The Qman


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Edutainment


The Qman - Оқы, біл, талқыла!

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Edutainment
Statistics
Posts filter




Forward from: Shalkar Nurseit Report
ТОҚАЕВТЫҢ АДВОКАТТАРЫ ҺӘМ САБОТАЖТАНУШЫЛАРҒА

Қазақстанда төтенше жағдай болғанда әлеуметтік желіде журиктер мен блогерлер президентті ақтап, министр/әкімді даттап жатады. Бәрінің аргументі шамамен «Халыққа жаны ашымайтын, мінезі жоқ, жауапкершілігі нөл әкім/министр, президентке саботаж жасап отыр, оларды тез арада қызметтен қуу керек» дегенге келеді. Бір сөзбен айтқанда, тигрофан-саботажтанушылар бір уақытта оянады.

Осы орайда, Тоқаевтың адвокаттары һәм саботажтанушыларға мынадай сұрақтарым бар:

1.Шын мәнісінде әкім/министр жауапкершілікке дайын батыл, елдің қамын жейтін басшы болғанын қаласыңыздар, «саботаждың құрбаны» болып отырған президенттен неге әлі күнге дейін министрлерді парламент, әкімдерді жергілікті халық сайламайтынын сұрамайсыздар?

2.Қазақстанда президент шексіз биліктің иесі. Шексіз билік = аса үлкен жауапкершілік деп есептемейсіздер ме? Неге «саботаждың құрбаны» болып отырған президенттен «Жауапсыз, тәжірибесіз, жігерсіз министрді/әкімді қандай критерийлерге сүйеніп тағайындадыңыз? Осы тағайындауыңыз адамдардың өліміне себеп болды деп ойламайсыз ба?» деп сұрамайсыздар?

3.Тоқаевтың кадр саясатына көңіліңіз толмаса, неге оны сол әкім/министрді тағайындаған кезде айтпайсыздар?

4.Кәсіби саботажтанушы ретінде алда президент тағайындаған қай министр/әкім Тоқаевқа саботаж жасауға дайындалып отыр деп ойлайсыздар?

5.Қашанға дейін «президентіміз – елдің қамын ойлайтын жалғыз менеджер, ал уәзірлер – оңбағандар» деген тізесі шыққан манипуляция тактикасына сүйеніп, қайғылы оқиғаларда опат болған отандастарыңыздың өліміне президенттің саяси жауапкершілігі бар екеніне көз жұмып, елді ақымақ көру ойыңызда бар?


Forward from: BBC News | Русская служба
🇰🇿 В Казахстане шутят, что Владимир Путин за последний год сделал для казахского языка больше, чем Назарбаев за тридцать лет своего правления.

Эксперты говорят, что вторжение России в Украину ускорило процессы "деколонизации" в Казахстане – волнения подогревают многочисленные публикации в СМИ о том, что амбиции Кремля могут не ограничиваться одной Украиной.

Отношения Казахстана со своей идентичностью хорошо иллюстрирует семейная история 30-летней художницы и режиссера Суинбике Сулейменовой. Ее прадед был репрессирован как казахский националист, а прабабушка родила деда в лагере изменников родины. Ее дедушка с бабушкой – скульптор и музыкант – почти не говорили на казахском. Плохо говорит на нем и мать Суинбике – художница Сауле Сулейменова, которая посвятила свою карьеру теме деколонизации.

Сейчас Суинбике снимает свой первый полнометражный фильм-мокьюментари "Мамбет", в котором хочет исследовать языковую сегрегацию в Казахстане. Мамбет – это распространенное среди тюркоязычных народов имя, которое также используется как уничижительный термин по отношению к казахам – что-то вроде "деревенщины".

"Я хочу популяризовать казахский язык в казахской культуре и реальности, среди русскоязычных и казахоязычных казахов, которые живут порознь, потому что у них нет общего языка в общей стране", – говорит Суинбике.

Как новое поколение Казахстана борется за возрождение своей культуры – читайте в материале Наргизы Рыскуловой: https://bbc.in/3BKHFiE

Если ссылка выше не открывается, кликайте сюда.


Forward from: Ishonch.uz / Расмий хабарлар
Қозоғистонлик журналист: «Ўзбек медиасига журналистик суриштирувлар етишмаяпти»

Ўзбек ОАВни мунтазаб кузатиб келаётган Думаннинг Қозоғистон журналистикаси ҳамда ўзбекистонлик ҳамкасблари фаолияти ҳақидаги фикр-мулоҳазалари билан қизиқиб, уни суҳбатга чорладик.

Батафсил: https://ishonch.uz/archives/13631

Каналга уланинг:
@ishonchuz_official


Forward from: Azattyq - Азаттық
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Наразылықтан соң полиция Азаттық тілшісін оқиға орнына жібермей, күш көрсетті

“Неге кіргізбейсіз?” деген сұраққа, “басшылық солай бұйырды” деді


Forward from: Shishkin_like
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗺️ Онлайн карталар көптен бері тек бір жерден екінші жерге жетуге мүмкіндік беретін қызмет қана емес.

Олар, атап айтқанда, зерттеуші журналистер үшін шенеуніктер мен олигархтардың шетелдік мүлкін табуға көмектеседі. Бұл бейнероликте біз жақында Францияда Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжановтың зәулім үйін қалай тапқанымызды көрсетеміз.

Сонымен қатар, біз әртүрлі жерлердің мұрағаттық суретін алуға болатын әдісті көрсетеміз. Дәл осы әдісті пайдаланып құрылысшылардың заңсыз әрекеттерін дәлелдеуге немесе экологиялық апат аймақтар жағдайын бақылауға болады.

«Маңызды мәселе туралы нақты» арнайы жобасы

Бұл жарияланымды Internews жүзеге асырып жатқан «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік (REVIVE)» жобасы аясында Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек қана «Shishkin_like» жауапты және міндетті түрде Еуропалық Одақ пен Internews көзқарасын білдірмейді.

@Shishkin_like




Forward from: Azattyq - Азаттық
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Өскемен орталығында зәулім үйлер салады, тендерлерден миллиардтап қаржы алады, әкім Даниал Ахметовтің жанынан жиі көрінеді – өскемендік кәсіпкер Айдос Бақтыбаевтың кәсібі өрлеп тұр. Азаттық Бақтыбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғатпен бизнесте серіктес екенін анықтады.

t.me/azattyq


Forward from: Shalkar Nurseit Report
Постсайлау пост

Сайлауды ең лас әрі әділетсіз жолмен өткізу арқылы Тоқаев және оның айналасы өзіне берілген Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтадық деп ғана ойласа, онда қатты қателеседі. Сайлауды клоунадаға, парлементті циркке айналдыру арқылы олар жақын болашақта өздерінің биліктен бейбіт жолмен кетуін қиындатты.

Ең бастысы, қазіргі авторитар режим азаматтарға шынайы сайлау арқылы саяси өмірге араласуға мүмкіндік бермей, Қаңтар қырғыны секілді оқиғалардың қайталану ықтималдығын арттырды. Өйткені елдегі проблемалардың түптамыры саясатқа араласудағы теңсіздікте, яғни саяси маргинализацияда жатыр. Ал саяси маргинализация әлеуметтік және экономикалық маргинализацияны ушықтырады. Сәйкесінше өз елінде өзін өгей сезінетін азаматтардың саны тоқтаусыз өсе береді. Түптің түбінде осының бәрі Қазақстанды толық failed state-ке айналдырады.

Бірінші кезекте оған жауаптылар Тоқаев және оның әкімшілігі, режимнің олигархтары, авторитар режимнің үкімет пен жергілікті әкімдіктердегі өкілдері, режимге лояльдігі арқасында мембюджетті субсидиялар арқылып сорып отырған ірі бизнес, қуыршақ партиялардың серкесі және бірмандатты округтен депутат болуға келіскен көпес-политикандар, пропагандамен миллиондардың санасын улаған инфосығандар, 19 наурызда мемлекеттік телеарналар мен режимшіл ютуб–каналдарда сайлаудың легитимдігін арттыру үшін онлайн марафондатқандар, азаматтардың дауысын ұрлаған сайлау комиссиялары мүшелері және сайлау учаскелерінде балаларының суретін саяси саудаға салып, сайлау әділ өтті деп 20 мың теңгелік пост жазғандар болады.

Жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз деп Ескі Қазақстанды жаңғыртып, Қазақстанды мемлекет ретінде институционалды түрде іштен күйретушілер, алдағы уақытта бейбіт күнде азаматтарға ескертусіз тағы да оқ атылатын болса, онда оның жауапкершілігі бұйрық берушімен қатар сіздің де мойныңызда болады.

Осыны ұмытпаңыздар.


Forward from: Тіл кеспек жоқ
Factcheck.kz сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Ақпараттың жалған не рас екенін тексеретін Factcheck.kz ұйымы DDoS шабуылға ұшырап жатқанын хабарлады. Оқиға 15 наурызға қараған түні болған.

Олар сайттың кез келген уақытта қолжетімсіз болып қалуы мүмкін екенін ескертті. Қазір мамандар шабуылдың алдын алып жатыр.




Forward from: Бірге тексерейік!
Астана әкімдігі журналистер құқығын шектейтін заңға қарсы митиңге рұқсат бермеді

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы қоғамда қызу талқыланып және сарапшылар мен журналистер сынына ұшырап жатқан «Масс-медиа туралы» заң жобасына қарсы митиң өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы Factcheck.kz сайты хабарлады.

Митиңді 19 ақпанда өткізу туралы өтінішті Құқықтық медиа орталығының заңгері Гүлмира Біржанова берген. Алайда Астана қаласының ішкі саясат басқармасы Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңға сүйеніп, митиңге рұқсат бермеді.

Бұл заңға сәйкес, жергілікті атқарушы орган митиң өтетін орында ресми, мәдени, спорттық құрылыс-монтаждау жұмысы және өзге де іс-шаралардың өткізілуі жоспарланса митиң өткізуге рұқсат бермейді. Бірақ Ішкі саясат басқармасы ресми жауабында нақты не өтетінін ескертпеді.

Бұған дейін Астана мен Алматыда өткен баспасөз жиынында Гүлмира Біржанова ведомство медиа қызметкерлерінің «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты жолдаған ұсыныстың бірде-бірі ескерілмегенін айтқан.






Forward from: Правовой медиа-центр
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Журналистер "Бақ туралы" заңдағы
өзгерістерге наразы

https://www.youtube.com/watch?v=RmILKGODiDs


Forward from: ORDA
Казахстанские журналисты возмущены проектом нового закона о СМИ

Журналисты начали сбор подписей против принятия принятия законопроекта «О масс-медиа», и обратились с петицией к президенту.

Больше всего медийщики возмущены тем, что рабочая группа, созданная при министерстве информации и общественного развития, в которую вошли НПО, журналисты, эксперты, юристы, обсуждала спорные пункты документа, но в итоге в парламент отправили совсем другой законопроект.

«Так, самые принципиальные пункты текста касаются включении всех интернет-ресурсов в сферу действия закона, отсутствия срока исковой давности по делам о диффамации, чрезмерных полномочий силовых органов в отношении СМИ и журналистов в «особых условиях», требование согласования текстов с должностными лицами перед их опубликованием, отсутствия изменения в системе государственного финансирования СМИ, введении «учёта» журналистов под предлогом выдачи пресс-карт», — пишут журналисты.

https://orda.kz/kazahstanskie-zhurnalisty-vozmushheny-proektom-novogo-zakona-o-smi/

t.me/orda_kz


Forward from: Правовой медиа-центр
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
СМИ в Казахстане заявили, что чиновники их обманули с новым законом "О массмедиа"

Несмотря на обещания чиновников, в документе не нашлось места идеям, которые действительно защищают права СМИ. Вместо этого закон напичкали дополнительными обязательствами и репрессивными мерами. Чиновники также наделили себя еще большими полномочиями, которые ограничивают права журналистов

Источник: https://www.currenttime.tv/a/32261868.html




Бүгін бір топ журналистер, құқыққорғаушылар болып Алматы және Астана қалаларында бір уақытта екі пресс-конференция жасадық.

Мақсат не? Мақсатымыз Қазақстанның шынымен ақпараттық тәуелсіз болуы, Ресейден көшірілген Заңдардың қабылданбауы, Президент мырзаның сөз бостандығы мен адам құқықтарының апокалипсисіне назарын аударту, үкіметаралық комиссияның журналистерді қудалап, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, қызметімізге шектеу жасап, тіпті тыйым салатын нормаларды қабылдатпау.

Бұл тек тәуелсіз медианың ғана емес, бастарына күн туғанша “мемлекетшіл” болып, үн-түнсіз ақшасын алып отырғандардың да, министрлік пен Заңды ақтап пост жазып жатқандардың да алаңдауы тиіс жағдай. Ертең Заң қабылданып, “қолымды мерзімінен кеш сермедім” болмаса игі еді.

Ал енді шулы Заңның бірінен бірі өткен бірнеше ғана бабына тоқталайық.

“Масс-медиа туралы” деп аталатын заң жобасында мемлекет пен мемлекеттік органдардың журналистердің алдында жауапкершілігінен гөрі журналист жұмысын қадағалау, оны реттеу мен жазалау қарастырылған. Шынтуайтынында, мемлекеттік органдар халықты бақылаушылары емес, оның салығына жалданған қызметкерлері екенін ұмытып кетсе керек. Бір Заң аясында бірнеше жаңа органдар құрып, олар журналистерді тырп еткізбейтін болмақ.

Қыл аяғы этикалық нормаларды реттеп, оған бағынбаған “тентектерді” тәубесіне келтіреді-міс. Ол қандай тәубе, ол қандай жаза? Біз әлі социалистік я диктаторлық режимді елміз бе?

Әуелі Мем.органдардың сұмдық мақтап жатқан пресс-картасына тоқталайық. Әріптестерімнің алданып отырғаны да - осы. Карта туралы айтқанда АҚДМ Түркияны мысалға келтірді. Иә, расында бар. Бірақ, біздің сүйікті министрлік Түркияның осы картаны енгізгеннен кейін Халықыралық ұйымдардың сынына қалғанын, журналистерге шектеу мен репрессияның артқанын неге назарға ілмейді? Бәлкім, бізде де сөйтпек шығар…

Пресс-карта деген не өзі? Әлгінде бір әріптесім “бізді блоегерден ажырату үшін” керемет депті. Бұл қай сасқаны? Қызметтік куәлікті әр редакция береді емес пе?! Пресс-карта бізді блогерлерден ажыратушы емес, біздің қызметімізді шектеп, аяғыма салынған тұсау, мойнымызға тағылған қыл арқан.

Журналистке берілетін әлеуметтік жеңілдіктер дегені тағы бар. Бірақ, бұның да түбіне түскен ешкім жоқ. Тағы бір әріптесім “жеңілдетілген ипотека” депті. Керемет шығар. Бірақ картасмақсыз үй алып жатқан қанша журналист бар?! Олар “Алматы жастары”, “Астана жастары”, “7-20-25” деген сияқты жалпыға бірдей бағдарламалар аясында үй алып, алды кіріп үлгерді.

Журналистке карта тек 1 жылға беріледі. Тентек болсаң тартып алады. Жұмыстан шығып қалсаң 3 айда жұмыс тауып, орналасуға міндеттісің. Онымен қоса карта алу үшін кемі 3-5 жыл тәжірибең болу керек. Общем айта берсең көп.

Тағы бір мәселе - журналист арнаулы режим кезінде мақаланы мемлекеттік органдармен келісу керек. Содан кейін ғана шығара алады. Өзім бұл жерден Екібастұздағы жағдайдың ізін көрем. Әлдебір шенеунік “журналистер әсірелеп жіберді” деп еді. Бүгін олар Конституцияның 20-бабын бұзғалы отыр. Цензураға тыйым салынған, бірақ… Бірақ жап-жаңа Қазақстанның үкіметі бұдан бейхабар сияқты. Сонда қалай болғаны?

Ең сұмдығы - жаңа Заңның әр бабына, әр тармағына журналистерді қалай репрессиялап, сөз бостандығын қалай шектеу керек, тентектерді қалай бағындыру керек, президенттің айтқанын қалайша саботаж жасау керек деген тақырыптарда диссертация жазуға болар еді.

Әріптестерге айтарым, ойбай олар “бүлікшілер” дегенше Заңды ашыңыз. Әр бапты, әр тармақ пен тармақшаны мұқият оқыңыз. Бұл - біздердің болашағымыз, халықтың аманаты. Аманатқа қиянат жасау дұрыс еместігін өздеріңіз де білесіздер.

Шыны керек, осымен үшінші министр болып жасап жатқан Заң - тым репрессивті. Дәл осы қалыпта қабылдау Тоқаев мырзаға деген сенімсіздікті арттыруы ғажап емес. Былайша айтқанда, “мен не деймін, домбырам не дейді?!”

Айтпақшы, назар аударатын тағы бір мәселе, біз Тоқаев мырза жиі айтатын ашық диалогты таңдап келдік. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бір үстелге отырып, бір зумға кіріп, үнімізді естіртуге тырыстық. Бірақ, бәрі - зая.



20 last posts shown.

134

subscribers
Channel statistics