Forward from: Azattyq - Азаттық
🗣 Түрмеде отырған марафоншы, белсенді Марат Жыланбаев адвокаты арқылы құқықтары сақталмай отырғанын хабарлады
Жыланбаев өзіне келген хаттарға да, жылы киімдерге де қол жеткізе алмай отыр. Онымен адвокаты Мейіржан Досақараев 1 қазанда жолыққан.
3 қазанда Жыланбаевтың өзіне тағылған айыпқа наразылық ретіне аштық жариялағанына 21 күн болды. Адвокаттың сөзінше, қылмыстық атқару кодексінің талаптарына сай, ол аштық жариялаған соң медициналық бөлімде болуы керек болған, бірақ оны арнайы тәртіптік изоляторға оқшаулаған.
Адвокаттың айтуынша, бұрын туберкулез диспансері болған бұл мекемедегі тәртіп изоляторы деп аталатын бөлменің жағдайы өте нашар.
Азаттық Степногрскідегі №4 мекеме басшысы міндетін атқарушы Қанат Тұлақовқа қоңырау шалды. Бірақ ол жауап беруден бас тартты.
❤️Азаттыққа жазылыңыз