⚜️Поэзия әлемі⚜️


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Art


♥️ Махаббат жырларына сусындағысы келетін жандарға.
⚜ Қазақтың лирик ақындарының шығармашылығымен бөлісетін телеграм-арнаға жазылуға кеңес береміз🙌
👉Сілтемесі: https://t.me/poeziya_kaz

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Art
Statistics
Posts filter


🇹🇷 Өз еркіңізбен Түрік тілін тегін үйреніңіз
🧕🏻Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін Ссылканы жан жаққа таратайық
https://t.me/turkish_kz


КЕЗДЕСТІК ҚОШТАСҚАЛЫ...

Көзіңмен көлдей тұнық қызықтырдың,
Жазықсыз жүрді сонда жүзіп бір мұң.
Қоштасар сәт келгенде қимай мені,
Мөп-мөлдір мұңнан моншақ үзіп тұрдың.

Жүрекке жұп бола алмай сендегі адал,
Таусылды тағат, төзім, мендегі амал.
Жасыңды жел кептіріп қоңыр кеште,
Қоңыр күз қолыңа әкеп берді орамал.

Таза едің таңғы шықтай, пәк мінезің,
Әп-сәтте кермек татып тәтті кезің.
Жаным-ау, сенен емес, сенен емес,
Салқындық сезімімнен таптым өзім.

Ұмыттым. Бәрі, бәрі ұмытылды,
Жаныма махаббаттың мұңы тұнды.
Қураған жапырақтай жалған сезім,
Алсам да алақанға... үгітілді.

Кездестік қоштасқалы... Күз. Кешкілік,
Мұңлы әуен тұрды алыстан бізге естіліп.
...Шақырып кездесуге сонда сені,
Кеттім-ау жалғыздықпен жүздестіріп.

Қалқаман САРИН


КҮЗГІ ХАТ...

Сенесіз бе?
Сағындым,
Сізді көрмей…
Үмітіммен күй кештім үздігердей.
Сізді әйтеуір жаныма жақын тұтам,
Бәлкім, жақсы көрерсіз күзді мендей?!

Мен білмеймін.
Сезімді кештік нендей?
Бірақ бізге бір бақыт кеш біткендей,
Сағынуға, сүюге бола ма екен,
ҮНІН, ӨЗІН... Адамның естіп… Көрмей…

Мүмкін, сізді көрдім мен…
Бірақ қашан?
(Болған іске болды әсте кінә артпасам)
…Жаныңызда жүргендей сезінемін,
Жаныңыздан не болам, жырақтасам?

Білесіз бе,
Сіз сирек хат жазасыз?
Содан менде жиілеп сәт мазасыз,
Ауыр ойдан қаламын арыла алмай,
…Ал сіз ше?
Тап-тазасыз!

...Бүгін жаңбыр.
Мейлі, аспан төксін жасын,
Жалғыздықтай жалғанда жоқ сырласым.
Неге екенін білмеймін,
Сіз дегенде,
Кешірімшіл әйтеуір кекшіл басым.

Қалқаман САРИН
💎💎💎💎💎💎💎💎💎💎💎


ӨЗІМЕ

Өмірді естен шығармай, 
Өлімді еске жиі алдым. 
Өткенді кері бұра алмай, 
Өкпеге кімді қиярмын? 

Өтер де кетер бұл дәурен, 
Өлшеулі бәрі, өлшеулі, 
Өкпек жел соғып іргемнен 
Өкініш басар еңсемді. 

Өлара шақта бір мезет, 
Өлексе жеуге құмартқан, 
Өлместің күні кімде жоқ, 
Өлекшін құсқа кінә артпан. 

Өзегім от боп күйгенмен, 
Өбектеп мені кім сүйсін? 
Өгейлік көріп үйренген, 
Өр көңіл, қашан тыншисың? 

Өжет боп кейде көрінгем, 
Өксіп те қалған бар кезім. 
Өкініп талай егілгем, 
Өкпешіл ме екем, әлде, өзім... 

Өңездеп қалған көп қайғым, 
Өзеуреп кеттің, - демеші. 
Өзге бір жанды таппаймын, 
Өзімнен жақсы неге осы? 

Өтірік айтты демегің, 
Өсекке баспас аяғым. 
Өмірбаяным - өлеңім, 
Өлеңім - өмірбаяным! 

Өркеуде болман тым асқақ, 
Өресіз ойдың түбі арсыз. 
Өмірім бітер бір-ақ сәт. 
Өлімім күтер, күмәнсіз!... 

Қалқаман Сарин

🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹






..Дәл солай!
Қалқаман Сарин

Сыр-мұңыма,
Шындығыма сен-сенбе,
Сенің еркің…
Жалған айтпан өлсем де.
Сені көріп сезім кештім сұрапыл,
Ол бір сезім – сыймайды ешбір өлшемге.

Кінәм бар ма?..
Күмәнданба! Бұл – шыным!
Жүрегімнің жиілетіп дүрсілін,
Көк аспанның қиып өтіп кеудесін –
Тұңғиықтан талып жетті тылсым үн…

Білем, білем…
Бәрі-бәрі кеш мүлдем,
Сағынышқа толы тағдыр кештім мен.
Сен жайында сыр айтпаймын ешкімге,
Сен жайында сұрамаймын ешкімнен.

Құмар қанбас,
Қылығыңа бал-шәрбат,
Бойыңда екен бар адамзат аңсар бақ.
Сен ойласам жүрегімнен жыр саулап,
Көңілімнен кетеді ұшып ән самғап…

Қаншама түн,
Қаншама күн,
Қаншама ай,
Күттім, күттім...
Құлазыды жансарай.
Сенсіз өмір сүру маған тым қиын,
Менсіз өмір сүру саған болса оңай.

…дәл солай!

🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹


Мүмкін емес...
Қалқаман Сарин

Оңашада жанарыңнан тамшы үздің,
Жұбатпаймын. Бәлкім мен де әлсізбін.
Алып-ұшқан сағыныштан кешегі,
Арылғанмын. Ол өйткені арсыз мұң.

Жердің бетін тіміскілеп кезер Түн,
Жұлдыздардай жан сырымды сезер кім?
Сен емессің, сен емессің аңсарым,
Өз өртіңе өзің жансаң – өз еркің.

Саябырсып самал соқты керімсал,
Сезгендей боп сезімімді менің сәл.
Жарым түнде жалғызсырап отырмын,
Сен бар болсаң көзіме бір көрінші, ал!

Мүмкін емес, мүмкін емес...
Мүмкін бе?
Жалған бәрі – көңілім де, күлкің де.
Сырға толы кешегі өткен күндерің,
Сығымдасаң сыйып кетер бір түнге.

Бәрі бізге белгілі еді. Белгілі...
Менен гөрі жақсы білдің сен мұны.
Күйдім, сүйдім деп жылайтын жар салып,
Кімге керек қу жүректің ерлігі?

🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹




Махаббатым өзіңе
Мұқағали Мақатаев

Махаббатым, арнадым мен өзіңе,
Сағынышым сарқылмайтын сезімде.
Жанарымда жарқылдаған сәулесің,
Шуағыңды шаштың маған төзімге.

Сен болмасаң, өмір де жоқ, мән де жоқ,
Жүрегімді сен деп қана әндетем.
Өзің барда бұл ғұмырды сүйемін,
Тіпті мұңды сәттерімді мәндетем.

Махаббатым, сен деп соғар жүрегім,
Сен деп әр күн күлімдейді тірегім.
Сен деп қана армандаймын, күтемін,
Сен деп күннен аламын мен тілегім.

🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹


Ғашықпын
Мұқағали Мақатаев

Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,
Мен болмасам, болармын бір ғаламда.
Өліп кетсем, өзіңді ала кетем,
Ғашықтық бір көрініс болар маңда.

Жүрек бар ма, тоқтасын сен деп соғып,
Кеудемдегі бір сезім шөлдеп соғып.
Ғашық жүрек ғаламға сыймай кетер,
Кетіп барад өзіңе елжіреп соғып.

Қаласаң да, қаламасаң — мен сенікі,
Көңілімнің шынары сен, көрсе нұры.
Махаббаттың жолында жан берсем де,
Айтпаймын ешкімге ғашықтығымның шындығын.

🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹


Сенің көзің
Мұқағали Мақатаев

Сенің көзің — қарақаттай мөлдіреп,
Менің жаным сол көздерге елжіреп.
Сенің көзің — қос жұлдыздай жанғанда,
Сезімімді қоям саған сендіріп.

Сенің көзің — мөлдіреген тұңғиық,
Сол тұңғиық батырады тым-тырыс.
Көзқарасың — жанымды ерітер,
Жылуындай таңғы шық пен күн нұры.

Сенің көзің — сағым болып жалт етер,
Сағынышқа айналар да сәл кетер.
Сол көздерден шексіз сырды ұғамын,
Сол сырларды жаным іздеп сарғаяр.

🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹


Махаббат деген
Мұқағали Мақатаев

Махаббат деген – бір ұлы сезім,
Шыңыраудан шырқап шығар өмір өзегі.
Ол болмаса, өмірдің мәні не дер едің?
Соны сезіп, жүректе тұтанып жалын,
Оймен ғана емес, көңілмен берілемін.

Махаббат деген – мөлдірлік, тазалық,
Көздің нұры, жанның сәулесі.
Айтылмаған арманым аз болып,
Сезім күші жүректің елесі.

Махаббат – күйдіріп, жылататын,
Бірақ соған бәрібір құмар етіп,
Мәңгілік бір сезімге ұласып,
Жүректерді жақындап тұрар етпек.

🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹




Асхат Амангелді - поэзия жинағы








Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.
Сен – қазақсың!
Бір Алланың құлысың!
Адамға адам құл болғаны — құрысын.
Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай,
Қалған ұлтсың. Қаһармансың! Ұлысың!
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарыңның тұяғының дүбірі!
Сен – қазақсың!
Байырғы жұрт – түздегі ең,
Табиғаттан тән тамырын үзбеген.
Қолын жайып, Көктен өмір сұраған,
Жер бетінен жерұйықты іздеген.
Сен – қазақсың!
Қазынасы – нәсіп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерің, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететіндей жас ытқып!
Сен – қазақсың!
Отаншылсың, тектісің!
Айбарлысың, ақылдысың, беттісің!
Көп болуға,
Бір болуға тиіссің,
Көрмеу үшін жаттың езгі, тепкісін!
Сен – қазақсың!
Рухы еркін, өзі еркін!
Мұзбалақсың, сорғалаған сөзі еркін!
Қайталанбас күйшісің сен құя алған
Домбыраның өзегіне өз өртін!
Сен – қазақсың!
Келе жатқан бағы асып,
Адамзаттық ізгілікке жол ашып,
Дастарқанның – елшілігің ежелден,
Мейірбансың, меймандоссың қолы ашық.
Сен — қазақсың!
Ғарышкерсің, жаны – аспан.
Өрелісің, өз орнына таласқан.
Төрге лайық марқасқасың, мықтысың,
Төрткүл дүние саясатта санасқан.
Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

Күләш Ахметова


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🦋Сүйіктіме хат🦋

20 last posts shown.