salli_ua_sallim


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Бұл парақшаның мақсаты Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтушылардың санын көбейту!

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


#4 Сәрсенбі күнінің салауат бөлімінен:

Аллаһым, салауат айт, мырзамыз Мұхаммедке оған салауат айтуды бізге бұйырғандай, салауат айт, мырзамыз Мұхаммедке оған салауат айту тиісті болғандай.


“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” кітабынан 📚

Арабшасы төменде 👇🏻


#3 Сәрсенбі күнінің салауат бөлімінен:

Иә, Алла салауат айт, сәлем жолда, берекеңді жаудыр мырзамыз Мұхаммед пайғамбарыңа жазуды, оқуды білмеген және оның иман еткендердің аналары атанған жұбайларына, оның ұрпағы мен әулетіне есебінің саны жоқ ұзақтығының аяғы жоқ салауат пен сәлем болсын.


“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” кітабынан 📚


#2 Сейсенбі күнінің салауат бөлімінен:

• Аллаһым, салауат айт, мырзамыз және төреміз Мұхаммедке
жаңбыр тамшыларының мөлшеріндей.


‏اللَّهُمَّ صَلِّي عَلَى سَيِّدِنَا وَ مَوْلَانَا مُحَمَّدٍ‏ ‏ ‏عَدَدَ قَطْرِ الْأَمْطَارِ

“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” кітабынан 📚


“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” кітабынан, дүйсенбі күнінің салауат бөлімінен:

• Аллаһым, мырзамыз Мұхаммедке уәсиләні және артықшылықты, шарапатты, ең үлкен дәрежені бер.

• Аллаһым, мен иман еттім, мырзамыз Мұхаммедке оны
көрместен. Енді жаннатта оны көруімді тыйым етпе, оның қасында болуымды нәсіп ет, оның дінінде жанымды ала гөр,одан кейін ешқашан шөлдемейтіндей оның хауызынан шөлімді қандыр, қайғы-мұңымды жой сен құдірет иесісің.

• Аллаһым, мен оған көрместен иман еткенімдей енді жаннатта оны көруімді тыйым етпе.


Арабшасы төменде: 👇🏻


ЖҰМА КҮНІ 80 РЕТ САЛАУАТ АЙТУДЫҢ АБЗАЛДЫҒЫ

Алла Елшісі ﷺ былай дейді:
"Кімде-кім маған жұма күні 80 рет салауат айтса, ол адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі".

Сонда сахабалар (радиаллаһу əнһум) қалай айту керектігін сұрағанда:

"Аллаһумма салли ғəлəə Мухəммəдин ғəбдикə уə нəбиикə ән-нəбиил-уммии" -
деп айтыңдар" -, деген.
______________________________

(с) Дарақутни | "əл-Қаулил-бəдиғ", 400,
əл-Ирақи |"шархул-Ихия", 3/286

Арабшасы:
اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ عَبْدِكَ
وَنَبِيِّكَ النَّبِيِّ الْأُمِّيِّ

Оқылуы:
"Аллаһумма салли ғəлəə Мухəммəдин ғəбдикə уə нəбиикə ән-нəбиил-уммии"

Мағынасы:
Аллаһым, Құлың әрі Пайғамбарың және жазу сызу білмеген Пайғамбар Мұхаммедке салауат ете гөр


Бейсенбі күнінің салауат бөлімінен:

• Аллаһым, мен өзіңнен сұраймын сұралғандардың ең асылын, өзіңе ең сүйікті, құрметті есімдеріңмен және бізге нәсіп еткен мырзамыз Мұхаммед пайғамбарыңмен Алланың салауаты мен сәлемі болсын, бізді адасушылықтан онымен құтқардың, бізге оған салауат айтуды бұйырдың, оған айтқан салауаттарымызды бізге дәреже, кешірім (кәффарат), жұмсақтық, нығмет еттің. Сеннен сұраймын бұйрығыңды тағзым ете, өсиетіңе бойұсына пайғамбарымызға уәде
етілгенге сенім арта, мырзамыз Мұхаммедтің бізге парыз болған желкеміздегі оның борышын өтеуге білек түре себебі біз оған иман еттік және оны растадық , онымен бірге түскен нұрға ілестік. Сен айттың және айтқаның хақ! «Уа, иман келтірген мүминдер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем айтыңдар», («Ахзаб» сүресі, 56-аят). Құлдарыңа,
пайғамбарларыңа салауат айтуды парыз етіп бұйырдың. Өзіңнен сұраймыз затыңның ұлықтығыңмен ұлықтығыңның нұрымен және ізгі құлдарың үшін өзіңе міндет еткеніңмен өзің және періштелерің төреміз Мұхаммедке құлыңа, елшіңе, таңдаулыңа салауат айтуды. Жаратқан құлдарың айтқан салауаттардың абзалын расында сен, мадақталған ұлықсың.

“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” - кітабынан 📚 (112 бет)


Осы кітапта, дүйсенбі күнінің салауат бөлімінде, өте мағыналы салауаттар келтірілген және 51 бетте салауаттардан кейін, өзіңіз үшін көркем дұғалар да келтірілген.

Мағынасына бір қараңызшы 😍


Дүйсенбі күніне берілген салауаттардың бірісі:

“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” кітабынан


Дәләлилул Хайрот кітабынан жұма күніне берілген салауаттардың бірісі:

Аллаһым, сенен тағыңа жүктелген ұлықтығың мен жәләліңнің, көркемдігің мен құдіретіңнің және
сұлтандығыңның ақысымен, қазыналаған, жасырылған есіміңнің ақысымен сұраймын сондай сол есіммен өзіңді атадың және кітабыңда түсірдің, өзіңнің құзырыңдағы ғайып іліміңде сол есіміңмен өзіңді дараладың, елшің және құлың төреміз Мұхаммедке салауаты айтуыңды. Өзіңнен сұрағанда сұрауымды берген, жалбарынғанда жауап қатқан сондай есіміңмен сұраймын. Түнге түсіргеніңде қараңғы басқан, күнге түсіргенде жарық шашқан, аспандарға түсіргеніңде көтерілген, жерге түсіргеніңде тұрақталып орныққан, тауларға түсіргеніңде бекемделіп қазықталған, бұлттарға түсіргеніңде жауған, аспан суына түсіргеніңде құйған, қиындыққа түсіргеніңде жеңілдеген есіміңмен сұраймын. Мырзамыз Мұхаммед Пайғамбарыңның сенен сұрағанымен (нәрсе) сұраймын және пайғамбарың Адамның сұрағанымен сұраймын. Пайғамбарларың және Елшілерің, жақындатылған періштелерің өзіңе сұраған нәрсесімен сұраймын олардың
барлығына Алланың салауаты болсын. Барша саған бойұсынушылардың сенен сұраған нәрсесімен сұраймын
төреміз Мұхаммедке және төреміз Мұхаммедтің отбасына аспан құрастырылмай тұрып, жер төселмей жатып, таулар қазықталмай тұрып, теңіздер ақпай жатып, бұлақтар атқыламай тұрып, өзендер тасымай жатып, күн шықпай жатып, ай жарқырамай тұрып, жұлдыздар сәулесін шашпай жатып жаратқаныңның мөлшеріндей, салауат айтуыңды.


“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” кітабынан 📚

Салауаттың арабшасы комментарии бөлімінде: 👇🏻


Жұма күні салауат айтудың артықшылығы қандай екенін білесіз бе?

Бұл артықшылық - “дәләилул хайрот” кітабының Жұма күнгі белгілі бір салауатына берілген, зор сауап пен АЛЛАНЫҢ Разылығына жетелейтін салауатқа беріледі.

Алла елшісі (Алланың салауаты мен слемі болсын) кімде-кім осы салауатты бір мәрте оқыса, Алла оған қабыл болған қажылықтын сауабын және Исмағилдің (Алланың сәлемі болсын) балаларынан бір мойынды азат еткен сауапты жазады да Алла Тағала былай дейді:


“Уа, періштелерім құлдарымның
ішіндегі мына құлым Мұхаммед сүйіктіме салауатты көбейтті,
ұлықтығыммен қаһарыммен және барыммен, үстемдігіммен ант етейін бұл құлыма салауат айтқан әрбір әріппен жәннатта сарай беремін. Қиямет күні мадақ жалауының астында
жүзінің нұры толған айдай болып, алақаны сүйіктім Мұхаммедтің алақанында маған келеді.”

Бұл артықшылық осы салауатты әр жұма айтқан адам үшін беріледі.


Тілекқабыл ұстаздың аудармасымен “Дәләилул Хайрот” кітабын бұл номер арқылы тапсырыс бере аласыз 👇🏻

Кітапта салауаттардың арабшасы және қазақша мағынасы берілген!

wa.me/77058107096


YouTube арнамызға жаңа подкаст шықты! 😍

Салауаттың құндылығы жайлы тың ақпараттар айтылды.

Баршамызға пайдалы болсын! 🙌🏻

Қолдау білдіріп, бізді белгілеуді ұмытпаңыз 🤗

https://youtu.be/N9mi4m9h5fI?si=2x46c68OWJ_hbq3b


Дәләилул хайрот кітабындағы сейсенбі күніне арналған салауаттардың бірісі.

“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі” кітабынан 🙌🏻


Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетін тірілтейік!

Қарапайым су ішудің сүннеттері 👇🏻

1⃣• Ішер алдында: “Бисмилләһ” - деп айту. (Алланың атымен бастаймын)

2⃣• Мұсылман адам – сусын құйылған ыдысты оң қолымен ұстап ішкені жөн. (Шайтан – ыдысты сол
қолымен ұстап ішеді.)

3⃣• Алдымен отырып, содан кейін ішу.

4⃣• Шөлмектің мойнынан ішпеген жөн. (Ең дұрысы сусынды алдымен стаканға құйып алып, содан ішу.)

5⃣• Әр жұтым сайын стаканды ауыздан алыстатып,
стакандағыны үш ұрттап бөліп ішу.


6⃣• Ішкеннен кейін: “Әлхамдулилләһ” - деп айту. (Аллаға шүкір)

Су ішер кезде бұл 6 сүннетті орындап, сауапқа кеңелуді ұмытпаңыз! 🤗

100 сүннет кітабынан алынды 📚

Кітаптың электронды нұсқасы (тегін)


- Салауатты басқа тілде айтуға бола ма?
- Арабша емес қазақша айтуға болама?


Жауабы сілетемеде 👇🏻

Сілтеме 👈🏻


Жаңа аптамыз берекелі болсын!

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте:
Алла Елшісі (салаллаһу әләйһи уә сәлләм):

Маған салауат айтушы үшін көпірде дара, ерекше нұр беріледі. Ал кім көпірдің үстінде нұр иелерінен болса ол тозақ иелерінен болмағаны деді.

“Жақсылықтың дәлелі, нұрдың көзі" кітабынан 📚


Пайғамбарымыз ﷺ:

«Кімде - кім шешуін таба алмайтын бір іске душар болса, маған көптеген салауат оқысын. Өйткені, Алла Тағала маған айтылған салауаттың құрметіне оның қиындықтарын, бір іске қайғыларын жеңілдетеді. Ырыстарын көбейтеді, Алла Тағаланың көмегімен тілегеніне жетеді».

Жұмамыз берекелі болсын! 🤲🏻


Пайғамбарымыз ﷺ :
“Кұранды оқып әрі оны жаттағандарға кұрмет көрсетіңдер. Оларға кұрмет көрсеткен - маған кұрмет еткен болады.

(Дялами)

#Хадис@salli_ua_sallim


Аллаһуммә солли ғ‘аләә Мухаммәд уә әнзилһул-муқғ’адәл-муқаррабә ғ’индәкә йәумәл-қияямәһ



20 last posts shown.