СтудХакер🌍


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Psychology


Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Psychology
Statistics
Posts filter


Соңғы айлары бизнеске көп көңіл бөлгенім соншалық, барлық жұмысты тастап, тек кәсіппен айналысудамын.

Жалпы қалай боп жатыр, не боп жатыр, соның бәрін жаймендеп айтатын уақыт келген сияқты.

Тіркеліп қойсаңыздар болады:
https://t.me/erkanatbusiness


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Мынандай видео осында салам деп ешқашан ойламағам😅 Но бұйырғаны ғой💔 Видео қалай шыққан?)


Кеше жақын бауырым. "Осы каналға неге пост салмай кеттіңіз? 1 курсқа түскеннен барлық постты оқитын едім, көп пайдасын тигізді" деп еді.

Шынымен, қаншама пост, қаншама текст жазылған еді. Сол нәрселерді жиі болмаса да, жаймендеп қолға алу керек секілді.

Ұзақ уақыттан кейінгі алғашқы пост - екінші адам туралы болмақшы.

Егер адамның қасында оған сенетін, оны қолдайтын, оны түсінетін мықты адам болса, кез келген ер азамат тау қопаруға дайын. Ал қыздың жанында оны сүйетін, еркелете алатын, еркелегін көтере алатын жан болса, ол қыз айналасына шуақ нұрын шашып, ортасына жылулық сыйлай алады.

Әлемде көптеген соғыстар, қақтығыстар әйел адамы үшін болғанын білесіз бе? Әйгілі Троя фильмінде де қақтығыс сол бір жаратылыс иесі үшін болған.

Кейде адамдар отношение деген керек емес, ол уақыт құрту, ол энергияны құрту деп жатады. Меніңше, әлемдегі ең ұлы сезімдердің бірі керісінше сол екінші адаммен үндестікте бола алу, Ол нәрсеге ештеңе де жетпейді, ештеңеге де айырбастап ала алмайсың.

Соңғы 6 айда жұмыстарым, жобаларым, жеке өмірімде көптеген өзгерістер болды. Тіпті мінезде де, сырт келбетте де басқаша көзқарастар пайда болды. Және сол нәрсенің барлығы сол екінші адамның оң әсерінен деп ойлаймын.

Отношениеде ең бастысы бір орында тұрып қалмай, бір біріңді жаулап алмай, әр адамға өз өмірімен өмір сүруге мүмкіндік бере отыра, дұрыс қарым қатынас құру маңызды.

Бірінші пост сразу осындай тема боп кеткені туралы кешіріңдер) Менің жеткізгім келетіні тек бір нәрсе.

Адам адаммен ғана үлкен мақсаттарға жете алады.


Сәлем, сіз менің инстаграм парақшамда барсыз ба?

Кешеден бастап инстаграмда:
- ITдағы жұмысым туралы
- IT-ға қалай көшіп кетуге болатыны туралы
- Үлкен компаниялардан оффер қалай алу керек туралы

Сторилар легін бастадым. Алдағы уақытта мықты контент болады. Кіріп, көруге тіркелуге кеңес беремін✅

https://instagram.com/erkanat.001?igshid=YmMyMTA2M2Y=


18-20 жаста қандай навыкты үйренген дұрыс?

Осы сұрақты бүгін менен сұрады. Шынымен ойланып, толық ответ жазайыншы дедім.

Бірден айтайын, мен жаңа Американы ашпаймын, мен өзімнің басымнан өткен, и өзім қажет еткен навыктарды жазғым келеді.

1) Отказды, жеңілісті дұрыс қабылдап үйрену

Бірден айтайын, мен оны қабылдап үйрену керек демеймін, жеңілісті никак қабылдай алмайтын адаммын, но дұрыс қабылдау деген оның мәнін түсіне алу және оған сабырмен қарай алу дегенді білдіреді.

Маған жастардағы ең ұнамайтын қасиеттердің бірі десе, жылауықтық деп жауап берер едім. Ұрыспақ түгілі, қатты сөйлеуге қорқасың, как будто стресске, депрессияға түсіп кететіндей, көтере алмайды.

1FIT-те жұмыс жасағанымда 1 айда 87 адаммен сөйлесіп, 70інде отказ алған едім. "Все, Ерканат кете бер" десе мақұл ғой, ана жерде деген солардың негативын, айдаладағы проблемаларын тыңдап тұратынмын.

Отказ алып үйрену не үшін маңызды? Себебі, өмірде сен қалаған нәрселер бола бермейді, солай ғой? Мыңдаған рет басыңды изеп, күліп қарсы алу керек моменттер болады. Отказды, жеңілуді дұрыс қабылдап үйренсең, өмірдегі кез келген қиындық сені сындырмайтын болады.

2) Өз уақытында мықты ортаның мүшесі болу

Орта өзгеріп тұруы керек. Бір ортадан өскеніңді білсең, все, қалма ол жерде, кет жоғарыға!

Менің универдегі бір қателігім бір ортада ұзақ жүріп қалдым, и ол ортада алдыңғы қатарға шығып, зона комфортада болдым. Кейін 4шы курстан бастап, басқа сферада, басқа адамдармен болғанда түсіндім. Әлі қайдааааа өсу керек, біз әлі үлкен жолдың басындамыз деген ой келді.

Ортаң мықты болса, хочешь, не хочешь өзің үшін өзгересің. Просто так жүре беру деген болмайды.

3) Адамдарды қабылдай алу, сондай-ақ құрметтеу

Барлық адамда теріс және оң қасиеттер болады. Сен қайсысын көргің келетіні өз қолыңда. Адамды минусы үшін, саған ұнамайтын қасиеті үшін құнын түсірме.

Адамның мықты тұстарын аңғарып, сол нәрселерге байланысты құрметтей алу маңызды. Өзгені құрметтей алған, өзгені мойындай алған адам, өзі де құрметті болады, өзі де өзгелерді мойындата алады.

Мен өзінше адаммын негізі. Адамдарға бірдей жақсы қарай бермеймін. Бірақ, қасиеттеріне және еңбектеріне әділ қарай аламын. Дәл сол сияқты 18-20 жас аралығында адамдардың ішкі құрылысын, қасиеттерін анықтап, және оны құрметтеу жақсы навык деп ойлаймын.

По идее, көп жаза беруге де болады. Но пока есіме бірінші келген 3 нәрсені жазуға тырыстым. + кейін может басқаша ойлап кетермін, но қазіргі ойымда осы 3 навык маңызды.

Ал сіздің ойыңызша қандай навык маңызды?


Маған осындай запростар келіп тұрады. + өзіміздің де маркетинговое агентство ашамыз деген ойымыз бар.

Соған байланысты:

Араларыңызда СММщик, маркетолог, дизайнер, сторис мейкер, видеограф боп жатса, + қоя кетсеңіздер)

Плюстың қасына кім екеніңізді де жаза салыңыз. Мысалы, + маркетолог дегендей

Кейін если что либо мен сіздерге жазам, либо маған жаздарға сіздерді ұсынам.


Мен осы уақытқа дейін басқа ссылкаларды, орысша статьяларды қоя бермейтін едім. Бірақ, бүгін Аяжан есімді оқырманым, осы ссылканы жіберді. Осы каналға сәйкес келеді екен деп:

https://t.me/armansu_live/181

Егер IT-ге қызықсаңыздар, осы лагерьді ұсынамын. Арманның ютубтағы барлық интервьюын көріп тастаған адам ретінде айтайын, шынымен мықты жігіт.

Мен ойланып қалдым, чем пост жазбай жүре бергенше, хотя бы осылай керек, мағыналы, мәнді дүниелер жазылған сілтемелерді қалдырып отсам қалай?


Клиенттерге бағдар болатын осындай пдф файл жасап қойдық. Ішінде қандай темалар бойынша менторлар бар екенін көрсеңіздер болады.

Арасында осы каналға тегін купондар беріп тұратынмын. Осы жолы да солай жасайық,

+ қойыңыз и біз сізге жаңа менторлармен сөйлесуге купон жібереміз. Менеджер өзі жеке сізге ментор таңдап береді.

Бір жағынан біздің сервисті тексеріп, бізге фидбэк беріп, дамуымызға көмектесесіз💚




15minute.online туралы IT технологиялар туралы жазатын er10.kz интернет журналына интервью бердім🎉

- Платформа қалай дамып жатыр?

- Платформа кімдерге керек?

- Қандай қиындықтар болды?

деген сұрақтар да болды. Егер қызық болса, кіріп оқып көріңіздер:

Инстасын көру

Интервьюды көру


44 000 000 тг үшін шайқас!

Бәріне сәлем. Кеше түнде маған күтпеген звонок келді, 4 күннен кейін ірі инвесторлар, венчурный фондтардың кездесуі болады екен. 200+ проект ішінен, 10 проект инвесторлар алдында өз проектін қорғайды екен. Біз сол 10дыққа кірдік. Біз 100 000$ алғымыз келетінін айтқан болатынбыз.

Енді біз Шығыс Еуропа, Өзбекістан, Қырғызстан рыноктарына шығатынымызды, + Қазақстандағы үлкен базамыздың бар екенін дәлелдемекшіміз.

Соған орай 57 секунд уақытты алатын өтінішім бар. Мына опросқа кіріп, 7 сұраққа жауап беріп жіберсеңдер болды.

https://clck.ru/et8Nr

Қолдауларыңыз үшін алдын ала ризашылығымды білдіремін. Қазақстандағы IT стартап нарығын бірге дамыта берейік✊🔥

П/с: егер ватс группаларға жіберсеңдер, өте қуанышты болар едік. Бізге 5000 дауыс жинау қажет💥


IT-ға қызығып жүрген қыздар жігіттер болса, 31і күні болатын кездесуге шақырамын💿

Жасыңыз, курсыңыз маңызды емес.

IT-дағы карьераны бастау, ол кімдер үшін қажет, қашан және қалай деген сұрақтарға мықты IT спикерлер жауап береді.

Тіркелу үшін: көру

Толық инфо: көру

П/с: офлайн кездесу болады, мен өзімде боламын


Сіздер білесіздер ма, білмейсіздер ма, но мынандай нәрсе бар

Елде неғұрлым спорт секциялары, студенттік ұйымдар, ойын аулалары, футбол газондары көп болған сайын, сол елде қылмыс деңгейі соншалықты төмен болады.

Себебі, адам дұрыс емес жолға тек әлеуметтік жағдайдың төмендігінен ғана емес, сондай-ақ, бос уақыттың көптігінен адасып кетуі мүмкін. Көп жастың шылымға, ішімдікке қызығуы сондай бос уақыттың көптігінен пайда болады.

Өзінің айналысатын ісі бар, өзінің ортасы бар, уақыты белгілі бір нәрселерге кететін адамның өмірлік бағыты айқындау болады.

Сол үшін туған қарындас-інілерімізді, болашақ ұрпағымызды сөзбен ғана емес, үлгі өнегемен де тәрбиелеу үшін, өзіміз қазірден бастап, бір хобби/спорт/үйірме тауып, айналысуымыз қажет.

Не дегенмен, арттан еріп келе жатқандар, бізге қарап өсетінін ұмытпау керек деп ойлаймын.

Мүмкін КСРО кезінде жастар арасында шылымның, ішімдіктің рөлі жоғары болғаны, сол кездегі үлкендердің сол нәрсеге әуес болғанынан да шығар..


Жұмысқа алуда әр адамның подходы әртүрлі

Жоғарыда постқа + қойған адамдармен әлі сөйлесіп үлгере алмай жатырмын. Егер сізге әлі жазбасам, тек қол босамағаннан.

Маған жазған адамдарға тапсырма беріп жатырмын. 90% адам жоғалып кетіп жатады, бұл нормальное явление, ол үшін ешкімді кінәламаймыз. Әр адамның жұмысқа байланысты көзқарасы әртүрлі, оны түсінеміз. Жұмысқа аларда да, әр басшы әртүрлі сынайды.

Мысалы, ДжекМа адамның қасиеттеріне көбірек акцент қойса, Илон Маск сұрақты жалпылама емес, тек өз мамандығына байланысты қояды екен. Мен тоже өз подходымды пайдаланамын. Менің түсінігімде адам кез келген бір тапсырманы жақсы істесе, 2-3ші тапсырманы тастап кетпей, жақсы істей алады.

Көбіне іш-пыстырарлық, мүлде ол адамға қатыссыз тапсырма бергенді қолдаймын. Себебі, кез келген жұмыста 100% тапсырмалар қызықты бола бермейді, 20-30% қызықты, 70% іш пыстарарлық болады. 6 түрлі компанияда істеп көрген менің сөзіме сенсеңіз болады. Так вот, мұндай тапсырма беру арқылы адамның инфантилды немесе инфантилды емес екенін анықтауға тырысамын.

Екінші бір акцент қоятын нәрсем, тапсырма берер де толық информация бермеймін. Маған адамның қалай орындайтыны, мәселені шешуге қандай подходпен келетіні, тапсырманы нақтылау үшін қандай сұрақтар қоятыны маңыздырақ. Ал егер, біз нені қалай істеу керектігін толық түсіндіріп берсек, онда ол адам тек қайталайды да, роботтан айырмашылығы болмай қалады..

Негізі мұндай практика көп жерде бар. Сол үшін егер өз жұмысыңызда, немесе өзге бір өзіңізден жоғары тұрған адам сізге сондай подходты көрсетіп жатса, сразу қашып кетудің, түсінбей қалудың қажеті жоқ) Просто ол адам сізді тексеріп жатыр деп қабылдаңыз

П/с: бір күні бір адамға просто эксельды көп ақпараттармен толтыруды берген едік. Негізі дайын версиясы болды, просто ол адамның шыдамдылығын көргіміз келді))


Практикаға байланысты өз оқиғамды айтып берейін.

Мен 1ші курстан бері армандайтынмын, Ұлттық Банкте істеймін, Қаржы министрлігінде істейм дегендей. 3 курс оқып жүргенімде Кока Колаға өз мамандығым финансы бойынша практикаға бардым. Шынымды айтайын, әр сағат маған 24 сағаттай жаааай өтті. Басымда сұрақтар пайда боп жатыр. "Мен шынымен осыны қалаймын ба? Өмірімді осы сферада елестете алам ба? дегендей. Барлық сұраққа менің жауабым "жоқ, бұл нәрсе мен қалайтын нәрсе емес" болды ғой.

Дәл сол практикадан кейін өмірімде түбегейлі өзгерістер бола бастады. Басқа сфераларды көре бастадым, IT-ға көше бастадым. Прям көзім ашылғандай болды. Кейде ойланам, егер сол кезде практикаға бармағанда, кейіін барсам кеш боп кетер ма еді дегендей. Сол практика көп нәрсені өзгертіп еді.

Сол үшін мен всегда бір рет көру, практика/стажировкадан өту дегенді қолдаймын. Ол саған не ұнайтынын, не ұнамайтынын білуге көмектеседі.

Есте болу керек, "любое действие лучше, чем бездействие".


Маңызды пост!

Осы постты көптеген студенттер, жастар оқитынын білемін. Так вот, осы уақытқа дейін практика/ стажировка деген темаларды көп айтып жүрмін. Мен қазір сол сфераны көбірек қарастырып жүрмін.

Егер сен:
- бір бизнес проектте болып көргің келсе
- жаңа опыт алғың келсе
- резюмеңде үлкен плюстың болғанын қаласаң
- зерттеу/аналитикалық қасиеттеріңді дамытқың келсе
- печать қойылған рекомендация алғың келсе

Осы пост астына + қойып кетсең болады. Саған жекеге 2-3 сұрақ қойылады, кейін егер нормально боп жатса, қандай варианттар бар екенін айтатын боламыз.


Alhadaya деп шығара беретін стористарды білесіздер ғой?

Қадырбаев, Хабиб, Сакен Майғазиев бәрі жарнамалайды ғой. Так вот, сол компания туралы видео қатты ұнады.

Компания структурасы, жүйесі, офисы - мықты жасалған екен.

Арнайы уақыт бөліп бір көріп алыңдаршы) Жалпы жұмысқа байланысты күшті вдохновение пайда болады деп ойлаймын.

https://youtu.be/LtBiOVWfKF4


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Питч жасау сәтінен. Алдында дизайнерді осыған іздеген едім.

Грузиялық стартап проектте UX/UI дизайнер боп істейтін танысым жасап берді.

П/с: сөйлеп жатқан мен емес, партнерім


Біз қазір стартап жасап жатырмыз ғой ше) деп бастасаң.

15minute - ментор табуға байланысты стартап проект. Қазір 20 мемлекеттен 156 ментор бар. 142 адам біздің сервисті пайдаланып, 5 баллдан 4,7 деген балл қойды.

Так вот, бүгін мысалы бізде 3 кездесу болады. Кездесулер неге болады? Біз инвестиция тарту керекпіз, себебі осы уақытқа дейін тартқан ақшамыз осы ай таусылады.

Жаңа ғана Сингапурский фондтың алдында ағылшынша проектті таныстырдық. Енді қызығын қараңыз, 130 командадан 39 команда финалға шықтық. Енді 39 командадан 20 команда основной жарысқа өтеді. Сол 20 команда 3 ай ең мықты деген IT бизнесмендерден сабақ алады. Кейін 3 айда ең күшті результат көрсеткен 10 проектке 50 000$ беріледі.

22 000 000 тг деген аз ақша емес ия? Бірақ, рисктерін көріп тұрсыңдар ғой) Ақша бізде қазір бітіп жатыр, 3 ай ақша болмайды, 3 айдан кейін алу/алмау вероятность-і бар еще.. Қызық, ия?

А, айтпақшы, егер 50к$ алатын болсақ, біздің стартап құнын автоматты 550 000$-ға бағалайтын болады. Қанша жерден қиын боп көрінгенімен, күресуге стоит нәрсе ғой, ия?)

Енді екінші вариант қазір менде 14:00де жеке инвестормен кездесу болады. Біз олардан 70 000$ сұрадық. Кешке Ресейлік компаниямен онлайн зум болады. Олармен тоже осы инвестиция бойынша.

Стартап проекттер деген осы. Стартап проекттер өздері ақша таба алмайды, бұл традиционный бизнес емес. Uber 11 жыл бойы пайда көрмей келе жатыр, AirBnb 7 жыл пайдасыз өмір сүріп келді. Стартап проекттердің мақсаты раундтан раундқа жету, көбірек ақша тарту.

И потом, ең қызығы, стартапта толық неопределенность қой, не болатынын, қалай болатынын білмейсің, но жасайсың әйтеуір) Но бірақ даму жағынан, өсу жағынан адамды біраз қозғап тастайды. Себебі, сен и маркетолог, и финансист, и дизайнер, и продакт болып істей бересің ғой.

Кейін 50к$ алып жатсақ, жазам ғой ес что)


Каналдан шығатындар шыға берсін. Кейін өкінетін болады😆

Каналда бола берсеңіздер, кейіндеу жақсылығын аласыздар деп уәде беремін. Әзірше жұмысым көп болып, үлгере алмай жүрмін..

Бұл жазбаның мақсаты да сол жұмысқа қатысты.

Фотошоп немесе Фигмамен мықты жұмыс істей алам деген адам болса, лс жазса🙌

2 күндік отдуши жұмыс боп тұр. 2 күн үшін примерно 70 000 тг еңбек ақысын алатын болады.

Осында жазу керек:
https://t.me/erkanat001

П/с: дос-таныстар болса, айтсаңыздар. Егер танысыңыз жұмысты идеально орындап, біз қалағанымызға жетсек, сізге тоже отдуши сыйлық береміз🎁

20 last posts shown.

590

subscribers
Channel statistics