Референдум


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Politics


Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Politics
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️ Референдумға қатысқандардың 71,12%-ы АЭС салуды қолдап дауыс берді

ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

«Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 284 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 820 204 адамды немесе 63,66% құрады», делінген хабарламада.


«Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» деген сұраққа «Иә, келісемін» деп дауыс берген азаматтардың саны 5 561 937 немесе 71,12% құрады.

📺@qazaqstantv


⚡️⚡️⚡️⚡️АЭС бойынша референдум: Exit poll нәтижелері

«Amanat» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама бойынша дауыс бергендердің 72,3%-ы «иә» десе, 27,7%-ы «жоқ» деп дауыс берген.

Ал Еуразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 71,8%-ы «иә», 28,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген.

📺@qazaqstantv


⚡️⚡️⚡️⚡️Референдум бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды

«Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты 6 қазан күні 189 сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізді. Сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы «иә» десе, 30,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген.


📺@qazaqstantv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️Бірқатар шет мемлекеттегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Уақыт айырмашылығына байланысты Түркия, Ұлыбритания, Бельгия және Ресейдегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Енді дауыс беру жәшіктері ашылып, бюллетендерді сұрыптау жұмыстары басталады.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, референдумның алдын ала қорытындысы ертең жария етіледі.

📺@qazaqstantv


Forward from: Qazaqstan.tv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️«Qazaqstan» телеарнасы республикалық референдум барысынан әр сағат сайын тікелей эфирде хабар таратып жатыр

«Aqparat» жаңалықтар шығарылымы түнгі 00:00-ге дейін тікелей эфирде сағат сайын маңызды ақпарат таратады.

Қазақстан аумағында дауыс беру аяқталды.

📺@qazaqstantv


⚡️⚡️⚡️⚡️Елде референдум бойынша дауыс беру аяқталды


Forward from: Qazaqstan.tv
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️ 9 елде шетелдік референдум учаскелері жұмысын аяқтады

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Тайландтағы дауыс беру учаскелері жұмысын аяқтады.

Ал Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы референдум учаскелері өз жұмысын бастады.

📺@qazaqstantv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️ Түркияда дауыс беруге келгендердің 70 пайызы студенттер

Түркияның Анкара, Стамбұл және Анталия қалаларында үш референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Үшеуінде де жастар өте белсенді.

Стамбұлдағы № 387 референдум учаскесіне Сакария, Чанаккале, Измир сияқты ірі қалалардан да студенттер келген.

📺@qazaqstantv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️ АҚШ-та үш дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр

АҚШ-та уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру учаскелері енді ашылып, Қазақстан азаматтары таңдауын жасай бастады.

Вашингтоннан меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тікелей эфирге шықты.


⚡️⚡️⚡️⚡️Сағат 18:00 бойынша азаматтардың келуі туралы ақпарат

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды.

📺@qazaqstantv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️Алматыда Exit poll өкілдері әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр

Тұрғындар оған ерікті түрде қатыса алады.

«Бұл сауалнама референдумнің қорытындысына әсер етеді»,- дейді мамандар.

📺@qazaqstantv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️Өзбекстандағы отандастарымыздың 63 пайызы өз таңдауын жасады

Ташкенттегі дауыс беру бойынша тілшіміз Базаркүл Отыншиева тікелей байланысқа шықты.

📺@qazaqstantv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️Референдум: Екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Референдумда сауалнама жүргізіп, үгіт-насихат жасаған екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды.

Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі айтты.

Ал жалпы қоғамдық тәртіпке қатысты заң бұзушылық тіркелмеген.

📺@qazaqstantv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️Зулфухар Ғайыпов: Халықпен ақылдасып шешу - елдегі демократияның көрінісі

Елімізде өтіп жатқан АЭС салуға қатысты референдум туралы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының институт директоры Зулфухар Ғайыпов сұхбат берді.

📺@qazaqstantv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️ Референдум: 200-ге жуық журналист әлемнің 37 елінен арнайы келген

Елімізде өтіп жатқан АЭС салуға қатысты референдум туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да хабар таратып жатыр.

Олар таңнан бері дауыс беру учаскелеріне барып, референдум барысын қадағалап жүр.

📺@qazaqstantv


⚡️⚡️⚡️⚡️Сағат 16:00 бойынша азаматтардың келуі туралы ақпарат

АЭС бойынша референдум барысында 7 млн адам дауыс берді.

Референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық.

📺@qazaqstantv


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️Ұлыбританиядағы отандастарымыз дауыс беріп жатыр

Қазақстан елшілігі жанында орналасқан дауыс беру учаскесінде референдумның басталғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Өйткені Лондон Астана уақытынан 4 сағат артта.

Референдум комиссиясының мүшелері ережелердің толық сақталуын қамтамасыз етуде. Дауыс берушілердің басым көпшілігі студенттер қауымы.

Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова тікелей байланысқа қосылды.

📺@qazaqstantv


Forward from: Qazaqstan.tv
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қазақстанда ашық қоғам қалыптасқанын көріп отырмыз - Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі референдумда өз таңдауын жасады. Аида Балаева Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан 164-референдум учаскесінде дауыс берді.

«Бүкіл ақпараттық науқанды өте белсенді деп сипаттаймын, өйткені АЭС-ті жақтаушылар да, қарсыластар да бұл мәселеге барынша қызығушылық танытып, өз ұстанымдарын белсенді түрде түсіндіріп, дәлелдеді. Барлық шара ашық түрде өтіп жатыр, және біз Қазақстанда әркім өз пікірін, көзқарасын білдіре алатын ашық қоғамның қалыптасқанын көріп отырмыз. Бүгінгі референдум Мемлекет басшысы енгізген реформалардың нәтижесінде елімізде болып жатқан үлкен өзгерістердің айқын көрінісі»,-деді министр.


📺@qazaqstantv


Forward from: Qazaqstan.tv
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️⚡️⚡️⚡️ Жетісу облысында бір әулеттің 33 мүшесі дауыс берді

Жақыбаевтар шаңырағы референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Әулеттің анасы Азия Жақыбаева «бұл ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағына, елдің дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесіміз» дейді.

Жалпы Панфилов ауданында 78 референдум учаскесі жұмыс істеп тұрса, дауыс беру құқығына ие 85 мыңға жуық адам бар.

📺@qazaqstantv

20 last posts shown.