PARANOIA.KZ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Украинаның Frontline жобасы "Буря" автоматтандырылған турельдік қондырғысын Mk-19 гранатометін қашықтықтан басқару мақсатында қолдануда. Жаппай өндіріс басталды. Сынақ жаз-күз айларында өтті.


Трамп «Авраамдық келісімдерді» жалғастыру керектігін айтты.

Авраамдық келісімдер дегеніміз не? Қысқаша айтсақ 2020-2021 жылдары Трамптың мұрындық болуымен 4 араб елі мен Израиль арасында бейбіт келісім жасалды. Израиль мен БАӘ, Бахрейн, Марокко, Судан дипломатиялық қатынас орната бастады. Кейін экономикалық байланыстар күшейді. Қорғаныс саласындағы байланыстар да пайда болды. Мысалы Израиль Мароккоға қару сата бастады.

Енді осы келісімді Трамп қайта жалғастырып, Сауд Арабиясы мен Израиль арасындағы байланысты орнатуды көздейтінін жасырмады.


Reuters: Иран билігі АҚШ-қа екі ел арасындағы қайшылықты дипломатиялық жолмен реттеуге МҮМКІНДІК беретінін айтты. Ол үшін АҚШ Израильге саяси қысым жасап, аймақтағы дағдарысты реттеуге күш салуы қажет дейді.

2.5k 0 0 17 106

Трамптың Газа халқын көшіруге қатысты Еуропа мен Араб елдерінің реакциясы:

Сауд Арабиясының СІМ басшысы: «Сауд Арабиясы палестиндіктерді өз жерінен қудалаудың барлық нұсқасын айыптайды. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед Бин Салман бұл мәселеде Газа тұрғындарын толық қолдайды».

Ұлыбритания СІМ-і: «Біз әрқашан екі мемлекет құрылуы тиіс деген ұстанымдамыз! Біз палестиндіктердің өз отанында, Газада және Батыс жағалауда өмір сүріп, гүлдене алатынын көруіміз керек».

Франция СІМ-і: «Франция Газадағы палестиндіктерді мәжбүрлеп көшіруге қарсы екенін қайталап айтады! Бұл халықаралық құқықты өрескел бұзу болып табылады».

Германия СІМ-і: «Газа секторы палестиналықтарға тиесілі және оларды күштеп шығаруға қарсымыз! Бұл халықаралық құқыққа қайшы. Бұл да жаңа қасірет пен жаңа өшпенділікке әкеледі. Бұл палестиналықтардың мүдделерін қанағаттандырмайтын шешім».

Испания СІМ басшысы Хосе Мануэль Альбарес: «Мен бұл сұраққа нақтылық енгізгім келеді. Газа – бұл Газада тұратын палестиндіктердің жері. Олар Газада қалуы тиіс».

Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан: «АҚШ президенті Дональд Трамптың Газаны иемденуге қатысты пікірін құптамаймыз. Палестиндіктердің мүддесін ескермейтін кез келген жоспар қақтығысты ушықтыра түспек».

ХАМАС өкілі Сами Абу Зухри: «Біздің Газадағы халқымыз бұл жоспардың іске асуына жол бермейді. Палестиндіктерді өз жерінен қумай, керісінше Израильдің оккупациясы мен агрессиясын тоқтату керек».


Украина мен Ресей 150/150 форматында тұтқын алмасты. Украинаға қайтарылған тұтқындар арасында "Азов" жасағының сарбаздары бар.

3.8k 0 1 99 267

Грузия Парламенті оппозициялық депутаттардың өкілеттілігін тоқтатты. Олардың саны 49 адам, ал жалпы Грузия Парламентінде 150 депутат бар.

“Мызғымас жалпыұлттық қозғалыс”, “Өзгеріс коалициясы”, “Қуатты Грузия” партиясының депутаттары Парламент сайлауын мойындаған емес. “Грузия үшін” партиясы да сайлау нәтижесінде Парламенттен 12 орын иемденгеніне қарамастан, депутаттары заң шығаруға қатыспай келеді.

Енді Грузия парламентінде билік толықтай “Грузин арманы” партиясына өтті.

Осылайша Саакашвили құрған жүйе толық жойылды десек те болады…

3.9k 0 1 17 153

Грузия Парламенті “Саакашвили билігі тұсындағы қылмыстарды тексеру” комиссиясын құруды қолдады. Құжатты 83 депутат қолдаған, қарсы шыққандар жоқ.

3.8k 0 0 56 140

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін 1 млн доллар қаржы бөлді. Аталған қаржыға электр энергиясын өндіру құрылғылары алынып, Киевке жөнелтілетін болады.

3.9k 0 2 155 446

Forward from: Mezgil.kz
Соғыстың үшінші жылында Ресейдің қылмысына қатысты арнайы трибунал құрылды. Бұл маңызды дейді сарапшылар.

Путинді тұтқындау ордерінің әсері қандай болды?

Ален Берсе трибуналдың мақсаты ұзақ мерзімді уақытты қамтитынын айтты және Путин билігінен кейін келетін режиммен келіссөз жүргізу арқылы Ресейдің әскери қылмыскерлерін жазалау мүмкіндігі болатынын жеткізді.

Толығырақ мақалада⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6216

4k 0 1 12 175

Песков: Зеленский легитимді президент емес, бірақ соған қарамастан Ресей Зеленскиймен келіссөз жүргізуге дайын.

4.2k 0 2 54 327

Сауд Арабиясы «Палестин халқының халықаралық заңнамаларға сәйкес келетін кез келген құқығын бұзуға, жерін аннексиялап, өзін өзге аймаққа көшіруге қарсы» екенін айтты. Сонымен бірге Саудия Палестина мемлекетін құру туралы нақты концепция қабылданбай Израильмен дипломатиялық қатынас орнатпайтынын мәлімдеді.

Трамптың Газа тұрғындарын көшіру идеясына Мысыр, БАӘ, Катар, Иордания, Палестина әкімшілігі мен ХАМАС өкілдері тағы да қарсылық танытты.

Wired: «Шындығында Трамп Газа тұрғындарын көшіруді ойламайды. Оның негізгі мақсаты осы мәлімдемелер арқылы Газа тұрғындары арасында антихамастық көзқарасты арттыру. Бұл баж салығын көтеру арқылы өзге елдерді өз талабына көндіру әдісіне ұқсас тәсіл» - деп жазды.

4.3k 0 1 68 149

БАҚ: Трамп Нетаньяхуға екеуі бірге түскен фотоны сыйға тартып, «Ұлы көшбасшы, Биби!» деп жазды. Ал Нетаньяху Трампқа алтын пейджерді сыйға тартты. Оны көрген Трамп «Бұл керемет операция болды» деп мәлімдеді (Хезболлаға қарсы операцияны меңзегені).


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Трамп Газа секторын АҚШ-тың бақылауға алуы тиіс екенін айтты. Ол Нетаньяхумен кездесу барысында Газа тұрғындарын басқа елдерге көшіріп, Газаны АҚШ бақылауына алу ақылға қонымды әрекеттің бірі болатынын мәлімдеді.

«АҚШ Газа аймағын өз бақылауына алуы тиіс. Мен оны иемденудің ұзақ мерзімді позициясын көріп тұрмын. Бұл аталған аймаққа бәлки тұтас Таяу Шығысқа тұрақтылық әкелуі мүмкін», - дейді ол.

Трамп газалықтарды басқа аймаққа көшіру идеясының шынайы екенін жеткізді.

«Олар (газалықтар) ол аймақта басқа балама жоқ болған соң отыр. Ол аймақта не қалды, оларда не бар? Ештеңе жоқ. Қазір үйінді мен қиранды ғана бар. Оны толық сүріп тастау қажет», - дейді ол.

Трамп Газаны жарылғыштан тазартып, ондағы ғимараттарды сүріп тастап, жаңа нысандар салып, ол аймақты дамытуға болатынын айтты. Оның идеясын Израиль қолдады.

4.4k 0 3 187 295

Қазақстан Кеңес-Герман соғысына қатысқан ардагерлерге жыл сайын көлемді қаражат бөледі.

Ал осы соғысты әлі күнге дейін идеологияға айналдырып келе жатқан Ресей болса, посткеңестік елдердің ішінде ең аз қаржы төлейтін елдің бірі саналады.

4.5k 0 4 48 195

Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Краснодар аймағындағы «Албашнефть» мұнай базасына дрондар шабуыл жасады. Салдарынан мұнай резервуары отқа оранған.


Forward from: Mezgil.kz
2024 жылы сарбазды «із-түссіз жоғалды» деп тану туралы арыздың ең көбі Ростов облысының Октябрь аудандық сотына түскен. Оның саны 1243 өтінішті құрайды. Қазан және желтоқсан айларында сот орта есеппен айына 300-ден астам өтінішті қарастырған. Жоғалған сарбаздарға қатысты ең көп арыз 91704 бөлімшесі, 144-ші мотоатқыштар дивизиясының құрамына кіретін 254-ші мотоатқыштар полкі тарапынан берілді. Бұл полктің сарбаздары 2024 жылы Лиман бағытындағы қиян-кескі шайқастарға қатысқан.

Жоғалған ресейлік сарбаздың саны қанша? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6212

5k 0 3 44 105

Video is unavailable for watching
Show in Telegram
АҚШ-та Type-X әскери дронын жасау жұмыстары жалғасуда. Оның салмағы типіне байланысты 8-12 тонна, сонымен бірге 5 тоннаға дейінгі жүкті алып жүре алады. Дронға 30-ммтрлік зеңбіректен бастап 50-ммтрлік зеңбірекке дейін орнатылуы мүмкін. Аталған дронды әскери ұшақпен ұрыс даласына жеткізіп, майдан даласында қолдану тиімді болмақ. "Milrem robotics" компаниясы болашақта танкты да адамның басқаруынсыз қашықтықтан басқарылатын етіп жасау концепциясын ұсынуда.

5k 0 2 258 173

BILD: Конгоның Гома қаласында жүздеген мәйітті жинастыру жұмыстары басталды. Өткен аптада Гома қаласында Руанда қолдауымен шабуылға шыққан «М23» ұйымының жасақтары мен Конго Демократиялық Республикасы әскері арасында кескілескен шайқастар өтті. Қалада кемі 900-ден астам адам қаза тапқан. Олардың ішінде бейбіт тұрғындар көп. Қызыл Крест қала көшелерінде шашылып жатқан мәйіттерді жинастыруды бастады. Тараптар өліктерді жинауға рұқсат еткен.

БҰҰ ақпараты бойынша «М23» ұйымының құрамында 4 мыңнан астам руандалық сарбаз соғысуда. Руанда бұл ақпаратты жоққа шығарумен келеді. Конгодағы Гома қаласы «М23» сарбаздарының бақылауына өтті. Қала үшін шайқаста БҰҰ бітімгерлік күштерінің 17 сарбазы оққа ұшқан.


Forward from: Mezgil.kz
NYT ақпараты бойынша Иранның ядролық сала ғалымдары жылдам әрі қарапайым негізде ядролық қаруды жасаудың әдістерін іздеу үстінде.

Иран әне-міне қару жасамақ: Барлау қызметі Трампқа тың ақпараттарды жеткізді.

Әскери сарапшылар не дейді? Нетаньяху Трамппен кездеспек. Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6210


Күні кеше Тәжікстанның Вахдат аймағындағы түрмесінде көтеріліс болды. Тәжік билігі «жазасын өтеушілер түрме күзетіне шабуыл жасап, қашпақ болды» деп ақпарат таратты. «Бунтты басу барысында түрменің үш күзетшісі жарақат алды және қылмыскерлердің үшеуі көз жұмды» дейді Душанбе.

Бір қарағанда бұл түрмедегі бунт іспеттес көрінеді. Алайда тәжік билігінің ресми ақпаратына ұқсамайтын өзге ақпараттар шығуда. Экстремизм тақырыбын зерттеп жүрген бірқатар сарапшылар түрмедегі бунттың негізгі себебі радикализм екенін айтуда. Оның ішінде бас көтергендер ДАИШ (ИГИЛ) жақтастары болғанын жеткізді. Бунт барысында көз жұмған қылмыскерлер санының үшеу емес, жетеу екенін айтып, аты-жөнін жария етті. Сол күні түрме күзетінің басшысы болған Садраддин Х. есімді азамат өлтірілген деген дерек бар. Тіпті оқиғаның фотоларын да жариялады. Жарияланған фотоларға назар аударсақ, көз жұмғандардың әлдеқайда көп екенін көруге болады. Көз жұмғандардың бірінің бас киімінде ДАИШ (ИГИЛ) белгісі бар.

Дәл осы түрмеде 2019 жылы бунт болып, 29 адам көз жұмды. Тәжік билігі ол сәтте радикалдар бас көтерді деп мәлімдеді, ал ДАИШ «бунтты жасаған бізбіз» деген ақпарат таратты.

Жалпы экстремистік ұйымдар үшін түрме рекрутинг жасауға арналған ошақ саналады. Ұзақ жылдар бойы бір камерада отыру, 24/7 режимінде насихат жүргізу адамдарға түрлі идеяны сіңіру мүмкіндігін туындатады. Әлемдегі абақтылардың көбі радикалдардың ошағына айналып кеткені қашан. Бұл көрініс Қазақстанда да бар деп ойлаймын.

Мысалы өткен жылдың қараша айында Қазақстан түрмелерінде көтеріліс жасап, бунт шығарып, теракт ұйымдастыруды ойлаған 10 адам ұсталды. Олар түрмеде отырып радикалды идеяларды таратып, террорлық әрекет жасау керектігін айтқан. Бұл бір ғана мысал. Қауіпті мысал...

5.1k 0 2 15 119
20 last posts shown.