tagylym


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


"Раббым ілімімді арттыр"
НМУ студенті
Кері байланыс: @Tagylym_bot
Аудио-подкаст: @podcast_123

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Forward from: 📚 ~ KITAPNAMA ~ 📚
👳🏽‍♀️ "Әйелің хафиза болса, дәретпен ұстау керек пе?!"-, депті ғой біреу 🤭


Бүгінгі адамзат Құраннан тым алыстап кетті немесе алыстатылды. Бұл алыстау мұсылмандарды Құранға жатсындырып жіберді. Бүгінгі таңда әлемнің қай жерінде не болып жатқанын өте жақсы білетін мұсылмандар бар, бірақ көңілдерінің бақшасы саналатын Құранда қанша аят бар екенін де білмейді. Тіпті олардың кейбіреулері мәңгілік бақытының кепілі болған Құранға күнделікті уақытша қуаныштарына бөлген маңыздылығындай да көңіл бөлмейді.

Олар не Құран оқымайды, не оған қатысты мәселелерді тыңдағысы келмейді.

Ал Құран болса, өз сезімімен, жүрегімен, ақылымен оны қорғап, бағалайтын жүректерді күтуде. Мұсылман өз кітабына лайықты түрде мән берген кезде, бұл тек мұсылмандардың ғана емес, бүкіл адамзаттың тағдырын өзгертеді.
Біздің қазіргі өмір сүріп жатқан уақытымызда дәл осы сананы дамытуға қажеттілік, тіпті мұқтаждық бар.


Dinleyen susuz ve arayıcı olursa vazeden ölü bile olsa söyler.

Mevlana.

“Тыңдаушы шөлдеген және талапкер болса, уағыздаушы тіпті өлі болса да сөйлейді.”


Шын мәнінде, адамды Алланы тануға (мағрифатқа) апармайтын ілім – ілім емес. Сол себепті надан деп Алланы білмейтін адамды атайды. Иә, жүздеген ғылым саласын меңгерген болса да, Алланы танымайтын адам нағыз мағынада надандықтан құтыла алмайды.

Ал Алланы таныған адамға келсек, оқу-жазуды білмесе де, жалпы мағынада надан болып саналмайды. Өйткені ол ақырында білуге тиісті нәрсені біліп, ғалам сарайын жаратқан шеберді және осы ғажайып кітаптың авторын таныды. Бұл – ілімде жету керек соңғы нүкте. Қайткенде де, бұл ғалам кітабын Жаратушы Алла жазғандықтан, оны ең жақсы білетін де Ол.


Адам — бір күннің ішінде бірнеше мәрте өзгеруі мүмкін дәрежедегі өзгермелі жаратылыс. Әрбір жаңа күн адамға жаңа көкжиек ашады және ол кейде өзінің және айналасындағы адамдардың болмысын көруі мүмкін.

Мысалы, айналасындағы адамдарды дұшпан ретінде көрген адам өзін жыландардың арасында қалғандай сезінуі мүмкін. Алайда бұл оның өз болмысының «жыланға» айналуының көрінісі. Мұндай адам өзінің нәпсісінің шабуылына ұшыраған деген сөз. Бірақ ол бұл жағдайды өз нәпсісіне тән деп мойындағысы келмегендіктен, әдетте жыланды, итті немесе шаянды өз айналасындағы адамдардан іздейді... іздейді, бірақ ең үлкен «жылан» өз нәпсісі болғандықтан, оны ешқашан таба алмайды.

Шындығында, «Сенің ең үлкен жауың — өз ішіңдегі нәпсің» деген түсінік бойынша, ол жыланды өз бойынан іздеуі керек.

اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ، خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ
"Уа, Аллам! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құдай жоқ, мені Сен жараттың, мен Сенің құлыңмын" ақиқатының аясында, адамға кездесетін кез келген қиындық пен кері жағдайды әркім өз нәпсісінен деп білуі керек. Басқалардың кемшіліктері мен айыптарын жасырғаны жөн.

Әр адам шешілмейтіндей көрінген мәселелерге шешім табу үшін қателіктер мен кінәні өз мойнына алуы керек. Өзін барлық жамандықтың орталығы ретінде, ал басқаларды барлық жақсылықтың қайнары ретінде көруі тиіс.

Барлық проблемалардың шешімі дәл осы түсінікте жатыр, және бұл - жалпы тәрбиенің негізі.


"Кітап" сөзі араб тілінен шыққан, тілдік тұрғыда "жинаушы, біріктіруші" деген мағынаны білдіреді. Түрлі тақырыптарға қатысты әртүрлі мәселелерді жүйелеп, бір жерге топтастыратыны үшін кітапқа "Кітап" деп атау берілген.

Мазмұны мен мағынасы тұрғысынан Ғалам да бір кітап. Оның беттерінде физика, химия, астрономия және тағы да мыңдаған ғылым салалары өзара үйлесіп, қатар жүреді. Ғалам – Алланың "Құдіреті" мен "Ирадасы" жазған бір кітап.

Бұл жазу "Тағдыр" жобасына сәйкес жүзеге асырылған. Сондықтан ғаламның әрбір әрпі, әрбір жолы иләһи есімдер мен сипаттардың, яғни Алланың есімдерінің көріністерін (тәжәллилерін) бейнелейді.

"Кітап" сөзі, өзінің ең терең және толық мағынасын Құранда табады. Өйткені, «барлық нәрсені қамтушы» (жинақтаушы) болу тұрғысынан Құранға тең келетін басқа кітап жоқ.

Құран – «Мултақа әл-Бахрейн» деп айтуға болатын, яғни екі теңіздің тоғысқан жері, екі мұхиттың бір арнада кездескен кітабы. Жаратылыстың ішкі және сыртқы жағы, көрінетін(Заһир) және көрінбейтін(Батин) қырлары тек Құранның ғажайып айқындылығымен танылып, түсіндірілген.

Лафыз бен мағына үйлесімділігінің шыңы туралы айтылатын болса, ол – Құран. Дүние мен ақыреттің тепе-теңдігі ең нәзік өлшемдермен тек Құранда үйлесім тапқан. Сонымен қатар, Құран алдыңғы кітаптардың дұрыс жақтарын қамту арқылы да ғажайып тереңдікке ие екенін көрсетеді.

Мүлік (физикалық әлем), Мәләкут (рухани әлем) және көрінетін-көрінбейтін барлық әлемдер Құранда өзара тығыз байланыста. Құран – шәһәдат әлемінде ғайып әлемінің тілі іспетті. Ғайып әлеміне қатысты ең дұрыс, шынайы мәліметтерді жеткізетін де – сол. Осы ерекшелігімен Құран әрі «жинақтаушы», әрі «біріктіруші» кітап болып саналады. Барлық осы қасиеттерінің арқасында, толық мағынада «Кітап» дегенде Құран түсініледі.


Құранда мағыналар әріптермен жазылған,
Ал Әлемде, яғни жаратылыс кітабында мағыналар оқиғалармен жазылған.


Алланы тану (мағрифатулла) - жаратылыстан жаратқанға бағытталады, төменнен жоғары қарай.

Ал сүю (махаббатулла) - жаратқаннан жаратылысқа қарай бағытталады, жоғарыдан төмен.
Себебі бірінші жаратылысты сүйсек, соларға байланып қалу қаупі бар.

1. Алланы тану (мағрифатулла) - жаратылыстан жаратқанға бағытталады:

Адам баласы ең алдымен өзіне таныс нәрселерден бастайды, яғни жаратылысқа, табиғатқа, ғаламдағы керемет тәртіпке қарап, олардың артында тұрған Жаратушыны іздейді. Жаратылыстағы әрбір нәрсе Алланың белгілері (аяттары) болып табылады. Осылайша, табиғаттағы әсемдік пен жүйе арқылы адам Алланың ұлылығын таниды. Бұл жол - жаратылысты тану арқылы жаратқан Алланы түсінуге жетелейтін баспалдақ.

2. Ал сүю - жаратқаннан жаратылысқа қарай бағытталады:

Сүюде басымдық Аллаға беріледі. Алланы сүю – шынайы махаббаттың түп негізі. Адам Алланы сүйгенде, оның жаратқан барлық нәрсесіне де сүйіспеншілікпен қарай бастайды. Бұл махаббатта артық көру немесе жаратылысқа шектен тыс байлану жоқ. Егер адам махаббатын алдымен жаратылысқа бағыттаса, онда ол жаратқан Иесіне жете алмай, дүниелік нәрселерге ғана байланып қалуы мүмкін.

Алланы тану – жаратылыс арқылы Жаратушыны тануға бағытталған.

Алланы сүю – Алланың махаббаты негізінде жаратылысты сүюді үйретеді.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Жан қиналмай Жәннат қайда, ей нәпсім!


"Адамзат арасында пайда болатын барлық алауыздықтар, бұзақылықтар және төңкерістердің түпкі себебі екі сөзден, екі көзқарастан немесе екі түсініктен тұрады:
Біріншісі – «Мен тоқ болсам, басқасы аштықтан өлсе, маған бәрібір»;
Екіншісі – «Сен еңбектен, мен жейін».

Бірінші аурудың емі ретінде Алла Тағала, Құранда зекетті әмір еткен.
Ал екінші аурудың емі ретінде рибаны (өсімқорлықты) харам еткен".

Өсімқорлық (пайыз) – кедейді одан әрі кедейлетіп, байды одан сайын байытатын ең басты факторлардың бірі. Қазіргі әлемдегі жағдай – бұған айқын мысал: кедей елдер байларға қарыздың ауыртпалығымен езілуде, ал байлар кедейлердің есебінен өмір сүруде. Өсімқорлық – халықаралық деңгейде, елдер арасындағы қарым-қатынастарда және бір елдің ішіндегі әділетсіздік пен қанаудың ең айқын әрі тиімді құралы.

Өсімқорлық тек экономикалық жүйеге зиян тигізіп қана қоймай, адамдардың бойындағы ашкөздік, менмендік, ақша жинауға деген құмарлық пен қатыгездікті күшейтеді. Сонымен қатар, қоғамдағы өзара көмек, жанашырлық және құрбандық сезімдерін жояды. Осы тұрғыдан алғанда, өсімқорлық – экономикалық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да зиянды дерт.

Ислам толықтай іске асырылған жерде өсімқорлыққа еш қажеттілік болмайды. Исламның экономикалық жүйесі пайда мен шығынды бірге бөлісу негізінде ынтымақтастықты және серіктестік құруды қолдайды. Өсімқорлықтың тыйым салынуы мұндай бастамалардың шығындарын азайтып, экономикалық белсенділікке серпін береді, инфляцияны табиғи түрде төмендетеді.

Бір елдегі өсімқорлық мөлшері сол елдегі нақты инфляцияның, кедейліктің және табыс теңсіздігінің ең шынайы көрсеткіші болып табылады.

Ақша саудада тек құрал ретінде қолданылуы мүмкін, бірақ оны ешқандай рисксіз, дайын пайда әкелетін сауда тауары ретінде қолдану қисынсыз. Бұл – қанау болып табылады және негізінде өзгелердің еңбегін пайдалану арқылы өмір сүруге негізделген әрекеттерге жол ашады.


Уа, Алла Тағалам! Бізге басқаларға кіріптар қалмайтындай сәкина, жан рақаты, көңіл тыныштығын бере көр!

#дұға


"Зүһд – дүниені қолмен емес, жүрекпен тәрк ету".

Яғни, адам сыртқы себептерге (әсбабқа) назар аударып, оларды ескере отырып әрекет етеді, бірақ олардың нәтижесі немесе бар-жоғы оның жүрегіне әсер етпейді. Болды ма, болмады ма - ол үшін маңызды емес. Оның жүрегі дүниенің байланыстарынан азат, тек ақыретке бағытталған.






Пайғамбарымызға ﷺ түскен Құранды, оған түскен Құран секілді емес, саған түсіп жатқан секілді оқы.


Қандай да бір қиындық келіп, дұға еткен соң да, қиындық кетпей жатса, әлі дұға ету уақыты бітпеді деп түсініңіз.


Хасад - кәпірдің жасамайтын ісін жасатады. Мысалы Хз. Юсуфтың туған бауырлары оған жасаған қастандығы секілді.

***

وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ

...сондай-ақ күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай көр деп сиынамын).

Фалақ сүресі: 5-аят





20 last posts shown.