Фабрицио ақпараты


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Жарнама бойынша ➡️ @futbigarna📝

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


🇨🇭 Грегор Кобель ЧЛ-нің жартылай финалында өнер көрсеткен алғашқы швейцариялық қақпашы атанады

🇩🇪 Демек бүгін «Боруссия» қақпашысы үшін тарихи матч.


🇪🇺 ЧЛ-нің жартылай финалында негізгі құрамда алаңға шыққан ең жас ойыншылар:

1️⃣ 🇩🇪 Юлиан Дракслер – 17 жас, 226 күн
2️⃣ 🇫🇷 Заир-Эмери – 18 жас, 54 күн
3️⃣ 🇫🇷 Килиан Мбаппе – 18 жас, 134 күн.


🇵🇹 Криштиану Роналдудың ағымдағы маусымдағы көрсеткіші:

🏟 39 ойын
⚽ 38 гол
🅰️ 12 гол пасы

👀 39 жаста!


🔥Негізгі құрамдар:

🇪🇺 ЧЛ. 1/2 финал:

🇩🇪 «Боруссия» – «ПСЖ» 🇫🇷

🖥️ 00:00. Qazsport

Кім жеңіске жетеді?


🇧🇷 «Флуминенсе» Тьяго Силваға ресми ұсыныс жасады

❗️Деседе Силва шешім қабылдауға асықпайды, оған өзге де еуропалық клубтардан ұсыныс бар. Енді ол Бразилия мен Еуропа арасында таңдау жасауы тиіс.

✅ Осыдан 2 күн бұрын бразилиялық қорғаушы маусым соңында «Челсиден» кететінін жариялаған болатын.


🇩🇪 «Баварияның» бас директоры Томас Тухель жайлы:

Егер Чемпиондар лигасын жеңсек, біз бұл жетістікке риза болар едік, бірақ содан кейін әркім өз жолымен кетеді.

Қабылданған шешімді құрметтеу қажет. Шешім қабылданған кезде жағдай мүлдем басқаша болды",– деді Кристиан Дризен.


Сержиньо Дест ұзақ мерзімге қатардан шықты

🦵 «Барса» қорғаушысы тізе байламдарын жыртып алуына байланысты 2025 жылға дейін ойнамайды.

🇳🇱 Қазір ПСВ-да жалда жүрген қорғаушының болашағы белгісіз күйде қалып отыр.

❗️Эйндховендік ұжым осыған дейін Дестті сатып алуға дайын болған еді, алайда оның қазіргі жарақаты жағдайды толықтай өзгертуі мүмкін.


🇩🇪 🇫🇷 «Боруссия» мен «ПСЖ» арасындағы ойындар:

📆 14.12.2023ж. Боруссия 1-1 ПСЖ
📆 20.09.2023ж. ПСЖ 2-0 Боруссия
📆 12.03.2020ж. ПСЖ 2-0 Боруссия
📆 19.02.2020ж. Боруссия 2-1 ПСЖ
📆 05.11.2010ж. ПСЖ 0-0 Боруссия
📆 21.10.2010ж. Боруссия 1-1 ПСЖ

🇪🇺 Екі ұжым ЧЛ-де 4 рет кездескен. Екеуінде «ПСЖ» жеңіске жетсе, бір ойында «аралар» басым болды.

🤝 Ал бір ойында командалар тең тарқасқан.

Бүгін кімнің жеңісі тіркелер екен?


🤕 Тимо Вернер қатардын шықты

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Тоттенхэм» шабуылшысы «Арсеналға» (2-3) қарсы матчта тізесін зақымдап алған еді.

❎ Енді ол осы жарақатына байланысты маусымның қалған бөлігінде командасына көмектесе алмайды.


🇩🇪 Йен Матсеннің әкесі:

Осында қалуға әрекет етіп жатырмыз, қазір келіссөздер жүруде.

Челси? Шынымды айтсам басшылық ауысқаннан бері ол жақта жағдай мүлдем өзгерді, біз «Боруссияда» қалғымыз келеді, осында бақыттымыз",– деді.


✅Йен Матсен қаңтар айында «Челсиден» ➡️ «аралар» сапына сатып алу тармағымен жалға берілген еді.

💰Келісімшарттағы сатып алу құны €32млн-ды құрайды.


🇩🇪 Гнабри түбі гол соғады:

Біз тек бірінші ойынға куә болдық, бұл тек бастамасы. Әлі екінші тайм бар, Бернабеуде ойнаймыз. Ол міндетті түрде соғады",– дейді Томас Тухель.


⚽️ «Бавария» бас бапкері «Реалға» (2-2) қарсы матч алдында Гнабри гол соғатынын сезіп тұрмын деген болатын.

3.5k 0 4 27 160



🇩🇪 «Баварияның» спорт директоры Альфонсо Дэвис жайлы:

Дэвистің трансфері бойынша ешбір клубтан ешқандай ұсыныс түспеді.

Келісімшарт бойынша соңғы шешім қабылданады.

Реал Мадридтің қызығушылығы? Мүлдем ештеңе жоқ",– деді Макс Эберль.


😍 Бүгін ғаламат ойын

🇪🇺 ЧЛ. 1/2 финал:

🇩🇪 «Боруссия» – «ПСЖ» 🇫🇷

Қай команда жеңіске жетеді?

Боруссия 🔥
ПСЖ ⚡️

3.4k 0 2 12 273

🇪🇺 ЧЛ-нің соңғы 3 маусымында гол+пас бойынша үздік көрсеткішке ие ойыншылар:

1️⃣ 🇧🇷 Винисиус – 31
2️⃣ 🇫🇷 Килиан Мбаппе – 28
3️⃣ 🇵🇱 Роберт Левандовский – 25
4️⃣ 🇳🇴 Эрлинг Холанд – 23
5️⃣ 🇫🇷 Кәрім Бензема – 22.

👀 Винисиусты кім қуып жетеді?


🔥 Харри Кейн ағылшындық ойыншылар арасында рекорд орнатты

🇩🇪 «Бавария» шабуылшысы «Реалға» (2-2) қарсы матчта ЧЛ-нің ағымдағы маусымындағы 8-ші голын соқты. Одан бөлек оның еншісінде 3 гол пасы бар.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Осылайша Кейн ЧЛ-нің бір маусымында гол+пас бойынша 11 ұпай еншілеген алғашқы ағылшындық ойыншы атанды.

📆 Бұған дейінгі үздік көрсеткіш Стивен Джеррард (10) және Дэвид Бекхэмге (10) тиесілі еді.


🔥 БҮГІН

🇪🇺  ЧЛ. 1/2 финал:

00:00. 🇩🇪 «Боруссия» - «ПСЖ» 🇫🇷

👇 Қай команда жеңіске жетеді?


⚡️ Томас Мюллер рекорд жаңартуы мүмкін

🇩🇪 «Бавария» аңызы кеше «Реалға» (2-2) қарсы ЧЛ-дегі 150-ші матчын өткізді.

🇪🇺 Осылайша ол бір клуб сапында 150 матч өткізген үшінші ойыншы атанды.

📆 Бұған дейін мұндай межеге Хави (151) мен Икер Касильяс (150) жеткен еді.


🚀 Винисиус «Баварияға» қарсы матчтан кейін:

Менің голым? Бұл Кроостың маған жасаған сыйы болды, ол гол соғуымды жеңілдетті.

Бернабеуде өтетін ғаламат түннің уақыты келді".

3.7k 0 1 10 178

🤝 Мюнхенде тең есеп тіркелді

🇪🇺 ЧЛ. 1/2 финал:

🇩🇪 «Бавария» 2-2 «Реал» 🚀

⚽️ Голдар: 24' Винисиус, 53' Сане, 57' Кейн (пен), 83' Винисиус (пен).

📆 Қарымта ойын 8-нен 9-шы мамырға қараған түні өтеді.

3.7k 0 2 18 126
20 last posts shown.