❀ Дем


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Telegram


Түсініксіз ойынды алғаш рет ойнасаң, бірінші кезекті басқаға бер🧩
Аноним: t.me/anonaskbot?start=ldzxd0jwihbyf
Boost: https://t.me/boost/qangybasym

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Telegram
Statistics
Posts filter


Осы әнді тыңдағанда әйтеуір күйеуіммен қызымызды қолымызға ұстап алып, вальс билеп жүргеніміз елестейді. Ол маған балаларымыз үшін алғысын білдірсе, мен оған біздің ғажап өмір сүруіміз үшін тырысып жатқанына алғысымды білдіріп тұрамын.


Екі әнді бір нәрсе байланыстыратын мен үшін. Бүгін түсіндім.
Екінші әннің авторын да, бірінші әннің авторын да машинаның айнасы байланыстырады екен. Екі түрлі өлім. Бірақ өз елінің азаматтарының қастандығынан о дүниелік болғандар. Қызық…








“Өткен шақ, келер шақ — уақыттың сағымы…”

Әзиз Ә.Захара


Құдай сенің жоспарларыңды бұзады. Себебі ол жоспар сені бұзар еді.
Адамдармен де солай…


Ыстық құшағыңа құлауым үшін әлі қанша жұмыс істеуім керек? Ал жанымда болуың үшін қанша ақша табуым керек? Мені түсіне алуың үшін қандай бағалы сыйлық сыйлауым керек?

#оған




Тұңғиықтан қорқамын. Көздеріңнің тұңғиығына батудан қорқам. Тұңғиығында жалғыз қалып қалған сені құтқарам деп, өзімнің сонда қамалып қалуымнан қорқамын.

#күнтәртібіндегібастымәселе


Негізі армандау керек (визуализация дейтін бе еді?). “Универ бітіргенше пәтер алсам ғой. Балконнан тауға қарап отырсам, балкон кухняда болса…”-деп армандаған 17 жасар Әдемі, 22 жасында тура сондай пәтерін алды. Жұмыс істеп жатқанда шаршайсың, бірақ ана арманды басымда тағы бір айналдырып алып, ары қарай істей беретінмін. Аружанда куә қалай жұмыс істегеніме. Бір күн демалыс алып, ұйқыны жіберетінмін. Дәл сондай мотивациям болса қазір, бәлкім сол арманымның артынан жүре берер ме едім?)


Пингвин қарындас болу сезонын ашық деп жариялаймын…

#күнтәртібіндегібастымәселе


Ұмтылушының жазбасынан кейін кіші кезімде ақша жинағаным есіме түсіп кетті.
Әйтеуір әупірімдеп, үй жұмыстарын жасап, математикадан бір есепті 10 теңгеге, қазақ тілін 20 теңгеге, бақылауда көмектесу 100 теңге деп, үйден ақша сұрамай, күнделікті тиын тебенімді табатынмын. Одан қалса, шетелдік тиындар ұнайтын. 150 теңгем болса, 1 доллар, 200 теңгем болса, 1 эвро алатынмын, қалған тиынға рубль алам. Ол ақшаға не алдым?
1 сыныпта құлағымды тестім.
2 сыныпта мама папам ақша қосып, бассейн алдым (ол әлі күнге дейін бар)
3 сыныпта нокиа телефон алғам
4 сыныпта велосипед.
Өсе келе телефондар алатын болдым😂 Қыста мама, папа, Аружанның туған күндері болады. Соған әйтеуір бір нәрселер алып жүретінмін. Ең үлкен алған нәрсем анама пәтер болды. Ақша жинаудың миссиясы бітті. Сонымен қазір ақша жинай алмаймын.


Түріңді күлкілі қылып алып, күлдіртетінің есіме түсіп кетті. Күліп болған соң “Сенің күлкің әлемдегі ең бір ғажайыптың бірі, тағы да күлші,”-дейтінсің, ұялып, сәл жымиып, жүзімді төмен түсіретінмін….


Иісіңді өкпеме толтыра алсам, менен бақытты адам болмас еді…

#күнтәртібіндегібастымәселе




Ертең күйеуімді баламнан қызғанатын әйел болатын сияқтымын😭🌝


Күнімнің сәтті өткені, әлі күнге дейін аман жүргенім сенің дұғаңның арқасы шығар…

#күнтәртібіндегібастымәселе


Қазірде 5 жыл бұрынғы өзіңізге кеңес берер мүмкіндік болса,қандай кеңестеріңізді бересіз немесе не айтар едіңіз?

↩️ “Болмашы сезімдеріңе, армандарыңның сағымына алданбай адам болып қалуыңа жәрдемдес дер едім. Жұмыс үшін күйгелектене берме. Көмек сұра. Көмек сұрай алудың өзі-мықтылық…”-дер едім.


Өмірде сіз үшін ең маңызды нәрсе не ?

↩️ Ата-анам мен бауырларымның амандығы. Солар аман болса, көп нәрсе өздігімен келетін секілді.

20 last posts shown.