Medet Qudaibergen


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Руxани азықты қазақи таным-түсінікпен, саxабалар өмірінен сыр шертіп, ілім мен амалды қатар алып жүрудің жолы мен жөнін осы жерде бөлісіп отыратын боламын.

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Ішіңіздегі үрей мен қорқыныштан құтылғыңыз келсе әрі күтпеген жерден қайырлы есіктердің ашылғанын қаласаңыз төмендегі “ Та-һа “ сүресінің 46- аятын ( дәретпен) 21 күн бойы бір реттен оқыңыз.

“ Қалә лә тәхафәә иннәни маыәкумәә әсмаыу уә әрәә “

Мағынасы

“ Сонда Алла: “ Қорықпаңдар! Өйткені, Мен қашан да сендермен біргемін. Мен бәрін де естіп, көріп тұрамын “, - деп екеуіне дем берді “…

#меніңкітабымқұран


Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін — өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.

( Абай Құнанбай)


Үйім жоқ
не күйім жоқ,
Ағайын- туысқа сыйым жоқ.
Торына түскендейін өрмектің
Дастархан жайып көрмеппін.
Келелі кеңес
не алқалы жиын жоқ
Теңге түгілі тиын жоқ
Тірі өлік болған жайым бар…

Ағайынды жинап
ас бермедім,
Ұлы той жасап
құдаларға бас бермедім.
(Қайдан береке болсын)
Сосын
жалғыз өзім қалғанда жанарыма жас
тамағыма тас кермедім.
Тірі өлік болған жайым бар…

Көкпар беріп
әруақты шақырып атамның атын шығармадым.
Не болмаса
кітап жазып даналардың
хатын шығармадым.
Садақа таратып
мешіт салдырып жамағатты жиып
қатым шығармадым.
Тірі өлік болған жайым бар…

Ойым сан саққа бөлінді, Жоғалтып алғандаймын жөнімді.
Кедейдің күні құрысын…
Өмірдің сәні - өлім ді.


Барлық түйіндердің шешілуі үшін төмендегі салауатты 41 рет оқу керек:

“Аллаһумма салли алә сәиидинә Мухаммәдин саләтән тәһуллу биһә уқдәти уә туфәррижу биһә курбәти уә тәқди биһә хажәти уә алә әлиһи уә сахбиһи уә
сәллим”

#салауаттыңсырлары


Жақсы сөз- жарым ырыс,
Аямайықшы жақсы тілекті.
Сүю үшін ғана берген ғой,
Жаратқан мына жүректі…

Адамның асқақ мұраттары,
Махаббаттан ғана түрепті.
Сүю үшін ғана берген ғой,
Жаратқан мына жүректі.

Ырыс алды- ынтымақ, Сыбанбайықшы білекті.
Сүю үшін ғана берген ғой,
Жаратқан мына жүректі.

Түндігін ашып тылсымның, Таратайықшы түнекті.

Сүю үшін ғана берген ғой,
Жаратқан мына жүректі.

Медет Құдайберген


Құдай- дүниені жылағанға емес, еңбектеніп, қиындыққа шыдағанға береді. Бақ- үміт ағашынан құлағанға емес, жоқтан барды құрағанға келеді…


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Аллаға құл бола алмағандар; басқаларын құл қылғысы келеді. Аллаға құл бола алғандарАлланың құлдарына қызметті абырой көреді…


Жапанда жортқан жандарды жиып, қараша құрап,
Жаңаша мұрат қойғанды ханым Алаша бірақ.
Уығын қадап, бабалар тіккен бақанға салып
Аманат қылды, тұрсын деп мәңгі, Қара шаңырақ.

Ілкіден бері түркінің елі жылқы мінеді,
Атқа қонғанда арқасы қозып, сілкініп еді.
Қара шаңырақ қасқайып тұрса қанатын жайып -
Тұран тұрарын түркінің түгел жұрты біледі...

Тұлпарын мініп, көк туын іліп, қағанат құрған -
Түркінің елін талайлар сонда сағалап тұрған.
Қарашаңырақ... Қасиет қонған аңыздай далам!
Абыздай бабам қазаққа сені аманат қылған!

Біріккен кезде, алаштың ұлы, артыпты бағы,
Түріктен сонда жер бетіндегі қорқыпты бәрі.
Түрікпен, қырғыз, өзбек, татар боп кетсе де тарап,
Қара шаңырақ киесі бәрін тартып тұрады.

Қара шаңырақ...
Маңдайшасында байрақ тұр әні!
Байрағым барша бауырларымды қайрап тұрады.
Оғыздың ұлы Анадолыда жүрсе де бүгін
Қобыздың үні көкірегінде сайрап тұр әлі...

Қотыр ат құсап немене сонша қышынды көршім?
Ісінді дерсің, жоқ әлде, бәлкім - ұшынды дерсің...
Қара шаңырақ маңдайшасына байрақ ілейін,
Күшімді көрсін. Кісімді көрсін. Мысымды көрсін!

Е. Қожахмет


Дұшпан болу- оңай, дос болу- қиын.
Жек көру- оңай, жақсы көру- қиын.
Кінә тағу- оңай, түсіну- қиын.
Өлу- оңай, өмір сүру- қиын. Қисынын тауып
, қиынды оңайластырамын дегендердің жолы ашық болғай, Жаратқан!!!


Садақа, иесінің қолынан шығып мұқтаж жанның қолына тигенде бес нәрсе айтады;
Аз едім көбейттің
Ұсақ едім үлкейттің
Дұшпан едім дос еттің
Қолдың кірі едім хош еттің
Сен мені сақтаушы едің, енді мен сені қорғаймын

Хз Али (р.а)


Таң намазынан кейін 100 ықылас сүресін оқудың пайдасы

Сахаба Хз Уәсила ибн Әска (р.а) ның қызы Әсма (р.а) былай дейді: “ Әкем таң намазын оқып болған соң, құбылаға қарап отырып, күн найза бойы көтерілмейінше ешкіммен сөйлеспейтін. Кейде мен одан бір нәрсе сұрағанымда маған жауап қатпайтын. Бір күні әкемнен мұның себебін сұрағанымда, әкем маған Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у) :
“ Кімде- кім таң намазын оқып болған соң, ешкімге тіл қатпастан жүз рет ықылас сүресін оқыса, әр оқыған ықылас сүресінің құрметіне бір жылдық күнәсі кешіріледі”- деген сөзді естігелі бері осылай амал жасап келемін”- деп жауап берді.

( Таберани, әл- Мужәму- л Кәбир, N: 232, 22/96; Хәйсами, Мәжмәуз- зәуәид, 10/112 )




Қасиетті Рамазан айының алғашқы түні (бүгінгі түн) “Фәтіх” сүресін оқудың пайдасы.

Кімде- кім Рамазан айының алғашқы түні “Фәтіх” сүресін 3 рет оқыса, Жаратқан Алла ол құлдың ырзық- несібесін келесі жылдың осы күніне дейін молайтпақ әрі бір жыл бойы таршылық көрмек емес.

✅ Ардақты Пайғамбарымыз әз Расул аләйһиссәләм былай деп бұйырды: “ Кімде- кім Рамазан айының бірінші күні “Фәтіх” сүресін оқыса, ал құл бір жыл бойы Алла- Тағаланың панасында болмақ”.
( Абдулқадир Ғәйлани, Ғуниә- 2/14, Нүзһәтил Мәжәлис- 1/146)

✅ Әз Расул (саллаллаһу аләйһи уә сәләм) былай деп бұйырды: “ Кімде-кім Рамазан айының бірінші түні екі рәкәт намаз оқып, әр рәкәтында “Фәтіх” сүресін оқыса, Алла- Тағала ол құлды бір жыл бойы панасына алады”
( Бурсауи, Руху- л Баян 9/61)

#қошкелдіңәзрамазан2023


Алтын күйме мінсең де,
Алтын түйме тақсаң да.

Алтыннан сөз соқсаң да,

Топырақ болғанға не жетсін…

Күмістен белбеу тақсаң да,
Күмістен ернеу жақсаң да.
Күмісті көмбе бақсаң да,
Топырақ болғанға не жетсін…

Аплотондай ақылың асса да, Гераклдай күшің тасса да.
Жын- жыпыр қорқып қашса да,
Сықылықтап күлген сайқалды
Мысың кеп зәрін басса да
Топырақ болғанға не жетсін…

#бұқарағабарғанда


Тағдырды дұрыс түсінбедік.
Біз, “ бұйырған кетпейді”- деп қарап отырдық.
Құран болса; “…әр адам өз еңбегінің ғана қарымын алады” ( 53:39 ) деді.
Біз, “ маңдайға жазғаны болады”- дедік.
Құран; “ …біз әр адамның пешенесіне жазылған жақсы, жаман барлық істерін өз мойнына (өз қолына, еңбегіне) артып қойдық” ( 17:13 ) - деп тайға таңба басқандай көрсетті.

Сосын, қолымыздан келмегені мен жалқаулығымызды тағдырға жаптық.

#құран
наншыққансәулелер






Тылсымдағы тынысым тарылса да, жібермен,
Ақ түйенің қарыны жарылса да, жібермен.
Ай- перілер сылаңдап сабылса да, жібермен,
Жын- жыпырлар “жымиып” жабылса да, жібермен,
Тау тұрпаты тарыдай шағылса да, жібермен,
Талақ еткен дүние табылса да, жібермен.
Табыс көзі толағай ағылса да, жібермен,
Қара қазан қазыдан қағылса да, жібермен


Сен де мені жіберме
Әруақ- кием, Көк Бөрі!!!

#көкбөрі



20 last posts shown.

1 571

subscribers
Channel statistics
Popular in the channel