Shalkar Nurseit Report


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Politics


Саясаттанушы, "Саяси шешімдер орталығы" директоры

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Politics
Statistics
Posts filter


Forward from: Alzhanov
Переход на единое время находит все больше противников и это хороший знак. Исходя из противоречивой позиции правительства, видно, что серьезной оценки рисков и исследований перед принятием этого решения никто не проводил. Показательно, что «большая» международная организация - Альянс Природного Времени (International Alliance for Natural Time), на которую ссылается, Министр науки больше походит на сеть небольших гражданских инициатив Европы и Севера Америки. При этом, каждая в своей деятельности призывает использовать стандартные часовые пояса без перехода на зимнее/летнее для своих стран, а не вводить единое время для всей Европы или США/Канады, как в случае с Казахстаном. На примере географии стран ЕС и США, они четко указывают, что эти территории (близкие по протяженности к размерам Казахстана) должны быть разделены на четыре часовых пояса (без учета заморских владений и Гавайи) и каждая страна должна находиться в естественных (природных) для себя поясах. Т.е. это полностью противоречит тому, что говорит правительство Казахстана.

В корне таких опрометчивых решений и некомпетентности лежит наша политическая система. Слишком много власти сосредоточено руках президента и подотчетного ему правительства. Оба нам неподотчетны. Нет никаких механизмов отсеивания вредных решений со стороны парламента, поскольку последний вообще лишен какой-либо самостоятельности и не представляет общество. Местные органы власти также встроены в президентскую вертикаль и не защищают интересы местных сообществ (особенно востока и запада страны) от односторонних решений Акорды.

Поэтому, важно не только требовать пересмотра решения по единому времени, но и говорить о пересмотре механизма принятия решений. Для этого власть должна быть разделена между ветвями и децентрализована, предоставляя регионам больше возможностей. И конечно, всех надо переизбирать. С действующим составом далеко не уехать.


Forward from: Azattyq - Азаттық
🔴 "Шалақазақша" сөйлейтін қазақ киносы

Қазақстанда қазақша киноиндустрияда серпін байқалады, қазақ тілінде түрлі талғамға сай туынды көп шығып жатыр. Бірақ қазақстандық кино шынымен қазақша сөйлей ме? Таза қазақша емес, көбіне "шалақазақша" сөйлейді. 2012-2023 жылдары жарық көрген 380 отандық фильмді талдап, осындай тұжырым жасадық.

Толығырақ оқыңыз


Уходящая неделя была полна важных событий. На YouTube-канале ARA Media с журналистами Асылханом Мамашұлы и Русланом Ербота обсудили президентские выборы в США ( https://www.youtube.com/watch?v=vEKw1VUzJ7k ), а на YouTube-канале Просто Журналистика с Лукпаном Ахмедьяровым — риски предлагаемых поправок в Соглашение о статусе формирований ОДКБ для суверенитета Казахстана и других членов ОДКБ (https://www.youtube.com/watch?v=OfV37osOCtY).


​​Біраз қазақстандық Трамптың кәмбәгіне тәнті болып жатыр. Ал біз бүгін Раиса Сайран Қадыр апай және Steppe & WORLD Publishing командасының ұйытқы болуымен Мишел Обаманың “BECOMING: менің хикаям” кітабының тұсаукесеріне қатысып, АҚШ-тағы сайлауды талқыладық.

Автократша ел басқаруды қалайтын Трамптың фанаттары Қазақстанда жетіп артылады. Ксенофобиялық, мизогинді көзқарастағы отандастарымыз баршылық. Сондықтан Мишел Обаманың кітабын дәл қазір қазақша оқу өте маңызды деп есептеймін. Осы кітапты сатып алуға, бір-біріңізге сыйлауға, қазақша сапалы контент шығарып жүрген баспа үйін қолдауға шақырамын.


Бүгін Қазақстан Республика күнін тойлап жатыр.

1992 жылдан 2009 жылға дейін 25 қазан Қазақ КСР-інің егемендігі туралы Декларация қабылданған күн ретінде тойланып келді. 2009 жылдың сәуірінде Н.Назарбаев мерекені алып тастады. Осылайша, бір адамның шешімімен Республика күні Қаңтар қырғыны болған 2022 жылға дейін тойланбады.

Қаңтардан кейін президент Тоқаев «Жаңа Қазақстан» науқанын бастады. Сол арқылы ол қазақ халқын популистік күн тәртібі арқылы тыныштандыруға және өзін Назарбаевтан тәуелсіз президент ретінде көрсетуге тырысты. Мәселен, 2022 жылдың мамырында Тоқаев Д.Қонаевтың құрметіне Қапшағай қаласының атын «Қонаев» деп өзгертті. 2022 жылдың қыркүйегінде ол Нұр-Сұлтан қаласының атын Астана деп қайта өзгертті. 2022 жылдың маусымында Ұлттық құрылтайдағы сөзінде Тоқаев Республика күнін маңызды дата екенін атап өтті. Сол жылы қыркүйектің соңында Республика күнін жалғыз ұлттық мереке деп танитын заңға қол қойды.

Жыл сайын Республика күні қарсаңында мыңдаған адамға медаль және алғыс хат таратылады. Ал Қазақстан құруға ұмтылатын республика қандай болуы керек деген қоғамдық талқылау жоқтың қасы. Назарбаев дәуіріндегідей Тоқаевтың “Екінші республикасында” шынайы оппозиция сайлаудан шеттетіледі, сөз бостандығына үнемі шабуыл жасалады, ал бейбіт жиналыстар өткізу құқығы қағаз жүзінде ғана бар.

Осылайша, Республика күні тойланса да Қазақстан ұлт ретінде “республиканың” шынайы мәніне жақындай алған жоқ. Қазақстанда инклюзивті саяси институттарды құру үшін әлі көп тер төгу керек. Тәуелсіздік кезеңде туылған біздің ұрпақ аға ұрпақ құра алмаған институттардың негізін қалауға ат салыса алады деп ойлаймын. Экономика бойынша Нобель сыйлығының биылғы лауреаттары Дарон Асемоглу, Саймон Джонсон және Джеймс Робинсон дәлелдегендей, институттарсыз бай, қуатты әрі азаматтары еркін мемлекет құру мүмкін емес.

Біз, қазақстандықтар, шынайы институттардың қаншалықты маңызды екенін авторитарлы республикамыздың 33 жылдық тарихынан жақсы білеміз. Ең бастысы, қазір сабақ шығаруымыз керек. Сонда ғана біз еркін және әділ сайлау арқылы сайланған, қазақ азаматтарының нағыз өкілдері басқаратын шынайы республика құра аламыз.




​​“Воздух шығаратын” әкімдерге кеңес

Қазан айының басынан елімізде шағын және ірі қалаларда жылу беру маусымы басталды. Әкімдердің “қыста авария болмай, қызметсіз қалмай, аман-есен көктемге жетсек” деп тілейтін саяси маусымы.

Қалалардың әбден тозған орталық жылу жүйесіне тек қазіргі әкімдерді кінәлаған дұрыс болмас. Десе де атқарушы биліктің өкілі ретінде қызметтік жауапкершілік қазір әкім креслосында отырған азаматтарда. Одан бөлек жылуға жауапкершілікті президент әкімшілігі әкімдердің мойнына іліп қойған. Сондықтан қазір әкімдердің бәрі “жылу берілді, қысқа сақадай саймыз” дегенді мемлекеттік медиа және әлеуметтік желіде көрсетіп әлек.

Бүгін Тиктоктан “Аягөзде аудан әкімі барлық тұрғын үйлерді аралап өзі воздух шығарып жүр” деген видеоны көріп, қарқылдап бір күліп алдым. “Әкімнің өзі тұрғын үйлерде жел шығарып жүр” деп жазбағанына рахмет айттым.

Осы видеоның арқасында Аягөз ауданы әкімінің аты-жөні Қанат Әділбаев деген азамат екенін білдім. Былтыр қыркүйекте Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев мырза Қ.Әділбаевты мәслихатқа өзі ұсынып, өзі тағайындаған әкім екен.

Қанекең мен басқа әкімдерге сұралмаған тегін кеңес: өзіңіз жауапты аудан/қаланың жылуын іс жүзінде беріңіздер, ал халықтың алғысы мен жақсы атақ өзі-ақ келеді. Арзанқол, қарабайыр PR-тактикалармен күлкіге қалағаннан басқа ештеңе ұтпайсыздар.


Поджог дома родителей Шерзата Болата провластные политологи и блогеры-эксперты по всем вопросам называют “вызовом государству, силовикам и обществу”. Тем самым они ставят авторитарный режим и его силовые структуры в позицию жертвы наряду с семьей Шерзата и казахстанским обществом. Это в массовой коммуникации называется фреймингом.

На самом деле трагедия в Талгаре — это последствия бесконечной имитации реформы правоохранительной системы. Как известно, активное обсуждение необходимости реформы полиции и других силовых структур началось после убийства Дениса Тена в июле 2018 года. К сожалению, тогда силовики перехватили повестку у общественников и провели реформу по-своему, что закончилось лишь красивыми презентациями и обновлением униформы полицейских.

В Казахстане, как и во многих авторитарных государствах, коммуникация власти с гражданами и ее критиками строится через позицию силы. Мы наблюдали это в Жанаозене в декабре 2011 года и в январе 2022 года. Это также проявилось в кейсе Шерзата Болата, когда аким Талгарского района не смог вспомнить его имя и хотел увезти отца Шерзата, Каржаубая, на встречу с акимом Алматинской области. Мы видим это каждый раз, когда задерживают гражданских и политических активистов за стремление реализовать свои конституционные права, когда независимые журналисты и правозащитники преследуются за свою профессиональную деятельность, и когда простые граждане требуют справедливости, как это делает семья Шерзата.

Выстраивание коммуникации с гражданами через позицию силы является основным препятствием для реформирования политической и правоохранительной системы Казахстана. Если мы, как нация, действительно хотим вынести уроки из многочисленных трагедий и изменить авторитарно-олигархическую систему, то власть имущим в первую очередь нужно перестать прикрываться этатизмом, отказаться от имитации реформ во всех сферах жизнедеятельности государства и преследования своих оппонентов. Также так называемые инфлюенсеры должны осознанно отказаться от прислуживания режиму. Только после этого можно будет говорить о том, что лед тронулся.


Forward from: Azattyq - Азаттық
🔴 Қазақстанда 6 қазанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өтті. Алдын ала жарияланған ресми қорытындыға сенсек, дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Бұл – Қазақстандағы төртінші, Тоқаев билікке келгелі өткен екінші референдум.

Бұл референдум Тоқаевқа не береді? Референдум өткізіп, "халықтың пікірін сұрау" арқылы ол "еститін үкімет" қағидасын орындады ма?

Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт бұл референдум Тоқаев айтқандай "жалпыұлттық диалогқа" ұқсамайды деген пікір айтты. "Тоқаев классикалық мағынадағы автократ ретінде өзіне керек нәтижені өзі қалаған сценарий бойынша өткізіп алды" деді ол.

"Қаншама азаматтың [АЭС құрылысына] қарсы екенін көріп жатырмыз. Олардың АЭС-ке байланысты үні еш естілген жоқ" деді Шалқар Нұрсейіт.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз


​​Результаты референдума по АЭС я предсказал 21 августа 2024 года в переписке с другом, то есть за 1,5 месяца до официального объявления результатов. С таким успехом я тоже могу назвать себя “әулие” или организацией, достойной проведения экзит-поллов в Казахстане.

Фото №1: Скриншот переписки от 21 августа 2024 года.

Фото №2: Результаты экзит-поллов, проведенных санкционированными властями организациями.


My latest comments on the Kazakh government’s nuclear referendum, which will be held tomorrow:

“Shalkar Nurseitov, director of the Almaty-based Center for Policy Solutions think tank, also criticized the government's outreach.

"The government shows no interest in public awareness about risks of an NPP," he said, "and it is using old propaganda means: with supporters given more opportunities to promote the idea, while political opponents are given no opportunity to talk about these risks in the state-owned media."

Nurseitov alleged the project would result in massive delays and cost overruns or even environmental disaster as "the current political classes cannot guarantee this project's success because of corruption, lack of accountability and political impunity for previous failures."

To read more: https://asia.nikkei.com/Business/Energy/Kazakhs-to-vote-on-government-plan-for-new-nuclear-power-plant


Forward from: Azattyq - Азаттық
🗣 Түрмеде отырған марафоншы, белсенді Марат Жыланбаев адвокаты арқылы құқықтары сақталмай отырғанын хабарлады

Жыланбаев өзіне келген хаттарға да, жылы киімдерге де қол жеткізе алмай отыр. Онымен адвокаты Мейіржан Досақараев 1 қазанда жолыққан.

3 қазанда Жыланбаевтың өзіне тағылған айыпқа наразылық ретіне аштық жариялағанына 21 күн болды. Адвокаттың сөзінше, қылмыстық атқару кодексінің талаптарына сай, ол аштық жариялаған соң медициналық бөлімде болуы керек болған, бірақ оны арнайы тәртіптік изоляторға оқшаулаған.

Адвокаттың айтуынша, бұрын туберкулез диспансері болған бұл мекемедегі тәртіп изоляторы деп аталатын бөлменің жағдайы өте нашар.

Азаттық Степногрскідегі №4 мекеме басшысы міндетін атқарушы Қанат Тұлақовқа қоңырау шалды. Бірақ ол жауап беруден бас тартты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


​​Кака доп тебуді де ғана үйретпейді

Футзалдан Қазақстан мен Аргентина ойынын мен де көрдім. Біздің жігіттер 2016 жылғы әлем чемпиондарына қарсы жақсы ойнады. Бірақ маған одан да қатты ұнаған дүние ойыннан кейін болды. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері Рикардо Кака жеңіліс үшін бүкіл жауапкершілікті өз мойныма алам деді.

Осылайша Кака бүкіл проблеманы премьер-министр мен үкіметке ысыра салатын президентке, сәтсіздіктер үшін орынбасарларын кінәлай салатын министрлер мен әкімдерге, ешқашан жауапкершілік алмайтын шен-шекпенділерге керемет мастер-класс көрсетті.

Доп тебуді де ғана емес, жауапкершілік алуды да үйрете алатын мінезді бапкер Какаға құрметім арта түсті. Жасасын Кака, жасасын қазақ футболшылары!

Сурет: kff.kz сайты


Еліміздің медиа саласында проблема жетіп артылады. Соларды мемлекеттік бюджет есебінен өтетін түрлі форумдарда талқылауға болар еді. Бірақ біз Қазақстанда тұрамыз ғой. Мәселен, жақында өткен Astana Media Week форумын ұйымдастырушылар мен қатысушылар “Газет өле ме?” деген сияқты тақырыптарды әлі езіп жүр екен.

Осы мәселе бойынша ARA Media журналисі Руслан Ерботаның ой салатын талдауын көруді рекомендеймін.

https://m.youtube.com/watch?v=QAtZ1CzwLOk


Қара аспанды төндіргім келмейді. Бірақ күн санап Қазақстанда сөз және баспасөз бостандығы ушығып бара жатыр. Ал өзін журналист, медиа менеджер санайтын кісілер авторитар режимнің репрессив саясатына қарсы тұруды ойластырудың орнына “той тойлап” (форум өткізіп), биліктің таратқан марапатына сүйінші сұрап, “АЭС-сіз күніміз қараң” деп мемлекеттік пропаганданың шашбауын көтеріп жүр. Соған қарағанда біздің журналистер қауымы проблемасы шаш етектен келетін авторитарлы Қазақстанда емес, Тоқаев әкімшілігімен бірге жасап алған “Жаңа Қазақстан” әлемінде тұратын сияқты.

Екі күн бұрын журналист Қарлығаш Еженованың бізге “либеральный авторитаризм” керек деген сұхбатын көріп, түңіліп кете жаздадым. Авторитаризмнен елге зияннан басқа ештеңе жоқ екенін журналистеріміз ұқпаса, онда басқа азаматтарға өкпелеудің жөні жоқ шығар… Сонда да саясаттанудағы аксиоманы қайталағым келеді: сөз бостандығы өлген елде демократия тумай жатып өледі.


Forward from: Azattyq - Азаттық
📹 Алматылық журналист Қойшыбек Мүбарак — Qazaq Times сайтының бас редакторы. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін бірнеше қаланың арасында қатынап, соттардан хабар таратты.

Журналист 92 мыңнан аса қолданушы жазылған YouTube-арнасына жариялап жүрген видеоларды өзі түсіреді.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Болашағы бұлыңғыр АЭС-ты қолдау патриотизмнің көрсеткіші, Қайрат Нұртас пен Ринат Зайытов “атомтанушы-насихатшы” болса, онда жетіскен екенбіз.

Бұл прожект түбінде не “ЛРТ-2”, не “Чернобыль-2”-ге айналмасына конъюнктурщиктер кепіл бола алмайды.

Сондықтан мен қазіргі авторитар-олигархиялық режим тұсында АЭС салуға қарсымын.


Forward from: Azattyq - Азаттық
🧮 Қазақстанда табыс декларациясын жүргізетін құзырлы орган мемлекеттік кірістер комитеті Дубайдан жылжымайтын мүлік алған қазақстандықтар туралы сауал хатымызға жауап берді

🌴 Жалпыға бірдей декларацияның бірінші кезеңінде 40 адам Біріккен Араб Әмірлігіндегі 60 жылжымайтын мүлік туралы мәлімет берген. Ал екінші кезең бойынша 29 адам 42 жылжымайтын мүлікті декларациялаған.

Комитет салық құпиясына байланысты олардың аты-жөнін атаған жоқ және үйлердің қаншасы Дубайда орналасқанын көрсетпеді.

Комитет сөзінше, шетелдегі мүлкін декларацияламағандар әкімшілік жазаға тартылады.

🏠 Қазақстанның мұнай-газ компанияларының бұрынғы топ-менеджерлері Дубайдан кемі 18 млрд теңгеге үй алған. Олар кім?

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Forward from: Qogammetrika
Прошло более 5 лет с момента президентства Токаева. За эти годы отношение общества к нему изменилось кардинально. Когда он только стал президентом, мы проводили контент-анализ соцсетей, который показывал, что Токаев воспринимается несамостоятельной фигурой. Его главной задачей люди видели сохранение преемственности власти в стране. Но, после Қаңтар он стал полноправным хозяином Акорды, который при этом стремится дистанциироваться от Назарбаева и его наследия. Свою программу он назвал "Жаңа Қазақстан" и пообещал провести реформы, прежде всего, политические. С тех пор прошло больше 2-х лет, и мне кажется, это достаточный срок, чтобы оценить реальное содержание реформ.
В статье для Carnegie мы с коллегой Алией Тлегеновой предлагаем свой анализ и оценку того, куда нас привели реформы Токаева.


Назарбаев режимі тұсында “оқыс”, “жұмбақ” өлімдер аз болған жоқ. Соның бірі - банкир Ержан Тәтішевтің өлімі. Биыл 20 жыл толады. Сол 20 жылдың ішінде түрлі версиялар айтылды, іс бірнеше рет қайта қаралды. Саяси да, құқықтық да баға берілгендей болды. “КНБ”-ның экс-бастықтары өз версиясын айтып, қоғамдағы әңгімені одан сайын “қоюландырып” жіберді.

Бірақ ел ішіндегі сол әңгімеде жәбірленуші тараптың үні естілмей қалғандай. Әсіресе, 20 жылдың ішінде Е.Тәтішевтің анасының ұлының қазасы жайлы пікір білдіргенін естімеппін. ARA Media журналисі Руслан Ерботаның Ұлтай апамен интервьюін көріп шықтым. Рекоммендеймін. Мемлекетте әділ құқық қорғау және сот жүйесінің болмауы елге танымал да, танымал емес те әулеттерге, бақуатты да, қарапайым да азаматтарға кері әсер ететініне тағы бір рет көз жеткізесіз.

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=HWGUKeifKNQ

20 last posts shown.