"Бірге ішімдік ішуді ұсынып, интимдік жерін ұстаған”
Алматыда 30 қаңтарда полицияға ұлы курьер болып жарты күн жұмыс істейтін азаматтан Алмас Кішкенбаевтың үстінен арыз түскен.
2007 жылы туған жігітке кешкі сағат тоғыз шамасында үш бөтелке сыра жеткізу туралы тапсырыс түскен. Жігіт дүкенге кіріп, тауарды алып, тұтынушыға апарған. Сыраға тапсырыс берген ер адам алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Сосын 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған.
Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау үшін азамат К. полицияға жеткізіліпті.
🧀
Бізге тіркелу