Kazakh in Cardiff (I was)


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Technologies


Технология сізді қалай өзгертпек
Канал авторы - @daniyar

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Бостон Динамикалары компаниясы баяғы мем болған Атлас роботын Deprecated қылып жіберді да, орнына мына бір скайнеттен аумайтын жаңа Атласты көрсетті.

Жалпы AI жасайтындардың біразы айтады, жасанды интеллект осындай бір физикалық денеге ие болмайынша, одан мардымды пайда жоқ. Өнермен робот емес адам айналысуы керек, ал қиын физикалық жұмысты робот жасауы керек. Қазір бәрі керісінше, осы олқылықтың орнын толтыру үшін еңбектенудеміз дейді




Мынау Java тілінің мәдениеті. Kotlin тілінің мәдениеті де осыған жақын. Норма деп қабылдаймыз осыны.

Бағдарламалаудың басқа саласында да осындай паттерндер бар деп ойлағам. Сөйтсем мынаған адамдар саусағын шошайтып, "мына бейшараларды қараңдар" деп күліп жатыр.

Джавис еместер, рас па осы?

500 1 3 10 10

Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Жақсы фича екен. Пулл реквестерді өзі букмаркта бір бумаға жинап отырады


Ең жайсыз хабарламалар қалай басталады:

1) “Сіздің төленбеген қарыздарыңыздың сомасы…”

2) “Сенімен бір әңгіме бар…”

3) “http://us04web.zoom.com…”


Alan Kay - компьютер ғылымының негізін салушылардың бірі. ООП мен GUI деген дүниелердің қалыптасуына үлкен үлес қосқан қайраткер.

Қарапайым цитата боп көрінуі мүмкін. Бірақ software design-дегі карго культтің масштабын көргенде, мынаның мағынасын кәдімгідей ұғынасың


Мынадай бір әдемі график көрдім. Даннинг Крюгер эффектісінің айтиге адаптацияланған түрі шығар


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қазақтың қай зауыты Apple-мен серіктес деп ойлайсыз? Жауабын @kazakbubble жобасының рилзынан көруге болады. Сілтемеге өтпес бұрын жауабыңызды комментке қалдырып кетіңізші, қанша адам табар екен. Мен өзім қатты қателестім 😅


McAfee деген антивирус есіңізде ме?

Аты аңызға айналған Джон Макафимен таныс болыңыз:

• «Аполлон» ғарыштық миссиясында програмис болып жұмыс істеген
• Өз әкесін өлтірген деседі (ресми нұсқасы - суицид)
• McAfee антивирусының негізін қалаған
• Forbes журналының 100 үздік тізіміне енген
• АҚШ президенттігіне үміткер болған
• Үш елде іздеуде болған
• Жаулары 50 реттей оны өлтірмек болған
• Өзін өлтіруге келген жезөкшеге үйленген
• 2011 жылдан бері биткоинға инвестиция жасаған, әрі өзі крипто-миллиардер болған деседі
• Белизде бірнеше адамды өлтірген
• Кариб теңізінде қайықта өмір сүрген
• Өмірінде АҚШ-қа бір тиын салық төлемеген
• Гватемалада тұтқыннан жүрегі тоқтағансып алдап қашып кеткен
• 2021 жылы Барселона түрмесінде өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды

Менің тіпті ГТА-дағы кейіпкерім мынаның қасында "скучный" өмір сүреді

1.4k 2 19 15 58

Forward from: My Ego Things (Askar)
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
😂😂😂


Жалпы ЖИ-ден келетін экзистенциалды қауіп туралы көптеген қызық материал бар. Соларды бір жинап қысқаша шолу жазуға уақыт табу қиын. Сондай бір тамаша шолуды таңда білім жобасы күшті жазып қойыпты. Оқуға кеңес берем. Бірақ ол инстаграм форматында, мәтін ретінде оқығыңыз келсе, оқуға ыңғайлы instant view қылып телеграфқа салып қойдым. Оқу уақыты 3-5 минут


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
ChatGPT енді мәтінді дыбыстағанда адамша паразит сөздер қосып, дем жинап, ыңылдап ойланып тұрған сияқты боп сөйлей алады.

Фильмдерге озвучка жасайтын мамандардың да жұмысына қауіп төнейін деп тұр-ау қатты


Украинаның ақпарат министрлігі өздерінің eGov сияқты қосымшасын толығымен опен сорс қылып қойыпты. Андроидының да, айфонының да, фронт, бэк бәрінің коды тұр. Андроидтың кодын былай жылдам сүзіп шықтым. Looks legit. Мақсатымыз басқа елдердің цифрлық мемлекет жобасына үлгі болу дейді.

Мобайл программистерге кодты best practice нұсқаулық ретінде қабылдауға болады

https://github.com/diia-open-source


Осындай бір материал шынымен жетпей жүр еді. Бізде айтишниктер туралы видео да, мақала да, подкас та шықса көбіне жігіттер жүреді ішінде. Ал қыздар бұл индустрияда біршама болғанымен, олар туралы материал табу қиын.

Арасында бір кейіпкердің толық қазақша сөйлегені де дұрыс болды. Мықты карьера құрып, өз салаңның үздіктері қатарында болу үшін міндетті түрде орыс тілді болуың керек деген таптаурынды азайтуға көмектеседі.

Армандауды тоқтатпаңыздар

https://youtu.be/fLf85Q7xzqI?si=W4jarOnZRam7KTlh


Devin туралы не ойлайсыз?




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Бүгін көрісу күні ғана емес, оған қоса математикадағы Пи күні (3.14 датамен сәйкестігі үшін). Соған байланысты ҚысқаСұрақ:


Пи саны шексіз иррационал сан, бірлік пен нөлден тұратын компьютер үшін бұл қиын мәселе. Бағдарламалау кезінде Монте Карло жолымен оны қалай жуықтап есептей аламыз?

1. Қағазға үлкен шаршы сызыңыз.
2. Шаршы ішіне кездейсоқ 10 нүкте қойыңыз.
3. Шаршы ішінде, шаршының қабырғасына тең радиуста шеңбердің төрттен бір бөлігін сызыңыз (гифкадағы қызыл бөлікке ұқсатып)
4. Шеңбердің ішіне түскен нүктелерді санап шығыңыз.
5. Шеңбер ішіндегі нүктелер санын 4-ке көбейтіп сосын 10-ға бөліңіз
6. Сіз Пи санын жуықтап таптыңыз, (ең күшті жақындады дегенде 3.2 болады)

10 ғана нүкте болған кезде, дәлдігі жақын болмас. Бірақ неғұрлым көбірек нүкте қолдансаңыз, соғұрлым Пи санына жақындай түсесіз.

Осы Монте Карло методы. Егер кодта функциясын көрсетсек былай болады

fun estimatePi(samples: Int): Double { // біздің мысалда samples 10-ға тең
var insideCircle = 0
repeat(samples) {
val x = Math.random()
val y = Math.random()
if (x * x + y * y


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Біздің Ютубке премиум келгелі, достарымның біразы "family plan" арқылы бірігіп премиумге өтіп алды. Сіздер де солай ма?


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
#ҚысқаСұрақ
Agile мен Scrum айырмашылығы неде?



Agile is a philosophy emphasizing iterative development, collaboration, and flexibility. It prioritizes direct communication, customer feedback, and small, frequent releases that adapt to changing requirements.

Scrum, a subset of Agile, is a framework for managing complex projects. It divides work into short sprints, with roles for Scrum Master, Product Owner, and Development Team, focusing on efficiency, regular feedback, and continuous improvement.


#ҚысқаСұрақ
Authentication мен authorization айырмашылығы неде?

Жауап:
Sequence: Authentication always precedes authorization. A system needs to verify who you are before it can determine what you are allowed to do.
Purpose: Authentication verifies identity, while authorization determines access levels and permissions.
Methods: Authentication methods involve passwords, biometrics, tokens, etc. Authorization involves settings and configurations that control access to resources and operations.
Scope: Authentication is about securing the entry point to a system, whereas authorization manages what users can do or see after they are authenticated.

20 last posts shown.