамбарымызﷺ адамдарға былай деп айтқан:
يَا أَيُّها النَّاس أَفْشُوا السَّلامَ وَأَطْعِمُوا الطَّعامَ وَصِلوا الْأَرْحَامَ وَصَلوا بِالليلِ وَالنَّاسُ نِيامٌ تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ بِسَلَامٍ 
«Ей, адамдар, бұл күні сәлем жайыңдар, тамақтандырыңдар, туыстық қатынасты күшейтіңдер және адамдар ұйқыда болған кезде намаз оқыңдар, еш алаңсыз жәннатқа кіресіңдер
»


🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы


ОРАЗА АЙТ ҚАЛАЙ БЕКІТІЛДІ?
Анастан(р.а) жеткен хадисте «Алла Елшісіﷺ Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымызﷺ:
«Бұл қандай күндер?»,
– деп сұрағанда:
«Жаһилия дәуiрiнде ол күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк», – дедi. Пайғамбарымызﷺ:
«Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы Құрбан және Ораза айт күндерiмен алмастырды», – дедi.


Ал, әне-міне дегенше Рамазан айы да өте шықты. Бірақ нағыз Рамазан Рамазан айы біткен соң басталады дейді ғой. Қазір алдағы ораза айт туралы қысқаша мәлімет айта өтейік👇


💰ПІТІР САДАҚА ДЕГЕН НЕ?
Алла Тағала Құранда:
«(Садақа беріп) өзін тазартқан әрі Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған адам, сөзсіз, мұратына жетті», – деген

Касир ибн Абдулладан, әкесінен, атасынан жеткен хадисте:
«Алла елшісіненﷺ осы аят туралы сұрағанда, ол: «Бұл аят пітір садақа жайында түсірілген», – деп жауап берген»
“Ағла” сүресі, 14-15 аяттар, Ибн Хузәймә

❓Пітір садақаның мақсаты не?
Пітір – оразаның қате-кемшіліктерін толтыр
атын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа.
Хадистердің бірінде:
«Алла елшісіﷺ ораза ұст
аған адамды ұнамсыз сөздер мен жағымсыз іс-әрекеттерден тазарту әрі ке
д
ейлерді тама
қ
тандыру үшін пітір садақаны парыз етті. Кім оны (айт) намаздан бұрын берсе, ол зекет болып қабылданады, ал  намаздан кейін берсе, жай ғана садақа болып есептеледі»
Әбу Дәуіт, Ибн Мажә

❓Қай уақытта беріледі?
Пітір садақа Рамазан айы кіргеннен бастап, Ораза
айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды.

❓Осы жылы пітір садақа неше тг?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айындағы пітір садақасының мөлшерін белгіледі. Ол – 640 тең
ге болып бекітілді.
Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ. 

🌙
Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazat - Ораза энциклопедиясы





1.5k 0 50 18 22

Қадір түнін қалай өткізген абзал?

Төмендегі файлдан толық ақпарат біле аласыздар👇


📍Қадір түні – 1000 айдан да хайырлы болған түн.

Түнгі уақытты шамамен 10 сағат деп алсақ, қадір түнінде 1 сағат қана құлшылық қылу – 8 жыл құлшылық қылғаннан артық.

Қадір түнінде 1 минут қана құлшылық қылу – 50 күн құлшылық қылғаннан артық.

Осынау ғажайып мүмкіндікті құр жіберіп алмайық. Рамазанның соңғы күндері берекелі болғай!🤍🌙

🖊️Абылай Кенжалы каналынан

📍Пайғамбарымыз (‎ﷺ): “Қадір түні болғанда Жәбірейіл періште қаптаған періштемен Жерге түседі де, тұрып, отырып Алла Тағаланы зікір еткен әрбір адам үшін Алладан кешірім тілейді”, — деп айтқан. (Байхақи “Шуғаб әл-Иман”)

Бұл жердегі “тұрып зікір ету” дегені — тарауих, тахажуд т.с.с. түнгі намаздарды оқу. Ал “отырып” дегені — Құран оқу, дұға жасау, әртүрлі зікір сөздермен Алла Тағаланы ұлықтау.

🖊️Дастан Құрманбаев каналынан


05.04.2024ж

Бүгін жұп күннен тақ күнге ауысқан күн. Яғни, Қадір түнінің болуы ықтимал түннің бірі.

•Не үшін Қадір түні қадірлі?
•Қадір түнінде барлық барлық періште түседі дейді, олардың түсу мақсаты қандай?

…тағы да осындай сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе мына видеоны көруге кеңес беремін👇

https://youtu.be/TSi6yTaqT7k?si=hTkoyZhGzuDrcaoe

🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы


ҚАДІР ТҮНІ

•Құран Кәрімнің аяттары түсе бастағандықтан ең қасиетті түн
•жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар

📄"Қадір" – араб сөзі. Тілдік мағынасы қадірлі, қасиетті, артық-кемі жоқ деген мағыналарға келеді. Ал шариғи терминдік мағынасына "бір жылда болатын істерді белгілеп, соның жазылуына Алла Тағаланың үкім беретін түні" деп анықтама берілген.

📍Қадір түні қашан?
Айша анамыздан жеткен хадисте:
"Қадір түнін Рамазан айының соңғы он түнінен іздеңдеp",

– делінген.
2024 жылы қасиетті Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.

📍Қадір түні не істеу керек?
6-
сәуірге қараған түні күн батқан уақытта қасиетті Қадір түні кіреді. Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауға тиіс.

Тағы бір хадисте:
"
Кімде-кім Қадір түнінің қасиетіне сене отырып, сауабын үміт етіп құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі
",

– делінген. Сол себепті Қадір түнінде жиі-жиі дұға жасауымыз керек.

🔅Бұл түнді Алланың разылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, көбірек Құран Кәрім оқып, уағыз тыңдап, барынша құлшылықпен өткізген абзал.
Қадір түнінің ғибадаттарын мұсылмандар мешітте де, өз үйінде де атқара алады. Үйде діни кітап оқып, діни фильмдер көру де ғибадат болып саналады.

🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы


✨Алла Тағаланың "ӘЛ-ҒАФУР" және "ӘЛ-ҒАФУ" көркем есім-сипаттарының айырмашылығы неде?

📍Алла Тағаланың «Әл-Ғафур» көркем есім-сипаты күнәларды өшіреді.

📍«Әл-Ғафу» сипаты болса Қиямет күні күнәларыңды өзіңнен, әрі періштелерден (олардың жазушы дәптерінен) оны жасамағандай өшіріп тастауы және сенен разы болып, сен сұрамасаң да беруі.

Сол үшін дұға жасағанда:
اللهم انك عفو كريم تحب العفو فأعف عنا

«Аллахуммә иннәкә афуун кәрим, тухиббул афуә, фаъфу ъанний»

Мағынасы: "Уа Алла Тағалам! Сен расында аса кешірімдісің. Кешіргенді жақсы көресің. Мені де кешіре көр" – деп көп дұға жасау керек екен.


🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы


РАМАЗАННЫҢ СОҢҒЫ 10 КҮНІНЕ 3️⃣ КЕҢЕС☀️

1️⃣әр түні мүмкіндігінше 50 не 100 теңге садақа беріп жүріңіз. Сонда садақа міндетті түрде Қадір түніне тура түскен болып шығады. 83 жыл, 4 ай күн сайын садақа берген адамдай боласыз.

2️⃣әрбір түні екі ракағат намаз оқыңыз. Қадір түніне сай келсе 83 жылдан астам уақыт бойы әр түні намаз оқыған болып есептелесіз.

3️⃣әр түні “Ықылас” сүресін 3 реттен оқыңыз. Қадір түніне дөп түскенде 83 жылдан аса уақыт күн сайын Құранды толық оқып шыққандай боласыз.

🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:

🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы

20 last posts shown.