Solkezder


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Psychology


Есінде ме сол бір сәттер🥀

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Psychology
Statistics
Posts filter


Ғашықтар күнінде жалғыз қалдым деп қапаланба! Ертең біреуді сүйсең, ол сені сүйсе ғашықтар күні сол сәтте-ақ басталады. Сендер бірге болған күндердің барлығы ғашықтар күні болмақ ❤️


Бұл күннің келерін асыға күтсем де, бұл финалды күтпегем.

Ендігіде бұл арнада жаңа жазбалар шықпайды, шыға беріңіздер....


Өте қатты қызғаншақ болуым, түн ішінде ұйқы орнына осы жазбаларды жазуға алып келді.......


Кейде өз жартыңыздың қызғанышын араңдату арқылы туғызуға тырысу, бұл жақсы әрекет емес.


Қызғаныш сезімінінен арылу жайлы мүлдем ойланбаныз.  Оның сіздің бойыңызда  қалуына рұқсат етіңіз, бірақ оның сізді билеп төстеуіне жол бермеңіз.


Қызғаныш - бұл ол жанның сіз үшін маңызды екенін, осы шынайы қарым-қатынаста адалдық сезімдерінің тереңдігі мен бұл махаббат сіз үшін көп нәрсені білдіретінін жеткізу.


Қызғаныш - адам баласының өз бойынан қобалжу, ашу, дәрменсіздік, үмітсіздік пен мұңды сезінуге мүмкіндік беретін эмоция.


Егер қызғанышты ақтап алу мүмкіндігі туындаған болса( яғни ағам,қарындасым,досым,құрбым), онда сіздерге өз мүдделеріңізді қорғайтын, өз жартыңызбен арадағы ортақ мәселелерді шешетін және жеке шекараларды белгілейтін уақыт келді. Қызғаныш триггері қос ғашықтарға өзара міндеттемелерді түсіндіруге, нұсқаулықтар әзірлеуге және өзара қарым-қатынас орнатуға әкелуі мүмкін, мұның бәрі сенім орнатудың жолдары болып табылады. Кейде қызғаныш қарым қатынаста қандай міндеттемелер, адалдық пен шынайылық, таңдау мен құпия болмауын қажет екенін ашып көрсетеді.


Қызғаныш — адамның өзін сатқындықтан қорғау жолындағы әрекеті.


𝑩𝒐𝒍𝒂𝒅𝒚 𝒃𝒖𝒍 𝒋𝒂𝒍𝒈𝒂𝒏𝒅𝒂 𝒂𝒅𝒂𝒎
𝑬𝒔𝒊𝒏𝒅𝒆 𝒎𝒂𝒏𝒈𝒊 𝒒𝒂𝒍𝒈𝒂𝒏


Ұзақ уақыттан кейінгі алғашқы пост - екінші адам туралы болмақшы.

Егер адамның қасында оған сенетін, оны қолдайтын, оны түсінетін мықты адам болса, кез келген ер азамат тау қопаруға дайын. Ал қыздың жанында оны сүйетін, еркелете алатын, еркелегін көтере алатын жан болса, ол қыз айналасына шуақ нұрын шашып, ортасына жылулық сыйлай алады.

Әлемде көптеген соғыстар, қақтығыстар әйел адамы үшін болғанын білесіз бе? Әйгілі Троя фильмінде де қақтығыс сол бір жаратылыс иесі үшін болған.

Кейде адамдар отношение деген керек емес, ол уақыт құрту, ол энергияны құрту деп жатады. Меніңше, әлемдегі ең ұлы сезімдердің бірі керісінше сол екінші адаммен үндестікте бола алу, Ол нәрсеге ештеңе де жетпейді, ештеңеге де айырбастап ала алмайсың.


Отношениеде ең бастысы бір орында тұрып қалмай, бір біріңді жаулап алмай, әр адамға өз өмірімен өмір сүруге мүмкіндік бере отыра, дұрыс қарым қатынас құру маңызды.


Қорқыныш барлық адамның бойында бар. Жүрегінің түгі бар батыл
адамдар да тура сіз сияқты қорқады. Бірақ олар қорықса да, оны
дұрыс қабылдап, қорқынышына қарсы жүруімен ерекшеленеді. Өскің
келсе, өзгергің келсе, өзіңнің шын мүмкіндіктеріңді білгің келсе,
қорқатын нәрсеңді істе!


Men senıñ qasyñda bolamyn qiyn sätterde
Qatesız jazylasyñ mendık amal däpterde
Qoryqpa men senı jylatpaim
Men senı köterem, qūlatpaim


Естен кетпес күндер де естен кетеді, ескіріп немесе ес кіріп...


Сен біреуге иық тіреп менсізде,
Мен біреуге сүйікті боп сенсізде.....


Енді есімді жия алмаспын дегенмін,
Енді ешкімді сүйе алмаспын дегенмін.
Өмірді өлшеп әсерімен сол сәттің,
Көзден бекер мөлдірепті моншақ-мұң.


Уысында бола тұра бар ғалам,
Неге бізге мұндай тағдыр таңдаған?


Әркімнің бір көктемі болушы еді. Сенің де көктемің келеді қалқам.


Mümkın sätte mümkındıkterdı qalt jıberu menıñşe adamzatqa tän qasiet. Osy qasiet talaidyñ tağdyryn taram-taram joldarğa böldı. Mümkın sätte sözdı, sezımdı aitu qajet sekıldı. Sebebı sol sättıñ de jaramdylyq merzımı bolady. Merzımı ötken tauardyñ qūny joq sekıldı, sendık sezım men sözdıñ de qūdırettılıgı joq.

Bügıngı oitolğanysym osy
31.03.2022 / 01:53


Solkezder-де comeback!
9 айдан кейін қайта жазу керек деп шештім ✍🏼

20 last posts shown.

38

subscribers
Channel statistics