ТРК Президента


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Politics


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс
web-cайт https://ptrk.kz/
Instagram https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok:https://www.tiktok.com/

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Politics
Statistics
Posts filter


🇰🇿🇰🇬Қазақстан және Қырғызстан президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

🔷Екіжақты келіссөздер мен Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

🔷Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің бұл жолғы сапарының екі ел үшін мән-маңызы зор екеніне назар аударып, тарихи келісімге қол қойылғанын мәлімдеді.

@ptrkkz


🇰🇿🎖🇰🇬Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

@ptrkkz


🇰🇿🇰🇬Сонымен қатар екі мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты

☑Қ.Тоқаев бүгінгі отырыс барысында екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланатынын айтты.

– Уақыт сынағынан өткен ықпалдастығымыздың болашағы зор екеніне кәміл сенемін. Бұл бағытта бір кісідей күш жұмылдыруымыз қажет. Осы орайда Жоғары мемлекетаралық кеңестің жұмысы қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын дамытуға ерекше серпін беретініне сенімдімін, – деді біздің Президент.


@ptrkkz


Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқа да сөйлеген сөзінен:

©Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін.

©Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни 26 пайызға өсті. Алдағы мақсатымыз алыс-беріс көлемін 2 миллиард долларға жеткізу.

©Өзара мәдениет күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Жастар арасындағы ықпалдастық күшейді. Білім беру саласында тәжірибе алмасып жатырмыз. Бүгін өзіңізбен бірге Астанада әйгілі Манасқа ескерткіш ашамыз.

@ptrkkz


🇰🇿🇰🇬Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді

▫️Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті сапарының екі тарап үшін де мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

– Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Ел аузында «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ» деген сөз бар. Бұл – дұрыс айтылған тұжырым, – деді Президент.


@ptrkkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🏛🏛🏛🏛

🇰🇿🇰🇬Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі

@ptrkkz


🇰🇿🇰🇬«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті С. Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев
пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

@ptrkkz


🔴🟥📹 Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімінің тікелей эфирі сағат 11:00-де Silk Way телеарнасында

🇰🇿🤝🇰🇬 Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен екі күндік ресми сапармен Қазақстанға келді.

Сапар аясында екі елдің президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

@ptrkkz


🇰🇿🇰🇬Қ.Тоқаев пен С. Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
 
▫️Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.
 
▫️Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

@ptrkkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿🇰🇬Біздің Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

@ptrkkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🏝️Сказочный остров Бали с travel-show «Орел и Решка. Казахи» на телеканале Jibek Joly! 🇮🇩

На этот раз обладателем золотой карты посчастливилось стать Гани Ажикенову. Он погрузится в атмосферу роскоши в отеле «Private Jet Villa», полетит на вертолете над бескрайним океаном, откроет для себя ресторан с удивительным интерьером и пройдет обряд очищения в одном из храмов. 🧘🏻

🍃А как провести захватывающие выходные, наполненные приключениями и открытиями всего за 100$, покажет Куралай Анарбекова!

🇰🇿И конечно же, по традиции, ведущие программы заглянули в гости к землякам. Алекс Санбаев рассказал об опыте ведения строительного бизнеса за рубежом!

Не пропустите!
⌛️«Орел и Решка. Казахи» в 22:00 на телеканале Jibek Joly!
Англоязычный выпуск в 18:00 на телеканале Silk Way!


#jibekjoly #орелирешказахи #silkway


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🎥Мемлекет басшысының Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына жұмыс сапары

@ptrkkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿 Глава государства:

«Наша главная ценность - это народ, граждане этой страны, поэтому деньги будут выделяться. Более того, предприниматели нашей страны, люди, которые имеют большие деньги, заработали на бизнесе, будут закреплены за каждым регионом, за каждой областью, за каждым районом. И мы начнем строительство. Кто захочет переселиться в квартиры, будем покупать и выдавать квартиры. Кто захочет остаться на месте, но при том условии, что оставаться в опасных местах ни в коем случае нельзя, тем людям мы будем строить типовые дома»

@ptrkkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿Касым-Жомарт Токаев:

«Я понимаю, положение тяжелое, непростое. Все ресурсы, которые имеются у государства, направляются на решение соответствующей задачи. Я, как Президент, вижу свою приоритетную задачу в том, чтобы оказать максимальную помощь Вам, пострадавшим от этих паводков, от этого наводнения»

@ptrkkz


✔️Сонымен қатар бүгін Қ. Тоқаев су тасқыны салдарын еңсеруге жәрдемдескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен жүздесті.

Кездесуге өңірдегі машина жасау, тау-кен, тамақ және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі салаларының жетекшілері, ҚХА-ның жергілікті өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері және студенттер қатысты.

– Осы кездесуге біраз меценат қатысып отыр. Мен сіздерге ризашылығымды білдіремін. Бұл – сіздердің жүрек қалауларыңыз, азаматтық жауапкершіліктеріңіздің көрінісі. Мұның бәрін марапат үшін емес, шынайы ниетпен жасалған игі іс деп білемін, – деді Президент.


@ptrkkz


Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

🔷Бүгін Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу барысында қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын айтты.

@ptrkkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
💬💬Президенттің Қостанай облысының эвакуацияланған тұрғындарымен әңгімелесуінен.

@ptrkkz


⚡️Сонымен қатар Мемлекет басшысы су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа елдің ірі кәсіпкерлері бекітілетінін атап өтті

🔷Президент қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді.

🔷Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған іс-шараға қатысу үшін Арқалық қаласына баруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

@ptrkkz


Қ.Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесті

Кездесуде Президент азаматтық белсенділік танытқан және апатқа бей-жай қарамай жанашырлық білдірген барша жұртшылыққа алғыс айтып, халықтың бірлігі осындай қиын кезеңде айқын көрінетінін атап өтті.

– Мен сіздермен жүздесу үшін арнайы келдім. Жағдайдың күрделі екенін түсінемін. Мемлекеттің барлық ресурсы осы мәселені шешуге бағытталып жатыр. Президент ретіндегі менің басты міндетім – су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсету, – деді Мемлекет басшысы.


@ptrkkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты жағдаймен танысты

✈️СҚО-дан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді.

@ptrkkz

20 last posts shown.