Telegram|kz


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Telegram


Telegram туралы ең алғашқы және қайталанбас қазақ тіліндегі блог
Telegram Open Network жайлы толық деректер
Ең соңғы өзекті жаңалықтар, лайфхактар мен жасырын функциялар
Сұрақтар бойынша @tlgkzbot

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Telegram
Statistics
Posts filter


​​Swiftте жазылған жаңа Telegram for iOS клиенті кеше жарыққа шықты. Usability жоғары деңгейде, бірақ қолданушылардан шағым түсіп жатыр екен (аппақ экран көрсетіп, жабылып қалады).

Сондықтан, жаңа 5.0.8 клиентіне көшпей тұрыңыздар!

Ал десктоп-клиентте жаңа мәзір 👍 Скролл азайтылған, мәзір пункттері топтастырылған. Бір-екі чат аясы (chat themes) қосылған.


Telegramдағы эмигрант-авторлар қайда жүр?

Өзге елге қоныс аударып, тұрмысы және басқа да қызықты деректер туралы жазатын эмигранттардың Telegramдағы каналдарының тізімін @Grabovvski Хабрахабрда жариялады.

Эмигранттардың басым бөлігі Европа елдерінде тұрақтаған екен. Азияның жылы аймақтары мен Солтүстік Америка, Австралия, тіпті Африкада жүргендер баршылық.

Ал Сіз қай елдесіз деп сұрамай-ақ қояйын, сілтеме бойынша өтсеңіз болды.


​​Telegram Open Network (TON) жарыққа шығуына аз уақыт қалды. Ал Сіз әлі оның не екенін білмейсіз бе? Онда тез арада төменде тіркелген оқулықпен танысыңыз! Себебі, алдағы уақытта TON жайлы посттар көбейеді, бізбен бір арнада болыңыз.

Оқулық EPUB форматында (pdf формат), мазмұны бойынша ыңғайлы навигациясымен🔖 Мен андроидта Lithium EPUB Reader пайдаланамын.


​​2010 жылы Instagram компаниясының негізін қалаған Кевин Систром (CEO) және Майк Кригер (CTO) өздерінің кететінін мәлімдеді. Себебін айтпады, тек кішкене демалыс алып, кейін жаңа жобаларға кірісетінін жеткізді.

WhatsAppтың негізін қалаушылар да біртіндеп ыдырап жатыр. Енді Цукербергтің өзі кеткені қалып тұр. Марқұм Джобстай қатерлі ісігі жоқ, Билл Гейтс сияқты жасы келіп қалған жоқ, бірақ менің ойымша Facebookтың дәмі кетті. Оның үстіне Возняк, Пол Аллен, Николай Дуров сияқты көлеңкеде қалып қоймайды, өзі ботан, өзі шеф боп жүріп, кез-келген жаңа жобаны танымал ете алады.

Тақырыптан ауып кеттік-ау деймін. Менің байқағаным, Telegram Instagramдағы видеоларды сілтемесі жолданса болды, бірден Telegramға жүктеп алады екен. Youtube, Vimeo болса видео жүктелмейді, қосымша терезе ашылып көрсетіледі. Facebookтан видеоның сілтемесін алу қиын. Вконтактедегі видеоны көру үшін VK-ның сайтына өту керек. Бәрібір де @SaveVideoBot арқылы кез-келген интернет-ресурстағы видеоны жүктеп алуға болады.
Mike Krieger
@kaitlyn and I dancing it up at the #instyleglobes party after the Golden Globes. The whole event was amazing but @Oprah absolutely stole the show.


Telegramда белсенділік көбейе бастады

Кітаптар туралы ең ірі қазақша каналдың бірі (~1,7К) иесін ауыстырды. Ал тағы осындай бір каналдың админы Telegramға кірмей жүрген соң аккаунты жойылып, каналға иеліктен айырылып қалды. Өз басым @qamba_bot пайдаланамын, каналдарда кейде кітаптың аты толық көрінбейді, бір жібергенде бес-алтауын бірден жіберген соң, біртіндеп ашып отырғым келмейді.

Telegramдағы саясат туралы екі ірі каналдардың авторлары Tengrinewsқа сұхбат берді. @yyedilov "Менде барлық шенеуніктер туралы big data бар, кіммен кім жұмыс істескенін білемін, барлық "командалық ауысуларды" болжай аламын" дейді. Егер бір адам барлық шенеуніктер туралы мәліметті білсе🤔, не салмақты шенеуніктер өте аз, не Ерекең қатты кірісіп кеткен.

Алибеков Telegramдық ZTB ашпақшы. Атауы бірақ келіспей қалған, "НЕХабар". Өзім Хэкс абар деп оқыппын басында (фронтендшілер түсінеді). Ашылғаны кеше болса да, қазір 1К қатысушылар жинап үлгерді. Алибековтың өзі мен Елікбаев сілтеме жасаған соң оңай ма? Бір қызығы, алдын бұндай канал болған. Оның атауы nehabarkz еді. Сол бір постының астына өзінің каналына сілтеме жасаймын деп, t.me/nehabar.kz деп жазыпты да инстадағыдай. Сонымен Алибековтың каналы ашылмай тұрып, жылдың басында сілтеме жасап қойыпты😁

Мұрат Насыровтың өлеңін жаттап алып, айтып жүретін едім баяғыда "Лето прошло и наступииили холода" деп, біздің жағдайда жаз бітіп, холода емес, нағыз қызу белсенділік келе жатыр, менің каналымды жоғалтып алмайын десеңіз, жоғарыға бекітіп 📌 қойыңыз. Каналдар көбейіп кетсе бір жерден бақылау үшін Junction бот бар ғой.


​​Қазақ тілді Telegram

Жақында Telegram Analytics сервистерінде қазақ тілді 162 канал тіркелгенін айтқан еді. Тізімін алдыртып, санап шыққанымда, оның 21-і канал емес чат, тағы 21-і қазақ тілді емес екені анықталды. Қалған 120 канал бойынша кішкене статистикалық мәлімет жүргізсем:

Жартысынан көбінің (58%) қандай категорияға жататыны белгіленбеген. Сіздер үшін мен белгілеп шықтым (шын мәнінде статьяға керек болды). Егер категория дұрыс таңдалмаған десеңіздер мына чатта жазыңыздар.

Telegramдағы басты контент тексттік болғандықтан "Блог" категориясы каналдар саны бойынша ең үлкені (31 канал, 26%). Одан кейін тағы да тексттік контент болып саналатын "Жаңалықтар мен БАҚ" (19, 16%). Үшінші орында "Музыка" (17, 14%), төртте "Білім" (12, 10%).

Басқа елдермен салыстырсақ:
Россияда "Блог" - 1, "Бизнес" - 2, "Әзіл" - 3, "Крипта" - 4
Украина "Жаңалықтар", "Блог", "Білім", "Әзіл"
Өзбекстан "Сауда", "Музыка", "Әзіл", "Жаңалықтар"
(өзбек және араб тілді каналдарға күмәнмен қараймын, себебі, олар категорияны дұрыс таңдауға мән бере бермейді)

Қазақ тілді каналдардың қатысушылар санының орта есебін алғанда "Музыка" және "Білім" категориялары ерекшеленеді. Бұған себеп қазақ тілді екені күмәнді "Гәкку" каналы (канал сипаттамасы қате толтырылған, "тұсаукесер" дегеннен басқа қазақша сөз жоқ ) және бір білім ресурсына бірнеше каналдар (6) ашқан "Ұстаз" сайтының каналдары.

Қатысушылар саны 20K - 1 канал (0,83%), 1К-10К аралығы - 21 (17,5%), бес жүзден мыңға дейін - 24 (20%), жүзден бес жүзге дейін - 61 (50,8%), жүзге дейін - 13 (10,8). Telemetr сервисінде қатысушылары 500-ден төмен каналдарды елемейді😕

Осымен статистика да бітті негізі. kaz.tgstat.com сайтында аптасына 500-дей ғана "униктер" болады екен (оның 4-еуі мен), сондықтан канал админдерін Telegram Analytics сервисін белсенді қолдануға шақырамын. Каналға @tg_analytics_bot қосып алыңыздар, сервиспен синхрондалу жылдамырақ болады. Жарнама бағасын қойыңыздар, сайтта да хаттар қабылдауға болады.

Бірақ ең бастысы контентке бар күштеріңізді салыңыздар. Telegram тақырыбындағы қазақ тілді каналдарға қарап қарным ашады. Ең болмағанда қатесіз жазуға болады ғой. Telegram WhatsApp емес, постты өңдеуге болады (ботпен жолданса 6 айға дейін өңдеу қолжетімді).

Бүгінгі постқа сурет тіркелмейді. Оның орнына қазақ тілді каналдардың тізімі жазылған (сілтеме, қатысушылар саны, категория) Excel файлды тіркеймін, диаграммаларды өз қалауларыңыз бойынша жасап аласыздар.


​​Telegram iOS клиенті Swift тілінде қайта жазылып шығады

Осы жайлы Павел Дуров өзінің Telegramдағы аккаунтында жариялады. Swift тілінде жазылған Telegram X for iOS клиенті қаңтардан бері AppStoreде жатыр. Енді негізгі клиентті де бір-екі апта көлемінде Swiftке ауыстырмақшы.

Жаңа клиент қазіргіден де жылдам, жеңіл, ыңғайлы, iPhone қуатын тиімді үнемдейтін болады екен.


Forward from: TGStat.ru — Аналитика Telegram-каналов и чатов
TGStat.ru

Распределение каналов по количеству подписчиков.


Астана қаласы әкімшілігінің кеңесшісі Жихорь Юлиана Евгеньевна "Астана әкімшілігінің Telegramдағы каналына шақырамыз. "Акимат Астаны" деп аталады деп каналдың емес боттың сілтемесін жіберді 🤦🏻‍♂️

Қателесіп кеткен шығар бот пен каналдың сілтемесін шатастырып деп ойлаған едім, жоқ, бот жаңалықтар жіберіп жатыр. Facebookтағы аккаунтымды өшіріп тастаған едім, Юлиана ханымның Телеграмдағы аккаунтын кім біледі, айтып жіберіңдерші, кеңесшіге кеңес беріп жіберейін.


​​"Код Дурова" кітабына review

1. Кітап расында да ерте жазылған, ауқымы да өте аз. Жатар кезде кірісіп, түн ортасында ойламаған жерден бітіп қалды. Вконтактеге талас басталып, ОМОН мен гопниктер, одан қалса Назарбаевтың қауіпсіздік қызметі Дуровтың үрейін алып жүрген кезде. Автор кітабын ағылшын тілінде New York Times баспасында жарық көрген мақаламен аяқтаған.

2. Дуровтың жобаларының барлығы бірдей, тек жүзеге асырылуы әртүрлі сияқты. Durov.com, spbgu.ru, vkontakte.ru, Telegram - бәрінің мақсаты қолданушылар арасында ақпарат алмасу. Ал жобаның танымалдығын көтеру үшін әрдайым жақсы өнім жасауға тырысқан. Либертариандық көзқарастар, сөз (немесе ақпарат) бостандығы, әдейі көпшілікті дүрліктіретін тақырыптарды қозғап, хайп көтеріп назарға іліну осы жобалардың барлығында бар.

3. Автор жазушыдан көрі көбірек тілшіге ұқсайды. Жазушылар бір затты сипаттағанда, түсіндіргенде он параққа созатынына етім үйреніп қалған, ал автор кітап емес журнал/газет немесе интернет сайтқа материал жазып жатқан сияқты. Оның үстіне техникалық бөлігін қатты түсінбейтіні (Ruby on Railsты бағдарламалау тілі дейді) немесе ұғымдарды ауыстыруы, яғни, Дуров өзге адамдардың идеясын жақсарта біледі, ондайларды tweaker (жақсартушы) деп атайды деп жазған. Жаңа термин болған соң аудармасын таба алмаған шығармын, алайда инеге тәуелділер арасында tweaker деген өте белсенді (жыныстық қатынаста да) адамдар екен.

Кітап қазір өзектілігін жоғалтқан, осыған байланысты оқуға кеңес бермеймін. Тарихи мәліметтер керек болса Wikipedia жетіп артылады. Ал Вконтакте сияқты әлеуметтік желілер - кешегі күнде қалып қойды. Интернет-форумдар және файлхостингтермен бірге. Ақпарат алмасудағы тренд - мессенджерлер. WhatsAppқа Facebook, WeChatқа қытай билігі қолдау көрсетіп отырғандықтан қолданушылар саны жағынан басым, Telegramда белсенді қолданушылар аз болғанымен де TON жобасының арқасында әлі-ақ жаппай қолданысқа енеді деп сенемін.


​​Осы демалыс күндері Николай Кононовтың "Код Дурова" кітабын оқып шығайын деп шештім. Кітап өте ерте жазылған, Дуровтың әлі бағындыратын белестері көп деген пікірлерді қарап, кітап шыққаннан кейінгі 6 жылда не өзгергенін білгім келеді.

Автордың Дуровқа, Telegram мен Ресейдегі жағдайға қатысты RTVi (👽НТВ-Интернешнл) телеарнасында берген сұхбаты да осы кітапты есіме алуға түрткі болды. Сұхбат Telegramды бұғаттау жаңа басталған кезде берілген. Сұхбат алушыда Telegramды қаралау мақсат болды ма, әйтеуір, НИКОЛАЙ Дуров туралы айтып беріңіз деп бастады да,
- Дуров сөз бостандығы емес PR үшін күресіп жатыр (шифрлеу кілттерін бермеу),
- РКНмен күресте мақсаты ақша табу ма (Telegram бейкоммерциялық жоба),
- неге сұхбат бермейді (миллиондаған аудиториясы бар Дуров өз ойын дәстүрлі БАҚ көмегінсіз-ақ жеткізе алады) деген сияқты біржақты, біртарапты, насихатшыл тілшілерге тән сұрақтарды жаудырып, тақырыпты ашпады.

Telegram Open Network жарыққа шығып, алға қойған мақсаттарын, яғни,
- транзакцияларды VISA мен MasterCardтан мың есе жылдам өткізу
- Интернет 2.0
- Бұғатталмайтын, гиктер ғана емес, жалпы көпшілікке қолжетімді және түсінікті даркнет-платформаны іске асырған кезде, Дуровтар жайлы бірнеше кітаптар жазылады. Әзірге, қолда бар кітапты оқимыз.


​​​​Telegram туралы постқа материал іздеуге көбінесе Google пайдаланатын едім, Яндекс екеуі екі түрлі нәтиже көрсетеді дегенді естіп, Яндексте "Telegram" сөзімен сұраныс жібердім.

Соңғы уақытта шыққан жаңа ресурстарды көрейін деп фильтрге салсам, тек қана қазақ тіліндегі нәтижелерді көруге болады екен.

Ал қазақша нәтижелерде менің каналымның Telegram Analytics сервисіндегі парақшасы "в топовых позициях" екен. Десктопта бірінші орында, смартфонда екінші немесе үшінші орында тұр.

Ал "Telegram open network" сөзі бойынша t.me сервисіндегі парақша да жоғарыда. Бірақ TON бойынша қазақша ешкім жазбайтын сияқты.

Бұл Google мен Яндекс үшін ең маңыздысы контент екендігін тағы бір дәлелдейді. Егер өзіңіз көз жеткізіп көрем десеңіз, смартфондар үшін Telegram сөзі және Telegram Open Network сөзі бойынша. Десктопта фильтрді өзіңіз қойып алсаңыз да болады. Ал іздеу нәтижелеріндегі сілтеме бойынша өтетін болсаңыз тіптен жақсы.

Сіз іздегенде менің каналым қандай позицияда тұр, төменде дауыс беріңіз👇


​​Digital Resistance инди-ойыны жарық көрді

Steamда 150 теңге тұрады. Басты рөлде "Пёс" - "сандық қарсыласу" символы, екінші планда "Мопс Фьюри" - Сэмюэл Л. Джексон кезіндегі Ник Фьюри, Роскомнадзор (РКМ деп өзгертілген) - зұлымдық күші.

Ойынның жеңіл салмағы мен талаптары аз болуы, дизайны мен платформасы өз аудиториясына лайықтап жасалғанын білдіреді. Ойынның бірінші айдағы сатылымдарынан түскен ақшаның 15% "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде сақтаған суреттері үшін экстремисттер тізіміне түскен Мария Мотузнаяға беріледі екен.


Менде екі жаңалық: бірі жақсы, бірі жаман

Жақсыдан бастасам
: Telegramның Android пен iOS клиенттерінің интерфейсы қазақ тіліне аударылды. Аударма авторы "Тимур и его команда" 😊. Өзі қазақ тілін жетік білмесе де аудармашы жалдап, оған қоса дипломға дайындалып жүріп, осы істі бітіріпті.

Егер "байқап көрейік, қатесін түзеуге ниеттеспін" десеңіз 👉 @QazTransBot. Жүктеп, 3 нүктемен мәзірді ашасыз, "Применить локализацию" басасыз.

Telegram бұдан алдын да қазақ тіліне аударылған болатын, бірақ маған әзірге осы нұсқа ұнап тұр.

Енді жаман жаңалық: Канал "накруткаға" ұшырады. Соңғы жарнамалық посттан кейін аты-жөні орысша толтырылған (кейбіреулерінде балағат сөздер бар), онымен қоймай каналға жазылған датасы мен соңғы рет онлайн болған датасы екі бөлек (бір күн алдын кірген адамдар жазылып жатыр) аккаунттар келіп жатыр. Анық-қанығы әлі анықталуда.

Күдікті аккаунттардың барлығын банға ұшырдым. Егер келіспейтіндер болса маған қазақ тілінде жазсын. Қалғандарыңыз өтініш 🇰🇿 басыңыздаршы.


​​TON Coin немесе Gram өлшем бірліктері

Бүгінгі пост Telegram Open Network блокчейн-платформасында пайдаланылатын криптовалюта "Gram" жайлы болмақ. Алдын мен Дуровтың американдық стартаппен "Gram" атауына таласып, сотта бірінші қадамын жеңіспен бастағанын жазған болатынмын.

Bitcoinның 100 млн сатошиға бөлінетіні белгілі. Қазіргі курспен 1 сатоши шамамен 0.02 теңге. Осыған ұқсас Gram да бірнеше өлшем бірлігінен тұратын болады. Валюта әлі жарыққа шықпағандықтан, соңғы сатылым бағасы бойынша есептейміз (оның өзі қауесеттерге негізделген). TON ICO бірінші раундында Gram 0.38$, екінші раундында 1.33$ бағаланған.

TON Technical WhitePaperге сәйкес Gram nanogram немесе nanos деп аталатын 1 млрд кіші бірліктерге бөлінеді.
1.33$ = 501 теңге болатын болса:
1 nanogram = 0.00 000 050 141 теңге
1 microgram = 0.00 050 141 теңге
1 milligram = 0.50 141 теңге
1 gram = 501.41 теңге
1 kilogram = 501 410 теңге
1 megagram = 501 410 000 теңге
1 gigagram = 501 410 000 000 теңге

Бұдан үлкен өлшем бірліктері қажет емес. Себебі gramдардың саны 5 миллиардтан (5 gigagramнан) аспайды. Ал жоғарыда көрсетілген бірліктерден кіші бірлік қажет болса specks (дақтар) қолданылады.


​​Telegram FAQ өзгерісі

"Егер мені юзернейм арқылы біреу тауып алып, маған хабарласса, мен жауап берсем - ол адам менің телефон номерімді көре ала ма?

Жоқ. Екі жақ та бір-бірінің номерін көре алмайды. Бұл Telegramдағы топтық чаттардағы жағдайға ұқсас.

Бірақ бір ерекшелігі бар: Егер сіз бір адамның номерін өзіңіздің телефоныңызда сақтап, сол адамға хабарлама жіберсеңіз, ол сіздің телефон номеріңізді көре алады. СМС хабарламалар сияқты.
"

Жоғарыдағы Telegram FAQтың үзіндісінен соңғы абзац алынып тасталды. Енді Сіздің номеріңізді біреу өз телефонына сақтап, Сізге Telegram арқылы хабарласса Сіз ол адамның номерін көре алмайсыз.

Менің ойымша, Сіздің номеріңізді білетін адамға Сіздің Telegramдағы аты-жөніңіз, юзернейм және аватарыңыз, қай топта бірге екендігіңіз және т.б. мәліметтер Сіз рұқсат бермегенше көрінбегені дұрыс деп ойлаймын. Жоғарыдағы өзгеріске осыны міндетті түрде қосу керек.

Бірақ, бір жағынан админдерге жақсы боп қалды. Мысалы, Қуаныш Шонбай жақында Telegramға қарағанда WhatsAppта қолданушылар көп деп, WhatsAppта топ ашты. Бір топқа симай, қалалар бойынша бөлді. Алматылық бірінші топ (жалпы 3) пен Астаналық топқа кіріп үлгермедім. Соның өзінде мыңнан аса телефон номерлері маған белгілі болды. Енді осы номерлерді Telegramнан тауып алып хабарлассам, олар менің номерімді көре алмайды😊


​​Канал қатысушыларының тізімі туралы

Telegram каналдарында қатысушылар тізімі көрінбейтіні, ал админ болса тек 200 адамды ғана көре алатыны белгілі. Одан көбірек адамдарды көру үшін іздеу функциясын пайдалану керек. Оның өзі толық мәлімет бермейді. Сонда не істемек керек?

Каналыңызда әлі 200 адам жоқ болса, админлогтан ("Недавние действия") келіп-кеткендердің тізімін бақылап, жазып отыруға болады. 200+ каналдар үшін бірінші іздеу арқылы тізімді жасап алған дұрыс.

Менде осыны басында ойлап жүрдім де, есімнен шығарып алып, бір қарасам сіздер 300ден асып кетіпсіздер. Іздеу арқылы қанша түгелдесем де 2 адамды таппай қойдым. Бірақ өзіме админлогты бақылап отыратын скрипт (Python) жазып алдым.

Қатысушылар тізімі не үшін керек десеңіз, мысалы, белсенді емес адамдарды анықтау керек, ең болмағанда аты мен суретіне қарап ер немесе әйел деп бөлу қажет, ал каналда конкурс жарияласаңыз қатысушылардың тізімі керек. Себебі интернетте жеңімпазды кездейсоқ(рандом) таңдамасаңыз "накрутчик" әрдайым жеңімпаз болады.

Менің каналымда 300дей адам болса соның үштен бірі қыздар және 80 пайызы Telegramның белсенді қолданушылары екен. Осыған орай конкурс жариялау керек па деген ой келді. Сіз қалай ойлайсыз? 🔥 басыңыз. Егер 77 дауыс жиналса, ұтыс ойынының шарттарын жариялаймын


​​Сот шешімі шыққанына 1 айға жақындапты. Шешім туралы law.com сайты айтқанымен, толық оқу үшін сайтқа тіркелу қажет екен. Сол себепті Гуглдың назарынан тыс қалған.

Ағылшынша жақсы білсеңіз тіркеліп оқыңыз, ең астында соттың бір құжаты бар екен. Төменде тіркеледі👇


​​Сот Дуровтың Gramға меншік құқығын уақытша мойындады

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров сот арқылы Lantah американдық стартапына виртуалды ақша Gram брендін пайдалануға тыйым салды. Бұл атышулы сот процесінің алғашқы уақытша шешімі.

Дуров Gram атауын АҚШ аумағында коммерцияда бірінші пайдаланғанын дәлелдегендіктен, сот залалдың көбейіп кетуінің алдын алып осындай шешімді шығарды.

Telegram жалдаған американдық ең мықты 15 адвокат тізімінде жүрген Джон Нойком дәлел ретінде инвестиция жасау туралы келісімдер жасалған кезде, ақша Gram атты жобаға жиналғанын алға тартады. Осы келісімдер бойынша $1.5 миллиард қаражат жиналған, ал $5 миллион жинамақшы болған Lantah - инвесторлардан бір тиын да ала алмаған.

Толығырақ мына сілтемеде оқи аласыздар


Адвокат Джон Нойком. Жақсы жаңалықтар бар, арнадан ауыспаңыздар)))

20 last posts shown.

128

subscribers
Channel statistics