Бақыт министрі


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


сұрақтар бойынша: @gizz01er

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Әкенің ақылы

Баласы әкесіне кеп:

- Болды! Бітті! Ажырасамын! Шешем расын айтыпты – әйелім жалқау екен. Қашанғы бәріне бір өзім шапқылай берем?

- Кешір, ұлым, - деп жауап қатты әкесі.

- Не үшін?

- Анаңа үнемі мейірбан бола алмағаным үшін. Сенің санаңның бір түкпірінде ажырасу туралы ойдың тууына ең алдымен мен кінәлімін.

- Ажыраспа деймісің?

- Ажыраспа… Ешқашан ажырасамын деп ойлама.

- Өмір-бақи төзуім керек пе?

- Төзбе... Сен оған төзіп жүрген жоқсың. Өзіңнің оған көрсеткен жаман қарым-қатынасыңа төзіп жүрсің. Сен өзгерсең – айналаң тұтас өзгеріп сала берер еді.

- Қалай өзгерем?

- Әйеліңе Құдай үйреткендей қара. Әйел – Құдайдың аманаты. Сенің қуанышың. Сенің көмекшің. Ұрпағыңның анасы. Құдай қолыңа берген әйнек құтыдай қара. Абайлап ұста, бапта, сақта. Қалғаны – ұсақ-түйек! Егер бүгін әлдене істей алмаса – ертең үйренеді. Сенің де қолыңнан істеуге тиістінің бәрі келмейді ғой.

Бірдеңе үлгермесе – оның әлсіздігін өзіңнің қуатыңмен, сүйіспеншілігіңмен алмастыр. Егер әлдене білмей жатса, кешкі шай үстінде құшақтап отырып айтып бер. Сендердің жол– тек сендердікі. Сендердің махаббат – тек сендердікі. Бір-біріңе деген қарсылықты көрсеткен әр адам – сендерге жау. Ол тіпті анаң болса да. Ағаң болса да. Жан досың болса да. Оларды кінәлама. Кешір. Сен оларға әйелің үшін, махаббатың үшін еш ойланбастан басыңды бәске тігетініңді көрсет. Бірақ отбасың туралы ешкімге жаман сөз айтуға рұқсат етпе.

- Шешем екеуіңді де айырып жібергісі келгендер болып па еді?

- Ондай жанашырсыз да талай мәрте жанжалдастық қой. Ақымақ едік. Тәкәппар болдық. Сендердің өмір басқаша. Сендерді Құдайдан ешкім бөлектеп жатқан жоқ. Содан сұра парасатты. Бір-біріңе иіліп тұрыңдар. Жанашыр болыңдар. Бір-біріңді жұбатыңдар. Егер бұған дейін білмесең, біліп жүр. Махаббат та өседі. Сүйіспеншіліктің ұлылығын, оның нағыз құнын қартайғанда сезінесің. Сол әйеліңді кешке таман құшақтағанда. Мұндай сәттерде сөздің қажеті болмай қалады.

Тәмсіл.
Аударған Шынар Әбілда


Мен үнемі ұсақ-түйекке мән беріп жүрем. Саусақтарымды қысып ұстағаны, байқатпай иығымнан құшақтауы, көз қиығымен ұрлана қарағаны... Махаббат осындай елеусіз нышандардан құралатындай. Ол бөлмеге кіргенде жүзім бал-бұл жанады, амал жоқ, жымиямын. Шығып кетсе, күлкімді өзімен бірге әкеткендей болады.

«21 год без тебя»
#SA


Ері мен әйелі қол мен көздей болсын: қол ауырғанда көз жылайды, көз жылағанда қол жасын сүртеді.

#SA




Тез деген — баяу қимылдау, бірақ үзіліссіз.


Саф сезім
Махаббат — жаныңды жайып салу. Қалай дәл айтқан. Ал біз идеалдандыруға құмар шәркейімізге мәзбіз. Болмысқа сай болудың орнына, болуға тиісті деген ережеге бағынамыз. Қорқынышты, жан дертін, жан жылуын тығып қойып өмір сүреміз. Махаббат деген бүтіндей ашықтық. Сол себепті толыққанды осалдығымыз айқындалмақ. Дәл осындай ашықтық, айқын болу, адалдық ештеңемен салыстыруға келмейтін бақытты бастан кешіртеді. Өз болмысыңнан айнытпайтын бақыт. Оның болмысына сіңіп, рақат таптыратын бақыт. Қалғаны әншейін ұқсап бағуға еліткен бекершілік.

Нэлли Шарапова
Аударған Shynar Ábilda


Ол ешқашан жақсы қыз болған емес. Жақсы қыздардан нафталин мен бауырсақтың иісі шығып тұрады. Ал одан теңіз бен керемет армандардың жұпары аңқитын. Ол бастан-аяқ кемшіліктерден құралған. Құдды пасхада пісіретін мейіз қосылған кекс сияқты. Мейізді алып тастасаң, кекс тәтті болмай қалады. Одан қашан не күтеріңді білмейсің: тыныштық па, әлде дауыл ма, белгісіз. Бірақ оның жанында ешқашан ішің пыспайды. Ол бүгін түнде бұрын-соңды естімеген ертегіні айтып береді. Ал ертесі жастығыңның көлеңкесінен қызғанып, шу шығарады. Болмашыдан ұрыс шығара алатын мінезіне қарап қарадай ұрып өлтіргің келетін кездер болады. Құры дейсің де құшақтай аласың. Маңдайынан иіскейсің. Бітті. Күллі ренішің тарқайды. Қанша ренжітсе де онсыз таңың атып, күнің батпайды. Себебі, сені дәл ол сияқты шексіз беріліп ешкім сүймесін анық білесің.


БІЛІМДІ МЕН НАДАН

Сырт әлпет, киім киіс, үй, көлік – бұның бәрі тұлғаның ерекшелігін, яки адамның талғампаздығын көрсетпейді. Адамды тану үшін оның сөз саптасы мен өзін ұстау мәдениетіне мән беру керек.
Сауатсыз адам жасанды, дарақы екенін бірден көрсетеді. Білімді адам қарапайым, мейірімді, шыншыл, шынайы екенін сездіртеді.

Сауатсыз әйел бәрін құнсыздандырады: «Театр, кітап, саяхат, білімсіз-ақ өмір сүріп жатырмыз. Әне, Дима, Авиация колледжін бітірді, ал өзі кәсіп ашып, керемет көлік алды! Дипломы үйде жатыр. Босқа кеткен бес жыл» дейді.
Ақылды әйел үнемі еңбектенеді, таяз ойлы әйел – бос жүреді. Бірақ ол айнадан өзін бақыламайды, терезеден де далаға қарап тұрмайды. Керісінше, ылғи қолы тимейді: дүкенде сатушылармен ұрсады, туған-туысына барып ақыл-кеңесін үйіп-төгеді. Құрбыларымен кездеседі, телефонда отырады, интернеттегі бүкіл роликті жаттап алады. Сауатсыз адамды қалай тануға болады: «Адам адамға бөрі» деген ұранынан танисыз. Ондайлардың қиялы шолақ, ақылы аз, мейірімін ашу басып тұрады. Адамға ақыл ініне көбірек дән жинау үшін берілмеген. Ақыл адамға ет жақынына көмектесу үшін – аш адамды тойдыру, батып бара жатқанды құтқару, қарияға көмек қолын созу, орын беру үшін керек.

Білімді адам – кекшіл емес. Бірақ дөрекіні бірден орнына қояды. Адамның мейіріміне зияты қосылса, ол даналыққа бастайды. Жан жылуы мен елгезектік болмаса – ол жай ғана қулық боп қалмақ.

Білімді әйел – мәрт. Ол өзінің байлығын басқа дүниеден биік қоймайды. Төбеден бақылап тұрған Ғаламның көзқарасында дүниеқоңыздық аянышты тірлік. Әлемде бүкіл игілік тең бөлінген. Жер, аспан, ауа, су. Қалғаны – таяздық, менмендік.

Білімді әйел деген карьера қуған акула емес, ешкіммен санаспайтын бетпақ емес, ол ең алдымен жақсы ана, қыз, әпке-сіңілі, сыныптас, көрші. Өз үйін, ауылын, қаласын, елін, тілін, салт-дәстүрін жақсы көретін жан. Бұл құндылықтың өзегі. Осы қасиеттің бәрі біріге отырып зиялылыққа ұласады – өзінің өмірін қиындатпай пайдалы бола білуі, айналасына қуаныш сыйлау үшін қамқорлық таныту.

Ксения Асаулюк
Shynar Ábilda


Саған сырттай мүсіркейтін емес, сенің күйіңді бірге кешетін, сезіміңді бүтін бөлісетін жанға лайықсың!


Сенің көз жасыңды көргенде, жүрегі қан жылайтын адамға лайықсың!


Мен нәзікпін
Мен нәзікпін. Сенен анағұрлым жіңішкемін. Бойым да аласа. Күшім де аз. Мен нәзікпін. Менің тәнім сенікінен жұмсақтау. Жүрегім де нәзік. Мен сезімталмын. Сен саналы түрде жұмысқа кірісіп, әрекет жасаған кезде мен жағдайды өн бойымнан өткізіп, түсінуге тырысам. Мен бейімделгішпін. Сен бетке айтқыш әдетіңмен оңдырмастай естен тандырарлық соққы жасағанда, менің бейімдігім ғана жүрегімді сақтап қалады. Мен күйреуікпін. Құдай о баста күш-қуат бермеген екен. Есесіне өзімді де, сені де аяқтан тік тұрғызып, заңғар көкке бір-ақ шығарар махаббат пен мейірім берген. Мен сендікпін. Дегенмен, сен ешқашан бұлай айтпассың. Өйткені, сен мендік бола тұра күллі әлемге тәнсің. Сенің жолың үлкен. Сен әлемді құтқарып, елдің бәріне қызмет етуің тиіс. Сенің парызың сол. Менің парызым - сені сүю, сен үшін дұға жасау, сенің жаныңда болу. Біздің отбасылық кеме батып бара жатса, саған тіреу болу. Маған бұл әлемде сендік махаббаттан басқа ештеңе керек емес.

© Алина Ермолаева, 2021


Қолдан келгеннің бәрін істеп көрсең, енді қолдан келмейтінге кіріс!


Сені сүйгендіктен ғана, ылғи сенімен ұрысып, тәжікелесемін. Көңілдегі дық ортамызға биік қабырға болып қаланбасын деймін.


Сені сүйгендіктен ғана, кейде сенен іргемді бөлек саламын. Жалғыздығымды сезінемін. Бойымдағы ауыр салмақтан құтылып, сені тыңдай беру үшін сенің құшағыңа рухани тазарып келем.


Бойыңдағы бар ғажапты әлемге тарат, мұның бәрібір теңізге тамған тамшыдай жұтылып кетеді. Сонда да қолда бар игілігіңді таратып беруден тартынба.

Ең ақырында бұның бәрі сенің Құдаймен әңгімең екенін түсінесің.
Бұның барлығы ешқашан сенің өзгелермен қарым-қатынасың еместігіне көз жеткізесің.

МАТЬ ТЕРЕЗА
Shynar Ábilda




Жан тыныштығың мен бақытыңды тапсаң, басқалар күндей бастайды. Сонда да бақытты бол.

Бүгін жасаған жақсылығың ертең ұмытылуы ықтимал. Сонда да жақсылық жасаудан жалықпа.


Атақ-даңққа қолың жетсе, шынайылықтан жұрдай достар мен қастығы хақ дұшпаның көп болады. Сонда да мықтылығыңнан танба, жетістіктен бас тартпа.

Сен жылдар бойы іргесін қалаған бақытты біреу кеп әп-сәтте құрта салуы мүмкін. Сонда да мойыма, жаңа бақытқа ұмтыла бер.

#SA


Адамдар көбіне тұғырсыз, қисынсыз, өзімшіл келеді. Қайткен күнде де оларды кешіре біл.

Егер аса мейірбан болсаң, ел-жұрт сені өзімшіл, бір бармағы ішінде деп қаралайды. Бәрібір мейірімді болып қала бергейсің.

#SA


- Сені сүйгендіктен ғана, ең алдымен өзімді ойлауды үйрендім. Себебі, өзімнің жағдайымды түгендеп алмай, саған түк бере алмаспын. 

#SA

20 last posts shown.