Өмір өтіп жатыр.
Сенбіден сенбіге дейін, Жаңа жылдан келесі жылға дейін. Бір жерде ұтылдық, бір жерде ұттық. Кей амалдарымыз нәтиже берді. Кейбірі бермеді. Бір қайыры бар шығар деп кете бердік. Сезіп тұрып қателестік, сабақ алдық, мүмкін әлі алмадық. Бітпейтін күрес, миымызда көп сөз. Десе де әлі көп арман, әрі қарай шабыс. Ал осының бәрінің жанынан өмір білдіртпей өтіп бара жатыр. Тек бір сәт дамылдап, айналамызға көз жүгірткенде ғана нағыз құндылықтар есімізге түседі. Уақыт, қымбат жандар, ең жылы сәттер. “Бақыт деген осы емес пе?” деп, өзімізді сабамызға түсіруге сеп болатын тағы бір әдемі күз.
Авторы: Динара Болат.