Термелер, жыр-дастандар


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Music


Ғибраттылық мәні бар, жоғарғы моральдық идеяларды теріп айтып, өнеге-үлгі болатын қазақтың терме, жыр-дастан жинақтары, сонымен қатар рухқа шабыт беретін күйлер, көңілді тебірентер халық әндері назарларыңызға ұсынамыз.
Ұсыныстар болса: @terme_feedback_bot

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Music
Statistics
Posts filter


Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай

Авторы: Мұқағали Мақатаев

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Мына жұртым неге жатыр тойламай?!
Бір той жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан, Мынау - атың, мін»,- демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Босқа өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым, Сенің қасиетіңді білем деп,
Текке өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышым, мұңымды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

145.4k 1 1.2k 88 1.1k

Жанқожа батыр

Авторы: Лұқпан Кенжеұлы

Орындаған: Өсербай Сәрсенбаев, Ұлжан Байбосынова, Ерболат Шалдыбеков, Ғазиза Шаймаханова

Құр тарқатып болмайды,
Әлеуметтің құрмауын.
Шын данышпан бітірер,
Шиелескен ел дауын.

Ағалар аңсап келгенде,
Құрбы құрсап келгенде,
Шешейін сөздің құрсауын.

Айта алмай кетсем осыдан,
Әңгіме болар артымнан,
“Көрдің бе?” – деп бұлдауын.

Атақты жүйрік емеспін,
Тапқандай сөздің паңдауын.
Ертек пенен терменің,
Сендерге бердім таңдауын.

Өлімнен ешкім құтылмас,
Ажалдың көрмей арбауын.
Көтібар, Есет, Ер Бекет
Ойлаған елдің азбауын.

Исатай менен Махамбет
Қылыш ұрып кәуірге,
Жеткерген ерлік шыңлауын.
Олардан кейін бір батыр,

Заманның көрген алғауын.
Сырдариядан су ішпей,
Құдықтың қазған шыңырауын.
Бұқардан ақ ұн алдырып,

Жемеген бидай ұндауын.
Аз да болса маңызды,
Ел ішінде аңызды –
Жанқожа батыр атамыз
Құттықтан шыққан тәрізді.

Сұрастырсам саңлауын,
Бұлт ашылып, ай туар,
Ағысын тастап су тұнар.

© Қазақ радиосының Алтын Қорынан алынды - altynqor.com

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz


Райымбек батыр

Орындаған: Ерболат Шалдыбеков, Әйгерім Ешбаева, Аманқос Садықов, Күнсұлу Түрікпен

– Айналайын, жан ана,
Рұқсат маған бер, ана.
Кеткен қолдың артынан,
Мен де қуып барайын.

Қалмақтан кекті алайын,
Қайтпасын менің талайым.
Жаратқан Ием жар болса,
Жауға ойран салайын.

Бір Құдайым жар болса,
Қалмақтан кекті алайын,
Көпке олжа салайын.
Осы жолдан тоқтатпа,
Қайтпасыншы талайым.

Артынан барып атама,
Араласып қалайын.
Сыртынан жүріп атамды
Жаудан қорғап қалайын.

Атаңа нағылет, ит қалмақ,
Жетісудан айырды.
Қыз бен ұлың құл болды,
Табанында жүн болды.

Бұл ызасы қалмақтың,
Өтірік емес, шын болды.
Енді ана кетемін
Атам кеткен ізімен,
Әлі-ақ қуып жетемін.

Ал сонда баласының кететініне көзі жеткен соң, анасының батасын беріп тұрып айтқаны:

– Ей, балам, жай қолыңды,
Жәрдем болсын Құдайым.
Медет тілеп пірлерден,
Бір Құдайға жылайын.

Алла оңғарсын жолыңды,
Сенің үшін, ей, балам,
Мен құрбан деп жылайын.
Ғайып ерен қырық шілтен,
Адасса жолға салып тұр,
Сыртынан қорғап бағып жүр.

© Қазақ радиосының Алтын Қорынан алынды - altynqor.com

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz


Келін, әже және немере

Авторы: Мұқағали Мақатаев
Орындаған: Жанар Айжанова

Бостан-босқа жыламашы, боздамашы, қарағым.
Ей, шешесі! Бір тілегін орындай сал балаңның!

Сырқаттанып қалғансың ба? Неге кетті тынымың?
Бостан-босқа жыламашы, жыламашы, құлыным!

Не сұрайды мына бала! Сұрағанын берсеңші-ай,
Енді мұның жылағанын, естігенше өлсемші-ай...

-Бар әжеңе!-деді дағы бір жекіріп балаға,
Асау келін абыр-сабыр атып шықты далаға.

Қатал келін қаһарынан, қайран әже түңілді.
Уыз сәби әжесінің алдына кеп жүгінді.

Не сұрайды мына бала! Сұрағанын берсеңші-ай,
Енді мұның жылағанын, естігенше өлсемші-ай...

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

103.8k 1 461 11 246

Болғанда ашу аран, нәпсі жауың

Авторы: Шал ақын
Орындаған: Маралбек Бабақұлов

Болғанда ашу аран, нәпсі жауың,
Алдыңда ақыл берген асқар тауың.
Жүректі ашу кернеп толған шақта,
Денеңнін біле алмайсың ауру сауын.

Ойласаң мың бір пәле тілден туған,
Шешендер көп ішінде тілін буған.
Бір адам қателесіп сөз сөйлесе,
Жабылып мың пәлекет соны қуған.

Жігіттер жау алмайды ақылдассаң,
Көп білетін кісіге жақындассаң.
Қарап жүрген кісіге адам тимес,
Сабыр қып, өз бойыңды мықты ұстасаң.

Жақының жат болады, алыс болса,
Жат та жақын болады таныс болса,
Сыртыңнан жаман туыс табалайды,
Аяғың бірнәрсеге шалыс болса.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

98.4k 1 859 15 265

Адамның бір қызығы бала деген

Авторы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы әлпештейді ана деген.
Тырмыштап қу дүние жинағанмен,
Бір күні артта шіркін қалады екен.

Бай да өткен, патша да өткен, батыр да өткен,
Өмірдің ең түбіне өлім жеткен.
Қашанғы өлмейміз деп шаттанамыз,
Өлмесе ата-бабам қайда кеткен?!?

Өлімнен құтылмассың қашсаң дағы,
Әкеңнен арыстандай ассаң дағы.
Алладан шыныменде жарлық келсе,
Жұлдызда жерге түсер аспандағы.

Қартайса жақсы адам дана болар,
Қосылған жеті өзеннің сағасындай.
Қартайса жаман адам зар-жақ болар,
Ағаштың жанбай қалған шаласындай.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

89.1k 1 1.5k 8 320

Қайекеңнің нақыл термесі

Авторы: Қайыпназар Әйтпенов

Мұсылман боламын десең, Құдайға құл,
Беттен алып ата-анаңа тигізбе тіл.
Парызың басыңдағы ең бірінші,
Өсірген ата-анаңды қадірлей біл.

Риза қылып, жәйлі сөзбен көңілін тауып,
Қапа қылып, кеуіліне келтірме зіл.
Әр іске ата-анаңмен ақылдасып,
Қамқорлық ақыл айтса айтқанын қыл.

Бала үшін еңбектерін ата-ананың,
Үлгеру мүмкін емес, айтып санын.
Бала үшін құрбандыққа басын тігіп,
Жолына аямаған шыбын жанын.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz


Сыпыра жырау термесі

Орындаған: Назгүл Хабиева

Тоқсанға келіп топ жарып,
Қорыққан жанға ой салып,
Бебеу қаққан басым бар,
Алқалай қонған асылдар.

Замана жайы не болмақ,
Сан рет толғап, мың болжап.
Орайына келгенде,
Ортаңа салдым кәрі әруақ.

Тілекті тәңір оңдаса,
Әулиелер қолдаса.
Айтылмай кеткен жырлар бар,
Ақылын айтып қақсаумен,
Төгілтіп жырау толғаса.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz


Ақымақ бала

Авторы: Əсет ақын Найманбайұлы
Орындаған: Әсемхан Ғибадатқызы

Әкең болса шешеңмен,
Қоршап тұрар қорғаның.
Жақсы болса келінің,
Ардақтысың ол жанмен.

Жаман болса келінің,
Көрген күнің түнмен тең,
Оның берген тамағы,
У аралас ұнмен тең.

Жаман туыс бір масыл,
Арқалаған құммен тең,
Жақсылығың істеген,
Күлге құйған сумен тең.

Кекесіні келіннің,
Езіп берген умен тең.
Ақымақ бала алдыңда,
Көрініп жүрген жынмен тең.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz


Базар жыраудың Төребай батырға айтқан кеуілқосы

Авторы: Базар жырау Оңдасұлы
Орындаған: Берік Саймағамбетов

Көп жиылған, жамағат,
Атаның ұлы азамат,
Бір шыбындай ғəріп жан,
Адамға аз-күн аманат.
Жарлылық пенен жалғыздық,
Дұшпаныңа қылар мат.
Хан салғандай кəделі,
Орын едің рабат.
Қоныстың шалғай жырағы,
Ағайыннан қылар жат.
Көрмегелі көп болды,
Жүрмісіз, ерлер саламат?
Атаңыз дегдар сығайдан,
Анаңыз асыл құмайдан.
Екі асылдың сұлыбынан,
Сəтті күні бінә ғып,
Жаратқан жаббар ылайдан.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz


Ер Қармыс батыр

Авторы: Қалнияз Шопықұлы
Орындаған: Ахмет Баякешов

Бұрынғы өткен заманда,
Дін-мұсылман аманда.
Сегіз арыс Сейілхан,
Сейілханның баласы,
Хорезмде бас қосып,
Ақылдасып, кеңесіп,
«Құлақшынды қазақтан
Мал ман жесір алам» – деп,
«Тілекті құдай берер» – деп,
Арғымақ мінді жемдесіп,
Ала қоржын теңдесіп.
Бойына қару іледі,
Кіл бедеуге мінеді,
Қапысыз әбден сайланып,
Маңғыстауға жүреді.

Ақ кіреуке қолменен,
Сайрап жатқан жолменен,
Күн-түн қатып желеді,
Бір күндері болғанда,
Құба қыңға келеді.
Абылай хажы басында,
Бір қараны көреді,
Көріп көңіл бөледі.
Сол қараны көргесін,
Жиналып жәуміт қалады,
Арғымағын жаратып,
Қаншырдай бұтын таратып,
Басын көкке қаратып,
Жан басына бір-бірден,
Садақасын береді.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

97.6k 1 1k 57 247

Балқадишаның қайсысы көбірек ұнады?
Poll
  •   Гүлбаршын Қанашқызы
  •   Жігіттер тобы
5769 votes

132.8k 2 59 81 124

Балқадиша

Орындаған: Жігіттер тобы
Авторы: Ақан сері Қорамсаұлы

Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!
Сексен қыз, серуенге шықсадағы-ау,
Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!

Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,
Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!
Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуің сексен бесте, о-шіркін, шал Қадиша!
«Кетті» деп Балқадиша естігенде-ей,
Талында Жыландының құшақтап қара жерді,
Еңіреп, жылағаным-ау, жан Қадиша!

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

138.8k 1 2.7k 12 174

Балқадиша

Орындаған: Гүлбаршын Қанашқызы
Авторы: Ақан Қорамсаұлы

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал – Қадиша.
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара басың – хан, Қадиша.

Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей өскен тал, Қадиша.
Түрленген тоты құстай қайран, сәулем,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.

Басынан Жыландының су аламын,
Кекілін кер бестінің, сылағаным.
«Кетті» деп Балқадиша естігенде,
Құшақтап жәй жастықты, жылағаным!

Қараймын қарайғанға мал ма екен деп,
Тоғайға бітік өскен тал ма екен деп.
Басамын аяғымды аңди-аңди,
Ішінде Балқадиша бар ма екен деп.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz


Молдабайдың әнінің қай нұсқасы көбірек ұнады?
Poll
  •   Бірінші нұсқасы
  •   Екінші нұсқасы
  •   Жауаптарды көргім келеді
2145 votes


Молдабайдың әні
Бекболат Тілеуханның орындауында

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

116.2k 1 899 13 92

Молдабайдың әні

Тәңірберген Молдабай,
Малға жарлы болса да,
Айтар сөзге, тілге бай.
Сөйлер сөзге келгенде,
Орынбордың алдында,
Тағалаған жорғадай.
Сөйле, тілім, жалықпа,
Жалықпа жақсы халыққа.
Білгеніңді айта алсаң
Дидар сөзің бар ма екен?!
Сенің жайың халықта
Білгеніңді анықта,
Аққу құстай шарықта.
Жақсы менен жаманды,
Аудармалап қызыл тіл,
Топ ішінде анықта.
Молдабайдың әні еді,
Осылай қылып ән салсам,
Домбыраның сәні-ау
Аударма қалпақ, жез телпек,
Хандар киер көзіне.
Кімдер әуес болмаған,
Молдабайдың сөзіне.
Ақ түйердей болмаса
Үйдің сәні келмейді.
Шым ораулы болмаса,
Шидің сәні келмейді.
Қара жерден қар кетпей,
Көкорай шалғын, жер кеппей,
Жердің сәні келмейді.
Үйрек ұшып, қаз қонбай,
Көлдің сәні келмейді.
Егескен жауын мұқатпай,
Ердің сәні келмейді.
Қызыл-жасыл киінбей,
Қыздың сәні келмейді.
Қыз боз бала жиылмай,
Жырдың сәні келмейді.
Молдабайдың әні еді,
Осылай қылып ән салсам,
Домбырамның сәні еді.
Молдабайдың әні еді,
Осылай қылып ән салсам,
Домбырамның сәні еді.

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

113.7k 1 669 10 114

Сұм дүние

Орындаған: Алмасбек Алматов
Авторы: Базар жырау

Әлеуметтер құлақ сал,
Мына пәни дүниеден -
Хан өлмейді дер едім;
Аранға түскен аюдай,
Күйі қатты жараған,
Қаңтардағы бурадай,
Азу тісін, қайраған,
Көлденең жатқан Жайықты,
Жағалай қонып жайлаған,
Қасарысқан дүшпанның
Артына қолын байлаған,
Алдына салып айдаған;
Әбілхайыр, Нұралы,
Есім, Тәуке, Жәнібек,
Абылай мен Жәңгір хан -
Солардан да өткен, сұм дүние!
Мына шолақ дүниеден,
Әулие өлмес дер едім:
Отқа салса күймеген,
Залымдықтың өмірі
Бір шарпуы тимеген,
Арамды көңлі сүймеген,
Дін мұсылман баласын -
Кереметпен билеген,
Сахар тұрып жылаған,
Хақтан медет сұраған,
Ол, ерлердің тілегі,
Бір Аллаға ұнаған;
Бабай түкті шашты Әзиз,
Ер Сейтпенбет, Мағзаман,
Марал ишан, софы Әзиз,
Солардан да өткен, сұм дүние...

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

104.7k 1 912 19 112

Топырақ қиссасы

Орындаған: Әлихан Дүйсенбай
Авторы: Ләйлі Құндақбай

Сәнінен асқан Хақтың сән бар ма екен,
Зікірден асқан сұлу ән бар ма екен?
Әлқисса, «Алла-Һу» деп, сөз бастасам,
Көнеден жеткен аңыз алдар ма екен?

Халифа жаратам деп жер мен көкке
Жаппар Хақ жаһанға жар салған екен.
Сол сәтте-ақ жанды-жансыз жаратылыс
Жиылып, құзырына барған екен,

«Адамды жаратса деп менен ғана»,
Жетелеп келген көпті арман екен.
Үміткер көп болған соң, қызды-қызды
Айтысып бір-бірімен қалған екен.

Кеші-күн тартысам деп барлығының
Мақтанып, тіл мен жағы талған екен.
Жаратқан әр қайсысын тыңдайын, – деп,
Арызға енді зейін салған екен...

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz


Қалады-ау

Авторы: Кенен Әзірбаев
Орындаған: Саят Медеуов

Қайран елім, туған жерім,
Ажал жетсе қалады-ау!
Қара көрге, қатты жерге,
Халқым шулап салады-ау.

Жалғыз көйлек, еншім тимек,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Есіл тәнім, салтанат-сәнім,
Жер астында қалады-ау!

Қала-дала, сай мен сала,
Жүрген жерлер қалады-ау!
Тау мен тастар, тартқан көкпар,
Әріптестер қалады-ау!

Сыңғыр қаққан, сырын айтқан,
Күміс бұлақ қалады-ау!
Ән шырқатқан, сұлап жатқан,
Тал мен құрақ қалады-ау!

Көп ұлтты, Ұлы Отаным,
Одақтастар қалады-ау!

Термелер, жыр-дастандар
t.me/terme_kz

97.3k 1 631 14 101
20 last posts shown.

17 806

subscribers
Channel statistics