SULTANKYZY


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


Мен ғой, Ләйлә☺️
”LS media”

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter




Мереке құтты болсын!🇰🇿🩵








Тартынбаңызшы, өтініш🙏🏻

Жаныңыз күйзелісте болса, жүрегіңіз тыныштықты аңсаса, уайым мен өкпе жегідей жесе, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып бара жатқаныңызды сезе тұра, бөлісуден, көмек сұраудан, жақыныңызға хабарласудан тартынбаңызшы🙏🏻
Әлемдегі проблеманың ешқайсы адам өмірінің құнындай емес!
Сіз бәріне керексіз❤️

Мен бұл ойыммен неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді. Себебі, танымал аспаз Бага есімді жігіттен айырылдық…




Тыңдап көріңіздер👍🏼


Текстімен қосылып айтып көріңіздерші😃 Өзіме қатты ұнайтын ән


Қош келдің біздің ауылға
Бұл ауылда біреу бар сенімен ауырған
Ол көтеріп алып түнде ауырдан
Көк түтінге тойып алып сен туралы сөйледім
Жабық адам едім, қазір ашық күйдемін
Естіп қал мені, ескі сүйгенім
Қ-сы:
Мен сүйген ауылдың қызы
Мен сенген ауылдың қызы
Өзіңе барғым келеді
Өткеннің құлыпын бұзып
Мен сүйген ауылдың қызы
Қарақаттай қара көзі
Орамалы басында
Көйлегі ұзын
Түтіннің арасымен барып қайтам сен жаққа
От сөнді ма екен деп жүрегіңе мен жаққан
Сөнсе, болды
Жүрегің басқаға көнсе, болды
Түтін көмектесті, еске алуға сені
Сезіндіреді кәдімгідей, бар әлі әсерің
Әсер етесің әлі жүрекке
Қаратасың қара көздерің бар суретке
Суретіңе қарап не табам
Жоқ, мен кері кете алмайм, мен болашаққа бет алам
Алыс болмасаң да, перделенді екі ара
Екі бөлек әлем секілді шектелді шекара
Қ-сы:
Мен сүйген ауылдың қызы
Мен сенген ауылдың қызы
Өзіңе барғым келеді
Өткеннің құлыпын бұзып
Мен сүйген ауылдың қызы
Қарақаттай қара көзі
Орамалы басында
Көйлегі ұзын
Мен сүйген ауылдың қызы
Қарақаттай қара көзі
Орамалы басында
Көйлегі ұзын


Мен күткен версия 🥺💔


Орындалған бір арман🙌🏼

Былтыр тұңғышыммен Жапонияға жол түсер деп ойлап қойғанмын. Құрбыммен біраз дайындалдық. Өкінішке қарай денсаулық жағдайына байланысты бұл сапар кейінге шегерілді. Ұлына уәде берген ана жүрек бір жыл бойы тырысты. Биыл 10 күнге үлкенім екеуміз барып келдік. Мәдениеті, тарихы, жастардың субмәдениеті өзіме қызық болды.

✅ Осака, Окинава, Токиоға бару бұйырыпты. Жазда өте ыстық, тым ылғалды мемлекет. Ығы-жығы адам, жанталас.
✅ Жапония десе аниме елкстейтін болды ғой. Көшеде нешетүрлі аниме кейіпкерлері сияқты киінгендер көп. Жастар тұрмақ, үлкендердің өзі «сен өзі түрлі-түрлі, түрлі екенсің» болып жүр😄
✅ Тазалыққа енді сөз жоқ. Тәртіпті биік қойған халық. Бір бос бөтелкені құшақтап 3 сағаттай жүрдім. Қоқыс жәшігін сол күйі таппадым. Қоқыстың бәрін жинап, күнде бөлмеге көтеріп келеміз
✅ Еуропадағыдай бала да, екіқабат әйел де аз. Google-ға Жапония туралы қызық факт деп жазсам, «баладан қарағанда үй жануары көп» дейді.
✅ Еңбекқор халық. Күні-түні жұмыс істеуге бар. Сосын толық (семіз) адамдар өте аз. Жоқ, айтарлықтай спортпен де айналыспайды. «Гены» дейді.

Қысқасы, күннің ыстығына төзіп, қалаларды барынша жаяу аралауға тырыстық. Контрастқа толы мемлекет. Әлі талай оралармыз, бұйырса🙌🏼

#саяхат #балам #Жапония


⚡️ӘЙТЕНОВ VS ӘТЕШОВА

📍Тағы бір даудың басы қылтиды. Қылтиғалы біраз болды «жалдамалы» сайттар мен телеграм каналдар былтырдан бері түрлі “дәмдеуіштер” қосып алғышартын жасап, бықсытып келеді.

📍Өртті тұтандырып, отқа айналдырып алған соң жан-жақтан үрлей бастады. Әке мен шешені қойшы — беттері бес елі, терілері қалың, «жанатын» — балалары...

📍Заң шыққалы да әйелдер қауымы мен еркектер қауымы арасына үлкен «сызат» түскендей. Бітіспес соғыс ашық майданға айналып бара жатқандай.

📍Әйтеновты «піштіру» керек деп білек сыбанған қоғам, кешегі біраз видеодан кейін Әтешованы ат құйрығына байлайық деп «қылыштарын» жалаңдатты.

📍Бүгін айқай-шумен бұрынғы байын бес күнге қаматқан Әтешованың өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Заңда “жыныс” жоқ, ұлт жоқ.

📍Әлеуметтік желілер мен саржағал сайттар қоғамдық пікірді қозғап, қоғамдық пікір үкім шығаруға ықпал ететін құралға айналмауы керек. Шешім әділдік негізінде шығып, соңғы үкімді тура билер айтуы тиіс.

📍Құқықтық мәдениет қалыптасқанша талай бас жарылып, көз шығар. Ешкім ешкімнің жанын жемей, айқай-шусыз, мүлікті тартыссыз бөлісетін уақытқа жеткенше қос тараптың бір-біріне жаппаған жаласы, жақпаған күйесі қалмас... Бірақ, балалар екі ессіздің ермегі мен қоғамның мазағына айналмауы тиіс...

Пікір иесі: Ержан Төлек




Қалайсыздар? Кітап беремін деп жоқ болып кеттім🫣 мендегі кітап «Жақын Жапония» деп аталады. Ал енді кішкене спойлер… Жапонияда бірнеше жыл тұрған Жадыра деген қазақ қызының кітабы. Жапония туралы қызықтар, мәдениеті жайлы кітап. Жеңімпазды интригасыз, комменттен таңдаймын деп шештім. Қандай кітап оқығыңыз келіп жүр? Қандай кітап өзіңізгн қатты ұнайды?

6k 0 0 19 17

Менде бір жақсы 3 кітап бар. Соны телеграмдық оқырмандарыма сыйласам қайтеді и деп отырмын😃


Сәлем! Мен ғой, Ләйлә☺️
Қалайсыздар?
Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыздар?


Қалайсыздар?😘 Соңғы кезде жеке нөмірім қыдырып жүр. Күніге 1040 адам біртүрлі хаттар, өтініштер, көмек сұрап жазады. Не істесем екен и?🤔 Ауыстыра салайын десеееи бұрынна келе жатқан нөмір ғой🥲


#қыздарскийәңгіме

Танысым бар. Оқып, тоқып, жұмыс істеп, асықпай күйеуге тиді. Барлық потребностьтарын өзі жаба алатын шамасы бар. Дүркіретіп той жасағанда тойына барғанбыз, содан бері бір жыл өтіпті.
Содан бері оның да «қашан?» (бала мәселесі) деп жақындары жанын алуда. Оны сөзбен болмаса да, көзбен білдіретіндер жетеді. Бірақ проблеманың неден екені сырт көзге белгісіз…
Сол қыздың айтқаны ғой 👇🏼
«Әр намазда бір инсайт аламын. Ойлап отырсам, бір үйде екі еркек (мінез) тұра алмайды екен. Күйеуіммен қатарласып жұмыс істеймін, бір деңгейде дамып, өскім келеді, бірдей ақша табуға тырысамын. Эго деген соншалықты, төмен тұруға, артта қалуға қорықтым. Содан болар, Алла әлі бізге бөпе бермей жүр. Қазір барынша әйел болуды ,Алланың және жолдасымның алдында иілуді үйреніп жүрмін.» деді.
Расында, бәрі өзіміздің ойымыздан болуы мүмкін. Менен «Ләйлә апай, әйел деген қандай болу керек өзі?» деп сұрады.
Қызым болмаған соң ба, жарымнан айырылып, жалғыз қалған соң ба, жауап бере алмай қалдым…

📌 НАҒЫЗ ӘЙЕЛ қандай болу керек?
Сіз де арасында робот болып кетесіз бе әлде?🤔


Сәлем бердік! Таңмен таласып демей-ақ қояйын, бүгін сәл ерте тұрған жайымыз бар😄 Сіздермен жақынырақ танысқаныма қуаныштымын. Мені осознанный жастағы, жоғары білімді, қыз-келіншектер көбірек оқитынына мәзбін☺️ Оның үстіне қандай бағытта көбірек әңгіме айтатыным анықталды главное🔥
Ендеше салмағы бар қыздарский әңгімеден бастайын😄👇🏼

20 last posts shown.